"Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеуді талдауларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған тәуелсіз сараптама операторының шығындарын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 92 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 346 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 қазанда № 21396 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 85 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 03.03.2022 № 85 (07.03.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеуді талдауларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған тәуелсіз сараптама операторының шығындарын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 92 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20118 болып тіркелген, 2020 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеуді талдауларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған тәуелсіз сараптама операторының шығындарын айқындау қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Оператордың жобаларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған шығындары мынадай формула бойынша айқындалады:

      S=Cd*We

      мұнда:

      S – қосылған құн салығын ескере отырып, жобаларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған шығындар;

      Cd – қосылған құн салығын ескере отырып, жобаларға тәуелсіз сараптама жүргізудің бір күнінің құны;

      We – осы Қағидаларға қосымшада келтірілген жобаларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге жұмсалған жұмыс күндер шкаласына және Кодекстің 140-бабының 4-тармағына сәйкес есепті кезеңге бір жылдағы жұмыс күндерінің саны.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жобаларға тәуелсіз сараптама жүргізудің бір күнінің құны мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      Е – есепті қаржы жылына арналған Оператордың даму жоспарында ескерілген, жобаларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға байланысты жоспарлы шығыстар. Оператордың даму жоспарын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 14 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18328 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларының 10-тармағына сәйкес Директорлар кеңесі бекітеді;

      IS – Оператордың жұмылдырылған мамандарының саны, адам;

      Wy – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 68-бабына сәйкес есепті қаржы жылына жобаларға сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге жұмсалған жұмыс күндері (ағымдағы жылға арналған жұмыс уақытының балансы);

      Kp – кірістілік коэффициенті.

      Кірістілік коэффициенті мынадай формула бойынша анықталады:

      Kp =Pp/E

      мұнда:

      Pp – есепті қаржы жылына арналған Оператордың даму жоспарында ескерілген жобаларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге байланысты жоспарлы кірістер.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика

      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады