"Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 403 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 сәуірде № 27558 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тізімінде № 16534 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 137-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қаржы
министрінің
2022 жылғы 13 сәуірдегі
№ 403 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 ақпандағы
№ 252 бұйрығымен
бекітілген

Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Cалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 137-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) санаттау субъектісі – тәуекелдер дәрежесін (деңгейін) бағалауға жататын салық төлеушi (салық агенті);

      2) тәуекел – салық төлеушінің (салық агентінің) мемлекетке нұқсан келтіруі мүмкін және (немесе) нұқсан келтіре алатын салықтық міндеттемені орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы;

      3) тәуекелдерді басқару жүйесі – тәуекелді анықтау және алдын алу мақсатында мемлекеттік кірістер органдары жүргізетін іс-шаралар кешені.

      3. Тәуекелдердің дәрежесін (деңгейін) бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) санаттау субъектісі ұсынатын, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтердің мониторинг нәтижелері;

      2) тексеру нәтижелерi;

      3) бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелерi;

      4) уәкілетті органдар мен ұйымдар табыс ететін мәліметтерді талдау нәтижелері.

2-тарау. Салық төлеушілерді санаттау нәтижелері туралы ақпараттандыру тәртібі мен мерзімі

      4. Салық төлеуші тәукел басқару жүйесінің нәтижелері бойынша қай тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) жататыны туралы ақпаратқа Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің http://kgd.gov.kz ресми сайтында (бұдан әрі – сайт) және "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшада осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша cалық төлеушіні санаттарға бөлу нәтижелері туралы ақпаратқа қол жетімді.

      5. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделінген салық төлеушілерді ақпараттандыру салық төлеушілерді санаттарға бөлу жүргізілетін жарты жылдықтың бірінші айының бірінші күнінен кешіктірілмей 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасы арқылы және 2019 жылғы 1 шілдеден бастап сайтта сұрау салудыды өңдеу арқылы жүзеге асырылады.

      Сайттағы сұрау салуды өндеу 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізілуі тиіс.

3-тарау. Салық төлеушiнiң қызметi тиісті тәуекел дәрежесiне (деңгейіне) жатқызылған өлшемшарттар туралы осындай салық төлеушiлердi ақпараттандыру тәртібі және мерзімі

      6. Тәукелдерді басқару жүйесінде қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар туралы мәліметтер мен олардың негізінде өлшемшарттарды есептеу жүзеге асырылған көрсіткіштер, салық төлеушіге "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасына салық төлеушілерді санаттарға бөлу жүргізілетін жарты жылдықтың бірінші айының бірінші күнінен кешіктірілмей осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.

      7. Ақпараттандырылуы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылатын жеке тұлғаны қоспағанда, Салық кодексінің 137-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес және осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген тәртіппен салық төлеушіні ақпараттандыру 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.

      8. Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттардың есебі, мемлекеттік кірістер органдарында бар деректер бойынша салық төлеушілерді санаттарға бөлу жүргізілетін жартыжылдықтың алдыңғы үшінші айының бірінші күніндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.

      9. Салық төлеушілер құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша мемлекеттік кірістер органдарына "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымша арқылы түсініктемені өз бастамасы бойынша жолдайды.

      10. Осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген, мемлекеттік кірістер органдары алған түсініктемелер негізді болған жағдайда тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану кезінде, осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өзгертілген мәліметтерді "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасына жолдай отырып, есепке алуға жатады.

4-тарау. Салық төлеушілердің тәуекелдер дәрежесі (деңгейі) туралы ақпаратты өзектендіру кезеңділігі

      11. Санаттарға бөлу субъектісінің тәуекел дәрежесі (деңгейі) құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекелдер дәрежесін (деңгейін) бағалау өлшемшарттары және құпия (қызметтік) ақпарат болып табылатын тәуекелдер дәрежесін (деңгейін) бағалау өлшемшарттары бойынша есептеледі және жартыжылда бір рет өзектендіріледі.

      Салықтық берешекті және (немесе) әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті күнтізбелік 30 (отыз) күннен астам өтемеген кезде, тәуекел дәрежесі (деңгейі) төмен деп айқындалған салық төлеушілер бойынша тәуекел дәрежесі (деңгейі) айына 1 (бір) реттен кем емес өзектендірілуге жатады.

      Егер жоғары немесе орташа тәуекел санатындағы салық төлеуші санаттарға бөлу жүргізілген жартыжылдықтың басынан бастап ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 75 (жетпіс бес) миллион теңгеден, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 45 (қырық бес) миллион теңгеден, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 20 (жиырма) миллион теңгеден астам сомада салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеген және бұл ретте салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша бюджет алдында берешегі болмаған жағдайда, онда бұрын берілген тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) санаты тиісінше орташа немесе төмен дәрежеге (деңгейге) өзгертілуге жатады.

      Төлем сомасына кедендік төлемдер, импортталған тауарларға қосылған құн салығы, импортталған тауарларға акциз қосылмайды.

      Төлем сомалары қайтарылған сомаларды ескере отырып айқындалады.

5-тарау. Жеке тұлғаны қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) өлшемшарттары

      12. "Салықтық жүктеме" өлшемшарты "Салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 253 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16518 болып тіркелген) Салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу қадиғаларының негізінде айқындалады.

      Өлшемшарт арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар, ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілер және корпоративтік табыс салығынан босатылатын салық төлеушілер бойынша есептелінбейді.

      Соңғы есепті күнтізбелік жыл есеп айырысу жүргізілетін кезең болып табылады.

      Әрбір өңір үшін есептелетін салықтық жүктеменің орташа салалық көрсеткіші салыстыру үшін базалық көрсеткіш болып табылады.

      "Салықтық жүктеме" өлшемшарттың басымдылығы осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген.

      Салықтық жүктемені есептелген салықтардың салық салынатын кіріске қатынасы арқылы есептеуі тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етпейтін қосымша өлшемшарт ретінде жүзеге асырылады.

      Қосымша өлшемшартты салыстыру үшін базалық көрсеткіш әрбір өңір үшін бөлек есептелетін тиісті салық ауыртпалығының орташа салалық көрсеткіші болып табылады.

      13. "Бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы" өлшемшарты жеке тұлғалар үшін салық агенті есептеген кірістердің орташа сомасының жұмыскерлердің орташа санына қатынасы ретінде айқындалады.

      Есеп айырысу жүргізілетін кезең соңғы екі есепті күнтізбелік тоқсандар немесе соңғы есептік жартыжылдық болып табылады.

      Салыстыру үшін базалық көрсеткіш статистика органдарының дерегі бойынша өңірдің орташа айлық жалақысының орташа салалық көрсеткіші болып табылады.

      Осы өлшемшарттың басымдылығы осы Қағидаларға 5-қосымшада келтірілген.

      14. "Салық есептілігінде көрсетілетін шығыстар және кірістер сомасы" өлшемшарты корпоративтік табыс салығы бойынша түзетулерді қоса ала отырып шегерімдердің сомасының түзетулерді қоса ала отырып жылдық жиынтық кірістерне аракатынасы 0,98-ден 1 дейінгі диапазонда болатын жағдайда айқындалады.

      Есеп айырысу жүргізілетін кезең соңғы есепті күнтізбелік жылы болып табылады.

      Аталған өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

      15. "Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған, оның ішінде таратылған, әрекетсіз, банкрот болған тұлғалармен өзара есеп айырысуы бар салық төлеушілермен мәмілелер" өлшемшарты, егер қосылған кұн салығы бойынша декларацияда осы декларацияны табыс ету күніне орай қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған жеткізушіні көрсеткен жеткізушінің есепке алу сомасы айлық есептік көрсеткіштің 20 000 мың еселенген мөлшерінен асу жағдайында айқындалады.

      Есеп айырысу жүргізілетін кезең соңғы екі есепті күнтізбелік тоқсандар болып табылады.

      Аталған өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

      16. "Салық есептілігінде бірнеше салықтық кезең бойы залалдарды көрсету" өлшемшарты, егер соңғы 3 (үш) салықтық кезең (жыл) ішінде салық есептілігінде залал көрсетілетін жағдайда айқындалады.

      Салықтық мониторингке жататын, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін өлшемшарт соңғы бес жылдық кезең бойынша айқындалады.

      Залалдар кезеңінен инвестициялық салық преференциялары бойынша шегерімдерді қолдану себебінен қалыптасқан залалдар кезеңі алып тасталады.

      "Салық есептілігінде бірнеше салықтық кезең бойы залалдарды көрсету" өлшемшарттың басымдылығы – 3 балл қосу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

      17. "Бұрын ұсынылған салық есептілігінде бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізу" өлшемшарты, егер салық төлеуші корпоративтік табыс салығы және (немесе) қосымша құн салығы бойынша жалпы сомасы 10 (он) миллионнан астам теңгеге азайтуға бестен астам қосымша декларациялар ұсынған, бұл ретте осындай декларацияларды ұсыну үшін белгіленген күннен бастап он екі және одан да көп айлар өтіп кеткен жағдайда айқындалады.

      Есеп айырысу жүргізілетін кезең – соңғы 6 (алты) ай.

      Iрі салық төлеушілер мониторингіндегі салық төлеушілер бойынша, сондай-ақ филиалдары және (немесе) өкілдіктері бар салық төлеушілер бойынша өлшемшарт қолданылмайды.

      "Бұрын ұсынылған салық есептілігінде бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізу" өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекелдер дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

      18. "Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды" өлшемшарты камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы орындалмаған хабарламалардың болуы, олардың Салық кодексінің 96-бабы бойынша орындау белгіленген күнінен 15 (он бес) және одан да көп күн өтуі жағдайында айқындалады.

      Есеп айырысу жүргізілетін кезең соңғы 6 (алты) ай болып табылады.

      Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекелдер дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

      19. "Арнаулы салық режимдерін қолдану құқығын беретін, Салық кодексінде белгіленген көрсеткіштердің шекті мәніне бірнеше рет жақындауы" өлшемшарты оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушінің екі кезек салықтық кезең бойынша декларацияларда көрсетілген кірісі осындай арнаулы салық режимін қолдануға құқық беру үшін кірістің шекті мәнінен 98 ден 99 пайызға дейінгі диапазонда болатын жағдайда айқындалады.

      Есеп айырысу жүргізілетін кезең қолданылатын арнаулы салық режиміне сәйкес соңғы екі есепті кезең болып табылады.

      Осы өлшемшарттың басымдылығы – 5 балл қосу, тәуекелдер дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

      20. "Салықтық мониторингке қатысу" өлшемшарты көлденең мониторинг туралы келісім болған жағдайда айқындалады.

      Осы өлшемшарттың артықшылығы – 4 балл алу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.

      21. "Салық төлеушінің деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолдануы" өлшемшарты салық төлеуші деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолданған жағдайда айқындалады.

      Осы өлшемшарттың артықшылығы – 2 балл алу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.

      22. "Салық төлеушінің стандартты тексеру файлын қолдануы" өлшемшарты салық төлеуші стандартты тексеру файлын қолданған жағдайда айқындалады.

      Осы өлшемшарттың артықшылығы – 4 балл алу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.

      23. "Салықтар және әлеуметтік төлемдер бойынша дәйекті берешектің болмауы" өлшемшарты осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген күннің алдындағы 6 (алты) айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша айқындалады.

      Осы өлшемшарттың басымдылығы – 3 балл алу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.

      24. "Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу" өлшемшарты санаттау жүзеге асырылатын кезеңнің алдындағы жарты жылдықтағы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсу динамикасы негізінде айқындалады.

      Төлем сомасына кедендік төлемдер, импортталған тауарларға қосылған құн салығы, импортталған тауарларға акциз қосылмайды.

      Төлем сомалары қайтарылған сомаларды ескере отырып айқындалады.

      Өлшемшарт 1 (бір) миллион теңгеден астам салық төлеу бойынша тарихи деректері бар салық төлеушілер бойынша есептеледі.

      "Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу" өлшемшарттың басымдылығы осы Қағидаларға 6-қосымшада келтірілген, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.

      25. "Үш компонентті интеграцияланған жүйені қолдану" өлшемшарты салық төлеуші үш компонентті интеграцияланған жүйені нақты қолданған жағдайда айқындалады.

      Есеп айырысу жүргізілетін кезең – соңғы 6 (алты) ай.

      "Үш компонентті интеграцияланған жүйені қолдану" өлшемшартының басымдылығы – 2 балл алу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.

      26. "Виртуалдық қойма" модулін қолдану" өлшемшарты тауарларға ілеспе жүкқұжаттары ай сайын ресімдеген және "Виртуалдық қойма" модулі арқылы тауарларға ілеспе жүкқұжаттары негізінде шот-фактураны электрондық түрде жазып берген жағдайда айқындалады.

      Есеп айырысу жүргізілетін кезең – соңғы 6 (алты) ай.

      "Виртуалдық қойма" модулін қолдану" өлшемшартының басымдылығы осы Қағидаларға 7-қосымшада келтірілген, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.

6-тарау. Жеке тұлға - салық төлеушіге қатысты қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) өлшемшарттары

      27. "Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілмеген, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегілерді қоспағанда, активтер" деген өлшемшарты уәкілетті органдар мен ұйымдардың мәліметтері негізінде айқындалады.

      Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

      28. "Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілмеген шетелдік активтер және (немесе) шоттар" деген өлшемшарты салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру үшін мемлекеттер арасында ақпарат алмасу туралы шарттар негізінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мүліктің болуы туралы мәліметтер негізінде айқындалады.

      Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

      29. "Жеке тұлғаның жиынтық жылдық кірісінен екі және одан да көп есе асатын сомаға активтердің ұлғаюы" деген өлшемшарты алдыңғы кезеңдер үшін жеке тұлғаның салық декларациясындағы монетарлық активтердің сомаларын есепке ала отырып, сатып алынған активтердің құны және жеке тұлғаның соңғы тізбекті 3 (үш) салық кезеңіндегі жиынтық жылдық кірісінің сомасы туралы деректердің негізінде айқындалады.

      Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

      30. "Шетелдік интернет дүкендерінде сатып алынған жеке пайдалануға арналған тауарларды Қазақстан Республикасына бірнеше рет әкелу" деген өлшемшарты, егер тоқсан ішінде біртекті тауарларды әкелу 3 (үш) реттен артық жүзеге асырылған және "Жеке пайдалануға арналған тауарлармен байланысты жекелеген мәселелер туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешімінің 1-қосымшасында белгіленген жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей әкелген нормалардан аспаған жағдайда айқындалады.

      Осы өлшемшарттың басымдылығы – 3 балл қосу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

      31. "Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды" өлшемшарты камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы орындармаған хабарламалардың болуы, олардың Салық кодексінің 96-бабы бойынша орындау белгіленген күнінен 15 (он бес) және одан да көп күн өтуі жағдайда айқындалады.

      Есеп айырысу жүргізілетін кезең соңғы 6 (алты) ай болып табылады.

      Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

  Құпия ақпарат болып
табылмайтын өлшемшарттар
бойынша тәуекелдерді басқару
жүйесін қолдану қағидаларына
1-қосымша
нысан

Салық төлеушіні санаттарға бөлу нәтижелері туралы ақпарат

Бизнес/жеке сәйкестендіру нөмері

Тәуекелдер дәрежесі (деңгейі)

Есеп үшін пайдаланылған деректердің өзектілік күні




  Құпия ақпарат болып
табылмайтын өлшемшарттар
бойынша тәуекелдерді басқару
жүйесін қолдану қағидаларына
2-қосымша
нысан

Салық төлеушінің қызметі тиісті тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) жатқызылған өлшемшарттар туралы мәлімет

Өлшемшарттардың атауы

Есеп үшін деректердің өзектілік күні

Есеп нәтижелері бойынша мәндер

Базалық мәндер

Базалық мәндер бойынша ескертпе

Балл саны

1.







  Құпия ақпарат болып
табылмайтын өлшемшарттар
бойынша тәуекелдерді басқару
жүйесін қолдану қағидаларына
3-қосымша
нысан

Салық төлеушінің қызметі тиісті тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) жатқызылған өлшемшарттардың есептеуін жүзеге асыру бойынша көрсіткіштері

Өлшем шарттардың атауы

Есеп үшін деректердің өзектілік күні

Көрсіткіш

Мәні

Ескертпе

1.






  Құпия ақпарат болып
табылмайтын өлшемшарттар
бойынша тәуекелдерді басқару
жүйесін қолдану қағидаларына
4-қосымша

"Салықтық жүктеме" өлшемшарттың басымдылығы

Орташа салалық көрсеткіштен ауытқу пайызы

Тәуекелдер дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі

Басымдылығы

1.

50 пайыздан жоғары

теріс

5 бал қосу

2.

10-нан 50 пайызға дейін

теріс

3 бал қосу

3.

5-тен 10 пайызға дейін

теріс

2 балл қосу

4.

минус 5-тен минус 10 пайызға дейін

оң

3 балл алу

5.

минус 10-нан минус 30 пайызға дейін

оң

4 балл алу

6.

минус 30 пайыздан жоғары

оң

5 балл алу

  Құпия ақпарат болып
табылмайтын өлшемшарттар
бойынша тәуекелдерді басқару
жүйесін қолдану қағидаларына
5-қосымша

"Бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы" өлшемшарттың басымдылығы

Орташа салалық көрсеткіштен ауытқу пайызы

Тәуекелдер дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі

Басымдылығы

1.

50 пайыздан жоғары

теріс

1 бал қосу

2.

5-тен 50 пайызға дейін

теріс

0,5 балл қосу

3.

минус 5-тен минус 50 пайызға дейін

оң

0,5 балл алу

4.

минус 50 пайыздан жоғары

оң

1 балл алу

  Құпия ақпарат болып
табылмайтын өлшемшарттар
бойынша тәуекелдерді басқару
жүйесін қолдану қағидаларына
6-қосымша

"Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу" өлшемшартының басымдылығы

Бюджетке төленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдер сомасының өсімі (алдыңғы жартыжылдықтағы төлем өткен жылдың ұқсас кезеңдегі төлемді алып тастағанда)

Тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі

Басымдылығы

1

1 миллион тенгеден 5 миллион теңгені қоса алғанға дейін

оң

2 балл алу

2

5 миллион теңгеден жоғары 10 миллион теңгені қоса алғанға дейін

оң

3 балл алу

3

10 миллион теңгеден жоғары 25 миллион теңгені қоса алғанға дейін

оң

4 балл алу

4

25 миллион теңгеден жоғары

оң

5 балл алу

  Құпия ақпарат болып
табылмайтын өлшемшарттар
бойынша тәуекелдерді басқару
жүйесін қолдану қағидаларына
7-қосымша

"Виртуалдық қойма" модулін қолдану" өлшемшартының басымдылығы

Тауарларға рәсімделген ілеспе жүкқұжаттарының орташа айлық саны

Тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі

Басымдылығы

1

1-ден 5 мыңға дейін

оң

1 балл алу

2

5 мыңнан 10 мыңға дейін

оң

2 балл алу

3

10 мыңнан 100 мыңға дейін

оң

3 балл алу

4

100 мыңнан 500 мыңға дейін

оң

4 балл алу

5

100 мыңнан жоғары

оң

5 балл алу


О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 20 февраля 2018 года № 252 "Об утверждении Правил применения системы управления рисками по критериям, не являющимся конфиденциальной информацией"

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов Республики Казахстан от 13 апреля 2022 года № 403. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 апреля 2022 года № 27558

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 20 февраля 2018 года № 252 "Об утверждении Правил применения системы управления рисками по критериям, не являющимся конфиденциальной информацией" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16534) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 3 статьи 137 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) ПРИКАЗЫВАЮ:";

      Правила применения системы управления рисками по критериям, не являющимся конфиденциальной информацией, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан предоставление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра
- Министр финансов
Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

  Приложение к приказу
Заместителя Премьер-Министра
- Министра финансов
Республики Казахстан
от 13 апреля 2022 года № 403
  Утверждены приказом
Министра финансов
Республики Казахстан
от 20 февраля 2018 года № 252

Правила применения системы управления рисками по критериям, не являющимся конфиденциальной информацией

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила применения системы управления рисками по критериям, не являющимся конфиденциальной информацией (далее – Правила), разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 137 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) (далее – Налоговый кодекс) и определяют порядок применения органами государственных доходов системы управления рисками по критериям, не являющимся конфиденциальной информацией.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) субъект категорирования – налогоплательщик (налоговый агент), подлежащий оценке степени (уровня) риска;

      2) риск – вероятность неисполнения и (или) неполного исполнения налогового обязательства налогоплательщиком (налоговым агентом), которые могли и (или) могут нанести ущерб государству;

      3) система управления рисками – комплекс мероприятий, проводимый органами государственных доходов в целях выявления и предупреждения риска.

      3. Для оценки степени (уровня) рисков используются следующие источники информации:

      1) результаты мониторинга отчетности и сведений, представляемых субъектом категорирования, в том числе посредством автоматизированных систем;

      2) результаты проверок;

      3) результаты иных форм контроля;

      4) результаты анализа сведений, представляемых уполномоченными органами и организациями.

Глава 2. Порядок и сроки информирования налогоплательщиков о результатах категорирования

      4. Информация к какой степени (уровню) риска отнесен налогоплательщик по результатам системы управления рисками доступна на официальном сайте Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (далее – сайт) http://kgd.gov.kz и в web-приложении "Кабинет налогоплательщика" информация о результатах категорирования налогоплательщика по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      5. Информирование налогоплательщика, предусмотренное пунктом 4 настоящих Правил, осуществляется не позднее первого числа первого месяца полугодия, на который производится категорирование налогоплательщиков, с 1 января 2019 года посредством web-приложения "Кабинет налогоплательщика" и с 1 июля 2019 года посредством обработки запроса на сайте.

      Обработка запроса на сайте должна быть произведена в срок, не превышающий 1 (одного) рабочего дня.

Глава 3. Порядок и сроки информирования налогоплательщиков о критериях, по которым деятельность такого налогоплательщика отнесена к соответствующей степени (уровню) риска

      6. Сведения о критериях и показатели, на основании которых осуществлен расчет критериев, не являющихся конфиденциальной информацией, применяемых в системе управления рисками, направляются налогоплательщикам в web-приложение "Кабинет налогоплательщика" по формам согласно приложениям 2 и 3 к настоящим Правилам не позднее первого числа первого месяца полугодия, на который производится категорирование налогоплательщиков.

      7. Информирование налогоплательщика осуществляется в соответствии с подпунктом 3) пункта 3 статьи 137 Налогового кодекса и в порядке, предусмотренном пунктом 6 настоящих Правил, с 1 января 2019 года, за исключением физического лица, информирование которого осуществляется с 1 января 2023 года.

      8. Расчет критериев, не являющихся конфиденциальной информацией, осуществляется по данным, имеющимся в органах государственных доходов по состоянию на первое число третьего месяца, предшествующего полугодию, на который производится категорирование налогоплательщиков.

      9. Налогоплательщики по собственной инициативе направляют пояснения по критериям, не являющимся конфиденциальной информацией, в органы государственных доходов посредством web-приложения "Кабинет налогоплательщика".

      10. Полученные органами государственных доходов пояснения, предусмотренные пунктом 9 настоящих Правил, при обоснованности подлежат учету при применении системы управления рисками, с направлением в web-приложение "Кабинет налогоплательщика" измененных сведений по формам согласно приложениям 1, 2 и 3 к настоящим Правилам.

Глава 4. Периодичность актуализации информации о степени (уровне) риска налогоплательщиков

      11. Степень (уровень) риска субъекта категорирования рассчитывается по критериям оценки степени (уровня) риска, не являющимся конфиденциальной информацией, и критериям оценки степени (уровня) риска, являющимся конфиденциальной (служебной) информацией, и актуализируется раз в полугодие.

      По налогоплательщикам, по которым определена низкая степень (уровень) риска, при непогашении налоговой задолженности и (или) задолженности по социальным платежам более 30 (тридцати) календарных дней, степень (уровень) риска подлежит актуализации не реже 1 (одного) раза в месяц.

      Если налогоплательщик с категорией высокой или средней степени (уровнем) риска уплатил с начала полугодия, на которое произведено категорирование, налогов и других обязательных платежей в бюджет на сумму более чем 75 (семьдесят пять) миллионов тенге для субъектов крупного предпринимательства, 45 (сорок пять) миллионов тенге для субъектов среднего предпринимательства, 20 (двадцать) миллионов тенге для субъектов малого предпринимательства, и при этом не имеет перед бюджетом задолженности по налогам и социальным платежам, то ранее присвоенная категория степени (уровня) риска подлежит изменению на среднюю или низкую соответственно.

      Сумма уплаты не включает таможенные платежи, налог на добавленную стоимость на импортируемые товары, акцизы на импортируемые товары.

      Сумма уплаты определяется с учетом произведенных возвратов.

Глава 5. Критерии степени (уровня) риска, не являющиеся конфиденциальной информацией, применяемые в отношении налогоплательщика (налогового агента), за исключением физического лица

      12. Критерий "Налоговая нагрузка" определяется на основании Правил расчета коэффициента налоговой нагрузки налогоплательщика (налогового агента), за исключением физических лиц, не зарегистрированных в налоговых органах в качестве индивидуальных предпринимателей и не занимающихся частной практикой, утвержденный Приказом Министра финансов Республики Казахстан от 20 февраля 2018 года № 253 "Об утверждении Правил расчета коэффициента налоговой нагрузки налогоплательщика (налогового агента), за исключением физических лиц, не зарегистрированных в налоговых органах в качестве индивидуальных предпринимателей и не занимающихся частной практикой" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16518).

      Критерий не рассчитывается по налогоплательщикам, состоящим на мониторинге крупных налогоплательщиков, участникам специальных экономических зон, и налогоплательщикам, освобождаемым от уплаты корпоративного подоходного налога.

      Период, за который производится расчет, является последний отчетный календарный год.

      Базовым показателем для сопоставления является среднеотраслевой показатель налоговой нагрузки, рассчитываемый для каждого региона отдельно.

      Приоритетность критерия "Налоговая нагрузка" приведена в приложении 4 к настоящим Правилам.

      Расчет налоговой нагрузки как соотношение исчисленных налогов к налогооблагаемому доходу осуществляется как дополнительный критерий, не влияющий на степень (уровень) риска.

      Базовым показателем для сопоставления дополнительного критерия является среднеотраслевой показатель соответствующей налоговой нагрузки, рассчитываемый для каждого региона отдельно.

      13. Критерий "Среднемесячная заработная плата на одного работника" определяется как соотношение среднемесячной суммы доходов, начисленных налоговым агентом физическим лицам, к средней численности работников.

      Период, за который производится расчет, является два последних отчетных календарных квартала или последнее отчетное полугодие.

      Базовым показателем для сопоставления является среднеотраслевой показатель среднемесячной региональной заработной платы по данным органов статистики.

      Приоритетность данного критерия приведена в приложении 5 к настоящим Правилам.

      14. Критерий "Отражаемые в налоговой отчетности суммы расходов и доходов" определяется как соотношение суммы вычетов по корпоративному подоходному налогу с учетом корректировок к совокупному годовому доходу с учетом корректировок, находящееся в диапазоне от 0,98 до 1 включительно.

      Период, за который производится расчет, является последний отчетный календарный год.

      Приоритетность данного критерия – плюс 4 балла, влияние на степень (уровень) риска – отрицательное.

      15. Критерий "Сделки с налогоплательщиками, имеющими взаиморасчеты с лицами, снятыми с регистрационного учета по налогу на добавленную стоимость, в том числе ликвидированными, бездействующими, банкротами" определяется если сумма зачета от поставщика, который представляет декларацию по налогу на добавленную стоимость с отражением поставщика, снятого с регистрационного учета по налогу на добавленную стоимость на дату представления такой декларации, превышает 20 000-кратного размера месячного расчетного показателя.

      Период, за который производится расчет, является два последних отчетных календарных квартала.

      Приоритетность данного критерия – плюс 4 балла, влияние на степень (уровень) риска – отрицательное.

      16. Критерий "Отражение в налоговой отчетности убытков на протяжении нескольких налоговых периодов" определяется если в течение последних 3 (трех) налоговых периодов (лет) в налоговой отчетности отражается убыток.

      Для налогоплательщиков, подлежащих налоговому мониторингу, а также осуществляющих деятельность в соответствии с контрактом на недропользование, критерий определяется за последний пятилетний период.

      Из периода убыточности исключаются периоды с убытками, сформированными по причине применения вычетов по инвестиционным налоговым преференциям.

      Приоритетность критерия "Отражение в налоговой отчетности убытков на протяжении нескольких налоговых периодов" – плюс 3 балла, влияние на степень (уровень) риска – отрицательное.

      17. Критерий "Многократное внесение изменений и дополнений в ранее представленную налоговую отчетность" определяется если налогоплательщиком представлено более пяти дополнительных деклараций к уменьшению по корпоративному подоходному налогу и (или) налогу на добавленную стоимость на общую сумму более чем 10 (десять) миллионов тенге, при этом с даты, установленной для представления таких деклараций, истекло двенадцать и более месяцев.

      Период, за который производится расчет – последние 6 (шесть) месяцев.

      Критерий не применяется по налогоплательщикам, состоящим на мониторинге крупных налогоплательщиков, а также по налогоплательщикам, имеющим филиалы и (или) представительства.

      Приоритетность критерия "Многократное внесение изменений и дополнений в ранее представленную налоговую отчетность" – плюс 4 балла, влияние на степень (уровень) риска – отрицательное.

      18. Критерий "Нарушения, выявленные по результатам камерального контроля" определяется при наличии неисполненных уведомлений по устранению нарушений, выявленных по результатам камерального контроля, по которым со дня, предусмотренного статьей 96 Налогового кодекса для исполнения, истекло 15 (пятнадцать) и более календарных дней.

      Период, за который производится расчет, является последние 6 (шесть) месяцев.

      Приоритетность данного критерия – плюс 4 балла, влияние на степень (уровень) риска – отрицательное.

      19. Критерий "Неоднократное приближение к предельному значению установленных Налоговым кодексом показателей, предоставляющих право применять специальные налоговые режимы" определяется если налогоплательщиком, применяющим специальный налоговый режим, в декларациях за два последовательных налоговых периода отражается сумма дохода в диапазоне от 98 до 99 процентов включительно от порогового значения дохода, установленного для права применения такого специального налогового режима.

      Период, за который производится расчет, является два последних отчетных периода в соответствии с применяемым специальным налоговым режимом.

      Приоритетность данного критерия – плюс 5 баллов, влияние на степень (уровень) риска – отрицательное.

      20. Критерий "Участие в налоговом мониторинге" определяется в случае наличия соглашения о горизонтальном мониторинге.

      Приоритетность данного критерия – минус 4 балла, влияние на степень (уровень) риска – положительное.

      21. Критерий "Применение налогоплательщиком контрольно-кассовых машин с функцией фиксации и (или) передачи данных" определяется при использовании налогоплательщиком контрольно-кассовых машин с функцией фиксации и (или) передачи данных.

      Приоритетность данного критерия – минус 2 балла, влияние на степень (уровень) риска – положительное.

      22. Критерий "Использование налогоплательщиком стандартного файла проверки" определяется при использовании налогоплательщиком стандартного файла проверки.

      Приоритетность данного критерия – минус 4 балла, влияние на степень (уровень) риска – положительное.

      23. Критерий "Отсутствие последовательной задолженности по налогам и социальным платежам" определяется по состоянию на последнее число 6 (шести) месяцев, предшествующих дате, установленной пунктом 8 настоящих Правил.

      Приоритетность данного критерия минус 3 балла, влияние на степень (уровень) риска – положительное.

      24. Критерий "Уплата налогов и других обязательных платежей в бюджет" определяется на основании динамики прироста уплаты налогов и других обязательных платежей в бюджет в полугодии, предшествующем периоду, на который осуществляется категорирование, по сравнению с аналогичным периодом прошлого года.

      Сумма уплаты не включает таможенные платежи, налог на добавленную стоимость на импортируемые товары, акцизы на импортируемые товары.

      Сумма уплаты определяется с учетом произведенных возвратов.

      Критерий рассчитывается по налогоплательщикам, имеющим исторические данные по уплате налогов свыше 1 (одного) миллиона тенге.

      Приоритетность критерия "Уплата налогов и других обязательных платежей в бюджет" приведена в приложении 6 к настоящим Правилам, влияние на степень (уровень) риска – положительное.

      25. Критерий "Применение трехкомпонентной интегрированной системы" определяется при условии фактического использования налогоплательщиком трехкомпонентной интегрированной системы.

      Период, за который производится расчет – последние 6 (шесть) месяцев.

      Приоритетность критерия "Применение трехкомпонентной интегрированной системы" – минус 2 балла, влияние на степень (уровень) риска – положительное.

      26. Критерий "Применение модуля "Виртуальный склад" определяется при условии ежемесячного оформления сопроводительных накладных на товары и выписки счетов-фактур в электронном виде на основе сопроводительных накладных на товары посредством модуля "Виртуальный склад".

      Период, за который производится расчет – последние 6 (шесть) месяцев.

      Приоритетность критерия "Применение модуля "Виртуальный склад" приведена в приложении 7 к настоящим Правилам, влияние на степень (уровень) риска – положительное.

Глава 6. Критерии степени (уровня) риска, не являющиеся конфиденциальной информацией, применяемые в отношении налогоплательщика – физического лица

      27. Критерий "Активы, за исключением находящихся за пределами Республики Казахстан, не отраженные в декларации о доходах и имуществе физических лиц" определяется на основе сведений уполномоченных органов и организаций.

      Приоритетность данного критерия – плюс 4 балла, влияние на степень (уровень) риска – отрицательное.

      28. Критерий "Зарубежные активы и (или) счета, не отраженные в декларации о доходах и имуществе физических лиц" определяется на основе сведений о наличии имущества за пределами Республики Казахстан на основании международных договоров со странами, с которыми заключены договоры об обмене информацией.

      Приоритетность данного критерия – плюс 4 балла, влияние на степень (уровень) риска – отрицательное.

      29. Критерий "Увеличение активов на сумму, превышающую совокупный годовой доход физического лица в два и более раз" определяется на основе данных о стоимости приобретенных активов и сумме совокупного годового дохода физического лица за последние 3 (три) последовательных налоговых периода с учетом сумм монетарных активов из налоговой декларации физического лица за предыдущие периоды.

      Приоритетность данного критерия – плюс 4 балла, влияние на степень (уровень) риска – отрицательное.

      30. Критерий "Многократный ввоз в Республику Казахстан товаров для личного пользования, приобретенных в зарубежных интернет магазинах" определяется если в течение квартала ввоз однородных товаров осуществлялся более 3 (трех) раз и не превышал норм, в пределах которых товары для личного пользования ввозятся физическими лицами на таможенную территорию Евразийского экономического союза без уплаты таможенных пошлин, налогов, установленных приложением 1 Решения Совета Евразийской экономической комиссии от 20 декабря 2017 года № 107 "Об отдельных вопросах, связанных с товарами для личного пользования".

      Приоритетность данного критерия – плюс 3 балла, влияние на степень (уровень) риска – отрицательное.

      31. Критерий "Нарушения, выявленные по результатам камерального контроля" определяется при наличии неисполненных уведомлений по устранению нарушений, выявленных по результатам камерального контроля, по которым со дня, предусмотренного статьей 96 Налогового кодекса для исполнения, истекло 15 (пятнадцать) и более календарных дней.

      Период, за который производится расчет, является последние 6 (шесть) месяцев.

      Приоритетность данного критерия – плюс 4 балла, влияние на степень (уровень) риска – отрицательное.

  Приложение 1
к Правилам применения
системы управления рисками
по критериям, не являющимся
конфиденциальной информацией
  форма

Информация о результатах категорирования налогоплательщика

Бизнес/индивидуальный идентификационный номер

Степень (уровень) риска

Дата актуальности данных, использованных для расчета




  Приложение 2
к Правилам применения
системы управления рисками
по критериям, не являющимся
конфиденциальной информацией
  форма

Сведения о критериях, по которым деятельность налогоплательщика отнесена к соответствующей степени (уровню) риска

Наименование критерия

Дата актуальности данных для расчета

Значение по результатам расчета

Базовое значение

Примечание по базовому значению

Количество баллов

1.







  Приложение 3
к Правилам применения
системы управления рисками
по критериям, не являющимся
конфиденциальной информацией
  форма

Показатели, на основании которых осуществлен расчет критериев, по которым деятельность налогоплательщика отнесена к соответствующей степени (уровню) риска

Наименование критерия

Дата актуальности данных для расчета

Показатель

Значение

Примечание

1.






  Приложение 4
к Правилам применения
системы управления рисками
по критериям, не являющимся
конфиденциальной информацией

Приоритетность критерия "Налоговая нагрузка"

Процент отклонения от среднеотраслевого показателя

Влияние на степень (уровень) риска

Приоритетность

1.

более 50 процентов

отрицательное

плюс 5 баллов

2.

от 10 до 50 процентов

отрицательное

плюс 3 балла

3.

от 5 до 10 процентов

отрицательное

плюс 2 балла

4.

от минус 5 до минус 10 процентов

положительное

минус 3 балла

5.

от минус 10 до минус 30 процентов

положительное

минус 4 балла

6.

более минус 30 процентов

положительное

минус 5 баллов

  Приложение 5
к Правилам применения
системы управления рисками
по критериям, не являющимся
конфиденциальной информацией

Приоритетность критерия "Среднемесячная заработная плата на одного работника"

Процент отклонения от среднеотраслевого показателя

Влияние на степень (уровень) риска

Приоритетность

1.

более 50 процентов

отрицательное

плюс 1 балл

2.

от 5 до 50 процентов

отрицательное

плюс 0,5 балла

3.

от минус 5 до минус 50 процентов

положительное

минус 0,5 балла

4.

более минус 50 процентов

положительное

минус 1 балл

  Приложение 6
к Правилам применения
системы управления рисками
по критериям, не являющимся
конфиденциальной информацией

Приоритетность критерия "Уплата налогов и других обязательных платежей в бюджет"

Прирост уплаченных сумм налогов и других обязательных платежей в бюджет (уплата в предыдущем полугодии минус уплата в аналогичном периоде прошлого года)

Влияние на степень (уровень) риска

Приоритетность

1

от 1 миллиона тенге до 5 миллионов тенге включительно

положительное

минус 2 балла

2

более 5 миллионов тенге до 10 миллионов тенге включительно

положительное

минус 3 балла

3

более 10 миллионов тенге до 25 миллионов тенге включительно

положительное

минус 4 балла

4

более 25 миллионов тенге

положительное

минус 5 балла

  Приложение 7
к Правилам применения
системы управления рисками
по критериям, не являющимся
конфиденциальной информацией

Приоритетность критерия "Применение модуля "Виртуальный склад"

Среднемесячное количество оформленных сопроводительных накладных на товары

Влияние на степень (уровень) риска

Приоритетность

1

от 1 до 5 тысяч

положительное

минус 1 балла

2

от 5 тысяч до 10 тысяч

положительное

минус 2 балла

3

от 10 тысяч до 100 тысяч

положительное

минус 3 балла

4

от 100 тысяч до 500 тысяч

положительное

минус 4 балла

5

более 100 тысяч

положительное

минус 5 баллов