БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13109 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.";
қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған:
https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/documents/details/212699?lang=kk
Есепті кезең: 20__ жылғы____ тоқсан
Индексі: 2-шығындарды өтеу
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Ұсынатын адамдар тобы: облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы
Қайда ұсынылады: "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Ұсыну мерзімі: облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары – есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейін.
"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы – есепті кезеңнен кейінгі 15-күні
Жол коды | Аумақ | Үйде оқитын мүгедектігі бар балалар, адам | Есепті кезеңнің басына төленбеген сома, мың теңге | есепті тоқсан ішінде | |||||||
тағайындалды | төленді | ||||||||||
барлығы | оның ішінде | алушылар, адам | сомасы, мың теңге | орташа айлық мөлшері, теңге | алушылар, адам | сомасы, мың теңге | орташа айлық мөлшері, теңге | ||||
ұлдар | қыздар | ||||||||||
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Ауылдық жерлер бойынша барлығы | ||||||||||
2 | Қалалық жерлер бойынша барлығы | ||||||||||
3 | Облыс бойынша барлығы |
Кестенің жалғасы
жыл басынан бергі кезең ішінде | |||||
тағайындалды | төленді | ||||
алушылар, адам | сомасы, мың теңге | орташа айлық мөлшері, теңге | алушылар, адам | сомасы, мың теңге | орташа айлық мөлшері, теңге |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
* Ескертпе: нысан осы нысанға қосымшада келтірілген түсініктемеге сәйкес толтырылады
Басшы
________________________________________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Орындаушы
________________________________________ ______________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Орындаушының телефоны
_________________________________________________________
Ұйымның мекен-жайы
_________________________________________________________
_________________________________________________________
Ұйымның телефоны
_________________________________________________________
_________________________________________________________
М.О.
"Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
"Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамына тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне ұсынады.
2. Осы Нысанды жүргізудің негізгі міндеті мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеуге мониторинг жүргізуді жүзеге асыру болып табылады.
3. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. Нысанның 1-бағанында есепті кезеңнің соңындағы үйде оқитын мүгедектігі бар балалардың жалпы саны көрсетіледі;
5. Нысанның 2-бағанында есепті кезеңнің соңындағы үйде оқитын мүгедектігі бар ұл балалардың саны көрсетіледі;
6. Нысанның 3-бағанында есепті кезеңнің соңындағы үйде оқитын мүгедектігі бар қыз балалардың саны көрсетіледі;
7. Нысанның 4-бағанында мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің есепті кезеңнің басына төленбеген сомасы көрсетіледі;
8. Нысанның 5-10-бағанындарында есепті тоқсан ішіндегі барлық деректер көрсетіледі:
нысанның 5-бағанында есепті тоқсан ішінде мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тағайындалған адамдардың саны көрсетіледі. Бұл ретте әрбір нақты өтініш беруші есепті кезең ішінде мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге қайталап берген өтініштерінің санына қарамастан, бір рет қана есепке алынып, бір рет қана енгізіледі;
нысанның 6-бағанында есепті тоқсан ішінде тағайындалған мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің жалпы сомасы көрсетіледі. Бұл ретте әрбір нақты өтініш беруші есепті кезең ішінде мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге қайталап берген өтініштерінің санына қарамастан, бір рет қана есепке алынып, бір рет қана енгізіледі;
нысанның 7-бағанында есепті тоқсан ішінде тағайындалған мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің орташа айлық мөлшері көрсетіледі;
нысанның 8-бағанында есепті тоқсан ішінде мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу төленген алушылардың саны көрсетіледі. Бұл ретте әрбір нақты өтініш беруші есепті кезең ішінде мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге қайталап берген өтініштерінің санына қарамастан, бір рет қана есепке алынып, бір рет қана енгізіледі;
нысанның 9-бағанында есепті тоқсан ішінде төленген мүгедектігі бар ма балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің жалпы сомасы көрсетіледі. Бұл ретте әрбір нақты өтініш берушіні есепті кезең ішінде мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге қайталап берген өтініштерінің санына қарамастан, бір рет қана есепке алынып, бір рет қана енгізіледі;
нысанның 10-бағанында есепті тоқсан ішінде төленген мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің орташа айлық мөлшері көрсетіледі;
9. Нысанның 11-16-бағандарында жыл басынан бергі барлық мәліметтер көрсетіледі:
нысанның 11-бағанында жыл басынан бергі кезең ішінде мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тағайындалған адамдардың саны көрсетіледі. Бұл ретте әрбір нақты өтініш беруші есепті кезең ішінде мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге қайталап берген өтініштерінің санына қарамастан, бір рет қана есепке алынып, бір рет қана енгізіледі;
нысанның 12-бағанында жыл басынан бергі кезең ішінде тағайындалған мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің жалпы сомасы көрсетіледі. Ол тағайындалған тоқсан сайынғы сомаларды қосу жолымен айқындалады;
нысанның 13-бағанында жыл басынан бергі кезең ішінде тағайындалған мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің орташа айлық мөлшері көрсетіледі, оның мәні 12-бағанды 11-бағанға және көрсетілген кезең ішіндегі айлардың санына бөлу арқылы айқындалады;
нысанның 14-бағанында жыл басынан бергі кезең ішінде мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу төленген алушылардың саны көрсетіледі. Бұл ретте әрбір нақты өтініш беруші есепті кезең ішінде мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге қайталап берген өтініштерінің санына қарамастан, бір рет қана есепке алынып, бір рет қана енгізіледі;
нысанның 15-бағанында жыл басынан бергі кезең ішінде төленген мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің жалпы сомасы көрсетіледі. Ол тағайындалған тоқсан сайынғы сомаларды қосу жолымен айқындалады;
нысанның 16-бағанында жыл басынан бергі кезең ішінде төленген мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің орташа айлық мөлшері көрсетіледі, оның мәні 15-бағанды 14-бағанға және көрсетілген кезең ішіндегі айлардың санына бөлу арқылы айқындалады.