Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Ғабит Мүсірепов ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2021 жылғы 19 мамырындағы № 09-08/317 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Шұқыркөл ауылдық округінің 15 жылдық Қазақстан ауылы Школьная көшесінің аумағында ірі қара мал (сиыр) құтыру ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы Шұқыркөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 30 ақпандағы №6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7393 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шұқыркөл ауылдық округі әкімі | К. Жанзаков |