Ескерту. Күші жойылды – Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 15.06.2021 №16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 08-02-03/159 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылы Мәткерім көшесінде бруцеллез (сарып) ауруының ошағы анықталуына байланысты, Ақбұлақ ауылдық округі Мәткерім көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Сайрам ауданының Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақбұлақ ауылдық округінің әкімінің | |
мінтетін уақытша атқарушы | М. Оразбаев |