БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 153 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22713 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынандай редакцияда жазылсын:
"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-2-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2 бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қол жеткізу шектелген ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке басының құпиясына, отбасылық, банктік, коммерциялық құпияға, медицина қызметкерінің құпиясына және (немесе) заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, қолжетімділігі шектеулі дербес деректер, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қызметтік ақпарат;".;
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекет және қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
А. Умаров |
"КЕЛІСІЛДІ" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |