Шектеу іс-шараларын тоқтату және Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 21 маусымдағы № 4.19.1-11/104 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 4.19.1-11/106 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 қыркүйекте № 24377 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес және Ақжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитарлық инспекторының 2021 жылғы 24 мамырдағы № 07-29/64 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылдық округі Алқатерек ауылының "Ақерке" шаруа қожалығының аумағында құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақтан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 21 маусымдағы № 4.19.1-11/104 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23231 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алқатерек ауылдық округі әкімі Н. Алин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады