Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 25.11.2022 № 33-1 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 98 "Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3914 тіркелген, 2015 жылғы 26 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес, аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қазандағы №16-3 "Шыңғырлау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4952 тіркелген, 2017 жылы 20 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Шыңғырлау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормалары қосымшасында:
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5 | Емханалар | 1 келіп кету |
";
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек - орын |
";
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын |
";
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
12 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 |
".
2. Шыңғырлау аудандық мәслихаты аппаратының басшысына (С.Шагиров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Г. Бисенгалиева |
Шыңғырлау аудандық мәслихат хатшысы |
Г. Волкогон |