Орал қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және көмуге арналған тарифті бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 40-9 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 31 қаңтарда № 6009 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 8-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 16.09.2021 № 8-10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Орал қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Орал қалалық мәслихатының 2018 жылғы 15 маусымдағы №23-4 "Орал қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5273 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған), 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №27-10 "Орал қалалық мәслихатының 2018 жылғы 15 маусымдағы №23-4 "Орал қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5487 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Орал қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (С.Давлетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Крылов
      Орал қалалық мәслихатының хатшысы А. Аубекеров

  Орал қалалық мәслихатының
2020 жылғы 29 қаңтардағы
№40-9 шешіміне қосымша

Орал қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Өлшем бірлігі

Бағасы, теңге (ҚҚС-сыз) айына

1.

Тұрмысқа жайлы үйлердің тұрғындары үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және көмуге арналған тариф

1 тұрғын

255,55

2.

Тұрмысқа жайсыз үйлердің тұрғындары үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және көмуге арналған тариф

1 тұрғын

260,36

3.

Жеке кәсіпкерлік субъектілер және заңды тұлғалар үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және көмуге арналған тариф

1 м3

1152,87

3.1.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару


752,87

3.2.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу


170

3.3.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды көму


230

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      м3– текше метр;

      ҚҚС - қосымша құн салығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады