"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабының 1 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 24 мамырдағы № 08-02-03/327 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Бруцеллез ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылының Мәткерім көшесінде шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. "Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылы Мәткерім көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 10 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6107 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Сайрам ауданының Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің оны ресми жариялағаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | М.Оразбаев |