Салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 253 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 наурызда № 16518 болып тіркелді.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидалары бекітілсін.

      2. "Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктеме коэффициентін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 691 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12723 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б.Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 ақпандағы
№ 253 бұйрығымен
бекітілген

Салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидалары "Cалықтық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 1-тармағының 14) тармақшасын іске асыру мақсатында пайдаланылатын,салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу тәртібін айқындайды.

      2. Салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушiнiң (салық агентінің) салықтық жүктеме коэффициенті (бұдан әрі – салықтық жүктеме коэффициенті) шаруашылық субъектісіне салық жүйесі әсерінің сипаттамаларын көрсетеді.

2-тарау. Салықтық жүктеме коэффициентін есептеу тәртібі

      3. Салықтық жүктеме коэффициенті мынадай формула бойынша анықталады:

      СЖК = С және МТ / ЖЖТ X 100%,

      мұнда:

      СЖК – салықтық жүктеме коэффиценті;

      С және МТ – тауарлар импорты кезінде төленген кедендік төлемдер, қосылған құн салығын және акциздерді, егер күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша салықтың жалпы сомасы теріс мәнді құраған жағдайда қосылған құн салығын қоспағанда, есептелген салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, салық есептілігінде көрсетілген басқа мемлекеттерге төленген салықтардың және төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы;

      ЖЖТ – Салық кодексінің 241 және 287-баптарында көзделгентүзетулерді есепке алмағанда заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысыныңжәне (немесе) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаның табысы немесе дара кәсiпкердiң есепті салық кезеңінде алынған жиынтық табысының сомасы.

      Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін шетелдік валютада табыс еткен жағдайда, декларацияда көрсетілген ЖЖТ сомасы, салық есептілігі табыс етілген күнгі белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып, ұлттық валютада қайта есептеледі.

      4. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктеме коэффициентіне сәйкес салықтық жүктеме коэффициентінің орташа салалық мәні мынадай формула бойынша анықталады:

      ОС СЖК = СЖК1 + СЖК2 + СЖК3….СЖК n/ N, ол жерде

      ОС СЖК – салықтық жүктеме коэффициентінің орташа салалық мәні;

      СЖК1, СЖК2, СЖК3,…СЖК n–50 пайыздан артқан салықтық жүктеме коэффициентерді қоспағанда, салық төлеушілердің әр саласындағы салықтық жүктеме коэффициенті;

      N – жылдық жиынтық табысы жоқ салық төлеушілірді санамағанда, есепте қатысатын әр бөлімнің салық төлеушілірдің саны.

      5. Салықтық жүктеменің орташа салалық коэфициентінің мәні, экономикалық қызметтегі жалпы жіктеуіштер түрлерінің негізінде анықталатын тиісті салалар бойынша (кодтың екінші белгісіне дейін) есептеледі.

      6. Салықтық жүктеме коэфициентінің орта салалық мәні, әр облыстық аймақтар немесе облыстық маңызы бар қалалар бойынша, заңды тұлғалармендара кәсіпкерлер үшін бөлек анықталады.

      7. Салықтық жүктеменің орташа салалық коэфициентінің мәні жылына екі рет, 1 қантар және 1 шілде айларынан кешіктірілмей есептеледі.

      8. Салықтық жүктеме коэфициенті әртүрлі салық кезеңдерінде нақты салық төлеушініңесептеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерінің жиынтығына талдау жүргізуге мүмкіндіктер береді жәнесалық төлеушінің (салық агентінің) қызметінің соңғы нәтижесіне салық салу жүйесі әсерінің деңгейін көрсетеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады