Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.07.2022 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.07.2022 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.07.2022 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) жоғарыда көрсетілген нысанды облыстық, Астана мен Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Денсаулық сақтау және | |
әлеуметтік даму министрі | Т. Дүйсенова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
міндетін атқарушы
_______________ Б. Иманәлиев
2016 жылғы 25 қаңтар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 28 бұйрығына қосымша |
|
әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 18.11.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ұсынылады: "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет- ресурста орналастырылған:
https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/documents/details/212699?lang=kk
Әкімшілік нысанның атауы: Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 2-шығындарды өтеу.
Кезеңділік: тоқсан сайын.
Есепті кезең: 20__ жылғы __тоқсан.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары – есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамына.
"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы – есепті кезеңнен кейінгі күнтізбелік 10 күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне.
ЖСН/БСН |
Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште, электронды түрде.
Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп
Жол коды (шифры) | Аумақ | Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші коды | Үйде оқитын мүгедектігі бар балалар, адам | Есепті кезеңнің басына төленбеген сома, мың теңге | есепті тоқсан ішінде | ||||
тағайындалды | |||||||||
барлығы | оның ішінде | алушылар, адам | сомасы, мың теңге | орташа айлық мөлшері, теңге | |||||
ұлдар | қыздар | ||||||||
А | Б | В | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Ауылдық жерлер бойынша барлығы | ||||||||
2 | Қалалық жерлер бойынша барлығы | ||||||||
3 | Облыс бойынша барлығы |
Кестенің жалғасы
жыл басынан бергі кезең ішінде | ||||||||
төленді | төленді | төленді | ||||||
алушылар, адам | алушылар, адам | алушылар, адам | алушылар, адам | сомасы, мың теңге | орташа айлық мөлшері, теңге | алушылар, адам | сомасы, мың теңге | орташа айлық мөлшері, теңге |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
* Ескертпе: нысан осы нысанға қосымшада келтірілген түсініктемеге сәйкес толтырылады
Атауы____________________________ Мекенжайы___________________
_________________________________ _____________________________
Телефоны ________________________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы
__________________________________________
Орындаушы
____________________________________ ______________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
___________________________________________ ____________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
_______________________
"Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (2-шығындарды өтеу және тоқсан сайын) 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.
2. Осы Нысанда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әкімшілік деректер – бастапқы статистикалық және балама деректерді қоспағанда, әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын жеке немесе заңды тұлға жөніндегі жеке-дара сандық (сандар көмегімен өлшенетін) және (немесе) сапалық (белгілі бір қағидат және (немесе) белгі бойынша құрылған) деректер және шаруашылық бойынша есепке алу деректері;
2) Еңбек ресурстарын дамыту орталығы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік органның жанынан құрылатын, еңбек нарығын ақпараттық-талдамалық жағынан сүйемелдеуді, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, жұмыспен қамту қызметтерін әдіснамалық жағынан қолдауды, әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту мен қолдап отыруды қамтамасыз ететін заңды тұлға;
3) мүгедектігі бар бала – тыныс-тіршілігінің шектелуіне және әлеуметтік жағынан қорғау қажеттігіне алып келетін, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзылуына байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегіз жасқа дейінгі адам.
3. Аталған Нысанды енгізудің негізгі міндеті мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындауға және төлеуге ай сайынғы мониторингті жүзеге асыру болып табылады
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Нысанды "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамына тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін ұсынады.
5. Осы бұйрыққа қосымшамен бекітілген Нысанды "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне есепті кезеңнен кейінгі күнтізбелік 10 күн ішінде ұсынады.
6. Нысанға басшы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
7. Нысанның "А" бағанында облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бөлінісінде жолдардың нөмірленуі көрсетіледі.
8. Нысанның "Б" бағанында қалалық және ауылдық жерлер бөлінісінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың атауы бойынша деректері көрсетіледі.
9. Нысанның "В" бағанында әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышы бойынша коды көрсетіледі.
10. Нысанның 1-бағанында есепті кезеңнің соңындағы үйде оқитын мүгедектігі бар балалардың жалпы саны көрсетіледі.
11. Нысанның 2-бағанында есепті кезеңнің соңындағы үйде оқитын мүгедектігі бар ұл балалардың саны көрсетіледі.
12. Нысанның 3-бағанында есепті кезеңнің соңындағы үйде оқитын мүгедектігі бар қыз балалардың саны көрсетіледі.
13. Нысанның 4-бағанында мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің есепті кезеңнің басына төленбеген сомасы көрсетіледі.
14. Нысанның 5-10-бағандарында есепті тоқсан ішіндегі барлық деректер көрсетіледі:
нысанның 5-бағанында есепті тоқсан ішінде мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тағайындалған адамдардың саны көрсетіледі. Бұл ретте әрбір нақты өтініш беруші есепті кезең ішінде мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге қайталап берген өтініштерінің санына қарамастан, бір рет қана есепке алынып, бір рет қана енгізіледі;
нысанның 6-бағанында есепті тоқсан ішінде тағайындалған мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің жалпы сомасы көрсетіледі. Бұл ретте әрбір нақты өтініш беруші есепті кезең ішінде мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге қайталап берген өтініштерінің санына қарамастан, бір рет қана есепке алынып, бір рет қана енгізіледі;
нысанның 7-бағанында есепті тоқсан ішінде тағайындалған мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің орташа айлық мөлшері көрсетіледі;
нысанның 8-бағанында есепті тоқсан ішінде мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу төленген алушылардың саны көрсетіледі. Бұл ретте әрбір нақты өтініш беруші есепті кезең ішінде мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге қайталап берген өтініштерінің санына қарамастан, бір рет қана есепке алынып, бір рет қана енгізіледі;
нысанның 9-бағанында есепті тоқсан ішінде төленген мүгедектігі бар ма балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің жалпы сомасы көрсетіледі. Бұл ретте әрбір нақты өтініш берушіні есепті кезең ішінде мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге қайталап берген өтініштерінің санына қарамастан, бір рет қана есепке алынып, бір рет қана енгізіледі;
нысанның 10-бағанында есепті тоқсан ішінде төленген мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің орташа айлық мөлшері көрсетіледі;
15. Нысанның 11-16-бағандарында жыл басынан бергі барлық мәліметтер көрсетіледі:
нысанның 11-бағанында жыл басынан бергі кезең ішінде мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тағайындалған адамдардың саны көрсетіледі. Бұл ретте әрбір нақты өтініш беруші есепті кезең ішінде мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге қайталап берген өтініштерінің санына қарамастан, бір рет қана есепке алынып, бір рет қана енгізіледі;
нысанның 12-бағанында жыл басынан бергі кезең ішінде тағайындалған мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің жалпы сомасы көрсетіледі. Ол тағайындалған тоқсан сайынғы сомаларды қосу жолымен айқындалады;
нысанның 13-бағанында жыл басынан бергі кезең ішінде тағайындалған мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің орташа айлық мөлшері көрсетіледі, оның мәні 12-бағанды 11-бағанға және көрсетілген кезең ішіндегі айлардың санына бөлу арқылы айқындалады;
нысанның 14-бағанында жыл басынан бергі кезең ішінде мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу төленген алушылардың саны көрсетіледі. Бұл ретте әрбір нақты өтініш беруші есепті кезең ішінде мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге қайталап берген өтініштерінің санына қарамастан, бір рет қана есепке алынып, бір рет қана енгізіледі;
нысанның 15-бағанында жыл басынан бергі кезең ішінде төленген мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің жалпы сомасы көрсетіледі. Ол тағайындалған тоқсан сайынғы сомаларды қосу жолымен айқындалады;
нысанның 16-бағанында жыл басынан бергі кезең ішінде төленген мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің орташа айлық мөлшері көрсетіледі, оның мәні 15-бағанды 14-бағанға және көрсетілген кезең ішіндегі айлардың санына бөлу арқылы айқындалады.