ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрық 07.03.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Б. Акчулаков |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 85 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің күші жойылды деп танылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеуді талдауларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған тәуелсіз сараптама операторының шығындарын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 92 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20118 болып тіркелген).
2. "Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеу талдауларына тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды біліктілігі жағынан іріктеу жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 97 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20116 болып тіркелген).
3. "Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеуді талдауларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған тәуелсіз сараптама операторының шығындарын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 92 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 346 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21396 болып тіркелген).