Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі әкімінің 15.09.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 4 мамырдағы № 10-14/206 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Құтыру ауруының пайда болуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің Бірлік ауылындағы Ленин көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Петровка ауылдық округінің әкімі | О. Конкабаев |