Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) азаматтардың жекелеген санаттарының жолақысын төлеу бойынша жеңілдік белгілеу туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 235 қаулысы және Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2/4-VII бірлескен шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 29 қаңтарда № 8387 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Өскемен қалалық маслихаты ШЕШТІ:

      1. Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру азаматтардың келесі санаттарына белгіленсін:

      1) 70 жастан асқан азаматтарға - тариф құнының 55 %;

      2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан және (немесе) көп балалы отбасылардан шыққан білім алушы балаларға - тегін жол жүру.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 20.12.2021 № 14/6-VII шешімімен және Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 21.12.2021 № 5186 бірлескен қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Өскемен қаласының әкімдігі аталған санаттағы жолаушыларды тасымалдаумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын өтеуді қарастырсын.

      3. Қаржыландыру көзі болып қалалық бюджет анықталсын.

      4. Осы бірлескен Өскемен қаласы әкімдігінің қаулысы және Өскемен қалалық мәслихатының шешімі Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі Ж. Омар
      Сессия төрағасы С. Коротин
      Қалалық маслихат хатшысы А. Светаш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады