Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер - жеке тұлғалар бойынша күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтерді беру қағидаларын, нысаны мен мерзімдерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 273 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 наурызда № 27158 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер - жеке тұлғалар бойынша күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтерді беру қағидалары мен мерзімдері;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер - жеке тұлғалар бойынша күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтер нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 15 наурыздағы
№ 273 Бұйрығына 1-қосымша

Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер - жеке тұлғалар бойынша күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтерді беру қағидалары мен мерзімдері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер - жеке тұлғалар бойынша күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтерді беру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі - Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 24-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – Банктер мен ұйымдар) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі - Комитет) жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер - жеке тұлғалар бойынша күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) беру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

      2. Мәліметтерге жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер (бұдан әрі – дара кәсіпкерлер) ретінде тіркеу есебінде тұрған әрбір жеке тұлғаның пайдасына кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін шотқа түскен төлемдер сомалары туралы ақпарат жатады.

      Бұл ретте Салық кодексінің 24-бабының 21) тармақшасына сәйкес жоғарыда көрсетілген төлемдер сомасына Салық кодексінің 686-1-бабы 4-тармағының ережелеріне сәйкес осындай қосымшаның чектері бойынша арнаулы мобильді қосымшаға олар бойынша мәліметтер түсетін төлемдер енгізілмейді.

2-тарау. Жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер - жеке тұлғалар бойынша күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтерді беру тәртібі мен мерзімдері

      3. Мәліметтер Банктердің және ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен (бұдан әрі – АЖ) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес дара кәсіпкерлердің банктік құпияны ашуға берген келісімі (бұдан әрі – Келісім) негізінде Комитеттің АЖ-не беріледі.

      4. Дара кәсіпкердің электрондық нысанда келісімге қол қоюы және оны электрондық цифрлық қолтаңба арқылы міндетті түрде куәландыруы жөніндегі қызмет тікелей "E-Salyq Business" арнаулы мобильдік қосымшасында ұсынылады.

      Қол қойылған келісімнің болуы туралы мәліметтер дара кәсіпкердің бейінінде арнаулы мобильдік қосымшада көрсетіледі "E-Salyq Business".

      Арнаулы мобильдік қосымша банктер мен ұйымдардың дара кәсіпкердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған Келісімнің бар екенін растайтын электрондық құжатты алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      5. Комитеттің АЖ-де электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған Келісімнің бар екендігі туралы белгісі бар дара кәсіпкерлердің бастапқы тізімі (бұдан әрі - тізім) қалыптастырылады, электрондық өзара іс-қимыл арқылы түсіріледі, ол банктер мен ұйымдардың АЖ-не жүктеу үшін беріледі.

      Дара кәсіпкерлердің өзгертілген, қосымша, жойылған деректері бойынша тізімдегі ақпаратты жаңартуды Комитет онлайн-режимде электрондық өзара іс-қимыл шеңберінде жүзеге асырады.

      6. Банктер мен ұйымдар осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді қалыптастырады және оларды XML-форматта электрондық деректерді қабылдау жөніндегі ашық API-сервисті пайдалану арқылы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Комитеттің АЖ-не береді.

      7. Комитеттің АЖ-мен банктердің және ұйымның АЖ-рі интеграциясы болмаған жағдайда:

      1) Комитет ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 1-күні:

      көрсетілген күннің 00-00 сағатындағы жағдай бойынша электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған Келісімнің болуы туралы белгісі бар тізімді қалыптастырады және "ESB_BVU_spisok_кк.аа.жжжж" файылына жүктейді;

      жоғарыда көрсетілген файлды "ESB_BVU_spisok_кк.аа.жжжж" банктер мен ұйымдардың АЖ-не жүктеу үшін Комитеттің sftp серверіне папкасына орналастырады;

      2) Банктер мен ұйымдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күні осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан тізім бойынша мәліметтерді түсіреді және Комитеттің sftp-серверінде "ESB_BVU_ Банктің атауы_sved_ дд.мм.гггг", папкасына орналастырады, "ESB_BVU_sved_ дд.мм.гггг" папкасындағы әр банк үшін қарастырылған.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 15 наурыздағы
№ 273 Бұйрығына 2-қосымшасы
  нысан

Жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер - жеке тұлғалар бойынша уәкілетті органға күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтер

Ай

Жыл

Дара кәсіпкер

Банктің ( Қазақстан Республикасының банктің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалы), банктік шоттары ашылған ұйымдардың деректемелері

жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

атауы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)

банктің сәйкестендіру коды (БСК)

атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

      кестенің жалғасы

Банктік шот валютасы

Төлем мақсатының коды (ТМК)

Күнтізбелік айға түскен төлемдердің ТМК бөлісіндегі жиынтық сомасы (теңге)

9

10

11




      ________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) нысанды құрастыруға жауапты тұлғаның, қолы)
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) басшысының, қолы)

  "Жекелеген арнаулы салық
режимдерін қолданатын және
арнаулы мобильдік қосымшаны
пайдаланушылар болып табылатын
дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу
есебінде тұрған салық
төлеушілер - жеке тұлғалар
бойынша уәкілетті органға
күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыруға
арналған шотқа түскен
төлемдердің жиынтық
сомалары жөніндегі мәліметтер"
нысанына қосымша

"Жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер - жеке тұлғалар бойынша уәкілетті органға күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      1. Нысан "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. 1-бағанда – реттік нөмірі көрсетіледі.

      3. 2-бағанда – айы көрсетіледі.

      4. 3-бағанда – жылы көрсетіледі.

      5. 4-бағанда - дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      6. 5-бағанда – дара кәсіпкердің атауы көрсетіледі (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде));

      7. 6-бағанда – банктің (Қазақстан Республикасының банктің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалы), банктік шоттары ашылған ұйымдардың БСН-і көрсетіледі.

      8. 7-бағанда – банктің (Қазақстан Республикасының банктің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалы), банктік шоттары ашылған ұйымдардың БСК көрсетіледі;

      9. 8-бағанда – банктің (Қазақстан Республикасының банктің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалы), банктік шоттары ашылған ұйымдардың атауы көрсетіледі.

      10. 9 -бағанда – банк шотының валютасы көрсетіледі.

      11. 10-бағанда – төлем мақсатының коды көрсетіледі.

      12. 11-бағанда – күнтізбелік айда түскен төлемдердің ТМК бөлісіндегі жиынтық сомасы (теңге) көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады