Шектеу іс-шараларын алу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № 9 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 шiлдеде № 23519 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Мағжан Жұмабаев ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 04 маусымдағы № 136 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Куломзино ауылында орналасқан "Куломзино" шаруа қожалығының аумағында белгіленген ірі қара мал арасында құтыруын аурунын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тақтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 06 мамырдағы № 6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7421 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі К. Байтаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады