Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Орал қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 15 маусымдағы № 23-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5261 болып тіркелген);
2) "Орал қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және көмуге арналған тарифті бекіту туралы" 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 40-9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6009 болып тіркелген).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Орал қалалық мәслихатының хатшысы | Е. Калиев |