Орал қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 8-10 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 қыркүйекте № 24524 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Орал қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 15 маусымдағы № 23-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5261 болып тіркелген);

      2) "Орал қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және көмуге арналған тарифті бекіту туралы" 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 40-9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6009 болып тіркелген).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орал қалалық мәслихатының хатшысы Е. Калиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады