Ақжайық ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қазандағы № 8-2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 қазанда № 24940 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 02.06.2023 № 4-3 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ақжайық ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі және мөлшері, осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 02.06.2023 № 4-3 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақжайық аудандық маслихат хатшысы С. Сиражев

  Ақжайық аудандық
мәслихатының 2021 жылғы
15 қазандағы № 8-2 шешіміне
1 – қосымша

Ақжайық ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі және мөлшері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 02.06.2023 № 4-3 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы Ақжайық ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі және мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі-оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді.

      3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

      5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттар қоса шығындарды өтеу қағидаларының 3 – қосымшасына сәйкес ұсынылады.

      7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері ай сайын әрбір мүгедектігі бар балаға бес айлық есептік көрсеткішке тең.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 27.12.2023 № 12-4 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

  Ақжайық аудандық мәслихатының
2021 жылғы 15 қазандағы
№ 8-2 шешіміне 2-қосымша

      1. Ақжайық аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 34-2 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4244 болып тіркелген);

      2. Ақжайық аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 3-2 "Ақжайық аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 34-2 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4443 болып тіркелген);

      3. Ақжайық аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 ақпандағы № 43-2 "Ақжайық аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 34-2 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6071 болып тіркелген).

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Акжаикском районе

Решение Акжаикского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 15 октября 2021 года № 8-2. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 октября 2021 года № 24940.

      Сноска. Заголовок решения – в редакции решения Акжаикского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 25.11.2022 № 21-2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); изложено в новой редакции на казахском языке, текст на русском языке не меняется решением Акжаикского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 02.06.2023 № 4-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями" Акжаикский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Акжаикском районе, согласно приложению 1 к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции решения Акжаикского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 25.11.2022 № 21-2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); изложено в новой редакции на казахском языке, текст на русском языке не меняется решением Акжаикского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 02.06.2023 № 4-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Акжаикского районного маслихата согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Акжаикского районного маслихата С. Сиражев

  Приложение 1
к решению Акжаикского
районного маслихата
от 15 октября 2021 года № 8-2

Порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными
возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в
Акжаикском районе

      Сноска. Приложение 1 – в редакции решения Акжаикского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 02.06.2023 № 4-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящий порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Акжаикском районе разработаны в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью", утвержденными Приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2021 года № 84 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 22394) (далее - правила возмещения затрат).

      2. Возмещение затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану (далее-возмещение затрат на обучение) производится государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Акжаикского района" на основании справки из учебного заведения, подтверждающей факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      3. Возмещение затрат на обучение (кроме детей с инвалидностью, находящихся на полном государственном обеспечении и детей с инвалидностью, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей или иным законным представителям детей с инвалидностью, независимо от дохода семьи.

      4. Возмещение затрат на обучение производится с месяца обращения по месяц окончания срока, указанных в справке из учебного заведения, подтверждающих факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      5. При наступлении обстоятельств, повлекших прекращение возмещения затрат на обучение (достижение ребенка с инвалидностью восемнадцати лет, окончания срока инвалидности, в период обучения ребенка с инвалидностью в государственных учреждениях, смерть ребенка с инвалидностью), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.

      6. Документы, необходимые для возмщения затрат на обучение предоставляются согласно приложению 3 к правилам возмещения затрат.

      7. Размер возмещения затрат на обучение равен пяти месячным расчетным показателям на каждого ребенка с инвалидностью ежемесячно.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции решения Акжаикского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 27.12.2023 № 12-4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Основания для отказа в возмещении затрат на обучение предусмотрены строкой девять приложения 3 к правилам возмещения затрат.

  Приложение 2
к решению Акжаикского
районного маслихата
от 15 октября 2021 года № 8-2

      1. Решение Акжаикского районного маслихата от 11 января 2016 года № 34-2 "Об утверждении Правил и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4244);

      2. Решение Акжаикского районного маслихата от 18 мая 2016 года № 3-2 "О внесении изменения в решение Акжаикского районного маслихата от 11 января 2016 года № 34-2 "Об утверждении Правил и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4443);

      3. Решение Акжаикского районного маслихата от 28 февраля 2020 года № 43-2 "О внесении изменения в решение Акжаикского районного маслихата от 11 января 2016 года № 34-2 "Об утверждении Правил и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6071).