Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шуқыркөл ауылдық округі әкімінің 15.06.2021 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 09-08/218 ұсынысының негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шұқыркөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құтырма ауруының пайда болуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Шұқыркөл ауылдық округінің 15 жыл Қазақстан ауылының Школьная көшесінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шұқыркөл ауылдық округінің әкімі | К. Жанзаков |