Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылы Мәткерім көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 10 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 18 наурызда № 6107 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 15.06.2021 №16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 08-02-03/159 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылы Мәткерім көшесінде бруцеллез (сарып) ауруының ошағы анықталуына байланысты, Ақбұлақ ауылдық округі Мәткерім көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Сайрам ауданының Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақбұлақ ауылдық округінің әкімінің
      мінтетін уақытша атқарушы М. Оразбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады