Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау қағидаларын және оған қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 368 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 сәуірде № 27424 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 496 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 30.07.2024 № 496 (23.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторына қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қаржы
министрінің
2022 жылғы 5 сәуірдегі
№ 368 бұйрығына 1 қосымша

Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің операторын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және конкурс қорытындылары бойынша халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын (бұдан әрі – ұлттық оператор) айқындау тәртібін белгілейді.

2 тарау. Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау қағидалары

      2. Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау жөніндегі конкурс "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған, конкурсқа қатысуға ниет білдірген және осы бұйрықпен бекітілген Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторына қойылатын талаптарға және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғалар арасында өткізіледі.

      3. Конкурсты ұйымдастырушы салықтар мен төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) болады, ол конкурстық комиссияның, сараптама тобының құрамын, конкурстық құжаттаманы, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – қадағалап отырудың жүйесі) тестілеу жоспарын, конкурсты өткізу мерзімдерін және бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыруды орналастыру мерзімін бекітеді.

      Ұлттық операторды айқындау кезінде конкурсқа қатысушы ұсынған қадағалау жүйесінің жұмыс істеу сапасының функционалдығы мен көрсеткіштерін және дайындық деңгейін тексеру жүзеге асырылады.

      4. Конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) ведомство басшысының не оны алмастыратын адамның шешімі бойынша ведомство қызметкерлері, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның өкілі қатарынан кемінде бес мүшеден құрылады.

      5. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Комиссия төрағасы болмаған жағдайда, төрағаның функциялары Комиссия төрағасының орынбасарына жүктеледі. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды және шешім қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы жоқ.

      6. Қадағалап отыру жүйесін тестілеуді өткізу жөніндегі сараптама тобы (бұдан әрі – сараптама тобы) ведомство басшысының не оны алмастыратын адамның шешімі бойынша өкілдер қатарынан кемінде төрт адам санымен құрылады:

      1) ведомство;

      2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның;

      3) сараптамалық қоғамдастықтар.

      7. Комиссия отырысы, егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

      Комиссия мүшесі, егер оның тікелей немесе жанама мүдделілігі болса және қарсылық білдіруге (өздігінен бас тартуға) жататын болса, отырысқа қатыспайды.

      Өздігінен бас тарту және қарсылық білдіру отырыс басталғанға дейін де, Комиссия отырысы барысында да дәлелденеді және мәлімделеді.

      Комиссия мүшесінің өздігінен бас тартуы (қарсылық білдіруі) туралы шешімді Комиссиямен отырыстарға қатысатын оның мүшелерінің көпшілік дауысымен жазбаша нысанда қабылданады және Комиссия мүшесінің қатысуымен жария етіледі.

      8. Ұлттық операторды айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруды ведомство конкурс өткізілетін күнге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және ведомствоның интернет-ресурсында бір мезгілде мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды. Конкурсты қайта өткізген жағдайда – қайта конкурс өткізілетін күнге дейін 7 (жеті) жұмыс күні бұрын.

      9. Ұлттық операторды айқындау жөніндегі конкурс төрт кезеңде өткізіледі:

      1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау және өтінімдерді қабылдау;

      2) Комиссияның конкурстық өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі, конкурсқа қатысушылардың халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторына қойылатын талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарауы;

      3) бақылау жүйесінің бекітілген тестілеу жоспарына сәйкес қадағалап отыру жүйесінің сараптамалық тобының функционалдық және жүктемелік тестілеуі, конкурсқа қатысушының қадағалап отыру жүйесінің сапасы мен дайындық дәрежесін бағалау;

      4) конкурстың қорытындысын шығару.

      10. Конкурсқа қатысушылар хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттамаға сәйкес конкурстық өтінімді ұсынады, ол мыналарды қамтиды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушы нысан бойынша толтырған және қол қойған конкурсқа қатысуға өтінім;

      2) тіркелген заңды тұлға туралы электрондық анықтама;

      3) осы бұйрықпен бекітілген Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторына қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;

      4) қадағалап отыру жүйесін іске асыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі тұжырымдамалық пайым (презентация нысанында);

      5) қадағалап отыру жүйесінің сипаттамасы және оны енгізу жоспары.

      11. Конкурстық өтінім мен қоса берілетін құжаттар ведомствоға мемлекеттік немесе орыс тілдерінде желімделген конвертте ұсынылады. Ұсынылған құжаттардың барлық парақтары тігіледі, нөмірленеді және уәкілетті тұлға қол қояды.

      12. Комиссия конверттерді ашады және конкурстық өтінімдерді Комиссия отырысында конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген орында, күні мен уақытта конкурсқа қатысушылардың барлық келген уәкілетті өкілдерінің қатысуымен қарайды.

      13. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде Комиссия қатысып отырған адамдарға конкурсқа қатысушылардың атауын және орналасқан жерін, конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың болуын немесе болмауын хабарлайды.

      14. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі бойынша Комиссия хатшысы ашу хаттамасын жасайды, оған Комиссия төрағасы, оның орынбасары, хатшы және комиссия мүшелері қол қояды.

      15. Комиссия конкурстық өтінімдерді олардың ұлттық операторға қойылатын талаптарға және конкурстық құжаттамаға толық сәйкестігі тұрғысынан зерделейді. Ұлттық операторға қойылатын талаптарға және (немесе) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін конкурстық өтінімдерді комиссия қабылдамайды және конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей дәлелді жауаптармен бірге конкурсқа қатысушыларға қайтаруға жатады.

      16. Келесі кезеңге жіберілген конкурсқа қатысушы сараптамалық топтың бағалауы үшін бекітілген қадағалап отыру жүйесін тестілеу жоспарына сәйкес қадағалап отыру жүйесінің демонстрациясын өткізеді.

      17. Сараптамалық топ қадағалап отыру жүйесін тестілеу жоспарына сәйкес ұлттық операторға қойылатын талаптарға және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды қадағалап отыру жүйесіне функционалдық және жүктемелік тестілеу жүргізеді.

      18. Конкурсқа қатысушыны қадағалап отыру жүйесін тестілеуді өткізу нәтижелері бойынша сараптама тобы тестілеу хаттамасын жасайды.

      Тестілеу хаттамасында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өткізілген функционалдық және жүктемелік тестілеу нәтижелерінің сипаттамасы, ұлттық операторды айқындау жөніндегі конкурсқа қатысатын қатысушыларды бағалау өлшемшарттарына сәйкес конкурсқа қатысушыны қадағалап отыру жүйесінің сапасы мен дайындық дәрежесін бағалау (қадағалау жүйесін тестілеу нәтижелері бойынша өткізілетін) қамтылады.

      19. Қадағалап отыру жүйесінің сапасы мен дайындық деңгейін өлшеу үшін тауарлар мен көлік құралдарын қадағалап отырудың тиімділігіне олардың әсерін ескере отырып, осы қадағалап отыру жүйесін тестілеу барысында сарапшылар тобы анықтаған қателер мен сәйкессіздіктер саны ескеріледі.

      Тестілеу барысында анықталған қателер мен сәйкессіздіктер тестілеу хаттамасында көрсетіледі.

      20. Сараптама тобының тестілеу хаттамасы Конкурс қорытындылары туралы шешім қабылдау кезінде ескеріледі.

      21. Конкурстың қорытындыларын шығару кезінде конкурсқа қатысушыларға баллдар беру жөніндегі шешімді Комиссияның әрбір мүшесі жеке шығарады.

      22. Комиссия мүшелері берген барлық балдарды қосу жолымен ең көп балл алған немесе қайталама конкурс нәтижелері бойынша жалғыз қатысушы деп танылған қатысушы конкурс жеңімпазы деп танылады. Егер комиссияны бағалау қорытындылары бойынша бірнеше конкурсқа қатысушы бірдей жоғары балл жинаған жағдайда, конкурс жеңімпазы комиссияның қатысушы мүшелерінің дауыс беруімен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады.

      Комиссия мүшелері Ерекше пікір білдірген жағдайда оны жазбаша түрде баяндайды және конкурстың қорытындысын шығару туралы хаттамаға қоса береді.

      23. Комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімде конкурстың қорытындысын шығарады.

      Комиссия конкурстың қорытындыларын шығарғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес конкурсқа қатысушыларды тыңдайды.

      24. Комиссия отырысының қорытындылары бойынша конкурс қорытындыларын шығару туралы хаттама ресімделеді, онда конкурсқа қатысушылардың атауы, орналасқан жері, деректемелері және олардың негізінде конкурс жеңімпазы айқындалған шарттар, конкурстық өтінімдері қабылданбаған қатысушылардың атауы мен орналасқан жері, олардың қабылданбау себептері көрсетіле отырып, көрсетіледі.

      25. Конкурстың қорытындыларын шығару туралы хаттамаға төраға, оның орынбасары және қатысып отырған комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ комиссия хатшысы конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды.

      26. Конкурстың нәтижелері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын ресми баспа басылымдарында және ведомствоның интернет-ресурсында бір мезгілде мемлекеттік және орыс тілдерінде, конкурстың қорытындыларын шығару туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жарияланады.

      27. Комиссия конкурсты, егер:

      1) оған екіден кем қатысушы қатысса;

      2) бірде-бір конкурстық өтінім берілмесе;

      3) конкурсқа қатысушылардың барлығы бірыңғай операторға қойылатын талаптарға және (немесе) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмесе өтпеді деп таниды.

      28. Бір конкурсқа екі рет жалғыз өтінім келіп түскен жағдайда, осы бұйрықта белгіленген талапқа сәйкес келетін осы жалғыз қатысушы ұлттық оператор болып танылады.

      29. Өткізілетін конкурс барысында туындайтын барлық дауларды Комиссия қарайды. Комиссияның дауды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешіміне Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

      30. Ведомство конкурстың қорытындыларын шығару туралы хаттаманың негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық операторды айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді.

      31. Ұлттық оператор Заңның 14-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

  Халықаралық автомобиль
тасымалдарын қадағалап
отырудың ақпараттық жүйесінің
ұлттық операторын айқындау
қағидаларына
1-қосымша

      нысаны

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ (заңды тұлғалар үшін)

      (Кімге) ________________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
(Кімнен) _______________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі)
_______________________________________________________________________________
осы өтініммен халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық
жүйесінің ұлттық операторын таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға өзінің ниетін білдіреді,
конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес Қазақстан
Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың аумағы бойынша
автокөлік құралдары мен тауарларды қадағалап отыру жөніндегі процестерді іске асыруды
жүзеге асыруға келісімін білдіреді, бұл мыналарды растайды:
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі)
конкурстық құжаттамамен таныстым және осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса
берілетін құжаттарда дұрыс емес мәліметтер бергені үшін толық жауапкершілікті өзіме аламын.
Осы конкурстық өтінім мыналардан тұрады:
________________________________________________________________________________
(конкурсқа қатысуға өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі)
Осы конкурстық өтінім конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап
(жазбаша) __________ күн ішінде қолданылады.
Атынан және тапсырмасы бойынша конкурстық өтінімге қол қоюға барлық өкілеттігі бар
тұлға __________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі)
_________________________________________________________ ______________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, күні)

  Халықаралық автомобиль
тасымалдарын қадағалап
отырудың ақпараттық жүйесінің
ұлттық операторын айқындау
қағидаларына
2-қосымша

      нысаны

Конкурсқа қатысатын қатысушыларды бағалау критерийлері ұлттық оператордың анықтамасы бойынша (бақылау жүйесін тестілеу нәтижелері бойынша өткізілетін)

№ п/п

Бағалау критерийлері

Бағалау бірлігі (баллмен)

1

2

3

Конкурсқа қатысушыны қадағалап отыру жүйесінің дайындық дәрежесі (қадағалап отыру жүйесін тестілеу нәтижелері бойынша)

Ең көбі 21 ұпай

1.

Іске қосылған навигациялық пломбалар салынған көлік құралдарының нақты уақыт режиміндегі мониторингі.

0 - жоқ
1 - иә

2.

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде навигациялық пломбаларды қолдана отырып тасымалдау туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді, беруді және сақтауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін техникалық жабдықтың болуы.

0 - жоқ
1 - иә

3.

Барлық тіркелген электрондық пломбалардан ақпаратты үздіксіз және уақытпен қатар қабылдау.

0 - жоқ
1 - иә

4.

Ақпараттық жүйенің графикалық пайдаланушы интерфейсіндегі ақпаратты визуализациялау.

0 - жоқ
1 - иә

5.

Тасымалдау туралы жинақталған ақпаратты сақтау мерзімдерінде шектеулердің болмауы.

0 - жоқ
1 - иә

6.

Навигациялық пломбаларды қашықтықтан басқаруды, оның ішінде навигациялық пломбаның ағымдағы техникалық жай-күйі туралы өзін-өзі диагностикалауды орындау.

0 - жоқ
1 - иә

7.

Навигациялық пломбадан деректерді беру жиілігінің өзгеруі, навигациялық пломбаны іске қосу және ажырату.

0 - жоқ
1 - иә

8.

Әр түрлі есептерді қалыптастыру және ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ету.

0 - жоқ
1 - иә

9.

Қазақстан Республикасының аумағында ғана орналасқан серверлерде қадағалап отыру жүйесін орнату, оқшаулау, өрістету.

0 - жоқ
1 - иә

10.

Қазақстан Республикасының аумағында тек авторландырылған пайдаланушыларға ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету.

0 - жоқ
1 - иә

11.

Рұқсат етілмеген қолжетімділіктен қорғаумен ақпаратты беруді жүзеге асыру.

0 - жоқ
1 - иә

12.

Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерінің ұлттық операторларымен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігі.

0 - жоқ
1 - иә

13.

Тәулік бойы техникалық қолдау - 24/7.

0 - жоқ
1 - иә

14.

Ведомствоның талабы бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуге өзгерістер енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

0 - жоқ
1 - иә

15.

Ведомствоның талабы бойынша өзге бағдарламалық қамтамасыз етумен интеграциялау мүмкіндігі.

0 - жоқ
1 - иә

16.

Навигациялық пломбалардың жеткіліктілігін бақылауды және одан әрі пайдалану үшін навигациялық пломбаларды зарядтауды қамтамасыз ететін сервистік қызмет көрсету желілерінің болуы.

0 - жоқ
1 - иә

17.

Электрондық пломбаларды пайдалана отырып, жүктердің мониторингі жүйесіне Қазақстан Республикасы патентінің болуы.

0 - жоқ
5 - иә

Материалдық қамтамасыз етудің дайындық дәрежесі (тестілеу және навигациялық пломбаларды тексеру нәтижелері бойынша)

Ең көбі 8 ұпай

1.

Навигациялық пломбалардың мынадай қасиеттері болуы тиіс:
жалғаннан қорғау, бірегей жеке нөмір, ол туралы ақпарат ішкі ұшпайтын жадта болады және электрондық пломбаның корпусына қолданылады;
навигациялық пломбаның электрондық блогын қайта пайдалану мүмкіндігі;
электрондық пломбаның жұмыс қабілеттілігін көзбен шолып анықтауға арналған индикация;
шаң, ылғалға төзімді корпус.

0 - сәйкес келмейді
1 - ішінара сәйкес келеді
2 - сәйкес келеді

2.

Ғаламдық навигациялық спутниктік жүйелерден алынған деректер негізінде кеңістік-уақыт күйінің параметрлерін айқындау (географиялық бойлығы мен орналасқан жерінің кеңдігі, қозғалыс жылдамдығы мен бағыты, кеңістік-уақыт жай-күйінің тіркелген күні мен уақыты).

0 - жоқ
1 - иә

3.

Электрондық пломбаның бүтіндігінің жай-күйін және корпусын ашуды және бекіту-пломбалау құрылғысының тросының үзілуін, сондай-ақ аккумулятордың заряд деңгейін және осы ақпаратты беру мүмкіндігімен навигациялық пломбаның жалпы жұмыс қабілеттілігін автоматты түрде анықтау.

0 - жоқ
1 - иә

4.

Ведомство қызметкерлерінің оқу мүмкіндігі бар электрондық пломбаның ішкі энергияға тәуелсіз жадында ақпаратты сақтау.

0 - жоқ
1 - иә

5.

+ 60 және - 60 градус температурада жұмыс істеу;
жұмыс мерзімі 45 (қырық бес) күннен кем емес.

0 - сәйкес келмейді
1 - ішінара сәйкес келеді
2 - сәйкес келеді

6.

Меншікте немесе жалға алуда кемінде 4 000 навигациялық пломбаның болуы.

0 - жоқ
1 - иә

Ұлттық оператордың дайындық дәрежесі және осы бұйрықпен белгіленген оған қойылатын талаптардың сақталуы (ұсынылған құжаттарды қарау және таныстыру нәтижелері бойынша)

Ең көбі 11 ұпай

1.

Салынған навигациялық пломбалары бар көлікті өткізу процесін ведомствоның мониторингтеу мүмкіндігі бар қадағалап отыру жүйесінің болуы.

0 - жоқ 3 - иә

2.

Қазақстан Республикасының және (немесе) ЕАЭО-ның бүкіл аумағында қадағалап отыру жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін, сондай-ақ деректердің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ететін деректерді өңдеу орталықтарының, деректерді беру желілерінің болуы.

0 - жоқ 1 - иә

3.

Заңнамада белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша навигациялық пломбаларды және (немесе) ЕЭАО қолданумен байланысты қызметтерді көрсету мүмкіндігі.

0 - жоқ 2 - иә

4.

Көлікті қадағалап отыруды қамтамасыз ету және көлікті қадағалап отырудың ағымдағы жағдайы туралы ведомствоға хабарлау үшін тәулік бойы мониторингтік орталықтың болуы.

0 - жоқ 3 - иә

5.

Қадағалап отырудың жүйесінің инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсету үшін білікті персоналдың болуы.

0 - жоқ 1 - иә

6.

Қадағалап отыру жүйесінің пайдаланушыларына қызмет көрсету үшін тәулік бойы байланыс орталығының болуы.

0 - жоқ 1 - иә

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қаржы
министрінің
2022 жылғы 5 сәуірдегі
№ 368 бұйрығына 2 қосымша

Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторына қойылатын талаптар

      1. Ұлттық оператор навигациялық пломбаларды пайдалана отырып тауарлар мен көлік құралдарын қадағалап отыру процесін қамтамасыз ететін ресурстарды, оның ішінде:

      1) ведомство салынған навигациялық пломбалары бар көлікті өткізу процесін мониторингтеу мүмкіндігі бар қадағалап отыру жүйесін;

      2) Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) бүкіл аумағында қадағалап отыру жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін, сондай-ақ деректердің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ететін деректерді өңдеу орталығы (орталықтары), деректерді беру желілерін;

      3) Қазақстан Республикасының және (немесе) ЕАЭО-ның бүкіл аумағы бойынша навигациялық пломбаларды қолдануға байланысты қызметтер көрсету мүмкіндігін;

      4) көлікті қадағалап отыруды қамтамасыз ету және көлікті қадағалап отырудың ағымдағы жағдайы туралы ведомствоға хабарлау үшін тәулік бойы мониторинг орталығын;

      5) өзінің инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсету үшін білікті персоналын;

      6) қадағалап отыру жүйесінің пайдаланушыларына қызмет көрсету үшін тәулік бойы байланыс орталығын қамтиды.

      2. Ұлттық операторды айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға:

      1) мемлекеттік сатып алуға адал емес қатысушылар тізілімінде тұрған;

      2) "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрған;

      3) қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылған;

      4) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген басшы, құрылтайшылар (акционерлер);

      5) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген;

      6) конкурстық құжаттама берілген күнге салықтар және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер бойынша берешегі бар заңды тұлғалар жіберілмейді.

Об утверждении Правил определения национального оператора информационной системы отслеживания международных автомобильных перевозок и требования к нему

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов Республики Казахстан от 5 апреля 2022 года № 368. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 апреля 2022 года № 27424. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 30.07.2024 № 496.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 30.07.2024 № 496 (вводится в действие с 23.11.2024).

      В соответствии с пунктом 1 статьи 14-1 Закона Республики Казахстан "Об автомобильном транспорте" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) Правила определения национального оператора информационной системы отслеживания международных автомобильных перевозок согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) Требование к национальному оператору информационной системы отслеживания международных автомобильных перевозок согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра -
Министр финансов
Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового
развития, инноваций и
аэрокосмической
промышленности
Республики Казахстан

  приложение 1 к приказу
Заместителя Премьер-Министра -
Министра финансов
Республики Казахстан
от 5 апреля 2022 года № 368

Правила определения национального оператора информационной системы отслеживания международных автомобильных перевозок

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определения оператора информационной системы отслеживания международных автомобильных перевозок (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 1 статьи 14-1 Закона Республики Казахстан "Об автомобильном транспорте" и устанавливают порядок определения национального оператора информационной системы отслеживания международных автомобильных перевозок (далее – национальный оператор) по итогам конкурса.

Глава 2. Правила определения национального оператора информационной системы отслеживания международных автомобильных перевозок

      2. Конкурс по определению национального оператора информационной системы отслеживания международных автомобильных перевозок проводится среди юридических лиц, созданных в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств", желающих принять участие в конкурсе и соответствующих Требованию к национальному оператору информационной системы отслеживания международных автомобильных перевозок утвержденному настоящим приказом, и требованиям конкурсной документации.

      3. Организатором конкурса выступает ведомство уполномоченного органа, осуществляющего руководство в сфере обеспечения поступлений налогов и платежей в бюджет (далее – ведомство), которое утверждает состав конкурсной комиссии, экспертной группы, конкурсную документацию, план тестирования информационной системы отслеживания международных автомобильных перевозок (далее – система отслеживания), сроки проведения конкурса и срок размещения объявления о проведении конкурса в средствах массовой информации.

      При определении национального оператора осуществляется проверка функциональности и показателей качества функционирования и степени готовности системы отслеживания, предоставленной участником конкурса.

      4. Конкурсная комиссия (далее – Комиссия) создается по решению руководителя ведомства либо лица, замещающего его, в количестве не менее пяти членов из числа работников ведомства, представителя уполномоченного органа в сфере информатизации.

      5. В состав Комиссии входят председатель, заместитель председателя и члены Комиссии. В случае отсутствия председателя Комиссии, функции председателя возлагаются на заместителя председателя Комиссии. Секретарь Комиссии не является ее членом и не имеет право голоса при принятии решений.

      6. Экспертная группа по проведению тестирования системы отслеживания (далее – экспертная группа) создается по решению руководителя ведомства либо лица, замещающего его, в количестве не менее четырех человек из числа представителей:

      1) ведомства;

      2) уполномоченного органа в сфере информатизации;

      3) экспертных сообществ.

      7. Заседание Комиссии считается правомочным, если на нем присутствует не менее двух третей от общего числа ее членов.

      Член Комиссии не участвует в заседании, если у него имеется прямая или косвенная заинтересованность и подлежит отводу (самоотводу).

      Самоотвод и отвод мотивируются и заявляются как до начала заседания, так и в ходе заседания Комиссии.

      Решение о самоотводе (отводе) члена Комиссии принимается Комиссией в письменной форме, большинством голосов ее членов, участвующих в заседаниях, и оглашается в присутствии члена Комиссии.

      8. Объявление о проведении конкурса по определению национального оператора публикуется ведомством в периодических печатных изданиях, распространяемых на всей территории Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе ведомства одновременно на государственном и русском языках за 10 (десять) рабочих дней до дня проведения конкурса. В случае повторного проведения конкурса – за 7 (семь) рабочих дней до дня проведения повторного конкурса.

      9. Конкурс по определению национального оператора проводится в четыре этапа:

      1) опубликование объявления о проведении конкурса и прием заявок;

      2) рассмотрение Комиссией конкурсных заявок на предмет их соответствия требованиям конкурсной документации, соответствия участников конкурса требованию к национальному оператору информационной системы отслеживания международных автомобильных перевозок;

      3) функциональное и нагрузочное тестирование экспертной группой системы отслеживания в соответствии с утвержденным планом тестирования системы отслеживания, оценка качества и степени готовности системы отслеживания участника конкурса;

      4) подведение итогов конкурса.

      10. Участники конкурса в течение 10 (десяти) рабочих дней со дня опубликования объявления представляют конкурсную заявку в соответствии с конкурсной документацией, которая содержит:

      1) заполненную и подписанную участником конкурса заявку на участие в конкурсе по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      2) электронную справку о зарегистрированном юридическом лице;

      3) документы, подтверждающие соответствие Требованию к национальному оператору информационной системы отслеживания международных автомобильных перевозок, утвержденному настоящим приказом;

      4) концептуальное видение по реализации и функционированию системы отслеживания (в форме презентации);

      5) описание системы отслеживания и план по ее внедрению.

      11. Конкурсная заявка и прилагаемые документы представляются ведомству на государственном или русском языках в запечатанном конверте. Все листы представленных документов прошиваются, пронумеровываются и подписываются уполномоченным лицом.

      12. Комиссия вскрывает конверты и рассматривает конкурсные заявки на заседании Комиссии в месте, день и время, которые указаны в объявлении о проведении конкурса в присутствии всех прибывших уполномоченных представителей участников конкурса.

      13. При вскрытии конвертов с конкурсными заявками Комиссия объявляет присутствующим лицам наименование и местонахождение участников конкурса, наличие или отсутствие документов, составляющих конкурсную заявку.

      14. По процедуре вскрытия конвертов с конкурсными заявками секретарем Комиссии составляется протокол вскрытия, который подписывается председателем Комиссии, его заместителем, секретарем и членами Комиссии.

      15. Комиссия изучает конкурсные заявки на предмет их полного соответствия требованию к национальному оператору и конкурсной документации. Конкурсные заявки, не соответствующие требованию к национальному оператору и (или) требованиям конкурсной документации, Комиссией отклоняются и подлежат возврату участникам конкурса вместе с мотивированным ответом не позднее 2 (двух) рабочих дней со дня вскрытия конвертов с конкурсными заявками.

      16. Участник конкурса, допущенный к следующему этапу, проводит демонстрацию системы отслеживания в соответствии с утвержденным планом тестирования системы отслеживания для оценки экспертной группой.

      17. Экспертной группой проводится функциональное и нагрузочное тестирование системы отслеживания участников конкурса, соответствующих требованию, предъявляемому к национальному оператору и требованиям конкурсной документации, в соответствии с планом тестирования системы отслеживания.

      18. По результатам проведения тестирования системы отслеживания участника конкурса экспертной группой составляется протокол тестирования.

      Протокол тестирования содержит описание результатов проведенного функционального и нагрузочного тестирования, оценку качества и степени готовности системы отслеживания участника конкурса в соответствии с критериями оценки участников, участвующих в конкурсе по определению национального оператора (проводимой по результатам тестирования системы отслеживания) по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      19. Для измерения качества и степени готовности системы отслеживания учитывается количество ошибок и несоответствий, выявленных экспертной группой в ходе тестирования данной системы отслеживания, с учетом их влияния на эффективность отслеживания товаров и транспортных средств.

      Выявленные в ходе тестирования ошибки и несоответствия отражаются в протоколе тестирования.

      20. Протокол тестирования экспертной группы учитывается при принятии решения об итогах конкурса.

      21. Решение по присуждению баллов участникам конкурса при подведении итогов конкурса выносится каждым членом Комиссии индивидуально.

      22. Победителем конкурса признается участник, получивший наибольшее количество баллов путем суммирования всех баллов, присужденных членами Комиссии, или признанный единственным участником по результатам повторного конкурса. В случае если по итогам оценки Комиссии несколько участников конкурса набрали одинаковый высший балл, победитель конкурса определяется голосованием присутствующих членов Комиссии. В случае равенства голосов, решающим голосом является голос председателя Комиссии.

      Члены Комиссии в случае выражения особого мнения излагают его в письменном виде и прикладывают к протоколу о подведении итогов конкурса.

      23. Комиссия подводит итоги конкурса в срок не более 15 (пятнадцать) календарных дней со дня вскрытия конвертов с конкурсными заявками.

      Не позднее, чем за 3 (три) рабочих дня до подведения итогов конкурса Комиссией проводится заслушивание участников конкурса в соответствии со статьей 73 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

      24. По итогам заседания Комиссии оформляется протокол о подведении итогов конкурса, в котором отражаются наименование, местонахождение, реквизиты участников конкурса и условия, на основании которых определен победитель конкурса, наименование и местонахождение участников, конкурсные заявки которых отклонены с указанием причин их отклонения.

      25. Протокол о подведении итогов конкурса подписывается председателем, его заместителем и всеми присутствующими членами Комиссии, а также секретарем Комиссии не позднее 2 (двух) рабочих дней со дня подведения итогов конкурса.

      26. Результаты конкурса публикуются в официальных печатных изданиях, распространяемых на всей территории Республики Казахстан, и интернет-ресурсе ведомства одновременно на государственном и русском языках, не позднее 3 (трех) рабочих дней, следующих за днем подписания протокола о подведении итогов конкурса.

      27. Конкурс признается Комиссией несостоявшимся в случаях, если:

      1) в нем приняло участие менее двух участников;

      2) не подано ни одной конкурсной заявки;

      3) все участники конкурса не соответствуют требованиям к единому оператору и (или) требованиям конкурсной документацией.

      28. В случае, когда два раза на один и тот же конкурс поступает единственная заявка, национальным оператором признается данный единственный участник, соответствующий требованию, установленному настоящим приказом.

      29. Все споры, возникающие в ходе проводимого конкурса, рассматриваются Комиссией. Решение Комиссии, принятое по результатам рассмотрения спора, может быть обжаловано в судебном порядке в соответствии с Гражданским процессуальным кодексом Республики Казахстан и Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан.

      30. Ведомство на основании протокола о подведении итогов конкурса разрабатывает проект постановления Правительства Республики Казахстан об определении национального оператора, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      31. Национальный оператор в соответствии с пунктом 1 статьи 14-1 Закона утверждается постановлением Правительства Республики Казахстан.


  Приложение 1
к Правилам определения
национального оператора
информационной системы
отслеживания международных
автомобильных перевозок
  форма

                              ЗАЯВКА НА УЧАСТИЕ В КОНКУРСЕ
                                    (для юридических лиц)

      (Кому) ___________________________________________________________________
                              (наименование организатора конкурса)
      (От кого) _________________________________________________________________
                        (указывается полное наименование юридического лица)
      __________________________________________________________________________
      настоящей заявкой выражает свое желание принять участие в конкурсе по выбору
      национального оператора информационной системы отслеживания международных
      автомобильных перевозок, выражает согласие осуществить реализацию процессов по
      отслеживанию автотранспортных средств и товаров по территории Республики
      Казахстан и (или) Евразийского экономического союза в соответствии с
      требованиями и условиями, предусмотренными конкурсной документацией,
      подтверждает, что
      __________________________________________________________________________
                        (указывается полное наименование юридического лица)
      ознакомлено с конкурсной документацией и принимает на себя полную
ответственность за представление недостоверных сведений в данной заявке на участие в
конкурсе и прилагаемых к ней документах.
      Настоящая конкурсная заявка состоит из:
      __________________________________________________________________________
                  (перечень документов, прилагаемых к заявке на участие в конкурсе)
      Настоящая конкурсная заявка действует в течение __________ дней со дня
(прописью) вскрытия конвертов с конкурсными заявками.
      Лицо, имеющее все полномочия подписать конкурсную заявку от имени и по
поручению______________________________________________________________________
                        (указывается полное наименование юридического лица)
___________________________________________________________ ___________________
            (должность, фамилия, имя, отчество (при его наличии) (подпись, дата)


  Приложение 2 к Правилам
определения национального
оператора информационной
системы отслеживания
международных автомобильных
перевозок
  форма

Критерии оценки участников, участвующих в конкурсе по определению национального оператора (проводимой по результатам тестирования системы отслеживания)

№ п/п

Критерии для оценки

Единица оценки (в баллах)

1

2

3

Степень готовности системы отслеживания участника конкурса (по результатам тестирования системы отслеживания)

Максимум 21 балл

1.

Мониторинг в режиме реального времени транспортных средств, на которые наложены активированные навигационные пломбы.

0 - нет 1 - да

2.

Наличие на праве собственности или ином законном основании технического оборудования, позволяющее осуществлять сбор, обработку, передачу и хранение информации о перевозках с применением навигационных пломб.

0 - нет 1 - да

3.

Принятие информации от всех зарегистрированных электронных пломб непрерывно и параллельно во времени.

0 - нет 1 - да

4.

Визуализация информации в графическом интерфейсе пользователя информационной системы.

0 - нет 1 - да

5.

Отсутствие ограничений в сроках хранения накопленной информации о перевозках.

0 - нет 1 - да

6.

Выполнение удаленного управления навигационными пломбами, в том числе самодиагностика о текущем техническом состоянии навигационной пломбы.

0 - нет 1 - да

7.

Изменение частоты передачи данных от навигационной пломбы, активация и деактивация навигационной пломбы.

0 - нет 1 - да

8.

Обеспечение возможности формирования и представления различных отчетов.

0 - нет 1 - да

9.

Установление, локализация, развертывание системы отслеживания на серверах, расположенных только на территории Республики Казахстан.

0 - нет 1 - да

10.

Обеспечение доступа к информации только авторизированным пользователям на территории Республики Казахстан.

0 - нет 1 - да

11.

Осуществление передачи информации с защитой от несанкционированного доступа.

0 - нет 1 - да

12.

Возможность взаимодействия с национальными операторами стран Евразийского экономического союза (далее – ЕАЭС).

0 - нет 1 - да

13.

Круглосуточная техническая поддержка – 24/7.

0 - нет 1 - да

14.

Обеспечение возможности внесения изменений в программное обеспечение по требованию ведомства.

0 - нет 1 - да

15.

Возможность интеграции по требованию ведомства с иным программным обеспечением.

0 - нет 1 - да

16.

Наличие сетей сервисного обслуживания, обеспечивающих контроль достаточности навигационных пломб и зарядку навигационных пломб для дальнейшей эксплуатации.

0 - нет 1 - да

17.

Наличие патента Республики Казахстан на систему мониторинга грузов с использованием электронных пломб.

0 - нет 5 - да

Степень готовности материального обеспечения (по результатам тестирования и осмотра навигационных пломб)

Максимум 8 баллов

1.

Навигационные пломбы, должны иметь следующие свойства:
защищҰнность от подделки, уникальный индивидуальный номер, информация о котором содержится во внутренней энергонезависимой памяти и нанесена на корпус электронной пломбы;
возможность многоразового использования электронного блока навигационной пломбы;
индикация для визуального определения работоспособности электронной пломбы;
пыле-, влагозащищенный корпус.

0 - не соответствует 1 - соответствует частично 2 - соответствует

2.

Определение параметров пространственно-временного состояния на основании данных, полученных от глобальных навигационных спутниковых систем (географические долгота и широта местоположения, скорость и направление движения, дата и время фиксации пространственно-временного состояния).

0 - нет 1 - да

3.

Автоматическое определение состояния целостности и вскрытия корпуса электронной пломбы и разрыва троса запорно-пломбировочного устройства, а также уровень заряда аккумулятора и в целом работоспособности навигационной пломбы с возможностью передачи данной информации.

0 - нет 1 - да

4.

Сохранение информации во внутренней энергонезависимой памяти электронной пломбы с возможностью считывания сотрудниками ведомства.

0 - нет 1 - да

5.

Работоспособность при температурах + 60 и - 60 градусов;
срок работы не менее 45 дней.

0 - не соответствует 1 - соответствует частично 2 - соответствует

6.

Наличие в собственности или в аренде не менее 4 000 навигационных пломб.

0 - нет 1 - да

Степень готовности национального оператора и соблюдение требования к нему, установленного настоящим приказом (по результатам осмотра представленных документов и презентации)

Максимум 11 баллов

1.

Наличие системы отслеживания с возможностью мониторинга ведомством процесса перемещения транспорта с наложенными навигационными пломбами.

0 - нет 3 - да

2.

Наличие центров обработки данных, сетей передачи данных, обеспечивающих бесперебойное функционирование системы отслеживания на всей территории Республики Казахстан и (или) ЕАЭС, а также безопасность и защиту данных.

0 - нет 1 - да

3.

Возможность оказания услуг, связанных с применением навигационных пломб по всей территории Республики Казахстан и (или) ЕЭАС в случаях, установленных законодательством.

0 - нет 2 - да

4.

Наличие круглосуточного мониторингового центра для обеспечения отслеживания транспорта и информирования ведомства о текущей ситуации с отслеживанием транспорта.

0 - нет 3 - да

5.

Наличие квалифицированного персонала для технического обслуживания инфраструктуры системы отслеживания.

0 - нет 1 - да

6.

Наличие круглосуточного контакт-центра для обслуживания пользователей системы отслеживания.

0 - нет 1 - да

 
  приложение 2 к приказу
Заместителя Премьер-Министра -
Министра финансов
Республики Казахстан
от 5 апреля 2022 года № 368

Требование к национальному оператору информационной системы отслеживания международных автомобильных перевозок

      1. Национальный оператор располагает ресурсами, обеспечивающими процесс отслеживания товаров и транспортных средств с использованием навигационных пломб, в том числе:

      1) системой отслеживания с возможностью мониторинга ведомством процесса перемещения транспорта с наложенными навигационными пломбами;

      2) центром (центрами) обработки данных, сетями передачи данных, обеспечивающими бесперебойное функционирование системы отслеживания на всей территории Республики Казахстан и (или) Евразийского экономического союза (далее – ЕАЭС), а также безопасность и защиту данных;

      3) возможностью оказания услуг, связанных с применением навигационных пломб по всей территории Республики Казахстан и (или) ЕАЭС;

      4) круглосуточным мониторинговым центром для обеспечения отслеживания транспорта и информирования ведомства о текущей ситуации с отслеживанием транспорта;

      5) квалифицированным персоналом для технического обслуживания своей инфраструктуры;

      6) круглосуточным контакт-центром для обслуживания пользователей системы отслеживания.

      2. К участию в конкурсе по определению национального оператора не допускаются юридические лица:

      1) состоящие в реестре недобросовестных участников государственных закупок;

      2) состоящие в реестре недобросовестных участников закупок в соответствии с Законом Республики Казахстан "О закупках отдельных субъектов квазигосударственного сектора";

      3) деятельность которых приостановлена в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      4) руководитель, учредители (акционеры) которых включены в перечень организаций и лиц, связанных с финансированием распространения оружия массового уничтожения, и (или) в перечень организаций и лиц, связанных с финансированием терроризма и экстремизма, в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма";

      5) имеющие неисполненные обязательства по исполнительным документам и включенные уполномоченным органом, осуществляющим реализацию государственной политики и государственное регулирование деятельности в сфере обеспечения исполнения исполнительных документов, в Единый реестр должников;

      6) имеющие задолженность по налогам и иным обязательным платежам в бюджет на день подачи конкурсной документации.