Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 118-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 наурызда № 35899 болып тіркелді

      "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-2-бабының 1-тармағы 10) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 153 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 22713 болып тіркелген);

      2) "Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 307 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 29046 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жоғары аудиторлық палатасы


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы қызмет)


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар

      министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2025 жылғы 31 наурыздағы
№ 118-НҚ бұйрыққа
1-қосымша

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабының 1-тармағы 10) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 46) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) интернет-конференция – мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталын пайдаланушыларға онлайн режимінде өздерін қызықтыратын сұрақтарды қоюға және оларға жауап алуға мүмкіндік беру мақсатында мемлекеттік орган жүргізетін іс-шара;

      2) қол жеткізу шектелген ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке басының құпиясына, отбасылық, банктік, коммерциялық құпияға, медицина қызметкерінің құпиясына және (немесе) заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, қолжетімділігі шектеулі дербес деректер, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік ақпарат;

      3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;

      4) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталы (бұдан әрі – Портал) – мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленетін мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметін жария талқылауды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;

      5) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – өзіне бекітіп берілген "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.

2-тарау. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру тәртібі

      3. Операциялық бағалау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы құпиялылық режимінің, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияның қамтамасыз етілуін ескере отырып, Комиссияның жұмыс органымен келісу бойынша "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына сәйкес Порталда және "www.bagalau.kz" сайтында жариялауды қамтамасыз етеді.

      4. Орталық мемлекеттік органдар операторға тиісті сұрау салуды жіберу жолымен есепті жылдан кейінгі 1 наурызына дейінгі мерзімде Порталда мемлекеттік органдардың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы ақпарат бөлігінде мемлекеттік органдардың даму жоспарларының іске асырылуы туралы есептерді орналастырады.

      5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары операторға тиісті сұрау салуды жіберу жолымен есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде Порталда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы ақпарат бөлігінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының іске асырылуы туралы есептерді орналастырады.

      6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленетін мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді Порталда қолжеткізу шектелген ақпаратты қамтымайтын бөлікте мемлекеттік органдар орналастырады.

      7. Мемлекеттік органдар Порталда өз қызметін жария талқылауды жүргізеді.

      Жария талқылаулар Порталдағы арнайы бөлім арқылы интернет-конференциялар нысанында жүргізіледі.

      Интернет-конференциялардың тақырыбын және оларды өткізу кезеңділігін мемлекеттік органдар дербес айқындайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады