Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық аудандық мәслихатының "Ақжайық ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 15 қазандағы № 8-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24940 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері ай сайын әрбір мүгедектігі бар балаға бес айлық есептік көрсеткішке тең.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақжайық аудандық маслихат төрағасы | С. Сиражев |