Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеу талдауларына тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды біліктілігі жағынан іріктеу жөніндегі талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 13 наурызда № 20116 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 85 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 03.03.2022 № 85 (07.03.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 140-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеу талдауларына тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды біліктілігі жағынан іріктеу жөніндегі талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика министрі Н. Ногаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 12 наурыздағы
№ 97 бұйрығымен бекітілген

Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеу талдауларына тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды біліктілігі жағынан іріктеу жөніндегі талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеу талдауларына тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды біліктілігі жағынан іріктеу жөніндегі талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 140-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Базалық жобалау құжаттары және әзірлеуді талдаулардың тәуелсіз сараптама операторы тәуелсіз сарапшылардың қызметін ұйымдастыруды және оларды құзыретті орган бекіткен талаптарға сәйкес біліктілігі жағынан іріктеуді жүзеге асырады, сондай-ақ келіп түскен базалық жобалау құжатына немесе әзірлеуді талдауға тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыны шарттық негізде айқындайды.

      3. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Базалық жобалау құжатына және әзірлеуді талдауға тәуелсіз сараптама жүргізу операторы (бұдан әрі – Оператор) – дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға болып табылады, ал акциялардың (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады;

      2) тәуелсіз сараптама – ғылыми негізделген әдістемелерді қолдануға негізделген, геология және әзірлеу саласында арнайы білімі бар және сараптама нәтижелеріне мүдделі емес білікті сарапшылар жүргізетін тәуелсіз зерттеу;

      3) тәуелсіз сарапшы - арнайы білімі және тиісті біліктілігі бар, базалық жобалық құжатқа, оған өзгерістер мен толықтырулар, әзірлеуді талдауға (бұдан әрі – Жоба) тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тартылатын жеке тұлға;

      4) біліктілік іріктеуін жүргізуге арналған комиссия (бұдан әрі – комиссия) – Жобаларға тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды біліктілік іріктеуді жүзеге асыру мақсатында құрылатын комиссия.

      4. Талаптар тәуелсіз сарапшылардың мынадай санаттарына қатысты белгіленеді:

      1) көмірсутегі кен орындарының геологиясы саласында;

      2) көмірсутегі кен орындарын игеру саласында;

      3) экономика саласында;

      4) құқықтық мәселелер бойынша.

2-тарау. Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеу талдауларына тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды біліктілік іріктеу жөніндегі талаптар

1-параграф. Тәуелсіз сарапшыларды біліктілігі жағынан іріктеуді ұйымдастыру және өткізу

      5.Біліктілігі жағынан іріктеу мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) Оператордың интернет-ресурсында біліктілігі жағынан іріктеу жүргізу туралы хабарландыруды жариялау;

      2) біліктілігі жағынан іріктеуге қатысуға ниет білдірген үміткерлерден құжаттар қабылдау;

      3) оператордың комиссия құруы;

      4) комиссияның үміткерлер құжаттарының осы Талаптардың 3-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін қарауы;

      5) комиссияның үміткерлермен осы Талаптардың 3-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес әңгімелесу жүргізуі;

      6) комиссияның қорытындысы.

2-параграф. Оператордың интернет-ресурсында біліктілігі жағынан іріктеу жүргізу туралы хабарландыруды жариялау

      6. Біліктілігі жағынан іріктеу жүргізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) орналасқан жерін, пошталық мекенжайын, телефон нөмірлерін, электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып, біліктілігі жағынан іріктеу жүргізетін Оператордың атауы;

      2) осы Талаптарға сәйкес үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар;

      3) құжаттарды қабылдау мерзімі (10 жұмыс күні), ол хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

      4) қажетті құжаттар тізбесі;

      5) әңгімелесуді өткізу күні мен орны;

      6) комиссия отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат.

3-параграф. Біліктілігі жағынан іріктеуге қатысуға ниет білдірген үміткерлерден құжаттарды қабылдау

      7. Біліктілігі жағынан іріктеуге қатысуға ниет білдірген үміткер Операторға қолма-қол немесе курьерлік қызмет комиссия төрағасының атына еркін нысанда толтырылған өтінімді мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;

      4) ғылыми дәрежесін растайтын құжаттың көшірмесі.

      8. Осы Талаптардың 7-тармағында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары салыстыру үшін әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей ұсынылады.

      Осы Талаптардың 7-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда, комиссия үміткерді әңгімелесуден өтуге жібермейді.

      9. Құжаттардың толық емес пакетін не дұрыс емес мәліметтерді ұсыну комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

4-параграф. Оператордың комиссия құруы

      10. Комиссия Оператор басшысының шешімімен құрылады.

      11. Комиссия Оператордың кемінде бес мүшесінен, оның ішінде төрағадан тұрады.

      Комиссия төрағасы Оператордың басшысы болып табылады.

      12. Комиссия құрамына оператордың жұмыскерлері енгізіледі. Комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылуы мүмкін.

      13. Байқаушы ретінде Комиссия отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей комиссия хатшысында тіркеледі.

      14. Комиссия қызметін ұйымдастыру үшін Оператор жұмыскерлерінің арасынан комиссия хатшысы тағайындалады.

      Комиссия хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды. Комиссия хатшысы байқаушылардың жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелерін әңгімелесу басталғанға дейін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

      15. Комиссия хатшысы комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады және отырыс хаттамаларын ресімдейді.

      16. Комиссия 10 бейінді сұрақтан тұратын тізбені қалыптастырады.

      17. Комиссия ұсынылған құжаттардың кандидаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды және құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды.

      18. Шешім хаттама түрінде ресімделеді және оған комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

      19. Комиссия шешімі негізінде комиссия хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімін және оны өткізу графигін қалыптастырады.

5-параграф. Комиссияның кандидаттардың құжаттарын қарауы және әңгімелесуді өткізуі

      20. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі және әңгімелесу өткізу графигі оператордың интернет-ресурсында орналастырылады.

      21. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлерге әңгімелесу өткізу күні туралы комиссия шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде және әңгімелесу өткізілетін күнге дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия хатшысы хабарлайды.

      Кандидаттарға хабарлама үміткерлердің электрондық мекенжайлары мен ұялы телефондарына ақпарат жіберу телефон арқылы жүзеге асырылады.

      22. Біліктілігі жағынан іріктеуге қатысатын және әңгімелесуге жіберілген үміткер бір әңгімелесуден өтеді, оның барысында оған өтініш берілген мамандық бойынша сұрақтар қойылады.

      23. Әңгімелесу нәтижелері бойынша комиссия ұсынылған құжаттардың негізінде, сондай-ақ бейінді сұрақтарға жауаптардың нәтижелерін қамтитын өткізілген әңгімелесудің нәтижелері бойынша тәуелсіз сарапшыны тағайындау үшін үміткерлер арасынан іріктеуді жүзеге асырады.

      24. Комиссия шешімі үміткер болмаған кезде ашық дауыс беру жолымен қабылданады.

      25. Егер комиссия отырысына комиссияның барлық мүшелері қатысса, комиссия шешімі заңды деп саналады.

      Конкурстық комиссияның қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді. Кворум болмаған жағдайда, конкурстық комиссия отырыс белгіленген күннен кейінгі күнге ауысады. Конкурстық комиссияны екі реттен көп емес ауыстыруға жол беріледі.

      26. Үміткер комиссия құрамынан қатысушылардың көпшілігі дауыс берген жағдайда оң қорытынды алады. Дауыс беру кезінде дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      27. Комиссияның шешімі және комиссияның оң қорытындысын алған үміткерлердің тізімі іріктеу жүргізілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Оператордың интернет-ресурсында орналастырылады.

      28. Біліктілігі жағынан іріктеуге қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге бару және қайту жолы, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) үміткерлер өз қаражаты есебінен жүргізеді.

3-тарау. Тәуелсіз сарапшыға қойылатын біліктілік талаптары

1-параграф. Көмірсутегі кен орындарының геологиясы саласындағы тәуелсіз сарапшыға қойылатын талаптар

      29. Үміткерді көмірсутегі кен орындарының геологиясы саласында тәуелсіз сарапшы ретінде тағайындау үшін мынадай талаптар белгіленеді:

      1) Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;

      2) Мұнай-газ саласындағы жоғары бейіндік білімі туралы дипломы (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар үшін "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес тану немесе нострификациялау рәсімінен өткенін растайтын құжаттың болуы қажет);

      3) төмендегі бір немесе бірнеше критерийлерге сәйкестігін растайтын құжаттың болуы:

      осы салада ғылыми дәрежесінің болуы;

      тиісті біліктілігі бар кәсіби салада кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

      Жобаларды жобалауға маманданған ғылыми-зерттеу институттары мен компанияларда кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

      жоғары техникалық оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамында кемінде 15 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

      4) мәлімделген мамандық бойынша тәуелсіз сараптама жүргізу үшін қажетті Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

2-Параграф. Көмірсутегі кен орындарын игеру саласындағы тәуелсіз сарапшыға қойылатын талаптар

      30. Үміткерді көмірсутегі кен орындарын игеру саласында тәуелсіз сарапшы ретінде тағайындау үшін мынадай талаптар белгіленеді:

      1) Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;

      2) Мұнай-газ саласындағы жоғары бейіндік білімі туралы дипломы (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар үшін "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес тану немесе нострификациялау рәсімінен өткенін растайтын құжаттың болуы қажет);

      3) төмендегі бір немесе бірнеше критерийлерге сәйкестігін растайтын құжаттың болуы:

      осы салада ғылыми дәрежесінің болуы;

      тиісті біліктілігі бар кәсіби салада кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

      Жобаларды жобалауға маманданған ғылыми-зерттеу институттары мен компанияларда кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

      жоғары техникалық оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамында кемінде 15 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

      4) мәлімделген мамандық бойынша тәуелсіз сараптама жүргізу үшін қажетті Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

3-параграф. Экономика саласындағы тәуелсіз сарапшыға қойылатын талаптар

      31. Үміткерді экономика саласындағы тәуелсіз сарапшы ретінде тағайындау үшін мынадай талаптар белгіленеді:

      1) Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;

      2) Жоғары бейіндік білім туралы диплом (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар үшін "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес тану немесе нострификациялау рәсімінен өткенін растайтын құжаттың болуы қажет);

      3) төмендегі бір немесе бірнеше критерийлерге сәйкестігін растайтын құжаттың болуы:

      осы салада ғылыми дәрежесінің болуы;

      тиісті біліктілігі бар кәсіби салада кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

      жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының кемінде 15 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

      4) мәлімделген мамандық бойынша тәуелсіз сараптама жүргізу үшін қажетті Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

4-параграф. Құқықтық мәселелер бойынша тәуелсіз сарапшыға қойылатын талаптар

      32. Кандидатты құқықтық мәселелер бойынша тәуелсіз сарапшы ретінде тағайындау үшін мынадай талаптар белгіленеді:

      1) Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;

      2) Жоғары бейіндік білім туралы диплом (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар үшін "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес тану немесе нострификациялау рәсімінен өткенін растайтын құжаттың болуы қажет);

      3) төмендегі бір немесе бірнеше критерийлерге сәйкестігін растайтын құжаттың болуы:

      осы салада ғылыми дәрежесінің болуы;

      тиісті біліктілігі бар кәсіби салада кемінде 8 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

      жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының кемінде 15 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

      4) мәлімделген мамандық бойынша тәуелсіз сараптама жүргізу үшін қажетті Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

3-тарау. Қорытынды ереже

      33. Тәуелсіз сарапшылардың деректер базасы осы Талаптарға сәйкес біліктілігі жағынан іріктеуден өткен үміткерлер қатарынан қалыптастырылады және Оператордың интернет-ресурсында орналастырылады.

      Біліктілігі жағынан іріктеуден өткен үміткер бір ай ішінде Тәуелсіз сарапшылардың деректер базасына енгізіледі.

      34. Жобаларды тәуелсіз сараптау нәтижелері бойынша шарттық міндеттемелерде көзделген міндеттерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда тәуелсіз сарапшыны Оператор Тәуелсіз сарапшылардың деректер базасынан алып тастайды.

      35. Бір Жобаның тәуелсіз сараптамасына кемінде 3 (үш) сарапшы тағайындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады