Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышен ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 сәуірде № 6167 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышен ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышен ауылдық округі әкімінің 11.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Мағжан Жұмабаев ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 26 ақпандағы № 41 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышенка ауылы мекенжайы бойынша орналасқан "Возвышенское" шаруа қожалығының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі В. Соколов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады