Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округі әкімінің 07.07.2021 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Мағжан Жұмабаев ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 09 сәуірдегі № 13-29/96 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округінің Куломзино ауылында орналасқан "Куломзино" шаруа шаруашылығының аумағында ірі қара малдың арасында құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жирияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | К. Байтаков |