Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 30.07.2024 № 496 (23.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 368 бұйрығына 1 қосымша |
Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің операторын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және конкурс қорытындылары бойынша халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын (бұдан әрі – ұлттық оператор) айқындау тәртібін белгілейді.
2 тарау. Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау қағидалары
2. Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау жөніндегі конкурс "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған, конкурсқа қатысуға ниет білдірген және осы бұйрықпен бекітілген Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторына қойылатын талаптарға және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғалар арасында өткізіледі.
3. Конкурсты ұйымдастырушы салықтар мен төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) болады, ол конкурстық комиссияның, сараптама тобының құрамын, конкурстық құжаттаманы, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – қадағалап отырудың жүйесі) тестілеу жоспарын, конкурсты өткізу мерзімдерін және бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыруды орналастыру мерзімін бекітеді.
Ұлттық операторды айқындау кезінде конкурсқа қатысушы ұсынған қадағалау жүйесінің жұмыс істеу сапасының функционалдығы мен көрсеткіштерін және дайындық деңгейін тексеру жүзеге асырылады.
4. Конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) ведомство басшысының не оны алмастыратын адамның шешімі бойынша ведомство қызметкерлері, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның өкілі қатарынан кемінде бес мүшеден құрылады.
5. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Комиссия төрағасы болмаған жағдайда, төрағаның функциялары Комиссия төрағасының орынбасарына жүктеледі. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды және шешім қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы жоқ.
6. Қадағалап отыру жүйесін тестілеуді өткізу жөніндегі сараптама тобы (бұдан әрі – сараптама тобы) ведомство басшысының не оны алмастыратын адамның шешімі бойынша өкілдер қатарынан кемінде төрт адам санымен құрылады:
1) ведомство;
2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның;
3) сараптамалық қоғамдастықтар.
7. Комиссия отырысы, егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
Комиссия мүшесі, егер оның тікелей немесе жанама мүдделілігі болса және қарсылық білдіруге (өздігінен бас тартуға) жататын болса, отырысқа қатыспайды.
Өздігінен бас тарту және қарсылық білдіру отырыс басталғанға дейін де, Комиссия отырысы барысында да дәлелденеді және мәлімделеді.
Комиссия мүшесінің өздігінен бас тартуы (қарсылық білдіруі) туралы шешімді Комиссиямен отырыстарға қатысатын оның мүшелерінің көпшілік дауысымен жазбаша нысанда қабылданады және Комиссия мүшесінің қатысуымен жария етіледі.
8. Ұлттық операторды айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруды ведомство конкурс өткізілетін күнге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және ведомствоның интернет-ресурсында бір мезгілде мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды. Конкурсты қайта өткізген жағдайда – қайта конкурс өткізілетін күнге дейін 7 (жеті) жұмыс күні бұрын.
9. Ұлттық операторды айқындау жөніндегі конкурс төрт кезеңде өткізіледі:
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау және өтінімдерді қабылдау;
2) Комиссияның конкурстық өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі, конкурсқа қатысушылардың халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторына қойылатын талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарауы;
3) бақылау жүйесінің бекітілген тестілеу жоспарына сәйкес қадағалап отыру жүйесінің сараптамалық тобының функционалдық және жүктемелік тестілеуі, конкурсқа қатысушының қадағалап отыру жүйесінің сапасы мен дайындық дәрежесін бағалау;
4) конкурстың қорытындысын шығару.
10. Конкурсқа қатысушылар хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттамаға сәйкес конкурстық өтінімді ұсынады, ол мыналарды қамтиды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушы нысан бойынша толтырған және қол қойған конкурсқа қатысуға өтінім;
2) тіркелген заңды тұлға туралы электрондық анықтама;
3) осы бұйрықпен бекітілген Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторына қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;
4) қадағалап отыру жүйесін іске асыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі тұжырымдамалық пайым (презентация нысанында);
5) қадағалап отыру жүйесінің сипаттамасы және оны енгізу жоспары.
11. Конкурстық өтінім мен қоса берілетін құжаттар ведомствоға мемлекеттік немесе орыс тілдерінде желімделген конвертте ұсынылады. Ұсынылған құжаттардың барлық парақтары тігіледі, нөмірленеді және уәкілетті тұлға қол қояды.
12. Комиссия конверттерді ашады және конкурстық өтінімдерді Комиссия отырысында конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген орында, күні мен уақытта конкурсқа қатысушылардың барлық келген уәкілетті өкілдерінің қатысуымен қарайды.
13. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде Комиссия қатысып отырған адамдарға конкурсқа қатысушылардың атауын және орналасқан жерін, конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың болуын немесе болмауын хабарлайды.
14. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі бойынша Комиссия хатшысы ашу хаттамасын жасайды, оған Комиссия төрағасы, оның орынбасары, хатшы және комиссия мүшелері қол қояды.
15. Комиссия конкурстық өтінімдерді олардың ұлттық операторға қойылатын талаптарға және конкурстық құжаттамаға толық сәйкестігі тұрғысынан зерделейді. Ұлттық операторға қойылатын талаптарға және (немесе) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін конкурстық өтінімдерді комиссия қабылдамайды және конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей дәлелді жауаптармен бірге конкурсқа қатысушыларға қайтаруға жатады.
16. Келесі кезеңге жіберілген конкурсқа қатысушы сараптамалық топтың бағалауы үшін бекітілген қадағалап отыру жүйесін тестілеу жоспарына сәйкес қадағалап отыру жүйесінің демонстрациясын өткізеді.
17. Сараптамалық топ қадағалап отыру жүйесін тестілеу жоспарына сәйкес ұлттық операторға қойылатын талаптарға және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды қадағалап отыру жүйесіне функционалдық және жүктемелік тестілеу жүргізеді.
18. Конкурсқа қатысушыны қадағалап отыру жүйесін тестілеуді өткізу нәтижелері бойынша сараптама тобы тестілеу хаттамасын жасайды.
Тестілеу хаттамасында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өткізілген функционалдық және жүктемелік тестілеу нәтижелерінің сипаттамасы, ұлттық операторды айқындау жөніндегі конкурсқа қатысатын қатысушыларды бағалау өлшемшарттарына сәйкес конкурсқа қатысушыны қадағалап отыру жүйесінің сапасы мен дайындық дәрежесін бағалау (қадағалау жүйесін тестілеу нәтижелері бойынша өткізілетін) қамтылады.
19. Қадағалап отыру жүйесінің сапасы мен дайындық деңгейін өлшеу үшін тауарлар мен көлік құралдарын қадағалап отырудың тиімділігіне олардың әсерін ескере отырып, осы қадағалап отыру жүйесін тестілеу барысында сарапшылар тобы анықтаған қателер мен сәйкессіздіктер саны ескеріледі.
Тестілеу барысында анықталған қателер мен сәйкессіздіктер тестілеу хаттамасында көрсетіледі.
20. Сараптама тобының тестілеу хаттамасы Конкурс қорытындылары туралы шешім қабылдау кезінде ескеріледі.
21. Конкурстың қорытындыларын шығару кезінде конкурсқа қатысушыларға баллдар беру жөніндегі шешімді Комиссияның әрбір мүшесі жеке шығарады.
22. Комиссия мүшелері берген барлық балдарды қосу жолымен ең көп балл алған немесе қайталама конкурс нәтижелері бойынша жалғыз қатысушы деп танылған қатысушы конкурс жеңімпазы деп танылады. Егер комиссияны бағалау қорытындылары бойынша бірнеше конкурсқа қатысушы бірдей жоғары балл жинаған жағдайда, конкурс жеңімпазы комиссияның қатысушы мүшелерінің дауыс беруімен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады.
Комиссия мүшелері Ерекше пікір білдірген жағдайда оны жазбаша түрде баяндайды және конкурстың қорытындысын шығару туралы хаттамаға қоса береді.
23. Комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімде конкурстың қорытындысын шығарады.
Комиссия конкурстың қорытындыларын шығарғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес конкурсқа қатысушыларды тыңдайды.
24. Комиссия отырысының қорытындылары бойынша конкурс қорытындыларын шығару туралы хаттама ресімделеді, онда конкурсқа қатысушылардың атауы, орналасқан жері, деректемелері және олардың негізінде конкурс жеңімпазы айқындалған шарттар, конкурстық өтінімдері қабылданбаған қатысушылардың атауы мен орналасқан жері, олардың қабылданбау себептері көрсетіле отырып, көрсетіледі.
25. Конкурстың қорытындыларын шығару туралы хаттамаға төраға, оның орынбасары және қатысып отырған комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ комиссия хатшысы конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды.
26. Конкурстың нәтижелері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын ресми баспа басылымдарында және ведомствоның интернет-ресурсында бір мезгілде мемлекеттік және орыс тілдерінде, конкурстың қорытындыларын шығару туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жарияланады.
27. Комиссия конкурсты, егер:
1) оған екіден кем қатысушы қатысса;
2) бірде-бір конкурстық өтінім берілмесе;
3) конкурсқа қатысушылардың барлығы бірыңғай операторға қойылатын талаптарға және (немесе) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмесе өтпеді деп таниды.
28. Бір конкурсқа екі рет жалғыз өтінім келіп түскен жағдайда, осы бұйрықта белгіленген талапқа сәйкес келетін осы жалғыз қатысушы ұлттық оператор болып танылады.
29. Өткізілетін конкурс барысында туындайтын барлық дауларды Комиссия қарайды. Комиссияның дауды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешіміне Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
30. Ведомство конкурстың қорытындыларын шығару туралы хаттаманың негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық операторды айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді.
31. Ұлттық оператор Заңның 14-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау қағидаларына 1-қосымша |
нысаны
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ (заңды тұлғалар үшін)
(Кімге) ________________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
(Кімнен) _______________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі)
_______________________________________________________________________________
осы өтініммен халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық
жүйесінің ұлттық операторын таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға өзінің ниетін білдіреді,
конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес Қазақстан
Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың аумағы бойынша
автокөлік құралдары мен тауарларды қадағалап отыру жөніндегі процестерді іске асыруды
жүзеге асыруға келісімін білдіреді, бұл мыналарды растайды:
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі)
конкурстық құжаттамамен таныстым және осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса
берілетін құжаттарда дұрыс емес мәліметтер бергені үшін толық жауапкершілікті өзіме аламын.
Осы конкурстық өтінім мыналардан тұрады:
________________________________________________________________________________
(конкурсқа қатысуға өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі)
Осы конкурстық өтінім конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап
(жазбаша) __________ күн ішінде қолданылады.
Атынан және тапсырмасы бойынша конкурстық өтінімге қол қоюға барлық өкілеттігі бар
тұлға __________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі)
_________________________________________________________ ______________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, күні)
Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау қағидаларына 2-қосымша |
нысаны
Конкурсқа қатысатын қатысушыларды бағалау критерийлері ұлттық оператордың анықтамасы бойынша (бақылау жүйесін тестілеу нәтижелері бойынша өткізілетін)
№ п/п | Бағалау критерийлері | Бағалау бірлігі (баллмен) |
1 | 2 | 3 |
Конкурсқа қатысушыны қадағалап отыру жүйесінің дайындық дәрежесі (қадағалап отыру жүйесін тестілеу нәтижелері бойынша) | Ең көбі 21 ұпай | |
1. | Іске қосылған навигациялық пломбалар салынған көлік құралдарының нақты уақыт режиміндегі мониторингі. |
0 - жоқ |
2. | Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде навигациялық пломбаларды қолдана отырып тасымалдау туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді, беруді және сақтауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін техникалық жабдықтың болуы. |
0 - жоқ |
3. | Барлық тіркелген электрондық пломбалардан ақпаратты үздіксіз және уақытпен қатар қабылдау. |
0 - жоқ |
4. | Ақпараттық жүйенің графикалық пайдаланушы интерфейсіндегі ақпаратты визуализациялау. |
0 - жоқ |
5. | Тасымалдау туралы жинақталған ақпаратты сақтау мерзімдерінде шектеулердің болмауы. |
0 - жоқ |
6. | Навигациялық пломбаларды қашықтықтан басқаруды, оның ішінде навигациялық пломбаның ағымдағы техникалық жай-күйі туралы өзін-өзі диагностикалауды орындау. |
0 - жоқ |
7. | Навигациялық пломбадан деректерді беру жиілігінің өзгеруі, навигациялық пломбаны іске қосу және ажырату. |
0 - жоқ |
8. | Әр түрлі есептерді қалыптастыру және ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ету. |
0 - жоқ |
9. | Қазақстан Республикасының аумағында ғана орналасқан серверлерде қадағалап отыру жүйесін орнату, оқшаулау, өрістету. |
0 - жоқ |
10. | Қазақстан Республикасының аумағында тек авторландырылған пайдаланушыларға ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету. |
0 - жоқ |
11. | Рұқсат етілмеген қолжетімділіктен қорғаумен ақпаратты беруді жүзеге асыру. |
0 - жоқ |
12. | Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерінің ұлттық операторларымен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігі. |
0 - жоқ |
13. | Тәулік бойы техникалық қолдау - 24/7. |
0 - жоқ |
14. | Ведомствоның талабы бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуге өзгерістер енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ету. |
0 - жоқ |
15. | Ведомствоның талабы бойынша өзге бағдарламалық қамтамасыз етумен интеграциялау мүмкіндігі. |
0 - жоқ |
16. | Навигациялық пломбалардың жеткіліктілігін бақылауды және одан әрі пайдалану үшін навигациялық пломбаларды зарядтауды қамтамасыз ететін сервистік қызмет көрсету желілерінің болуы. |
0 - жоқ |
17. | Электрондық пломбаларды пайдалана отырып, жүктердің мониторингі жүйесіне Қазақстан Республикасы патентінің болуы. |
0 - жоқ |
Материалдық қамтамасыз етудің дайындық дәрежесі (тестілеу және навигациялық пломбаларды тексеру нәтижелері бойынша) | Ең көбі 8 ұпай | |
1. |
Навигациялық пломбалардың мынадай қасиеттері болуы тиіс: |
0 - сәйкес келмейді |
2. | Ғаламдық навигациялық спутниктік жүйелерден алынған деректер негізінде кеңістік-уақыт күйінің параметрлерін айқындау (географиялық бойлығы мен орналасқан жерінің кеңдігі, қозғалыс жылдамдығы мен бағыты, кеңістік-уақыт жай-күйінің тіркелген күні мен уақыты). |
0 - жоқ |
3. | Электрондық пломбаның бүтіндігінің жай-күйін және корпусын ашуды және бекіту-пломбалау құрылғысының тросының үзілуін, сондай-ақ аккумулятордың заряд деңгейін және осы ақпаратты беру мүмкіндігімен навигациялық пломбаның жалпы жұмыс қабілеттілігін автоматты түрде анықтау. |
0 - жоқ |
4. | Ведомство қызметкерлерінің оқу мүмкіндігі бар электрондық пломбаның ішкі энергияға тәуелсіз жадында ақпаратты сақтау. |
0 - жоқ |
5. |
+ 60 және - 60 градус температурада жұмыс істеу; |
0 - сәйкес келмейді |
6. | Меншікте немесе жалға алуда кемінде 4 000 навигациялық пломбаның болуы. |
0 - жоқ |
Ұлттық оператордың дайындық дәрежесі және осы бұйрықпен белгіленген оған қойылатын талаптардың сақталуы (ұсынылған құжаттарды қарау және таныстыру нәтижелері бойынша) | Ең көбі 11 ұпай | |
1. | Салынған навигациялық пломбалары бар көлікті өткізу процесін ведомствоның мониторингтеу мүмкіндігі бар қадағалап отыру жүйесінің болуы. | 0 - жоқ 3 - иә |
2. | Қазақстан Республикасының және (немесе) ЕАЭО-ның бүкіл аумағында қадағалап отыру жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін, сондай-ақ деректердің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ететін деректерді өңдеу орталықтарының, деректерді беру желілерінің болуы. | 0 - жоқ 1 - иә |
3. | Заңнамада белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша навигациялық пломбаларды және (немесе) ЕЭАО қолданумен байланысты қызметтерді көрсету мүмкіндігі. | 0 - жоқ 2 - иә |
4. | Көлікті қадағалап отыруды қамтамасыз ету және көлікті қадағалап отырудың ағымдағы жағдайы туралы ведомствоға хабарлау үшін тәулік бойы мониторингтік орталықтың болуы. | 0 - жоқ 3 - иә |
5. | Қадағалап отырудың жүйесінің инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсету үшін білікті персоналдың болуы. | 0 - жоқ 1 - иә |
6. | Қадағалап отыру жүйесінің пайдаланушыларына қызмет көрсету үшін тәулік бойы байланыс орталығының болуы. | 0 - жоқ 1 - иә |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 368 бұйрығына 2 қосымша |
Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторына қойылатын талаптар
1. Ұлттық оператор навигациялық пломбаларды пайдалана отырып тауарлар мен көлік құралдарын қадағалап отыру процесін қамтамасыз ететін ресурстарды, оның ішінде:
1) ведомство салынған навигациялық пломбалары бар көлікті өткізу процесін мониторингтеу мүмкіндігі бар қадағалап отыру жүйесін;
2) Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) бүкіл аумағында қадағалап отыру жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін, сондай-ақ деректердің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ететін деректерді өңдеу орталығы (орталықтары), деректерді беру желілерін;
3) Қазақстан Республикасының және (немесе) ЕАЭО-ның бүкіл аумағы бойынша навигациялық пломбаларды қолдануға байланысты қызметтер көрсету мүмкіндігін;
4) көлікті қадағалап отыруды қамтамасыз ету және көлікті қадағалап отырудың ағымдағы жағдайы туралы ведомствоға хабарлау үшін тәулік бойы мониторинг орталығын;
5) өзінің инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсету үшін білікті персоналын;
6) қадағалап отыру жүйесінің пайдаланушыларына қызмет көрсету үшін тәулік бойы байланыс орталығын қамтиды.
2. Ұлттық операторды айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға:
1) мемлекеттік сатып алуға адал емес қатысушылар тізілімінде тұрған;
2) "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрған;
3) қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылған;
4) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген басшы, құрылтайшылар (акционерлер);
5) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген;
6) конкурстық құжаттама берілген күнге салықтар және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер бойынша берешегі бар заңды тұлғалар жіберілмейді.