ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығына (бұдан әрі - № 504 Қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15551 болып тіркелген):
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) "Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 бұйрығында (бұдан әрі - № 505 Қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15564 болып тіркелген):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларында:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Күдіктілер мен айыпталушыларды камералар бойынша орналастыру осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша камераларда орналастыру жоспары негізінде "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Тергеу изоляторының әкімшілігі олардың арасындағы байланысты болдырмау бойынша шаралар қабылдайды.
Жаңа келген күдіктілер мен айыпталушыларды тергеу изоляторында ұстау тәртібімен және жағдайымен таныстыру, сондай-ақ денсаулығының жағдайын тексеру және санитариялық-гигиеналық іс-шараларды жүргізу, олармен психологиялық тексерістерді жүргізу мақсатында көрсетілген адамдар 15 тәулікке дейін карантин бөлімшесіне орналастырылады.
Күдіктілерді және айыпталушыларды камераларға жедел қызмет қызметкерінің келісімі бойынша, ал кәмелетке толмағандарды тәрбие жұмысы жөніндегі нұсқаушының келісімі бойынша кезекші көмекші немесе оның орынбасары орналастырады. Науқас адамдар медицина қызметкерінің нұсқауымен орналастырылады. Жұқпалы аурумен науқас адамдар жеке камераларға орналастырылады. Карантинде ұстау мерзімі медициналық көрсеткіштер бойынша белгіленеді.
Заңның 32-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл ретте бейнебақылау жүйесі арқылы және қосымша (уақытша) бекет қою арқылы күшейтілген қадағалау қамтамасыз етіле отырып, суицид жасау қаупі бар адамдарды жалғыз ұстауға жол берілмейді.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Тергеу изоляторларында орналасқан медициналық ұйымдарда күдіктілер және айыпталушылар ауру түрлерiне қарай орналастырылады. Ерлер мен әйелдер, ересектер мен кәмелетке толмағандар бiр-бiрiнен бөлек орналастырылады. Аса ауыр және ауыр қылмыстар жасады деген күдіктілер мен айыпталушылар оқшау ұсталады.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Күдіктiлер мен айыпталушылардың заттарын тексеру тергеу изоляторына түскен кезде, оның шегінен тыс жерге жөнелтiлер алдында, басқа камераға, тергеу изоляторында орналасқан медициналық ұйымның стационарына ауыстыру немесе тәртіптік изоляторға немесе уақытша оқшаулау үй-жайына қамау кезінде олардың қатысуымен жүргiзiледi.";
38, 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Күдіктіден немесе айыпталушыдан заттарды және тамақ өнімдерін сақтауға қабылдау комиссиялық түрде жүргізіледі. Комиссиялардың құрамын тергеу изоляторының бастығы режим және күзет бөлімінің қызметкерлері, тергеу изоляторында орналасқан медициналық ұйымның медицина қызметкері қатарынан акт бойынша тағайындайды.
39. Соттың шешімі бойынша құндылығы жоқ нәрселер, заттар, сондай-ақ тамақ өнімдері, оның ішінде: спирттік ішімдіктер немесе спирттік негіздегі бұйымдар, оларды дайындауға арналған өнімдер, есірткі (оларды тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған жағдайларды қоспағанда) және оларды пайдалануға арналған құрылғылар, отқа қауіпті заттар мен құралдар, тергеу изоляторында орналасқан медициналық ұйым медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп танылған дәрілік заттар, ойын карталары, эротикалық, порнографиялық немесе зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттайтын қолжазба, графикалық, баспа, фото және бейне өнімдер (қылмыстық іс материалдарын қоспағанда), тұтынылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін не тергеу изоляторларында қамтамасыз етілмейтін ерекше сақтау жағдайларын талап ететін тамақ өнімдері, мақсаты немесе қасиеттерін анықтау мүмкін емес не өзінің бастапқы тұтыну қасиеттерін жоғалтқан және Тізбеге енбеген өзге де заттар, құралдар мен тамақ өнімдері жойылуға жатады.";
112, 113, 114, 115, 116 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"112. Тергеу изоляторында орналасқан медициналық ұйымның медицина қызметкерлері күдіктiлер мен айыпталушылар тергеу изоляторына келiп түскеннен кейін бір тәуліктен кешіктірмей мiндеттi медициналық қараудан, сондай-ақ үш жұмыс күні ішінде флюрографиялық және зертханалық тексеруден өтеді. Медициналық тексеруден өтпеген адамдар басқа күдіктiлер мен айыпталушылардан бөлек ұсталады. Медициналық тексерудiң нәтижелерi күдіктiнің немесе айыпталушының медициналық амбулаториялық картасында белгiленедi.
113. Күдіктiлер мен айыпталушылар тергеу изоляторында орналасқан медициналық ұйымның медицина қызметкеріне күнделiктi камераларды аралаған кезде медициналық көмекке, ал ауру асқынған кезде тергеу изоляторының кез келген қызметкерiне жүгінеді. Күдікті немесе айыпталушы жүгінген қызметкер оған медициналық көмек көрсету үшiн шаралар қабылдайды.
114. Күдіктiлер мен айыпталушыларға амбулаториялық жағдайда медициналық көмек камераларда, өзге де үй-жайларда, сондай-ақ тергеу изоляторларында орналасқан медициналық ұйымдардың мамандандырылған кабинеттерiнде көрсетiледi. Дәрiлік заттарды беру дәрiгердiң тағайындауы бойынша белгіленген мөлшердежеке-жеке қолхат арқылы жүзеге асырылады.
115. Заңның 24-бабының 3-тармағына сәйкес қамауға алынған адамдардың туыстарынан алған дәрілік заттарды қабылдауы медициналық көрсеткiштер бойынша және тек тергеу изоляторында орналасқан медициналық ұйымның медицина қызметкерлерінің бақылауымен қатаң түрде жүзеге асырылады. Бұл ретте, дәрiлік заттар тергеу изоляторында орналасқан медициналық ұйымда сақталады.
116. Тергеу изоляторларында орналасқан медициналық ұйымдардың жанында стационарлық бөлімшелер ұйымдастырылады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 745 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21534 болып тіркелген) бекітілген Сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан бас бостандығы шектелген адамдарға, сондай-ақ ұсталған, қамауға алынған және арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес тергеу изоляторында ұсталатын науқастар арнайы медициналық көмек көрсетуді қажет ететін жағдайларда денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарына жіберіледі, ол үшін жинамалы күзет құралдарымен жабдықталған оқшауланған палаталар бөлінеді.";
149-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"149. Күдіктiнің және айыпталушының мәйіті алуды талап еткенге дейiн, бiрақ жетi тәулiктен асырылмай не уәкiлеттi органның қайтыс болу фактiсi бойынша тексеру аяқталғанға дейiн жақын жердегi денсаулық сақтаудың медициналық ұйымындағы мәйiтханаға сақтауға тапсырылады. Қайтыс болған адамның мәйітін алуға оның жақын туыстарының айрықша құқығы бар. Олар болмаған немесе мәйітті алудан бас тартқан кездемәйітті берудi талап еткен адамға беріледi.";
Қағидалардың 5-қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы тәртібінде күдіктіні, айыпталушыны жалғыз адамдық камераға ауыстыру туралы қаулы";
Қағидалардың 6-қосымшасында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жылытуды талап ететiн, сақтау мерзімі өткен, сондай-ақ ашытқы, алкогольдік iшiмдiктерден және сырадан басқа тамақ өнімдері;";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) жуыну жабдықтары (иіс, шаруашылық сабыны, сұйық сабын немесе су сабын (тергеу изоляторында орналасқан медициналық ұйым дәрiгерiнiң тағайындауы бойынша) тiс пастасы, тiс щеткасы, сабынға және тiс щеткасына арналған пластмасса қораптар, крем, тарауыш тарақ);";
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"27) тергеу изоляторында орналасқан медициналық ұйымның дәрiгерi тағайындаған дәрiлік заттар.
Тамақ өнімдерінің тізбесі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың уәкілетті органының нұсқамасы бойынша шектеледі. Күдiктiнің және айыпталушының өзiмен бiрге сақтай алатын тамақ өнімдерінің, бiрiншi кезекте қажеттi заттардың, аяқкиiмнiң, киiм-кешектің және басқа да өнеркәсіптік тауарлардың жалпы салмағы 35 килограмнан, оның ішінде кофе мен шай 2 килограмнан аспауы тиіс. Осы Тiзбеде көзделмеген заттар және құралдар тыйым салынған заттар болып табылады.";
Қағидалардың 9-қосымшасында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Заңның 25-бабына сәйкес тергеу изоляторының әкімшілігі күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды тиісті жағдайлар болған кезде мынадай қосымша ақылы тұрмыстық, медициналық, сауықтыру және өзгеде қызмет түрлерімен қамтамасыз етеді:";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға қосымша ақылы қызметті тергеу изоляторларының қызметкерлері және осы мақсаттар үшін тартылған тиісті даярлығы мен лицензиясы бар мамандар көрсете алады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қосымша ақылы қызметті алу үшін күдікті, айыпталушы немесе сотталушы тергеу изоляторы бастығының атына оның жеке шотынан ақылы қызметті көрсетуге ақшаны алуға өтініш жазады. Тергеу изоляторының жауапты қызметкері күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының жеке шотында тиісті ақшаның бар-жоғын тексереді және өтінішке белгі қояды, содан кейін тергеу изоляторының бастығы өтініштің мәні бойынша шешім қабылдайды.".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін № 504 Қағидалардың 3, 7, 14, 27, 37, 80, 88, 112, 121, 122, 123, 124, 125-тармақтарын, 2-қосымшасының 1-тармағының 1), 11), 26), 27) тармақшаларын, 7-қосымшасының 2-тармағының 4) тармақшасын және № 505 Қағидалардың 18, 31, 38, 39, 112, 113, 114, 115, 116, 149-тармақтарын, 6-қосымшасының 11), 27) тармақшаларын, 9-қосымшасының 1, 2, 3-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ішкі істер министрі | М. Ахметжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі 2022 жылғы 23 мамырдағы № 369 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығымен бекітілген |
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидалары 1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Қамауға алу түріндегі жазаны орындау сотталған жері бойынша қамаққа алу түріндегі қылмыстық жазаны өтеуге арналған тергеу изоляторларының (бұдан әрі – ТИ) арнаулы қабылдау орындарында (бұдан әрі – АҚО) немесе оқшауланған учаскелерінде заңды күшіне енген сот үкімінің негізінде жүзеге асырылады.
2 тарау. Сотталғандарды АҚО-ға немесе ТИ-ға қабылдау тәртібі
3. Сотталғандарды АҚО-ға немесе ТИ-ға қабылдауды арнайы есепке алу қызметі қызметкерінің және АҚО-да немесе ТИ-да орналасқан медициналық ұйымның медицина қызметкерінің міндетті қатысуымен АҚО немесе ТИ басшысының кезекші көмекшісі (бұдан әрі - кезекші) жүзеге асырады.
4. Сотталғандарды қабылдау кезінде кезекші қамаққа алу түріндегі жазаны орындауға негіз болып табылатын процестік құжаттардың болуын тексереді, жеке басын куәландыратын құжаттардың негізінде олардың келген сотталғандарға тиесілігін анықтайды.
5. Сотталғанның фотосуреті, сот үкімінде көрсетілген сауалнама деректері сотталғаннан жауап алу кезінде алынған мәліметтермен, жеке басын куәландыратын құжаттармен сәйкес келмеген кезде арнайы есепке алу қызметінің қызметкері кезекшімен бірлесіп осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасайды және оны шара қолдану үшін үкім шығарған сотқа жібереді.
6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген деректерді тексергеннен кейін АҚО немесе ТИ қызметкерлері арнайы жабдықталған үй-жайда сотталғандарды толық тінтуден, ал оларға тиесілі заттарды тексеруден өткізеді.
Толық тінту және заттарды тексеру алдында сотталғандарға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сотталғандарға өзімен бірге алып жүруге, сауқаттардан, сәлемдемелерден, бандерольдерден алуға және АҚО немесе ТИ дүкендерінен сатып алуға рұқсат етілетін заттар мен бұйымдар тізбесінде (бұдан әрі-Тізбе) көзделмеген заттарды өз еркімен тапсыру ұсынылады. Тыйым салынған заттарды дереу өз еркімен тапсырған кезде сотталғандарға тәртіптік жазалау шаралары қолданылмайды.
7. АҚО-ға немесе ТИ-ға қабылданған адамдар келіп түскен күні, алайда бір тәуліктен кешіктірмей алғашқы медициналық куәландырудан және санитарлық өңдеуден өтеді. Медициналық куәландыру нәтижелері медициналық амбулаторлық картаға енгізіледі. Бұл ретте медицина қызметкері дене жарақаттарын және тері мен инфекциялық аурулардың белгілерін анықтау мақсатында сотталғандарды сыртқы қарап-тексеруді жүргізеді. Дене жарақаттарын анықтау фактісі туралы жоғары тұрған органға және қадағалаушы прокурорға жазбаша түрде дереу хабарланады.
АҚО-да немесе ТИ-да орналасқан медициналық ұйым дәрігерінің қорытындысы бойынша стационарлық жағдайда дереу медициналық көмек алуды қажет ететін адамдар айдауылмен денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарына жіберіледі. Қажет болған жағдайда оларға медициналық көмек көрсетіледі.
Бұдан кейін сотталғандар карантин бөлiмшесіне орналастырылады (қамаққа сотталғандар үшін ТИ-да оқшаулау учаскелерінде), онда оларға ұзақтығы 15 тәулiкке дейiн медициналық бақылау белгіленеді. Осы кезеңде анықталған инфекциялық науқастар дереу оқшауланады, мекемеде эпидемияға қарсы кешенді іс-шаралар өткізіледі.
8. АҚО немесе ТИ психологтары жаңадан келген сотталғандардың жеке басын зерделеу, оларды жаңа жағдайларға бейімдеу жөніндегі жұмысты жүргізеді. Өзіне-өзі қол жұмсауға, өзіне қасақана қандай да бір зақым келтіруге және басқа да құқыққа қарсы іс-әрекеттерге бейім адамдар анықталады. Зерделеу нәтижелері бойынша жаңадан келген әрбір сотталғанға психологиялық портреттер жасалады, АҚО немесе ТИ тиісті қызметтеріне олармен жұмыс істеу жөніндегі ұсынымдар енгізіледі.
9. Карантиндік үй-жайда болған уақытта сотталғандар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі - ҚАК) 9-бабының 6-бөлігіне және осы Қағидаларға сәйкес жазаны өтеу шарттарымен, өз құқықтары және міндеттерімен қол қоя отырып танысады, жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін жауаптылық туралы ескертіледі. Оларға АҚО немесе ТИ-да "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 59, 60, 61 және 62-баптарында көзделген жағдайларда қадағалаудың, бақылаудың және күзеттің техникалық құралдарының қолданылуы, дене күшін, арнайы құралдар мен қаруды қолдану туралы түсіндіріледі.
Кейіннен мұндай ақпаратты радио арқылы, камераларға барған кезде, АҚО немесе ТИ бастығы және ол уәкілеттік берген қызметкерлер сотталғандарды жеке қабылдауда жеткізеді.
АҚО немесе ТИ-да ұсталатын адамдардың негізгі құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде әрбір камерада ілінеді.
10. Сотталғандар кереуетпен және төсек жабдықтарымен қамтамасыз етіледі, жатын орындары ауыстырылмайды және онда перде ілінбейді.
11. Сотталғанның АҚО-ға немесе ТИ-ға келгені туралы арнайы есепке алу қызметі екі жұмыс күні ішінде туыстарының біріне не сотталғанның таңдауы бойынша заңды өкіліне, осы Қағидалармен қарастырылған АҚО-ның немесе ТИ-дің пошталық мекенжайын, Тізбені, хат алмасу, ақша аударымдарын алу және жөнелту, шығулар, кездесулер беру тәртібінің негізгі талаптарын, телефон арқылы сөйлесу құқығын көрсете отырып жазбаша хабарлама жібереді.
Сотталған шетел азаматтарының және қамаққа алынғанға дейін шетелде тұрақты тұрған азаматтығы жоқ адамдардың келгені туралы хабарламалар, бұдан басқа, Қазақстан Республикасындағы осы адамдардың мүдделерін білдіретін дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелерге жіберіледі.
3-тарау. Сотталғандарды тінту және жете тексеру жүргізу тәртібі
12. Сотталғандарды жеке тінту толық тінту және толық емес тінту болып бөлінеді. Тiнтудi тінтілушімен жынысы бiр адам жүргiзедi. Сотталғандарды жеке толық тінту мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) АҚО немесе ТИ келіп түскен және одан кеткен кезде;
2) тәртіптік изоляторға (бұдан әрі - ТИЗО) қамау және одан босатылған кезде;
3) кездесу өткізу алдында және ол аяқталғаннан кейін;
4) ұстау режимін бұзуға жол берген, қашқан немесе басқа да қылмыс жасаған сотталған адамды ұстаған кезде жүргізіледі.
13. Толық тінту мынадай ретпен жүргізіледі:
1) осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес сотталғандарға тінту жүргізіледі. Содан соң кезекпен бас киімін, аяқ киімін және іш киіміне дейін қоса алғанда, шешу ұсынылады;
2) қол, аяқ саусақтарының аралығы, құлақ қалқаны мен ауыз қуысы, сондай-ақ медициналық таңулар мен аяқ-қол протездері тексеріледі. Медициналық таңулар мен аяқ-қол протездері медицина қызметкерінің қатысуымен тексеріледі;
3) сотталғанға тиесілі киімі, бас киімі, аяқ киімі және заттары тексеріледі. Киімінің жамаулары, тігісі, жағасы және астары ұстап қаралады. Қажет болған жағдайда киімнің жекелеген жерлерін бізбен тесіп қарайды және сөгеді. Аяқ киім сыртқы және ішкі жағынан қаралады және міндетті түрде бүгіліп тексеріледі;
4) сондай-ақ ақша, есірткі заттары және басқа да АҚО-да немесе ТИ-да пайдалануға және сақтауға тыйым салынған заттар жасырылатын жамаулар, тақалар, табандар мен басқа да орындар тексеріледі.
Толық тінту бақылау-өткізу пунктінде (бұдан әрі – БӨП) орналасқан арнаулы немесе оған жақын жерде жабдықталған үй-жайда жүргізіледі.
14. Толық емес тінту АҚО немесе ТИ шегінде сотталғандарды камерадан шығару кезінде (медицина қызметкеріне, серуендеуге, санитариялық өңдеуге, басқа камераға ауыстыру, тінту іс-шаралары кезінде) жүргізіледі.
15. Толық емес тінту кезінде киімдер мұқият ұстап қаралады. Бұдан соң қалтасы, бас киімі мен аяқ киімі тексеріледі. Тінтілетін адамның мінез-құлқы күдікті болған кезде толық тінту жүргізіледі.
16. Тінту кезінде сотталғанға қолдарын жоғары көтеріп, аяғын иығының тұсына қою ұсынылады.
Тінту нәтижелері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қамаққа алуға сотталғанды жеке тінту хаттамасымен ресімделеді.
4 тарау. Үй-жайларды тінту және тұрғын аймақтар мен өндірістік объектілердің аумақтарын тексеру
17. АҚО немесе ТИ камераларының үй-жайларында тінту кемінде айына төрт рет тінту кестесіне сәйкес жүргізіледі. ТИЗО камераларын және АҚО немесе ТИ камераларын техникалық тексеру күн сайын жүргізіледі.
18. АҚО немесе ТИ үй-жайлары мен камераларында тінту кезінде, жасырын жерлердің бар-жоғы мұқият тексеріледі. Терезе торларын ішкі және сыртқы жағынан бекіту беріктігі, есіктер мен құлыптардың жарамдылығы тексеріледі.
19. Сотталғандарды уақытша және қысқа мерзімді өндіріс объектілеріне кіргізер алдында АҚО немесе ТИ әкімшілігінің бақылаушысы, өкілі объектіні тексеруі тиіс.
Камераларды және онда ұсталынатын адамдарға техникалық тексеру және жоспарлы тінтулерді кезекші ауысым мен режим бөлімі қызметкерлері жүргізеді.
Әрбір камераны техникалық қарап-тексеру онда сотталғандар болмаған кезеңде күн сайын жүргізіледі, ол үшін оларды серуендеуге, санитариялық өңдеуге шығару уақыты пайдаланылады.
20. Сотталғандардан, сондай-ақ АҚО немесе ТИ аумағынан табылған, кімге тиесілі екенін анықтау мүмкін болмаған ақшаны, бағалы қағаздарды және өзге де құндылықтарды АҚО немесе ТИ қызметкері алып қояды, бұл туралы еркін нысанда акт жасала отырып, олардың тиістілігін анықтау бойынша кейіннен тексеру жүргізіледі. Тиістілігі анықталмаған заттар, АҚО немесе ТИ құжаттары негізінде, сот қаулысы бойынша мемлекет кірісіне айналдыруға жатады.
Сотталғандардан алынған, сондай-ақ АҚО немесе ТИ аумағында және осы Қағидаларда көзделмеген режимдік талаптар белгіленген оған іргелес аумақтарда табылған заттар, құжаттар, заттектер, бұйымдар, тамақ өнімдері мекеме әкімшілігінің комиссиялық шешімі бойынша туыстарына немесе сотталғандардың заттарын сақтауға арналған қоймаға (белгілі бір сақтауды талап ететін тамақ өнімдерінен басқа) уақытша сақтауға беріледі не АҚО немесе ТИ бастығының қаулысы бойынша жойылады, бұл туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасалады.
Алынған ақша мен бағалы заттар оларды алған лауазымды адамның актісі немесе баянаты бойынша бір тәуліктен кешіктірмей (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) кезекші АҚО немесе ТИ басшылығы тексеру туралы материал жинауды жүзеге асыру тапсырылған қызметкерге осы Қағидаларға 5-қосымшаның нысанына сәйкес сотталған адамдардан алынған ақша мен құндылықтарды есепке алу журналына қол қойғызып береді.
21. Сотталғандардың сақтауға рұқсат етілген, бірақ тізбеде белгіленген нормадан асатын мөлшердегі заттары мен бұйымдары да алынады.
Бұл жағдайда заттар сақтау үшін қоймаға тапсырылады, ал сотталғандардың қолына олардың саны мен атауы көрсетіле отырып, заттарды сақтауға қабылдағаны туралы түбіртек беріледі.
5-тарау. Қамаққа алуға сотталғандар мен АҚО немесе ТИ персоналының өзара қарым-қатынасы
22. АҚО немесе ТИ қызметкерлерімен және мекемеге баратын басқа лауазымды адамдармен кездесу кезінде сотталғандар орындарынан тұрады және олармен амандасады.
23. Сотталғандар АҚО немесе ТИ қызметкерлерiмен "Сiз" деп сөйлеседі, оларды атағы, сондай-ақ аты және әкесінің аты бойынша атайды.
24. АҚО немесе ТИ қызметкерлері сотталғандарға "Сiз" деп сөйлейді және оларды сотталған (сотталған азаматша) деп, одан әрi тегi бойынша атайды.
25. Мекеме қызметкерлеріне сотталғандармен және олардың туыстарымен қызмет мүддесіне қатысты емес қандай да бір қатынасқа түсуіне, сондай-ақ олардың қылмыстық-атқару заңнамасы мен осы Қағидаларда регламенттелмеген қызметтерді пайдалануына жол берілмейді.
6-тарау. Күн тәртібі
26. Әрбір АҚО немесе ТИ-да АҚО немесе ТИ бастығы бекіткен қатаң регламенттелген күн тәртібі (тергеу изоляторларында-күзетпен ұсталатын адамдардан бөлек) сотталғандардың сол немесе өзге құрамымен жұмыс істеу ерекшеліктерін, жыл уақытын, жергілікті жағдайларды және басқа да нақты мән-жайларды ескере отырып ұйымдастырылады.
27. Күн тәртібіне ұйқыдан тұру уақыты, тексеру, ұйқыға жату, дәретхана, дене жаттығуы, тамақтану, сейілдеу, тәрбие-алдын алу іс-шараларын өткізуі, кездесу бөлмелерінің, дүкеннің, АҚО-да немесе ТИ-да орналасқан медициналық ұйымның жұмыстары, телефонмен сөйлесу кіреді. Күн тәртібінде сотталғандардың үздіксіз сегіз сағаттық ұйқысы мен оларға жеке уақыттың берілуі көзделеді. Сотталғандардың аптасына кемінде бір рет жуынуы қарастырылады. Жуыну күні мен уақыты камера бойынша кестемен бекітіледі.
28. Осы Қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген сотталғандардың үлгілік күн тәртібіне қарай әзірленген күн тәртібі стенд түрінде ресімделеді және көрінетін жерге (камераларда, карантин бөлімшелерінде) орнатылады не ілінеді және персонал мен сотталғандардың назарына жеткізіледі.
7-тарау. Тамақтану
29. Сотталғандар үш рет ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Сотталғандар камераларда тамақ ішеді. Сотталғандарға тамақ дайындауды және таратуды АҚО немесе ТИ асханасының қызметкерлері АҚО немесе ТИ қызметкерлерінің бақылауымен күн тәртібінде белгіленген сағаттарда камера бойынша, есіктің желкөзі арқылы жүзеге асырады.
30. Тағамдық қасиеттері мен құнарлылығы бойынша тамақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 "Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысанының үлгілерін бекіту туралы" қаулысымен (бұдан әрі - Үкіметтің № 1255 қаулысы) бекітілген Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларына сәйкес келуге тиіс, санитариялық-эпидемиологиялық талаптар ескеріле отырып дайындалады және беріледі.
8-тарау. Сотталғандардың АҚО және ТИ шегінде қозғалу тәртібі
31. Сотталғандардың АҚО немесе ТИ аумағы бойынша жүріп-тұруы АҚО немесе ТИ қызметкерлерінің айдауылымен ғана жүзеге асырылады.
32. Сотталғандар айдауылмен немесе АҚО немесе ТИ қызметкерлерінің еріп жүруімен қозғалуы кезінде сотталғандар қолын артқа, арқасына ұстап жүреді. Айдауылдау уақытында тоқтаған кезде АҚО немесе ТИ қызметкерінің талап етуі бойынша тоқтайды және қабырғаға қарай бұрылып тұрады.
9-тарау. Сотталғандардың мінез-құлық қағидалары
33. АҚО-да немесе ТИ-да ұсталатын сотталғандар:
1) осы Қағидалармен белгіленген ұстау тәртібін сақтайды;
2) АҚО немесе ТИ әкімшілігінің заңды талаптарын орындайды;
3) тәртіп пен гигиенаны сақтайды,
4) күнделікті сейілдеуге шығады (сейілдеуден босатуды медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша АҚО немесе ТИ бастығы жүзеге асырады);
5) өрт қауіпсіздігі және еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтайды;
6) АҚО немесе ТИ мүлкіне ұқыпты қарайды;
7) кезектілік тәртібімен камералар мен басқа да үй-жайларды жинауды жүргізеді;
8) АҚО немесе ТИ қызметкерлерінің, сотталғандардың, сондай-ақ өзге де адамдардың қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеттер жасамайды;
9) Күзетпен ұстау тәртібін қамтамасыз ететін АҚО немесе ТИ қызметкерлеріне, сондай-ақ жоғары тұрған және қадағалау органдарының қызметкерлеріне олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтірмейді;
10) осы Қағидаларда көзделген белгіленген күн тәртібін сақтайды;
11) АҚО немесе ТИ қызметкерлері камераға кірген кезде олардың командасы бойынша орындарынан тұрады және көрсетілген орынға сапқа тұрады;
12) ұқыпты сыртқы келбетті сақтайды;
13) АҚО немесе ТИ қызметкерлерінің талап етуі бойынша өзінің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), қай бап бойынша сотталғанын, мерзімін, басталу мен аяқталу мерзімін хабарлайды;
14) кезек тәртібімен камера бойынша кезекшілік етеді.
34. Камера бойынша кезекші (сотталған):
1) АҚО немесе ТИ қызметкері камераға кірген кезде камерадағы сотталғандардың саны туралы баяндайды;
2) камералық мүкаммалдың, жабдықтың және уақытша пайдалануға берілген мүліктің (ыдыс-аяқ, төсек-орын жабдықтары, электр құралдары және т.б.) сақталуын қадағалайды;
3) камерада ұсталатын адамдар үшін ыдыс алады және оны өткізеді;
4) камерадағы тазалыққа қарайды;
5) камерада еден сыпырады және жуады, камерадағы санитарлық торапты, сейілдеу аяқталған соң сейілдеу ауласын жинайды.
35. Сотталғандарға:
1) АҚО-ның немесе ТИ-дің күн тәртібін бұзуға;
2) сөйлесулер жүргізуге, басқа камераларда немесе АҚО-ның өзге де үй-жайларында ұсталатын адамдарға қандай да бір заттар беруге, тықылдатуға, хат жазысуға, олармен кез келген тәсілмен байланыс орнатуға;
3) сөйлесулер жүргізудің, қандай да бір заттарды берудің және бостандықтағы немесе бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуші адамдармен хат алмасудың белгіленген тәртібін бұзуға;
4) әкімшіліктің рұқсатынсыз камерадан немесе басқа үй-жайлардан шығуға;
5) күзет объектілері, не АҚО немесе ТИ аумағының шекарасы желісін бұзуға;
6) рұқсат етілмеген заттарды сатып алуға, жасауға, қолдануға және сақтауға;
7) карта ойнауға, сондай-ақ материалдық немесе өзге де пайда табу мақсатында, үстел ойындарын ойнауға;
8) өзіне немесе камераластарының денесіне сурет салуға;
9) әкімшіліктің рұқсатынсыз жатын орындарына перде ілу және жатын орндарын ауыстыруға;
10) қолдан жасалған электр құрылғыларын пайдалануға;
11) электр құрылғыларын әкімшіліктің рұқсатынсыз пайдалануға;
12) камерада ашық от жағуға;
13) тамақ дайындауға;
14) камераларда арнайы тағайындалмаған орында және уақытта (темекі тарту орынын АҚО немесе ТИ әкімшілігі анықтайды) темекі тартуға;
15) профилактикалық медициналық тексеруден өтуден бас тарту немесе жалтаруға;
16) жануарлар, құстар, балықтар, жәндіктерді ұстауға;
17) АҚО немесе ТИ әкімшілігінің рұқсатынсыз сантехниканы, жарықтандыру және басқа да аспаптарды жөндеу немесе камерадағы жарықтандыруды реттеуге;
18) камералардағы кәріз құбырлары мен санитариялық тораптарды қасақана ластауға;
19) камерада киім, аяқ киім және іш киімдерді жууға;
20) АҚО-да немесе ТИ-де ұсталатын сотталғандардың негізі құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты камера қабырғасынан алып тастауға;
21) қабырғаларға, камералық мүкаммалға қағаздар, фотосуреттер, суреттер, газет, журналдар қиындыларын жапсыру, оларға жазу және сурет салуға;
22) камера есігіндегі көзшеден қарауға, АҚО немесе ТИ аумағы бойынша қозғалу кезінде дабыл сигнализациясының түймесін басуға;
23) қандай да бір затты терезеден тастауға, терезенің алдына шығуға, форточкадан қандай да бір затты шығаруға, желкөзден қарауға, есіктің "көзшесіне" жақын тұруға, "көзшені" жабуға;
24) медицина қызметкерінің ұсынуымен АҚО немесе ТИ бастығының рұқсатынан басқа күн тәртібінде ол үшін бөлінбеген уақытта жатын орынында болуға;
25) АҚО-да немесе ТИ-да жеке пайдаланатын заттарды сатуға, сыйға тартуға немесе өзге де тәсілдермен иеліктен шығаруға жол берілмейді.
10-тарау. Камераларға орналастыруды ұйымдастыру, қамаққа алуға сотталғандардың бар-жоғын тексеру тәртібі
36. Сотталғандарды камералар бойынша орналастыру ҚАК 85-бабының талаптарына сәйкес АҚО немесе ТИ бастығы не оны алмастыратын адам жедел және медициналық қызметкерлермен келісім бойынша бекіткен осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес камерада орналастыру жоспары негізінде жүзеге асырылады. Сотталғандарды камералар бойынша орналастыруды кезекші жүргізеді.
37. Науқас сотталғандарды орналастыру АҚО-да немесе ТИ-да орналасқан медициналық ұйымның медицина қызметкерінің келісімі бойынша жүргізіледі. Инфекциялық аурулардың болуына күдікті адамдар карантинге бөлінген камераларға орналастырылады. Карантин мерзімі медицина қызметкерінің көрсеткіштері бойынша белгіленеді. Инфекциялық аурулармен ауыратын немесе ерекше медициналық күтімді және бақылауды қажет ететін науқастар басқа сотталғандардан бөлек орналастырылады.
38. Ерлер, әйелдер, сондай-ақ бұрын жазасын өткерген және соттылығы бар адамдар бөлек ұсталады. Сотталған соттар, құқық қорғау, арнайы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлері, сотталғандардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті адамдар басқа сотталғандардан оқшау ұсталады.
39. Сотталғандар осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес жалпы камераларды жабдықтауға қойылатын талаптарға сәйкес жабдықталған жабылатын жалпы камераларда ұсталады. Сотталғандарды жалғыз адамдық камераларға орналастыруға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сотталған адамды жалғыз адамдық камераға ауыстыру туралы прокурор санкциялаған АҚО немесе ТИ бастығының қаулысы бойынша мынадай жағдайларда:
1) ҚАК-нің 85-бабында көзделген бөлек орналастыру талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге өзге мүмкіндік болмаған жағдайда;
2) сотталғанның жедел қызмет бұрыштама қойған жеке адамды ұстау туралы жазбаша немесе ауызша өтініші болған кезде өмір мен денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде жүзеге асырылады.
40. Осы Қағидалардың 37 және 38-тармақтарында көрсетілген оқшаулау тәртібі сотталғандардың барлық жүріп-тұруы кезінде, оның ішінде АҚО немесе ТИ аумағы бойынша жүріп-тұру, тінту іс-шараларын, сейілдеуді, санитариялық өңдеуді, адвокаттармен кездесуді жүргізу кезінде қамтамасыз етілуге тиіс.
41. АҚО-да немесе ТИ-да сотталғандардың бар-жоғын тексеруді камералар бойынша кезекші күн тәртібінде белгіленген уақытта күн сайын таңертең және кешке жүзеге асырады. Сотталғанның жоқтығы туралы күдік болған кезде қосымша тексеру жүргізіледі.
42. Тексеру осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір сотталған адамға жүргізілген камералық карточка бойынша жүргізіледі. Картотеканы кезекші жүргізеді және сақтайды.
Профилактикалық есепке қойылған сотталғандардың тексеру камералық карточкаларына мынадай айырым жолақтары салынады: қашуға бейім сотталғандар үшін - қызыл түсті; профилактикалық есепке алудың қалған түрлері үшін - қара түсті.
43. Қашуға бейім ретінде профилактикалық есепте тұрған сотталғандарды тегі бойынша карточкалық тексеру қосымша әрбір екі сағат сайын жүзеге асырылады.
11-тарау. Сотталғандарды сейілдеуге шығару
44. Сотталғандар күнделікті ұзақтығы бір жарым сағаттан аспайтын сейілдеуді пайдаланады. Сейілдеу ұзақтығын АҚО немесе ТИ әкімшілігі күн тәртібін, ауа райын, АҚО немесе ТИ толуын және басқа да мән-жайларды ескере отырып белгілейді.
45. Сотталғандарға сейілдеу тәуліктің жарық уақытында беріледі. Әртүрлі камераларда ұсталатын адамдарды сейілдеуге шығару уақыты АҚО немесе ТИ бастығымен бекітілген кесте бойынша белгіленеді.
46. Сейілдеу аулаларының аумағында жүргізіледі, оларды жабдықтауға қойылатын талаптар осы Қағидаларға 11-қосымшада көрсетілген. Сейілдеу аулалары отыруға арналған орындықтармен және жаңбырдан қорғайтын қалқалармен жабдықталады.
47. Сейілдеуді мерзiмiнен бұрын тоқтату үшін сотталғандар сейілдеуді өткізуге жауапты адамға тиісті өтінішпен жүгінеді, ол АҚО немесе ТИ бастығына немесе оның орынбасарына жеткізеді. Содан кейін сейілдеу тоқтатылады.
12-тарау. Хат алмасуды жүзеге асыру, ақша аударымдарын ресімдеу
48. Сотталғандар өз қаражаты есебінен айына бір рет хаттар алады және жібереді. Хат-хабарларды алу мен беру АҚО немесе ТИ әкімшілігі арқылы ғана жүргізіледі.
49. Сотталғандарға ұсыныстар, арыздар және шағымдар жазу үшін олардың өтініштері бойынша жазу құралдары (қағаз, шарикті қаламсап) беріледі.
50. АҚО немесе ТИ қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын, цензураға жатпайтын мемлекеттік органдарға жолданғандарды қоспағанда, хаттар мен өтініштер мөрленген түрде АҚО немесе ТИ әкімшілігінің өкіліне беріледі және бір тәуліктен кешіктірілмей (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) тиесілігі бойынша жіберіледі.
51. Сотталғандардың хат жазысуы цензураға ұшырайды. Сотталғандардың хаттары және олардың атына келіп түскен, құпия жазумен, шифрмен, басқа да шарттылықтарды немесе сотталғандарға тән лексиканы қолдана отырып орындалған, сондай-ақ арсыз сипаттағы не мемлекеттік, қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын хаттар адресатқа жіберілмейді және сотталған адамға берілмейді және оң күнтізбелік күн өткеннен кейін жойылуға жатады. Бұл туралы жөнелтуші хабардар етіледі және сотталған адамға оның жою туралы шешімге шағым келтіру құқығы түсіндіріле отырып қол қойғызып хабарланады.
52. Сотталғандарға келiп түскен ақша аударымдары олардың жеке шоттарына аударылады.
53. Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша келіп түскен жауаптар сотталғандарға олар келіп түскен кезде, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірілмей қолхат арқылы хабарланады және олардың жеке істеріне тігіледі.
13-тарау. Сотталғандарды жеке қабылдау тәртібі
54. АҚО немесе ТИ бастығының не оны алмастыратын адамның не олар уәкілеттік берген адамдардың сотталғандарды жеке қабылдауы жұмыс уақыты ішінде демалыс және мереке күндерін қоспағанда, АҚО немесе ТИ бастығы бекіткен кесте бойынша күн сайын жүзеге асырылады.
Қабылдауға қабылданған сотталғандарды есепке алу олар жүгінген мәселелерді және оларды қарау нәтижелерін көрсете отырып, осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сотталғандарды және өзге де адамдарды жеке мәселелері бойынша қабылдау журналында жүргізіледі, оның мазмұнымен АҚО немесе ТИ бастығы апта сайын танысады.
55. Жеке қабылдау сотталғандардың алдын ала өтiнiші бойынша жүзеге асырылады.
Қабылдау туралы өтініштер АҚО немесе ТИ бастығының не оны алмастыратын адамның атына жазбаша немесе ауызша беріледі және сотталған өтініш жасаған лауазымды адамды көрсете отырып, оларды беру кезектілігі тәртібімен жеке қабылдау журналына тіркеледі. Қабылдау өтініштерді беру кезектілігі тәртібімен жүргізіледі. Қабылдау аяқталғаннан кейін жеке қабылдау туралы өтініште оның нәтижелері тіркеледі. Өтініш сотталғанның жеке ісіне тігіледі.
56. Жоғары тұрған қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлері АҚО-ға немесе ТИ-ға бару кезінде олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотталғандарды қабылдауды жүргізеді. Көрсетілген адамдар қабылдайтын сотталғандарды есепке алу журналдың екінші бөлігінде жүргізіледі.
57. АҚО немесе ТИ бастығы немесе ол уәкілеттік берген адам айына кемінде бір рет қабылдау кезінде қабылданған шешімдердің орындалуын тексереді.
58. АҚО немесе ТИ бастығы, оның орынбасарлары сотталғандардың туыстарын немесе өзге адамдарды жеке қабылдауды келушiлер бөлмесiне iлiнетiн бекітілген кестеге сәйкес айына кемінде бір рет жүргізеді. Сотталғандардың туыстарын немесе өзге азаматтарды жеке қабылдау нәтижелерi және олардың қорытындысы бойынша қабылданған шаралар карточкада белгiленедi.
14-тарау. Кездесулер, телефон арқылы сөйлесулер беру тәртібі
59. Сотталғандарға білікті заң көмегін алу үшін олардың жазбаша немесе ауызша өтініші бойынша адвокаттармен олардың саны, ұзақтығы шектелмей және олардың құпиялылығы қамтамасыз етілетін жағдайларда кездесулер беріледі. Адвокатқа сотталғанмен кездесу оның адвокат куәлігі және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламасы болған кезде беріледі. Кездесулер АҚО немесе ТИ қызметкеріне сотталған мен адвокатты көруге, бірақ оларды тыңдамауға мүмкіндік беретін жағдайларда жүргізіледі.
60. Сотталғандармен кездесуге рұқсат алған адамдарға АҚО-ға немесе ТИ-ға техникалық байланыс құралдарын, компьютерлерді, кино -, фото-, аудио-, бейне- және көбейту аппаратурасын алып кіруге және кездесу кезінде пайдалануға жол берілмейді.
61. Сотталған адамға Тізбеде көзделмеген заттар мен нәрселерді беруге не одан алуға әрекет ету, сондай-ақ адвокатқа қылмыс және өзге де құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін мәліметтері бар заттарды беруге не одан алуға әрекет жасаған кезде кездесу мерзімінен бұрын тоқтатылады.
62. Кездесу мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде АҚО-ның немесе ТИ-дің оның жүргізілуіне жауапты қызметкері кездесуді тоқтау себебін көрсете отырып, АҚО немесе ТИ бастығына жазбаша түрде баяндайды.
63. Сотталғандармен кездесу ұсынуды қысқа мерзімге тоқтатқанда (эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуге, ерекше жағдай режимін енгiзуге байланысты және басқа себептер бойынша) АҚО немесе ТИ бастығы бұл туралы АҚО-да немесе ТИ-да заңдылықтың сақталуына қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға жазбаша хабарлайды. Келушілерге арналған бөлмеде тиісті хабарландырулар iлiнедi.
64. Сотталған адамның жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен телефон арқылы сөйлесуі жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болған немесе науқастың өміріне қауіп төндіретін ауыр науқастанған, оның отбасына елеулі материалдық залал келтірген дүлей зілзала және жеке сипаттағы өзге де ерекше мән-жайлар болған жағдайларда жеке қаражаты есебінен беріледі.
Сотталған адам еркін нысандағы өтінімді жазады, онда абоненттің мекенжайы, телефон нөмірі, негізі (хаты) және сөйлесу ұзақтығы 15 минутқа дейін көрсетіледі. Қалааралық телефон сөйлесулеріне ақы төлеу сотталғандардың жеке шоттарында ақша қаражаты болған кезде қолданыстағы тарифтер бойынша жүзеге асырылады. Таксофон бойынша телефон арқылы сөйлесулерге ақы төлеу сотталғанның таксофон карточкасынан жүргізіледі. Сотталған АҚО немесе ТИ бақылаушысының айдауылымен камерадан телефон немесе таксофон аппаратына шығарылады және телефон сөйлесулері АҚО немесе ТИ әкімшілігінің бақылауымен жүргізілетіні туралы ескертіледі.
65. Телефонмен сөйлесу өткізілгеннен кейін АҚО-ның немесе ТИ-дің сөйлесуді өткізуге жауапты қызметкері өтінімге болған не қандай да бір себеппен болмаған телефонмен сөйлесулер туралы тиісті белгі қояды. Одан кейін өтінім тіркеу және тиісті номенклатуралық іске енгізу үшін кездесу бөлменің бақылаушысына беріледі. Сөйлесулерді кешкі уақытта (сағат 19-дан 20-ға дейін) өткізген кезде, кезекші өтінімдерді кездесу бөлмесіне келесі күні тапсырылады.
66. Қылмыстық-атқару жүйесінің басқа мекемелерінде ұсталатын сотталғандар арасында телефон арқылы сөйлесуге жол берілмейді.
67. Телефон немесе таксофон аппаратын пайдалану және сөйлесу тәртібі бұзылған кезде сөйлесулер дереу тоқтатылады.
15-тарау. Сотталғандарға көтермелеу мен жазалау шараларын қолдану
68. Міндеттерін үлгілі орындағаны, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін сақтағаны үшін және ҚАК-тің 128-бабына сәйкес сотталғандарға көтермелеу шаралары қолданылады.
69. Көтермелеу АҚО немесе ТИ бастығының дәлелді қаулысымен қолданылады.
70. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жазалар АҚО немесе ТИ бастығының осы Қағидағаларға 13-қосымшасына сәйкес сотталған адамға жаза қолдану туралы дәлелді қаулысымен қолданылады және осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамаққа алу түріндегі жазаға сотталғандардың жазаларын есепке алу журналында тіркеледі. Жаза қолдану туралы материалдар сотталғандардың жеке істеріне тігіледі. Бір бұзушылық үшін кінәлі сотталғанға біреуден артық жаза қолданылмайды.
71. Осы Қағидаларда белгіленген талаптарды орындамағаны үшін сотталғандарға ҚАК-нің 131-бабына сәйкес жазалау шаралары қолданылады.
72. Жаза тәртіп бұзушылықтың жасалу мән-жайлары мен сотталған адамның мінез-құлқы ескеріле отырып қолданылады. Жаза бұзушылық анықталған күннен бастап он тәуліктен кешіктірілмей, ал егер бұзушылыққа байланысты тексеру жүргізілсе - ол аяқталған күннен бастап, бірақ бұзушылық жасалған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады. Жаза дереу, ал оны дереу қолдану мүмкін болмаған кезде - оны қолданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады.
73. Жазалау шараларын қолдануға дейін сотталған жазбаша түсініктеме береді, ал түсініктемені беруден бас тартқан кезде ол туралы тиісті акт жасалады.
16-тарау. Қамаққа алуға сотталғандарға бас бостандығынан айыру орындарынан тыс жерлерге шығуды ұсыну тәртібі
74. АҚО немесе ТИ шегінен тысқа шығуға рұқсатты сотталғанның жазбаша өтініші негізінде АҚО немесе ТИ бастығы береді.
75. Қысқа мерзімді шығуға рұқсат алуға арналған өтінішке ҚАК-нің 86-бабында көрсетілген айрықша жеке мән-жайлардың болуын растайтын құжаттар қоса беріледі.
76. Қысқа мерзімді шығуға рұқсат алған сотталғанға осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік беріледі, оған шығу тәртібі түсіндіріледі. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден жалтарғаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 427-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылық туралы ескертіледі, бұл туралы ол осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
Жолға шығуға байланысты шығыстарды өз қаражаты есебінен төлеуге сотталғанның жазбаша өтініші негізінде АҚО немесе ТИ бухгалтериясы береді.
77. Жол жүру билетін сотталғанның өзі алады, сотталғанның ақшалай қаражаты болмаған кезде АҚО немесе ТИ әкімшілігі оны жол жүру билетімен қамтамасыз етеді.
78. Белгіленген жерге келгеннен кейін бір тәулік мерзімде сотталған адам ішкі істер органдарының кезекші бөліміне, ал ауылдық жерде-учаскелік полиция инспекторына келеді, келгені туралы белгі қою үшін куәлігін көрсетеді, келу мақсатын, болу мерзімі мен орнын, кету күнін хабарлайды. Қысқа мерзімді шығу аяқталғаннан кейін сотталған сол ішкі істер органында АҚО немесе ТИ орналасқан жерге кеткені туралы белгі қою үшін куәлігін көрсетеді. АҚО немесе ТИ-ға түнгі уақытта немесе таңертең ерте кеткен кезде белгі кету алдындағы күні қойылады. Келу және кету күні туралы белгілер ішкі істер органының мөрімен куәландырылады.
79. АҚО-ға немесе ТИ-ға қайтып оралғаннан кейін сотталған куәлігі мен жол жүру билетін көрсетеді. Сотталған адамның белгiленген мерзiмде шығуын қиындататын күтпеген мән-жайлар туындаған кезде, сотталғанның келген жеріндегі ішкі істер органы бастығының қаулысы бойынша АҚО немесе ТИ-ға оралу мерзімі АҚО немесе ТИ әкімшілігіне бұл туралы міндетті түрде жедел хабарлай отырып, 5 тәулікке дейін ұзартылады.
80. Шығу кезінде сотталған ауырып қалған және емдеуге жату қажет болған жағдайда сотталған немесе оның жұбайы, ата-анасы немесе жақын туыстары сотталған жазасын өтеп жатқан АҚО немесе ТИ әкімшілігіне және болған жері бойынша ішкі істер органына бұл туралы сол күні хабарлайды. Мұндай жағдайда сотталған ең жақын маңдағы денсаулық сақтаудың медициналық ұйымына жіберіледі. Емдеу аяқталған соң және шығарғаннан кейін сотталған жазасын өтеу орнына барады.
81. Есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын, психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адам деп танылған, сондай-ақ туберкулезден, инфекциядан, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығынан (ауруынан) емделудi аяқтамаған сотталғандарға АҚО немесе ТИ-дан тыс шығуға рұқсат етілмейді.
17-тарау. Тәртіптік изоляторда қамаққа алуға сотталғандарды ұстау жағдайлары
82. Тәртіптік изоляторға жабу АҚО немесе ТИ бастығының қаулысы және сотталғанның тәртіптік изоляторда болу мүмкіндігі туралы медицина қызметкерінің қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
83. Сотталғандары тәртіптік изоляторда ұстау жалғыз адамдық. Тәртіптік изоляторда сотталғандар жеке жатын орынмен және тек ұйықтар кезде белгіленген уақытқа төсек жабдықтарымен қамтамасыз етіледі. Тәртіптік изоляторда ұстау кезеңінде сотталғандарға хат жазысуға, тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға, хаттар, сәлемдемелер, сауқаттар мен бандерольдер алуға, үстел ойындарын, кітаптарды, газеттерді, журналдарды және өзге де әдебиетті пайдалануға жол берілмейді. Сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдар сотталғандарға тәртіптік изоляторда болу мерзімі аяқталғаннан кейін беріледі.
Босату медициналық көрсеткіштер бойынша немесе прокурордың талабы бойынша жүргізілетін жағдайларды қоспағанда, сотталғандарды тәртіптік изолятордан мерзімінен бұрын босатуға жол берілмейді.
84. Тәртіптік изоляторға қамауға алынған сотталғандарға өзімен бірге тамақ өнімдерін, сүлгілерден, сабыннан, тіс ұнтағынан, пастадан, тіс щеткасынан, темекі бұйымдарынан, сіріңкеден басқа жеке заттарын алып жүруге рұқсат етілмейді. Тәртіптік изоляторда ұсталатын сотталғандар тек сейілдеу уақытында ғана темекі шегеді. Сотталғандардың тәртіптік изолятор камераларында темекі шегуіне жол берілмейді. Темекі бұйымдары, оттықтар, сіріңкелер күн тәртібіне сәйкес сотталғандарды сейілдеуге шығару кезінде беріледі және тәртіптік изолятордың сақтау камераларындағы арнайы жабдықталған шкафта (жәшікте) сақталады.
85. Сотталғандардың тамақ өнімдері қоймаға өткізіледі және жазалау шараларын өтеп болған соң беріледі. АҚО немесе ТИ әкімшілігі олардың сақталуына қажетті шаралар қабылдайды, алайда табиғи себептерге байланысты тамақ өнімдері ұзақ сақтау нәтижесінде бұзылса, бұл туралы комиссиялық акт жасалады (ерікті нысанда) және олар жойылады.
86. Сотталғандарды тәртіптік изоляторға және жалғыз адамдық камераларға қабылдау кезінде толық тінту жүргізіледі, содан соң осы үй жайларға бекітілген киімдерді киеді.
87. Сотталғандардың тамақтануы тәртіптік изолятордың камераларында жүргізіледі.
88. Тәртіптік изоляторларда ұсталатын сотталғандарды медициналық тексеру мен амбулаториялық жағдайда медициналық көмек арнайы жабдықталған үй-жайларда жүзеге асырылады. Санитарлық өңдеу басқа сотталғандардан бөлек жүргізіледі.
89. Тәртіптік изоляторға жабылған сотталғандарға төсек жабдықтары ұйықтау кезінде ғана беріледі.
90. Тәртіптік изолятор камераларында кезекшілік және жинау әрбір сотталғанға кезекпен жүктеледі. Кезекшінің міндеттерін АҚО немесе ТИ әкімшілігі белгілейді. Жалғыз адамдық камераларды жинауды онда ұсталушылар жүзеге асырады.
91. АҚО немесе ТИ бастығы болмаған кезде жасалған қылмыстыңнемесе режимді қасақана бұзудың жолын кесу мүмкін болмаған жағдайда, сотталғандар бірақ АҚО немесе ТИ бастығы келгенге дейін кезекшінің қаулысымен тәртіптік изоляторларға,бірақ 24 сағаттан артық емес орналастырылады. Мұндай изоляция тәртіптік жаза болып табылмайды.
18-тарау. Сотталғанның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету
92. Сотталғандар мен басқа да адамдардың тарапынан сотталған адамның өміріне, денсаулығына не қадір-қасиетіне қауіп туындағаны туралы сотталған жазбаша немесе ауызша өтініш жасаған кезде АҚО немесе ТИ бастығы қатерді жою үшін, оның ішінде сотталғанды қауіпсіз жерге ауыстыру немесе алып жүру арқылы дереу шаралар қабылдайды.
Сотталған адамның өміріне, денсаулығына не қадір-қасиетіне қауіп туындағаны анықталған кезде оның келісіміне қарамастан АҚО немесе ТИ әкімшілігі оны жою бойынша оның ішінде сотталғанды қауіпсіз орынға ауыстыру арқылы дереу шаралар қабылдайды.
93. Екі және одан да көп сотталған адамға қатер төнгені анықталған кезде АҚО немесе ТИ әкімшілігі қатер көзін оның келісіміне қарамастан қауіпсіз орынға ауыстыру жөнінде дереу шаралар қабылдайды.
94. Сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру АҚО немесе ТИ бастығының қаулысы бойынша отыз тәулікке дейінгі мерзімге жүргізіледі.
Бастық болмаған кезде, сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру туралы шешімді кезекші ол келгенге дейін қабылдайды, бірақ жиырма төрт сағаттан аспауы тиіс.
95. Сотталған адамның қауіпсіз орында болуын отыз тәулікке дейінгі мерзімге ұзарту АҚО немесе ТИ бастығының прокурормен келісілген қаулысы бойынша жүзеге асырылады.
96. Қауіп сақталған кезде осы Қағидалардың 93 және 94-тармақтарында көрсетілген АҚО немесе ТИ әкімшілігі сотталған адамды жазасын одан әрі өтеуі үшін өзге АҚО-ға немесе ТИ-ға жіберу бойынша шаралар қабылдайды.
97. Қауіпсіз орынға ауыстырылған сотталған адам қауіпсіз орынға ауыстырылғанға дейін өзіне айқындалған ұстау жағдайларында жазасын өтейді.
98. АҚО немесе ТИ бастығы қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешімді қабылдайтын және оларды қылмыстық сот ісін жүргізудің қатысушысы болып табылатын сотталған адамға қатысты жүзеге асыратын органдарға жәрдем көрсетеді.
19-тарау. Материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету
99. Сотталғандар Үкіметтің № 1255 қаулысына сәйкес төсек және төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз етіледі.
100. Сотталғандарға апта сайын ауыстырылатын төсек жабдықтары беріледі, сондай-ақ апта сайын сотталғандарға ұзақтығы 30 минут моншада жуыну мүмкiндiгі берiледi.
101. Сотталғандардың қырынатын құралдарын сақтау мен есепке алуды АҚО немесе ТИ әкімшілігі жүзеге асырады, оларды сотталғандарға беру күн тәртібінде белгіленген уақытта жүргізіледі.
102. Үстел ойындары бiр камераға бiр жинақ есебінен берiледi.
103. АҚО немесе ТИ кiтапханасынан газеттер олардың келiп түсуіне қарай бiр камераға бiр газеттен берiледi. АҚО-ның немесе ТИ-дің кiтапханасынан кiтаптар мен журналдарды айырбастау аптасына бiр рет жүргiзiледi.
104. Тамақ өнімдерін, бірінші кезекте қажетті заттар мен өнеркәсіп тауарларын сатып алғысы келетін адамдар АҚО немесе ТИ бастығының атына осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жазады.
АҚО немесе ТИ дүкенінің қызметкері қаржылық қамтамасыз ету қызметінде тауарларды сатып алуға ниет білдірген сотталғандардың жеке шоттарында ақшаның болуын тексереді. Сатып алынған тауарлар камералар бойынша таратылып, қолхатпен тапсырылады.
105. Жұмыс күні аяқталғаннан кейін дүкен қызметкері аванстық есеп жасайды және өтініммен қоса оны жеке шоттардан ақшаны есептен шығару үшін қаржылық қамтамасыз ету қызметіне тапсырады.
Тамақ өнімдерін және бірінші кезекте қажет заттарды алуға арналған өтінімнің және қолхаттың негізінде олардың бағасы сотталғандардың жеке шоттарынан шегеріледі.
АҚО немесе ТИ әкімшілігі сотталғандардың тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажет заттарды сатып алуға жұмсаған ақшаның саны туралы жеке ісіне белгі қояды.
20-тарау. Сотталғандарға сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдар қабылдау және беру тәртібі
106. Сотталғандарға жолданған сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдерді қабылдау осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес сәлемдемелерді қабылдау бөлмесінің жиһазы мен мүкәммалының тізбесіне сәйкес жабдықталған АҚО немесе ТИ үй-жайында жүзеге асырылады.
107. Сотталғандарға ҚАК-тің 86-бабына сәйкес айына бір рет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14370 болып тіркелген) пошта байланысы қызметтерін ұсыну қағидаларында (бұдан әрі-пошта байланысы қызметтерін ұсыну қағидалары) көзделген нормалардан аспауға тиіс, бірінші кезекте қажетті заттар мен маусым бойынша киімдері бар сауқаттар, сәлемдемелер, бандерольдер алуға рұқсат етіледі. Сәлемдемелер келушілердің кезектілігі тәртібімен қабылданады. Тізбе сәлемдемелерді қабылдауға арналған үй-жайда мемлекеттік және ресми қолданылатын орыс тілдерінде ілінеді.
108. Сәлемдемені жеткізген адам осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада өтінімді толтырады және оған қол қояды. Өтінімнің екі данасы, сәлемдеме, сәлемдемені жеткізген адамның жеке басын куәландыратын құжат АҚО немесе ТИ қызметкеріне беріледі. Жеке басты куәландыратын құжат сәлемдеменің ішіндегісін салыстырып тексергеннен кейін қайтарылады.
109. Сәлемдеменің ішіндегілердің бар-жоғын, салмағын салыстыру мен тексеру осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес тамақ және заттай сәлемдемелер мен сауқаттарды тексеру тәртібіне сәйкес сәлемдемені жеткізушінің қатысуымен жүзеге асырылады. Сәлемдеме мен сауқаттардың ішіне салынатын заттардың тізбесі мен салмағы тексеріледі және өтініште белгіленеді. Жеке басын куәландыратын құжат сәлемдеме мен сауқатты салыстырып тексеру не ішіндегілерді тексеру аяқталған соң қайтарылады.
110. Сауқатты қабылдаған соң АҚО немесе ТИ қызметкері келушілерге жеке құжаттарын және өтінімнің бірінші данасын қабылдап алғаны туралы қолхатпен қайтарады, ал екінші данасын сотталған сәлемдемені қабылдап, қол қойған соң оның жеке ісіне тігеді. Анықтама карточкасында осы адамға сәлемдемелерді қабылдағаны туралы белгі қойылады. Сотталған өтінімге қол қоюдан бас тартқан кезде онда бұл туралы тиісті белгі қойылады.
111. Сәлемдемелер мынадай:
1) адресат босатылған;
2) сотталған қайтыс болған;
3) сәлемдеменің салмағы Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында көзделген норма бойынша сәйкес келмеген;
4) сәлемдемені жеткізуші адам жеке басын куәландыратын құжатты көрсетпеген;
5) сәлемдемелерді қабылдауға өтінім дұрыс ресімделмеген;
6) сотталғанның өзіне жолданған сәлемдемені қабылдаудан жазбаша бас тартуы болған жағдайларда қабылданбайды немесе келушіге қайтарылады.
112. АҚО-да, ТИ-да орналасқан медициналық ұйымда немесе денсаулық сақтаудың медициналық ұйымында емдеу курсынан өткен адамдарға жолданған сәлемдемелердің ішіндегісін қабылдау кезінде емдеуші дәрігерлердің ұсынымдары ескеріледі.
113. Сауқаттардың ішіндегісін ашқаннан және салыстырғаннан кейін тізімдеме екі данада жасалады, онда:
1) заттар мен өнімдердің атауы мен тізбесі;
2) олардың сыртқы белгілері;
3) сапасы, ішіндегісінен нақты алынған немесе сақтауға тапсырылғаны көрсетіледі.
Сақтауға рұқсат етілген заттар, заттектер мен тамақ өнімдері сотталғанға тізімдемеге қол қойғызып беріледі, оның бірінші данасы оның жеке ісіне, ал екіншісі номенклатуралық іске тігіледі.
114. Сотталғандардың сақтауына және пайдалануына тыйым салынған сәлемдемелерден табылған заттар, заттектер мен тамақ өнімдері қайтару себептерін көрсете отырып, беруді жеткізген адамға қайтарылады. Тиым салынған заттарды, бұйымдарды және нәрселерді, онын ішінде ақша мен бағалы заттарды табудың әрбір жағдайы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады, бұл ретте ақша және бағалы заттар сот шешімі бойынша мемлекет кірісіне алынады.
115. Сауқаттар мен бандерольдер жөнелтушілерге осы Қағидалардың 111-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда "қайтарылуы тиіс" деген белгісі бар төлеммен пошта арқылы қайтарылады.
116. Тәртіптік изоляторға қамауға алынған адамдардың атына келіп түскен сауқаттар, сәлемдемелер және бандерольдер сақтау үшін қоймаға тапсырылады және сотталғандарға олардың тәртіптік изоляторда болу мерзімі аяқталғаннан кейін тапсырылады.
117. Сотталғандардың туыстарына АҚО немесе ТИ қаржылық қамтамасыз ету қызметі арқылы кейіннен сотталғандарға тапсыру үшін АҚО немесе ТИ дүкенінде сатылатын тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажетті заттардың және басқа да өнеркәсіп тауарларының құнын төлеуге мүмкіндік беріледі.
Бұл жағдайда туысы немесе өзге тұлға АҚО немесе ТИ қаржылық қамтамасыз ету қызметіне екі данада (еркін нысанда) өтінім береді, онда ол құнын төлегісі келетін тамақ өнімдерінің және басқа да тауарлардың саны мен салмағы көрсетіледі және қажетті соманы енгізеді. Сотталған сатып алынған тауарды алғаннан кейін өтінімнің бірінші данасы оның қолымен тауардың құнын төлеген адамға қайтарылады, ал екінші данасы жеке іске тігіледі. Анықтамалық картотекаға тиісті белгі қойылады.
118. АҚО немесе ТИ әкімшілігі сауқаттардың, сәлемдемелер мен бандерольдардың ішіндегілердің сақталуын қамтамасыз етеді, бірақ бұл заттардың ұзақ сақталуы нәтижесінде табиғи бұзылуына және тексеру кезінде тауарлық түрінің жоғалуына жауап бермейді.
119. Сәлемдеме, сауқат және бандероль қабылданғаннан кейін сотталғанға бір тәуліктен кешіктірілмей, ал сотталған қысқа мерзімді демалысқа, емделуге жатуға не тәртіптік изоляторға жабылған кезде, ол қайтып келген соң не жазалау шараларын өтеп болған соң табысталады.
120. Сауқаттарды, бандерольдерді және хат-хабарларды жеткізуге жауапты АҚО немесе СИ қызметкері оларды пошта бөлімшесінен алған кезде қаптамалардың, тапсырыс хаттарының конверттерінің бүтіндігін мұқият тексереді. Зақымдану анықталған жағдайда, екі данада акт жасайды, онда бүліну сипаты көрсетіледі және пошта бөлімшесінің қызметкері қол қояды. Бір данасын пошта бөлімшесінде қалдырады, екіншісін жинақтауыш папкаға тігеді.
21-тарау. Сотталғандарды медициналық-санитариялық қамтамасыз ету тәртібі
121. АҚО-да немесе ТИ-да орналасқан медициналық ұйымда сотталғандарды қабылдау АҚО-да немесе ТИ-да орналасқан медициналық ұйымның жұмыс режимiне сәйкес алдын-ала жазба бойынша және медициналық көрсеткіштер бойынша жүргiзiледi. Шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған кезде қабылдау кестеден тыс және кез келген уақытта жүзеге асырылады, сондай-ақ шұғыл жағдайларда сотталғандар денсаулық сақтаудың медициналық ұйымына жіберіледі.
122. Сотталғанның туысқандарынан алынған дәрілік заттарды қабылдау қатаң медициналық көрсеткiштер бойынша және тек АҚО-да немесе ТИ-да орналасқан медициналық ұйымның медицина қызметкерлерінің қатаң бақылауымен жүзеге асырылады және АҚО-да немесе ТИ-да орналасқан медициналық ұйымда сақталады.
123. Үздіксіз ем қабылдауды қажет ететін аурумен науқастанған сотталғандар тағайындалатын дәрілік заттардың тәуліктік нормасын өзінде сақтай алады.
Осы дәрілік заттарды сотталғанның қолына қабылдау тәулігіне бөлу туралы мәселені шешу сақтауға арнайы рұқсатты ресімдей отырып, дәрігердің тағайындауына сәйкес қабылданады.
124. Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес құрылған АҚО немесе ТИ медициналық комиссиясының шешімі бойынша туберкулезбен ауыратын немесе жыныстық жолмен берілетін жұқпалы немесе тері-жұқпалы ауруларға қарсы толық емдеу курсынан өтпеген сотталғандар, сондай-ақ жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы бар сотталғандар, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 745 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21534 болып тіркелген) міндетті емдеуден өтеді.
125. Сотталғандар өздерінің қалаулары бойынша бар ауруына сәйкес медициналық ұйым көрсететін ақылы, қосымша медициналық қызмет алады.
Бұл үшін сотталған АҚО немесе ТИ бастығына тиісті өтініммен жүгінеді, онда ол алғысы келген қосымша медициналық қызметтің түрін көрсетеді.
Медицина қызметкері АҚО-ға немесе ТИ-ге келген кезде сотталғанның сырқатының тиісті бейінін емдеуге медициналық қызметпен айналысуға құқығын растайтын құжатты көрсетеді.
Қосымша медициналық қызметтің түрі және оның көлемі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық құжаттама нысандарына сәйкес сотталғанның медициналық картасында тіркеледі.
Қосымша медициналық қызметті төлеуді сотталғанның жеке есеп шотынан ақшаны сотталғанның өтінімінде көрсетілген сомада медициналық ұйымның не медицина қызметкерінің мекенжайына пошта арқылы аудару жолымен АҚО немесе ТИ әкімшілігі жүзеге асырады.
Сондай-ақ сотталғандардың қосымша медициналық қызметке төлемін олардың туыстары жүзеге асырады.
22-тарау. АҚО-да немесе ТИ-да қайтыс болған сотталғандардың денесін беру тәртібі
126. Сотталғанның қайтыс болғаны туралы АҚО немесе ТИ әкімшілігі оның жақын туыстарына, осы факті бойынша тексеру жүргізетін прокурорға, сондай-ақ басқарманың жоғары тұрған органына дереу жазбаша нысанда хабарлайды.
Егер қайтыс болған адамның туыстары АҚО немесе ТИ орналасқан елді мекенде тұрмайтын болса, хабарлама пошта арқылы жіберіледі.
Шетел азаматтардың қайтыс болғаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің басшылығына дереу хабарланады. Бұдан басқа қамауда ұстау орындарында заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, сондай-ақ қайтыс болған адам азаматты болып табылатын мемлекеттің елшілігіне немесе өзге де өкілдігіне жазбаша хабарланады.
127. Қайтыс болған адамның мәйіті патологиялық-анатомиялық зерттеуден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 131-бабында көзделген іс-әрекеттер жүргізілгеннен кейін оны сұраған адамдарға беріледі. Мәйіті сұралмаған қайтыс болған адамды жерлеу мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
128. Қайтыс болған адамның туыстарына қайтыс болғаны туралы куәліктіалу тәртібі түсіндіріледі. Жерлеу жабдықтарымен денені сұраған адамдар қамтамасыз етеді. Жерлеу оның есебінен жүзеге асырылады.
129. Егер қайтыс болған адамның туыстары немесе өзге адамдар денені алып кетуге уақтылы келе алмайтын болса, олар ол туралы хабарлауы және оны белгіленген мерзімнен артық сақтағаны үшін құнын төлейді.
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша |
нысан
АКТ
20___ж. "___"________________ __________________________ облысы бойынша
ҚАЖ департаментінің (бұдан әрі - ҚАЖД) арнайы қабылдау орны
Бiз төменде қол қойғандар ________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
______________________________________________________________________
Сотталған _____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған жылы, бабы, мерзімі)
______________________________________________________________________
_________________________ облысы бойынша ҚАЖД арнайы қабылдау орнына
______________________________________________________________________
(сотталғанның фотосуретінің, сауалнама деректерінің, жеке басын
______________________________________________________________________
растайтын құжаттардың сәйкес келмейтінін көрсету)
______________________________ қабылдау кезінде осы актіні жасадық.
_________________________________ ____________________________________
(лауазымы, атағы) (лауазымы, атағы)
_______________________________ ______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Ескерту: акт үш дана жасалады, бірінші данасы сотталғанға үкім шығарған сотқа, екінші данасы
____________ облысы бойынша ҚАЖД-ге жолданады, үшінші данасы сотталғанның жеке ісіне тігіледі.
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша |
Қамаққа алуға сотталғандарға өздерiмен бiрге ұстауға, сауқаттармен, сәлемдемелермен, бандерольдермен алуға және арнайы қабылдау дүкендерiнен сатып алуға рұқсат етiлетiн заттар мен бұйымдардың тізбесі
1. Қамаққа алуға сотталғандар өздерімен бірге сақтай, жөнелтілімдерден, сәлемдемелерден ала және АҚО немесе ТИ дүкендерінен сатып ала алады:
1) жылытуды талап ететін және сақтау мерзімі өткен тез бұзылатын тамақ өнімдерінен, сондай-ақ ашытқы, алкоголь ішімдіктер мен сырадан басқа тамақ өнімдерін. Тамақ өнімдерінің тізбесі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың уәкілетті органының нұсқамасы бойынша шектеледі. Күдікті мен айыпталушының өзімен бірге сақталуына болатын тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажет заттардың, аяқ киімдердің, киімдердің және басқа өндірістік тауарлардың жалпы салмағы 35 килограмнан, оның ішінде кофе мен шай 2 килограмнан аспауы тиіс;
2) Темекi бұйымдары (табак 2 килограмнан, сигарет немесе папирос 20 қораптан аспауы тиіс), сiрiңкелер;
3) бір жиынтықта белбеусіз киім (бір түсті қара, қою көк, қою қоңыр, қою жасыл немесе сұр түсті), иық бау, галстук, сондай-ақ бас киім, маусым бойынша аяқ киім (ұлтарақсыз, метал нәлсіз);
4) бір жиынтықта спорттық костюмдер немесе әйелдер үшін үй халатары (белгіленген үлгідегі киімдерді алған күдіктілер мен айыпталушылардан басқа);
5) іш киiм;
6) шұлық;
7) шұлық немесе шұлықдамбал (әйелдер үшін);
8) қолғап немесе биалай;
9) бет орамалдар;
10) үйге киетiн немесе спорттық аяқ киiм (бір жұбын);
11) тазалық жабдықтары (иiс, шаруашылық сабындары, сұйық сабын немесе шампунь (АҚО-да немесе ТИ-да орналасқан медициналық ұйым дәрігерінің тағайындауы бойынша), тіс пастасы, тіс щеткасы, сабын мен тіс щеткасына арналған пластмасса құты, кремдер, тарақ);
12) қалта айна (камерада айна болмаған кезде), электрлiк немесе болмаса біржолғы қауiпсiз ұстара;
13) зат салатын қап немесе сөмке;
14) көзілдірік және көзілдірікке арналған пластмасса қап;
15) үш бұрышты орамал, рейтуздар, белдіктер, бюстгальтерлер, дәкі, шаш қыстырғыш, гигиеналық мақта, косметикалық бұйымдар (әйелдерге арналған);
16) балдақ, ағаш қолтаяқ, протездер, мүгедектер коляскалары, оправасы қымбат емес темірден жасалған көзілдіріктер, көзге салынатын линзалары және оларды күтіп-баптау құралдары (дәрігердің рұқсаты бойынша);
17) зауытта жасалған тұрмыстық электрлі су қайнатқыш;
18) жөке немесе ысқыш;
19) шарикті қаламсап, оған өзектер, қарындаштар;
20) хат жазатын қағаз, оқушы дәптерi, пошта конверттері, ашық хат, пошта маркасы;
21) тергеу изоляторы дүкенінен (ларектан) сатып алынған дәретхана қағазы;
22) бір жинақта төсек жабдықтары бір қалыпты ақ түсті (екі жайма және жастық қап), сүлгі;
23) көркем және өзге де әдебиеттер, сондай-ақ АҚО немесе ТИ кітапханасынан не оның өзге де әкімшілігі арқылы сауда желісінде алынған мерзімді баспа басылымдары;
24) фотосурет - екіден көп емес;
25) үстел ойындары (дойбы, шахматтар, домино, нардылар);
26) балаларды күтуге арналған заттар (дәрігердің рұқсатымен үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге);
27) АҚО-да немесе ТИ-да орналасқан медициналық ұйым дәрігерлерінің тағайындауы бойынша дәрілік заттар.
2. Санамаланған құжаттардан басқа, күдіктілер мен айыпталушыларға қылмыстық іске қатысты не олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мәселелеріне қатысты құжаттар мен жазбаларды, сондай-ақ пошта жөнелтілімдерінің бланкілерін, сақтауға тапсырылған ақшаға, құндылықтарға, құжаттарға және басқа да заттарға арналған түбіртектерді өзімен бірге ұстауға және сақтауға рұқсат етіледі.
3. Осы Қағидаларда көзделмеген нәрселер мен заттар тыйым салынған болып табылады.
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 3-қосымша |
нысан
Қамаққа алуға сотталғанды жеке тінту хаттамасы
_______________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
______ жылы туған арнайы қабылдау орнына 20 ____ жылдың "__" ___ жеткізілген
Тінту кезінде барлық жеке заттары қаралды. Бұл ретте:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________алынды
Тінту бойынша өтініштер мен наразылықтар _________________________________
________________________________________________________________________
(егер түссе оның мәні қысқаша мазмұндалсын, ал егер түспесе –
________________________________________________________________________
"Түскен жоқ" деп көрсетілсін)
________________________________________________________________________
Тінту кезінде алынғандар хаттамаға толығымен енгізілсін. Жазбаның дұрыстығын растаймын
________________________________________________________________________
(қамаққа алуға сотталған адамның қолы)
Тінтуді жүргізді: _________________________________________________________
(тінту жүргізген адамдардың лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
________________________________________________________________________
20___жылғы "__" __________
________________________________________________________________________
(тінтуді жүргізген адамдардың қолы)
Ескертпе: хаттама екі данада жасалады, бірінші данасы сотталғанның жеке ісіне тігіледі, екінші данасы қамаққа алуға сотталғанға беріледі.
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 4-қосымша |
нысан
Акт
Бiз төменде қол қойғандар комиссия құрамында ____________________________
(лауазымы, атағы, тегi, аты-жөнi, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
сотталғаннан __________________________________________________________
(сақтауға алдық) алып қойдық (тегi, аты-жөнi, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
(______) ________________ ақша, бағалы
____________________________________ азық-түлiктер ҚАК 98-бабына сәйкес
санамаланып көрсетіледі.
Барлығы берiлгенi: _______ бағалы заттардың атауы, ______ ақша,
Азық-түлiктiң, заттардың атауы __________________________________________
(саны)
бердiм: __________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) қолы)
Қабылдадым: ______________ (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) қолы)
Қатысқандар: ______________ (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) қолы)
20___ жылғы "___" ________
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 5-қосымша |
нысан
Сотталғандардан алынған ақшаны және бағалы заттарды, есепке алу журналы _______________________________________________ (мекеме атауы) 20__ жылғы _____________басталды 20__ жылғы _____________ аяқталды
№ р/с | Ақша (бағалы зат) алынған сотталғанның тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) және оларды алудыңмән-жайы | Алынды: ақша (сомасы жазумен және валюта атауы), бағалы зат (сипаты) | Алу күні | Ақша (бағалы зат) алған адамның лауазымы, тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) | Кезекшінің ақшаны (бағалы зат және алу туралы кесім) қабылдаған күні, қолы | Ақшаны (бағалы зат) АҚО немесе ТИ бухгалтериясына өткізу күні және түбіртек нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Кестенің жалғасы
Алу туралы актіні және тапсырылған ақшаға (бағалы зат) түбіртекті алған күні және жұмыскердің қолы | Сотталғанның жеке шотына аударылды | АҚО немесе ТИ шотына аударылды |
Тергеу нәтижелері бойынша шешім | ||
8 | 9 |
Ескертпе:
1. Журналда сотталғандардан алынған, сондай-ақ АҚО немесе ТИ аумағынан қызметкерлер тапқан ақша мен бағалы заттар есепке алынады;
2. АҚОБКК журналдың уақтында толтырылуы бойынша бақылау жүргізуді қадағалайды.
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 6-қосымша |
Қамаққа алуға сотталғандардың үлгі күн тәртібі
1. Ұйқыдан тұру – таңғы сағат 7-ден кешікпей.
2. Дене жаттығу (ерікті түрде) – 15 минутқа дейін.
3. Дәретхана, төсекті жинау – 20 минутқа дейін.
4. Таңғы және кешкі тексеру – 40 минутқа дейін.
5. Таңғы ас – 30 минутқа дейін.
6. Сейілдеу, медициналық рәсімдерге шығару – 1,5 сағатқа дейін (тұске дейін).
7. Түскі асқа ұзіліс – 1 сағатқа дейін.
8. Сейілдеу, медициналық рәсімдерге шығару – 1,5 сағатқа дейін (түстен кейін).
9. Жуыну – 2 сағатқа дейін.
10. Кешкі ас – 30 минутқа дейін.
11. Жеке уақыты – күн тәртібінде көрсетілмеген іс-шаралардан бос уақытта.
12. Ұйқыға дайындық – 15 минутқа дейін.
13. Ұйықтау (үздіксіз) – 8 сағат.
Ескертпе:
1. Күн тәртібі жергілікті жағдайларға, жарық күнінің ұзақтығына, жыл уақытына қарай әрбір АҚО немесе ТИ-да жасалады.
2. Карантин бөлімшесінде, тәртіптік изоляторда ұсталатын қамаққа алуға сотталғандардың күн тәртібі жеке белгіленеді.
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 7-қосымша |
нысан
Бекiтемiн
Арнайы қабылдау орнының бастығы
__________________________________________________
(атағы, қолы, тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) 20 __ жылғы "__" ______.
Камера бойынша орналастыру жоспары
Бөлек ұсталады | Камера № | Камерадағы орын саны | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Сотталған ер адамдар:
1) бірінші рет сотталғандар;
2) бұрын бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтегендер (қылмыс құрамына қарамастан) және сотты болғандар;
3) сотталғандар сот, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлері, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар
2. Сотталған әйелдер:
1) бірінші рет сотталғандар;
2) бұрын бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтегендер (қылмыс құрамына қарамастан) және сотты болғандар;
3) сотталғандар сот, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлері, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар
3. Тәртіптік изоляторларда ұсталатын сотталғандар.
4. АҚО-да немесе ТИ-да орналасқан медициналық ұйымда жатқан науқас сотталғандар.
5. Жиынтық бөлімше камераларында ұсталатын сотталғандар.
Ескертпе: Камера бойынша орналастыру жоспары кезекші бөлімінде, арнайы қабылдау орны бастығының кабинетінде, жедел бөлімде, арнайы есепке алу, сондай-ақ, режим және күзет бөлiмдерiнде болуы тиiс.
Арнайы қабылдау орнының бастығы
___________________________________________
(атағы, қолы, тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 8-қосымша |
Жалпы камераларды жабдықтауға қойылатын талаптар
1. Қамаққа алу түріндегі жазаға сотталғандар ұсталатын камералардың құрылымы сыртқы қоршаған ортадан және бiрiккен үй-жайлардан сенiмдi оқшаулауды қамтамасыз етуi тиiс. Камералардың жоспарлық нысаны есiктiң "көзшесi" арқылы анағұрлым жақсы көрiлуiн қамтамасыз етуi тиiс.
2. Камералардың есiктерi мөлшері 90 х 200 сантиметр (бұдан әрi - см) екi жақты болады. Есік үш жазықтықтағы құлыптау тетігінің көмегімен жабылады. Есікке рұқсатсыз енуге тосқауыл қоюға арналған құлып орнатылады. Есіктің сыртқы жағына жабу тетігін қамтамасыз ететін техникалық люк орналастырылады. Қарау қондырғысы камерадан дәліз көрінбеу үшін, еденнен 150 см биіктікте, камераның ішкі жағынан өлшемі 14 x 24 см, дәлізден 3,5 x 4 см сопақша ойық арқылы орнатылады.
Ішкі есіктер шекті дөңгелек және жолақты болат темірден жасалады. Еден деңгейінен 95 см биiктiкте тамақ үлестiруге арналған 18 x 22 cм шағын терезе орнатылады. Шағын терезенің есігі дәліз жаққа ашылуы, көлденең кронштейндер арқылы бекітілуі тиіс.
Есікті жабу үшін аспалы құлыппен бекітілетін ысырманы пайдалану керек. Ысырма болаттан жасалған қорапта орнатылады және жабу кезінде сыртқы есікке тығыз қысылады.
Есіктер камералардың ортасына орналастырылады, камералардың көрінуін жақсарту үшін есік қорабы мен есік қабырғаның ішкі жағына жақынырақ орнатылады. Камералардың есіктері дәліз жағына ашылады, есікте дәліз жағынан қапсырма шеге көзделеді.
Есіктің ашылу бұрышы камераға бір уақытта бір адам кіретіндей етіп орнатылуы тиіс. Осы мақсатта дәліз жағынан есіктің белгілі бір бұрышқа ашылуын қамтамасыз ететін шектеуіш орнатылады. Камералардың есік-құлыптары жапсырмалы-қорапты болуы тиіс. Бұранда құлыптар орнатуға болмайды. Құлып кілтпен үш айналымға, ал есік жабылған кезде автоматты түрде бір айналымға жабылуы тиіс.
3. Терезелердің көлемі: ені 130-140 см, биіктігі 110-120 метр. Терезе жақтауларын екі жақты (фрамуга) етіп жасау керек. Терезелердің жармаларын және фрамугаларды сенімді бекітілетін құлыптармен жабдықтау керек. Жармаларды терезе қораптарына жасырын бүршігі бар бұрандалы шегемен бекітеді. Терезе ойығының төменгі жағын еден деңгейінен кемінде 160 см биіктікте жасау керек.
Терезе алдының орнына терезе ойықтарында бұрыштары дөңес етіп жасалады. Қызметтік және қосымша үй-жайлардың, камералардың, стационарлық палаталардың барлық терезелеріне сыртқы жағынан металл торлар орнатылады. Бөлу торларының көлемі 12 х 20 см дөңгелек және болат жолақты сым темірден жасалады. Диаметрі 0,2 см кем емес болат дөңгелек сым тордың тік элементтеріне, ал қалыңдығы 0,60 х 0,12 см жолақты болат көлденең элементтерге және торды орауға қолданылады. Тордың дөңгелек сымнан жасалған элементтері жолақ сымның арасына өткізіледі, барлық түйіскен жерлері мықтап дәнекерленеді. Камера жағынан терезеге қол жетпейтіндей, терезе рамасынан кемінде 50 см қашықтықта ішкі жақтан дөңес металл торлар қондырылады.
4. Жалпы камералар габариттік өлшемі 188 х 65 см екі қабатты темір кереуетпен, бір адамға 40 см есебінен алынған ағаш үстелдермен және орындықтармен, бір қума метрге 5 орын есебінен алынған киім ілетін шкафпен және жеке қолданылатын тумбалармен жабдықталады. Камералардың барлық жабдықтары еденге бекітілуі тиіс.
5. Әрбір камерада қолжуғыш пен унитаздан тұратын, камералардың қоршау конструкцияларына мықтап бекітілген санитарлық торап жабдықталады. Ұзындығы 140 см санитарлық торап тұтас қалқамен бөлініп, есікпен жабдықталады.
6. Барлық камераларда боялған ағаш еден тақталарынан төсем жасалады.
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 9-қосымша |
нысан
20___ жылғы "___"______________
Сотталғанды жалғыз камераға ауыстыру туралы қаулы
Сотталған______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_______________________________________________________________________
(жалғыз камерада ұстауға негіз болған
_______________________________________________________________________
мән-жайлары көрсетіледі)
_______________________________________________________________________
Қаулы етті:
Сотталған ______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
одан әрі бір адамдық камераға ауыстырылсын.
_____________ облысы бойынша ҚАЖД ___________ арнайы қабылдау орнының
немесе тергеу изоляторының бастығы _______________________________________
(атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
20___жылғы "___" ___________
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 10-қосымша |
нысан
Камералық карточка
№ ____ жеке іс
№ _____ оқшаулау тізімі
Бұрын бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген бе
1. Тегі __________________________________ (иә, жоқ) ____________________
2. Аты _______________________________________________________________
3. Әкесінің аты (ол болған жағдайда)_____________________________________
4. Туған жылы _______________________ (Ауыстырылуы туралы мәлімет)
5. ҚК-нің ________ бабы бойынша _______ тартылған камераның № ___ Күні қолы
6. Бұрын ________ рет ____________________________________ баптары бойынша
____________________________________ сотталған __________________________
7. АҚО немесе ТИ келген күні _____________________________________________
8. "__" ____ 20__ жылы _____ мерзімге сотталған ____________________________
9. Сотпен анықталған колонияның _________________________________________
түрі ___________________________________________________________________
10. Қабылдау кезінде жеке тінтуді _________________________________________
жүргізді ________________________________________________________________
(Тінтуді жүргізген қызметкердің ___________________________________________
(тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
___________________________
(қолы)
№ __________ камераға орналастырылсын __________________________________
(нұсқау берген адамның қолы)
Сақтауға өткізілген заттарға (бағалы заттарға)
№ _________________ түбіртек берілген
Қашан және қайда кетті ______________
Қамаққа алуға сотталған адамда келіптүскен кезде өзімен бірге болған және сәлем-сауқаттармен және сәлемдемелермен алған, камерада сақтауға рұқсат етілген жеке заттарының тізімі.
Атауы | Сипаты | Туыстарының сәлемдемелерімен келген заттар | Жеке тінтуді жүргізді (қолы, күні) |
1. Пальто | (күні) | ||
2. Пиджак | (күні) | ||
3. Етіктер | (күні) |
20__ жылғы "__" _______ Көрсетілген заттардан басқа заттар менде _______________________________жоқ (қамауға алынғанның қолы) АҚО немесе ТИ қамаққа алынған адамға пайдалануға берілген заттарының тізбесі
№ | Заттардың атауы | Саны | Берілген күні | Корпус бойынша аға қызметкер |
1. | Матрац | |||
2. | Жастық | |||
3. | Көрпе | |||
және т.б. |
Көтермелеулер Жазалаулар
Қамаққа алу түріндегі жазаны Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 11-қосымша |
Сейілдеу аулаларын жабдықтауға талаптар
1. Әдетте, сейілдеу аулалары режимдік корпустардың жоғары қабаттарына орналастырылады. Мүмкін болмаған жағдайда оларды режимдік аулада орналастырады және жерасты немесе жерүсті өткелдерімен жалғасуы немесе шектесуі тиіс.
2. Сейілдеуге шығарылатын қамаудағы әрбір сотталғанға сейілдеу ауласының 2,5-3 шаршы метрден (бұдан әрі – м2) келу керек. Сейілдеу ауласының ең кіші көлемі – 20 шаршы метр.
3. Сейілдеу аулаларының жоғары жағына 17x17 сантиметрлік ұяшық металл торлар дәнекерленеді, тордың үстінен 5x5 сантиметр ұяшық метал рама тоқымалы металл тормен бекітіледі.
4. Сейілдеу аулаларының есіктері камералық үлгідегідей, бірақ желкөзсіз жабдықталады. Әрбір сейідеу ауласының ортасында еденге мықтап бекітілген орындық орнатылады. Сейілдеу аулаларының үсті бақылаушыға қарама-қарсы қабырғалардың бойымен қалыңдығы 1,2 метрге дейін жауын-шашыннан қорғайтын жеңіл бастырмалар орнатылады.
5. Сейілдеу аулаларынан судың ағып кетуі қамтамасыз етілуі тиіс.
6. Сейілдеу аулаларының үстіне сейілдеу аулаларында жүрген барлық қамаққа алуға сотталғандарды ұдайы бақылауда ұстайтындай етіп бақылаушыға арналған тұғыр жабдықталады. Бақылаушының бекетінде күзет-дабыл сигнализациясы бар хабарлағыштар мен кезекшіге қосылған байланыс құралдары орнатылады.
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 12-қосымша |
нысан
Сотталғандарды және өзге адамдарды жеке мәселелері бойынша қабылдау журналы
_________________________________________________________________________
(қабылдауды жүзеге асырушы лауазымды адамның лауазымы, атағы және тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
_______________________басталды
_______________________аяқталды
Қабылдау күні | Қабылдауға келген адамның тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) | Қойылған мәселелердің мазмұны | Қабылданған шешім | Орындалғандығы туралы белгі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ескертпе:
Журнал екі бөлімнен тұрады, нөмірленген, бауланған, мөрленген және арнайы қабылдау кеңсе қызметкерінің қол қоюымен куәландырған болуы тиіс.
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 13-қосымша |
нысан
Сотталғанға жаза тағайындау туралы ҚАУЛЫ
Сотталған______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) туған жылы)
_______________________________________________________________________
(тәртіп бұзушылықтың мәні жазылады)
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
арқылы жаза өтеу режимін бұзды.
Сотталған __________________ жазбаша түсініктемесін және басқа да тексеру материалдарын қарап,
ҚАК-нің 133-бабын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Сотталған______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) жазасын өтеу режимін бұзғаны үшін
___________________________________ тағайындалсын.
(жазаның түрі көрсетіледі) _______________ облысы бойынша ҚАЖД __________
арнайы қабылдау орнының немесе тергеу изоляторының бастығы
_______________________________________________________________________
(атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
20____жыл "___" ___________
Қаулы маған хабарланды _________________________________________________
(сотталғанның қолы және күні)
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 14-қосымша |
нысан
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (аумақтық органның атауы) Қамақа алу түріндегі жазаға сотталғандардың жазаларын есепке алу журналы 20___ж. "_____" ___________басталды 20___ж. "_____" ___________аяқталды Сақтау мерзімі __________________
11-қосымшаның сыртқы жағы
р/с | Салынған жазаның күні | Сотталғанның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Сотталғанның жеке ісінің нөмірі | Не үшін жазаланды | Жазалау түрі | Арнаулы қабылдау орынынемес тергеу изоляторы бастығының қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 15-қосымша |
нысан
№__ куәлік
ҚК-нің__бабы бойынша 19__жылы __________ туған сотталған
______________________________________________________________ берілді.
(сотталғанның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімінің басталуы____, мерзімінің аяқталуы _______, оған _________________
______________________________________________________________________
(ҚАК-нің 86-бабына сәйкес шығудың негіздемесін көрсету) байланысты
АҚО-дан қысқа мерзімді шығуға рұқсат етілді _____________________________
(бару орны)
___________________________ тәулікке, оның ішінде ____ тәулік жолға кетеді.
20__ жылғы ______________ ол ________________________ мекенжайы бойынша
телефон, факс __________________________________________________________
арнаулы қабылдау орнындағы_____________________________________________
жазасын өтеу орнына келуге міндетті.
Фотосурет орны
Арнайы қабылдау орнының немесе тергеу изоляторының бастығы
________________________________________
(тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
__________________
(қолы)
Сотталғанның келгені туралы ішкі істер органы бастығының белгі жасауы
ТМ-нің елтаңбалы мөр орны Келді _________________________
(күні, қолы, елтаңбалы мөр)
Сотталғанның қол қоятын орны Кетті__________________________
(күні, қолы, елтаңбалы мөр)
№__ куәлік түбіртегі
Түзеу мекемесі бастығының 20__ жылғы_______ №_
___________________________________________ бұйрығы негізінде сотталған
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған жылы, ҚК бабы, мерзімі
_____________________________________ мерзімінің басталуы мен аяқталуы)
_______________________________________________________________________
____________________________________________________ байланысты
(ҚАК-тің 86-бабына сәйкес шығудың негіздемесін көрсету)
_______________ АҚО-дан қысқа мерзімді шығуға рұқсатетіледі (бару орны)
Ұзақтығы ___ тәулік, оның ішінде ___ тәулік жолға кетеді.
Куәлік 20 __ жылы "__" ____________ берілді
_______________________________________________________________________
(сотталғанның қолы)
20__ жылы _________ кетті.
20__жылы ________ келді.
Арнайы есепке алу бөлімінің бастығы ____________________________________
(тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
_____________________ (қолы)
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 16-қосымша |
нысан
Қолхат
Мен, сотталған ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Маған арнайы қабылдау орнының шегінен тыс жерге қысқа мерзімді шығуға бару тәртібінің түсіндірілгені туралы осы қолхатты беремін. Маған ҚК-нің 427-бабы бойынша жазаны өтеуден жалтарған жағдайда жауапкершілікте болатыным ескертілді.
20__жылғы ____________ ______________
(сотталғанның қолы)
Қолхатты алдым _______________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
__________________ (қолы)
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 17-қосымша |
нысан
Жеке есеп шотта _____ теңге ___ тиын бар. № ___ түбіртек
Бухгалтер ________________ Сотталған _______________
20_____ж "___" ______________
Өтінім
Маған мынадай тауарларды сатып алуға рұқсат беруіңізді сұраймын:
№ № | Тауардың атауы | Саны | Босатылған сома | Сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Жиыны: | |
_______________________ | |
______________________ | |
(сотталғанның қолы) |
Қолхат___________________________________ сомаға тауар алдым.
(жазумен)
Осы соманы менің жеке есеп шотымнан шегеруді сұраймын.
________________________
(Сотталғанның қолы)
2___ жылғы ________________
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 18-қосымша |
Сәлемдемелерді қабылдау бөлмесіндегі мүкаммал мен жиһаз тізбесі
1. Сәлемдемелерді тексеруге арналған үстел.
2. Сәлемдемелерді қоюға арналған сөрелер.
3. Ыдыс: себеттер, сауқаттарды камераларға жеткізуге арналған сөмкелер.
4. Тоңазытқыш.
5. пышақтардың, қасықтардың, ыдыстар және сол секілділердің қажетті саны.
6. Қолжуғыш, айна, сабын, сүлгі.
7. Таразы, кір тасының жиынтығы.
8. Бақылаушыларға арналғанақ халат пен бас киім.
9. Заттектер мен заттар мұқият тексеріледі. Қажет болған жағдайда іздеу құралдары пайдаланылады.
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 19-қосымша |
нысан
Өтінім
________________________________________________________ мекенжайында
(тұрғылықты мекенжайы)
тұратын азаматтан ____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Сотталған ___________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), туған жылы)
сәлемдеме қабылдауыңызды сұраймын.
Сәлемдемедегі тамақ өнімдерінің (заттардың) тізілімі:
№ р/с | тамақ өнімдері мен заттардың атауы | Салмағы (килограммен, граммен) | Саны | Ескерту |
Өтініш берушінің қолы | |
20 ___ жылғы | |
"___" ______________ |
Сәлемдемені қабылдаған ________________________________________________
(сауқатты қабылдаған қызметкердің қолы)
Сәлемдемені алған _____________________________________________________
(сауқатты алған сотталғанның қолы)
20 ___ жылғы "___" ______________
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 20-қосымша |
Заттай және тамақ өнімдері бар сәлемдемелер мен сауқаттарды тексеру тәртібі
1. Нан өнімдері (бөлкелер, батондар және соған ұқсар) екі, үш бөлікке бөлінеді.
2. Сұйық өнімдер АҚО-ның немес ТИ-дің ыдыстарына құйылады.
3. Консервілер ашылады және басқа ыдыстарға құйылады.
4. Майшабақ екі, үш бөлікке бөлінеді.
5. Шұжық өнімдері бірнеше бөлікке бөлінеді.
6. Сусымалы заттар (қант, махорка) шашылады.
7. Кәмпиттер орамасыз қабылданады.
8. Хат-хабар мен тыйым салынған заттар жасыруға мүмкін тамақ өнімдерінің барлығы осы тәртіппен тексерілуі тиіс.Тексеру тамақ өнімдерінің сапасы бұзылмайтындай етіп жүргізіледі.
9. Нәрселер мен заттар да мұқият тексерілуі тиіс. Қажет болған жағдайда іздеу құралдары пайдаланылады.