Бөрлі ауданы Ақсай қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақтау нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 маусымдағы № 26-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 24 шілдеде № 5295 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 8-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 29.09.2021 № 8-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №98 "Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3914 тіркелген, 2015 жылғы 26 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес Бөрлі аудандық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданы Ақсай қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.

      2. Аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және құқықтық жұмысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы (Л.Уржанова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы А.Имашева
      Мәслихат хатшысы А.Куликешев

  Бөрлі аудандық мәслихатының
2018 жылғы 28 маусымдағы
№26-5 шешіміне
қосымша

Бөрлі ауданы Ақсай қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Объектінің түрі

Есептік бірлік

м3/жыл

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,2

2

Қонақ үйлер, демалыс үйлері

1 орын

1,13

3

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,4

4

Мекемелер, ұйымдар, банктер, офистер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,95

5.

Емхана

1 адам

0,04

6

Аурухана, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

2,06

7

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,22

8.

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 орын

1,16

9.

Кинотеатрлар, түнгі клубтар, ойын – сауық орталықтары

1 орын

0,8

10.

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,8

11.

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,13

12.

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,21

13.

Дүкендер, супермаркеттер, базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

1,4

14.

Халыққа қызмет көрсету орталығы

Жалпы алаңы 1 м2

0,22

15.

Вокзал, автовокзал

Жалпы алаңы 1 м2

0,5

16.

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,44

17.

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильдерге жанармай құю бекеттері, гараждар

1 машина-орын

0,2

18.

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

2,3

19.

Гараж кооперативтері

1 гаражға

0,2

20.

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,23

21.

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,23

22.

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,13

23.

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және тағы басқалар)

1 жұмыс орны

0,13

24.

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,43

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      м2 - шаршы метр;

      м3 – куб метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады