Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27–бабы 2-тармағына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың келесі:
1) Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының "Бөрлі ауданы Ақсай қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақтау нормаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 28 маусымдағы №26-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5295 болып тіркелген);
2) Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының "Бөрлі ауданы Ақсай қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2018 жылғы 28 маусымдағы №26-12 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5296 болып тіркелген) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
мәслихат хатшысы | К. Ермекбаев |