"Тақырыптық және қарсы тексерулер тағайындау мен хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу туралы шешім шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 197 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 305 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 наурызда № 27212 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тақырыптық және қарсы тексерулер тағайындау мен хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу туралы шешім шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 197 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілiмінде № 16479 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 142-бабы 5-тармағына, 143-бабының 2-тармағына және 144-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тақырыптық және қарсы тексерулер тағайындау мен хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу туралы шешім шығару қағидаларында:

      3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) сәйкестендіру құрылғыларының және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қарсы салықтық тексерулерді мемлекеттік кірістер органдары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 143-бабына сәйкес тағайындайды.";

      Мемлекеттік кірістер органы тақырыптық тексерулер тағайындау және хронометраждық зерттеп-тексеруді жүргізу туралы шешім шығару үшін өлшемшарттарда:

      2-тармақта:

      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) есепке алу-бақылау маркалары және сәйкестендіру құрылғыларының болмауы, сондай-ақ әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер бойынша олардың сәйкес келмеуі;

      7) тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың болмауы және олардың сәйкес болмауы, сондай-ақ әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер бойынша лицензияның болмауы;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) "Салық кодексінің 47-тарауында белгіленген мерзімдерді бұза отырып, жазылған электрондық нысандағы шот-фактура;".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады