"Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика,ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылысиндустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендікаумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудіңшарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік қызметті көрсетудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық дамуминистрінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 91 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 ақпанда № 26895 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20482 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, жеңіл, тау-кен металлургиясы, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай - ақ машина жасау және құрылыс индустриясы саласында басшылықты жүзеге асыратын лауазымды адам (бұдан әрі-уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүргізеді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес шағым әкімшілік органға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      уәкілетті орган - оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      12-тармақ алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады