Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышен ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 қаңтарда № 6952 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабына 8) тармақшасына сәйкес, Мағжан Жұмабаев ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 216 ұсынысы негізінде, Возвышен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышенка ауылы мекенжайы бойынша орналасқан "Возвышенское" шаруа қожалығының аумағында белгіленген ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

       2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышен ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 5 (2020 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6167 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

       3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 

       4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі В. Соколов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады