Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 наурызда № 16534 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2019 ж бастап қолданысқа енгізіледі

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 137-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.04.2022 № 403 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Министр Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 ақпандағы
№ 252 бұйрығымен
бекітілген

Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.04.2022 № 403 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Cалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 137-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) санаттау субъектісі – тәуекелдер дәрежесін (деңгейін) бағалауға жататын салық төлеушi (салық агенті);

      2) тәуекел – салық төлеушінің (салық агентінің) мемлекетке нұқсан келтіруі мүмкін және (немесе) нұқсан келтіре алатын салықтық міндеттемені орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы;

      3) тәуекелдерді басқару жүйесі – тәуекелді анықтау және алдын алу мақсатында мемлекеттік кірістер органдары жүргізетін іс-шаралар кешені.

      3. Тәуекелдердің дәрежесін (деңгейін) бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) санаттау субъектісі ұсынатын, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтердің мониторинг нәтижелері;

      2) тексеру нәтижелерi;

      3) бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелерi;

      4) уәкілетті органдар мен ұйымдар табыс ететін мәліметтерді талдау нәтижелері.

2-тарау. Салық төлеушілерді санаттау нәтижелері туралы ақпараттандыру тәртібі мен мерзімі

      4. Салық төлеуші тәукел басқару жүйесінің нәтижелері бойынша қай тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) жататыны туралы ақпаратқа Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің http://kgd.gov.kz ресми сайтында (бұдан әрі – сайт) және "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшада осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша cалық төлеушіні санаттарға бөлу нәтижелері туралы ақпаратқа қол жетімді.

      5. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделінген салық төлеушілерді ақпараттандыру салық төлеушілерді санаттау жүргізілетін тоқсанның бірінші айының бірінші күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      Сайттағы сұрау салуды өндеу 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізілуі тиіс.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 17.03.2023 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Салық төлеушiнiң қызметi тиісті тәуекел дәрежесiне (деңгейіне) жатқызылған өлшемшарттар туралы осындай салық төлеушiлердi ақпараттандыру тәртібі және мерзімі

      6. Тәукелдерді басқару жүйесінде қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар туралы мәліметтер мен олардың негізінде өлшемшарттарды есептеу жүзеге асырылған көрсіткіштер, салық төлеушілердің "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасына салық төлеушілерді санаттау жүргізілетін тоқсанның бірінші айының бірінші күнінен кешіктірілмей осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 17.03.2023 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Ақпараттандырылуы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылатын жеке тұлғаны қоспағанда, Салық кодексінің 137-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес және осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген тәртіппен салық төлеушіні ақпараттандыру 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.

      8. Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттардың есебі мемлекеттік кірістер органдарында бар деректер бойынша салық төлеушілерді санаттау жүргізілетін тоқсанның алдындағы екінші айының бірінші күніндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 17.03.2023 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Салық төлеушілер құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша мемлекеттік кірістер органдарына "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымша арқылы түсініктемені өз бастамасы бойынша жолдайды.

      10. Осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген, мемлекеттік кірістер органдары алған түсіндірулер негізді болған жағдайда тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану кезінде, осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өзгертілген мәліметтерді "Салық төлеушінің кабинеті" веб-қосымшасына жолдай отырып, есепке алуға жатады.

      Салық төлеушіні қолданыстағы санаттау есебіне өзгерістер енгізу мәліметтердің сәйкессіздігі анықталған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 06.09.2022 № 923 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Салық төлеушілердің тәуекелдер дәрежесі (деңгейі) туралы ақпаратты өзектендіру тәртібі мен кезеңділігі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 17.03.2023 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Санаттау субъектісінің тәуекел дәрежесі (деңгейі) құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекелдер дәрежесін (деңгейін) бағалау өлшемшарттары және құпия (қызметтік) ақпарат болып табылатын тәуекелдер дәрежесін (деңгейін) бағалау өлшемшарттары бойынша есептеледі және тоқсанына бір рет өзектендіріледі.

      Салықтық берешекті және (немесе) әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті күнтізбелік 30 (отыз) күннен астам өтемеген кезде, тәуекел дәрежесі (деңгейі) төмен деп айқындалған салық төлеушілер бойынша тәуекел дәрежесі (деңгейі) айына 1 (бір) реттен кем емес өзектендірілуге жатады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 06.09.2022 № 923 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 17.03.2023 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

5-тарау. Жеке тұлғаны қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын санаттауға арналған тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) өлшемшарттары

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 17.03.2023 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. "Салықтық жүктеме" өлшемшарты "Салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 253 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16518 болып тіркелген) Салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу қадиғаларының негізінде айқындалады.

      Өлшемшарт арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар, ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілер және корпоративтік табыс салығынан босатылатын салық төлеушілер бойынша есептелінбейді.

      Соңғы есепті күнтізбелік жыл есеп айырысу жүргізілетін кезең болып табылады.

      Әрбір өңір үшін есептелетін салықтық жүктеменің орташа салалық көрсеткіші салыстыру үшін базалық көрсеткіш болып табылады.

      "Салықтық жүктеме" өлшемшарттың басымдылығы осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген.

      Салықтық жүктемені есептелген салықтардың салық салынатын кіріске қатынасы арқылы есептеуі тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етпейтін қосымша өлшемшарт ретінде жүзеге асырылады.

      Қосымша өлшемшартты салыстыру үшін базалық көрсеткіш әрбір өңір үшін бөлек есептелетін тиісті салық ауыртпалығының орташа салалық көрсеткіші болып табылады.

      13. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 17.03.2023 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. "Салық есептілігінде көрсетілетін шығыстар және кірістер сомасы" өлшемшарты 0,98-ден 1-ді қоса алғанға дейінгі диапазонда болатын түзетулерді есепке ала отырып жылдық жиынтық кіріске түзетулерді есепке ала отырып корпоративтік табыс салығы бойынша шегерімдер сомасының арақатынасы ретінде айқындалады.

      Есеп айырысу жүргізілетін кезең соңғы есепті күнтізбелік жылы болып табылады.

      Аталған өлшемшарттың басымдылығы – плюс 4 балл, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

      Тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) бұл өлшемшарты микрокәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілерге қатысты қолданылмайды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 17.03.2023 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      15. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 17.03.2023 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. "Салық есептілігінде бірнеше салықтық кезең бойы залалдарды көрсету" өлшемшарты, егер соңғы 3 (үш) салықтық кезең (жыл) ішінде салық есептілігінде залал көрсетілетін жағдайда айқындалады.

      Салықтық мониторингке жататын, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін өлшемшарт соңғы бес жылдық кезең бойынша айқындалады.

      Залалдар кезеңінен инвестициялық салық преференциялары бойынша шегерімдерді қолдану себебінен қалыптасқан залалдар кезеңі алып тасталады.

      "Салық есептілігінде бірнеше салықтық кезең бойы залалдарды көрсету" өлшемшарттың басымдылығы – плюс 3 балл, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

      Тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) бұл өлшемшарты микрокәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілерге қатысты қолданылмайды.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 17.03.2023 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. "Бюджетке төленуге жататын салықтар сомасын азайта отырып, қосымша декларацияны табыс ету жолымен салықтарды төлеуден жалтару белгілері бар салық төлеушілер" өлшемшарты, салық төлеуші корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс ету арқылы камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындағаннан кейін корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша азайтуға қосымша декларацияны табыс еткен кезде айқындалады.

      Осы өлшемшарттың басымдылығы – плюс 5 балл, тәуекелдер дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

      Тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) бұл өлшемшарты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілерге қатысты қолданылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 17.03.2023 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. "Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды" өлшемшарты камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы орындалмаған хабарламалардың болуы, олардың Салық кодексінің 96-бабы бойынша орындау белгіленген күнінен 15 (он бес) және одан да көп күн өтуі жағдайында айқындалады.

      Есеп айырысу жүргізілетін кезең соңғы 6 (алты) ай болып табылады.

      Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекелдер дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

      19. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 17.03.2023 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. "Салықтық мониторингке қатысу" өлшемшарты көлденең мониторинг туралы келісім, сондай-ақ көлденең мониторинг бойынша пилоттық жобада болған жағдайларда айқындалады.

      Осы өлшемшарттың артықшылығы – 4 балл алу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 17.03.2023 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      21. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 06.09.2022 № 923 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. "Салық төлеушінің стандартты тексеру файлын қолдануы" өлшемшарты салық төлеуші стандартты тексеру файлын қолданған жағдайда айқындалады.

      Осы өлшемшарттың артықшылығы – 4 балл алу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.

      23. "Салықтар және әлеуметтік төлемдер бойынша дәйекті берешектің болмауы" өлшемшарты осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген күннің алдындағы 6 (алты) айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша айқындалады.

      Осы өлшемшарттың басымдылығы – минус 3 балл, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.

      Тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) бұл өлшемшарты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілерге қатысты қолданылады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 17.03.2023 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. "Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу" өлшемшарты санаттау жүзеге асырылатын кезеңнің алдындағы жарты жылдықтағы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсу динамикасы негізінде айқындалады.

      Төлем сомасына кедендік төлемдер, импортталған тауарларға қосылған құн салығы, импортталған тауарларға акциз қосылмайды.

      Төлем сомалары қайтарылған сомаларды ескере отырып айқындалады.

      Өлшемшарт 1 (бір) миллион теңгеден астам салық төлеу бойынша тарихи деректері бар салық төлеушілер бойынша есептеледі.

      "Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу" өлшемшарттың басымдылығы осы Қағидаларға 6-қосымшада келтірілген, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.

      25. "Үш компонентті интеграцияланған жүйені қолдану" өлшемшарты салық төлеуші үш компонентті интеграцияланған жүйені нақты қолданған жағдайда айқындалады.

      Есеп айырысу жүргізілетін кезең – соңғы 6 (алты) ай.

      "Үш компонентті интеграцияланған жүйені қолдану" өлшемшартының басымдылығы – 2 балл алу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.

      26. "Виртуалдық қойма" модулін қолдану" өлшемшарты "Виртуалдық қойма" модулі арқылы тауарларға ілеспе жүкқұжаттары ай сайын ресімдеген және тауарларға ілеспе жүкқұжаттары негізінде шот-фактураны электрондық түрде жазып берген жағдайда айқындалады.

      Есеп айырысу жүргізілетін кезең – соңғы 6 (алты) ай.

      "Виртуалдық қойма" модулін қолдану" өлшемшартының басымдылығы осы Қағидаларға 7-қосымшада келтірілген, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.

      Тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) бұл өлшемшарты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілерге қатысты қолданылады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 17.03.2023 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26-1. "Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін табыс етпеу" өлшемшарты.

      Есеп айырысу жүргізілетін кезең – соңғы 12 (он екі) ай.

      Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекелдер дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

      Ескерту. Қағида 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 06.09.2022 № 923 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26-2. "Салық төлеуші Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналастырылған сенімсіз салық төлеушілердің тізімінде тұр" өлшемшарты.

      Осы өлшемшарттың басымдылығы – 5 балл қосу, тәуекелдер дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

      Ескерту. Қағида 26-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 06.09.2022 № 923 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26-3. "Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кеткен сомасын оңайлатылған қайтару жөніндегі пилоттық жобаға қатысушы" өлшемшарты Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік кірістер органдарына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей ұсынатын, салық төлеушіні пилоттық жобаға қатысушы ретінде тіркеу туралы мәліметтері негізінде айқындалады.

      Осы өлшемшарттың артықшылығы – минус 1 балл, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – оң.

      Ескерту. 26-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 17.03.2023 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6-тарау. Салық төлеуші - жеке тұлғаға қатысты қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын санаттауға арналған тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) өлшемшарттары

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 17.03.2023 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. "Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілмеген, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегілерді қоспағанда, активтер" деген өлшемшарты уәкілетті органдар мен ұйымдардың мәліметтері негізінде айқындалады.

      Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

      28. "Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілмеген шетелдік активтер және (немесе) шоттар" деген өлшемшарты салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру үшін мемлекеттер арасында ақпарат алмасу туралы шарттар негізінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мүліктің болуы туралы мәліметтер негізінде айқындалады.

      Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

      29. "Жеке тұлғаның жиынтық жылдық кірісінен екі және одан да көп есе асатын сомаға активтердің ұлғаюы" деген өлшемшарты алдыңғы кезеңдер үшін жеке тұлғаның салық декларациясындағы монетарлық активтердің сомаларын есепке ала отырып, сатып алынған активтердің құны және жеке тұлғаның соңғы тізбекті 3 (үш) салық кезеңіндегі жиынтық жылдық кірісінің сомасы туралы деректердің негізінде айқындалады.

      Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

      30. "Шетелдік интернет дүкендерінде сатып алынған жеке пайдалануға арналған тауарларды Қазақстан Республикасына бірнеше рет әкелу" деген өлшемшарты, егер тоқсан ішінде біртекті тауарларды әкелу 3 (үш) реттен артық жүзеге асырылған және "Жеке пайдалануға арналған тауарлармен байланысты жекелеген мәселелер туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешімінің 1-қосымшасында белгіленген жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей әкелген нормалардан аспаған жағдайда айқындалады.

      Осы өлшемшарттың басымдылығы – 3 балл қосу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

      31. "Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды" өлшемшарты камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы орындармаған хабарламалардың болуы, олардың Салық кодексінің 96-бабы бойынша орындау белгіленген күнінен 15 (он бес) және одан да көп күн өтуі жағдайда айқындалады.

      Есеп айырысу жүргізілетін кезең соңғы 6 (алты) ай болып табылады.

      Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.

7-тарау. Мерзімдік салықтық тексеру субъектілерінің (объектілерінің) салық төлеушілерін іріктеу үшін тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) тәртібі мен өлшемшарттары

      Ескерту. 7-тараумен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 17.03.2023 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Мерзімдік салықтық тексерулер құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекел дәрежесін (деңгейін) бағалау өлшемшарттары мен құпия (қызметтік) ақпарат болып табылатын тәуекел дәрежесін (деңгейін) бағалау өлшемшарттары бойынша тағайындалады.

      33. Мерзімдік салықтық тексерулерге осы Тарауда көзделген өлшемшарттарды бір мезгілде сақтай отырып санаттау нәтижелері бойынша ең жоғарғы балл көрсеткіші бар салық төлеушілер жатады.

      34. "Cалық мiндеттемесiнiң орындалуы мәселелері бойынша кешенді тексеруде кезеңі төрт жылға тең және одан да көп жылы қамтылмаған, ірі салық төлеушілер мониторингінде тұрғандарды қоспағанда, салық мiндеттемесiнiң орындалуы мәселелері бойынша кешенді тексеруде кезеңі екі жылға тең және одан да көп жылы қамтылмаған заңды тұлғалар ретінде тіркелген салық төлеушілер" өлшемшарты.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 29.01.2024 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. "Соңғы санаттау нәтижелері бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіне (деңгейіне) жатқызылған салық төлеушілер" өлшемшарты.

  Құпия ақпарат болып
табылмайтын өлшемшарттар
бойынша тәуекелдерді басқару
жүйесін қолдану қағидаларына
1-қосымша
нысан

Салық төлеушіні санаттарға бөлу нәтижелері туралы ақпарат

Бизнес/жеке сәйкестендіру нөмері

Тәуекелдер дәрежесі (деңгейі)

Есеп үшін пайдаланылған деректердің өзектілік күні




  Құпия ақпарат болып
табылмайтын өлшемшарттар
бойынша тәуекелдерді басқару
жүйесін қолдану қағидаларына
2-қосымша
нысан

Салық төлеушінің қызметі тиісті тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) жатқызылған өлшемшарттар туралы мәлімет

Өлшемшарттардың атауы

Есеп үшін деректердің өзектілік күні

Есеп нәтижелері бойынша мәндер

Базалық мәндер

Базалық мәндер бойынша ескертпе

Балл саны

1.







  Құпия ақпарат болып
табылмайтын өлшемшарттар
бойынша тәуекелдерді басқару
жүйесін қолдану қағидаларына
3-қосымша
нысан

Салық төлеушінің қызметі тиісті тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) жатқызылған өлшемшарттардың есептеуін жүзеге асыру бойынша көрсіткіштері

Өлшем шарттардың атауы

Есеп үшін деректердің өзектілік күні

Көрсіткіш

Мәні

Ескертпе

1.






  Құпия ақпарат болып
табылмайтын өлшемшарттар
бойынша тәуекелдерді басқару
жүйесін қолдану қағидаларына
4-қосымша

"Салықтық жүктеме" өлшемшарттың басымдылығы

Орташа салалық көрсеткіштен ауытқу пайызы

Тәуекелдер дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі

Басымдылығы

1.

50 пайыздан жоғары

теріс

5 бал қосу

2.

10-нан 50 пайызға дейін

теріс

3 бал қосу

3.

5-тен 10 пайызға дейін

теріс

2 балл қосу

4.

минус 5-тен минус 10 пайызға дейін

оң

3 балл алу

5.

минус 10-нан минус 30 пайызға дейін

оң

4 балл алу

6.

минус 30 пайыздан жоғары

оң

5 балл алу

  Құпия ақпарат болып
табылмайтын өлшемшарттар
бойынша тәуекелдерді басқару
жүйесін қолдану қағидаларына
5-қосымша

"Бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы" өлшемшарттың басымдылығы

      Ескерту. 5-қосымша алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 17.03.2023 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Құпия ақпарат болып
табылмайтын өлшемшарттар
бойынша тәуекелдерді басқару
жүйесін қолдану қағидаларына
6-қосымша

"Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу" өлшемшартының басымдылығы

Бюджетке төленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдер сомасының өсімі (алдыңғы жартыжылдықтағы төлем өткен жылдың ұқсас кезеңдегі төлемді алып тастағанда)

Тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі

Басымдылығы

1

1 миллион тенгеден 5 миллион теңгені қоса алғанға дейін

оң

2 балл алу

2

5 миллион теңгеден жоғары 10 миллион теңгені қоса алғанға дейін

оң

3 балл алу

3

10 миллион теңгеден жоғары 25 миллион теңгені қоса алғанға дейін

оң

4 балл алу

4

25 миллион теңгеден жоғары

оң

5 балл алу

  Құпия ақпарат болып
табылмайтын өлшемшарттар
бойынша тәуекелдерді басқару
жүйесін қолдану қағидаларына
7-қосымша

"Виртуалдық қойма" модулін қолдану" өлшемшартының басымдылығы

Тауарларға рәсімделген ілеспе жүкқұжаттарының орташа айлық саны

Тәуекел дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі

Басымдылығы

1

1-ден 5 мыңға дейін

оң

1 балл алу

2

5 мыңнан 10 мыңға дейін

оң

2 балл алу

3

10 мыңнан 100 мыңға дейін

оң

3 балл алу

4

100 мыңнан 500 мыңға дейін

оң

4 балл алу

5

100 мыңнан жоғары

оң

5 балл алу



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады