Шектеу іс-шараларын тоқтату және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Шұқыркөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шуқыркөл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 8 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 маусымда № 23136 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Ғабит Мүсірепов ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2021 жылғы 19 мамырындағы № 09-08/317 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Шұқыркөл ауылдық округінің 15 жылдық Қазақстан ауылы Школьная көшесінің аумағында ірі қара мал (сиыр) құтыру ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы Шұқыркөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 30 ақпандағы №6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7393 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шұқыркөл ауылдық округі әкімі К. Жанзаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады