Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Мағжан Жұмабаев ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 04 маусымдағы № 136 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Куломзино ауылында орналасқан "Куломзино" шаруа қожалығының аумағында белгіленген ірі қара мал арасында құтыруын аурунын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тақтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 06 мамырдағы № 6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7421 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | К. Байтаков |