ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11382 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 11) және 14) тармақшаларына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті тұлғалар салатын құқық ауыртпалықтарын мемлекеттік тіркеу көрсетілетін қызметті берушіге тиісті құжат түскен сәттен бастап дереу жүргізіледі.
Құқықтар (құқық ауыртпалықтары) нотариалдық тәртіппен куәландырылатын мәміле негізінде туындаған жағдайларда тіркеу мәміленің кез келген тарапының (қатысушысының) өтініші бойынша, ғарыш объектісіне берілетін құқық ауыртпалықтарынан тұратын (салыстыру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) құжаттың көшірмесімен бірге жүзеге асырылады.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде ғарыш объектісіне құқықтарды өзгертуді (құқықтар ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеу үшін мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ғарыш объектісіне құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) өзгеруін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
2) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқықтарын (талаптарын) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмелері;
3) ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынуы;
3) ғарыш объектісіне билік етуді шектейтін немесе жоятын ғарыш объектісіне берілетін құқық ауыртпалығының болуы;
4) ғарыш объектісіне билік ету құқығын шектейтін немесе жоятын заңды күшіне енген сот шешімі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасының талабы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізген жағдайда ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде қолданылмайды.";
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, жоғары тұрған органның, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау уәкілетті органның атына беріледі.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін мемлекеттік органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";
Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған бұйрықпен бекітілген Ғарыш объектілері тіркелімінің нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну амалдары | Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау және нәтижелерін ұсыну www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері |
Көрсету мерзімі – 5 (бес) жұмыс күні. |
4 | Көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Ғарыш объектісінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік, ғарыш объектісіне құқық ауыртпалығының тіркелгенін растайтын ғарыш объектілері тіркелімінен үзінді, ғарыш объектісінің жойылған немесе кәдеге жаратылған фактін растайтын ғарыш объектілері тіркелімінен үзінді, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелденген бас тарту туралы жауап. |
6 | Төлем мөлшері | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін тіркеу алымы төленеді, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін – 14 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК), республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымды төлеу күні қолданыстағы АЕК мөлшеріне қарай құрайды. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі |
1) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін: |
9 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.egov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
Ғарыш объектілерінің тіркелімі
Р/с № | Тіркелу нөмірі | Мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға1 | Ұшырылған күні (әлемдік уақыт бойынша/Гринвич бойынша) | Ұшырылған жері | Орбитаның негізгі параметрлері | Ғарыш объектісінің жалпы мақсаты | Қосымша мәліметтер2 | ||||
Апогей, км | Перигей, км | Еңістену бұрышы, град. | Айналу кезеңі, сек. | Ұзақтық, градуспен | |||||||
Ескертпе:
1 "Мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға" бағанында Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектісіне құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу үшін негіз болған құқық белгілейтін құжаттар жөнінде мәліметтер көрсетіледі.
2 "Қосымша мәліметтер" бағанында Жер айналасындағы орбитаға шығарылғанымен, сол орбитада болмайтын ғарыш объектілері жөніндегі мәліметтер, сондай-ақ қажеттілік туындаған жағдайда ғарыш объектілерін ұшыру ерекшеліктері көрсетіледі.