"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабына 8) тармақшасына сәйкес, Мағжан Жұмабаев ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 216 ұсынысы негізінде, Возвышен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышенка ауылы мекенжайы бойынша орналасқан "Возвышенское" шаруа қожалығының аумағында белгіленген ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышен ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 5 (2020 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6167 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | В. Соколов |