ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 40-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
В. Дудник |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-101 бұйрығына қосымша |
Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары
Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.07.2024 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с № | Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: | Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Штатта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) бекітілген денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасына, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша білім және ғылым ұйымдарында не "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10)-тармақшасына сәйкес қалыптасатын, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген, аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша кәсіптік өзін-өзі реттеу ұйымдарында сертификациялық курстан өткен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дәрігер(лер)інің немесе маман(дар)ының болуы. | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер |
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі дипломның электрондық көшірмесі. |
2 | Штатта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) бекітілген денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасына, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларына сәйкес "Гигиена және эпидемиология" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі немесе техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар, денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша білім және ғылым ұйымдарында не "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10) тармақшасына сәйкес қалыптасатын, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген, аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша кәсіптік өзін-өзі реттеу ұйымдарында сертификациялық курстан өткен нұсқаушы-дезинфектор(лар)дың болуы. | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер |
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім туралы дипломның электрондық көшірмесі. |
3 | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шiлдедегi № ҚР ДСМ-68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28977 болып тіркелген) бекітілген "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар", Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23852 болып тіркелген) бекітілген "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) бекітілген "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес келетін, меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) кемінде бір жыл мерзімге (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелген) жалға алу құқығында әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік үй-жайлардың (дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) өлшеп-орау үшін арнайы жабдықталған), дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объектісінің(лерінің) болуы. | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер |
Меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығын растайтын құжат. |
4 |
Ең аз материалдық-техникалық жарақтандырудың болуы: | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер |
Жабдықтың меншік немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі. |
5 | Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарымен және (немесе) препараттарымен улану кезінде дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарымен және (немесе) препараттарымен жұмысқа тартылатын мамандар (нұсқаушы-дезинфектор, дезинфектор) әр 5 (бес) жыл сайын дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша кәсіптік даярлықтан өтеді және жыл сайын жұмыстарды қауіпсіз жүзеге асыру, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету мәселелері бойынша нұсқамадан өтеді. | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер |
Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарына қосымша |
Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер
1. Штатта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) бекітілген денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасына, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша білім және ғылым ұйымдарында не "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10)-тармақшасына сәйкес қалыптасатын, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген, аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша кәсіптік өзін-өзі реттеу ұйымдарында сертификациялық курстан өткен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дәрігер(лер)інің немесе маман(дар)ының болуы.:
Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дәрігері немесе маманы туралы мәліметтер:
1) ТАӘ (бар болған жағдайда) ____________________________________________
2) Мамандығы және біліктілігі _______________________________
3) Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломның нөмірі ______
4) Жоғары немесе жоғары оқу орнына кейінгі білімі туралы дипломның күні ________
5) Оқу орнының атауы ____________________________
6) Білімі туралы құжаттарды тану туралы мәліметтер (шетелде білім алғандар үшін)
____________________________________________________________
7) Жұмыс орны ______________________________________________
8) Еңбек өтілі ______________________________________________
9) Денсаулық сақтау саласында маман куәлігін берген ұйымның атауы
_______________________________________________________________
2. Штатта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) бекітілген денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасына, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларына сәйкес "Гигиена және эпидемиология" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі немесе техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар, денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша білім және ғылым ұйымдарында не "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10)-тармақшасына сәйкес қалыптасатын, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген, аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша кәсіптік өзін-өзі реттеу ұйымдарында сертификациялық курстан өткен нұсқаушы-дезинфектор(лар)дың болуы:
Нұсқаушы-деинфектор туралы мәліметтер:
1)ТАӘ (бар болған жағдайда) ___________________________________________
2) Мамандығы және біліктілігі _______________________________
3) Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы дипломның нөмірі ______________________________________________________________
4) Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы дипломның күні ___________________________________________________
5) Оқу орнының атауы ____________________________
6) Білімі туралы құжаттарды тану туралы мәліметтер (шетелде медициналық білім алғандар үшін) _________________________________________________________
7) Жұмыс орны ______________________________________________
8) Еңбек өтілі _____________________________________________
9) Денсаулық сақтау саласында маман куәлігін берген ұйымның атауы
_______________________________________________________________
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шiлдедегi № ҚР ДСМ-68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28977 болып тіркелген) бекітілген "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар", Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23852 болып тіркелген) бекітілген "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) бекітілген "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес келетін, меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) кемінде бір жыл мерзімге (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелген) жалға алу құқығында әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік үй-жайлардың (дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) өлшеп-орау үшін арнайы жабдықталған), дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объектісінің(лерінің) болуы:
1) Кадастр нөмірі ____________________________________________________
2) Орналасқан жері ______________________________________________________
3) Жалға алу туралы шарттың нөмірі мен күні _______________________________
4) Жалға беруші _________________________________________________________
5) Жалға алудың аяқталу мерзімі __________________________________________
6) Үй-жайдың (ғимараттың) қабат жоспары ___________________________________
7) Әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік (дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) өлшеп-орау үшін арнайы жабдықталған) үй-жайлардың, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объекті(лер)ге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы ___________________________
(тіркеу нөмірі, берілген күні, берген орган)
4. Меншік және (немесе) жалға алу құқығында ең аз материалдық-техникалық жарақтандырудың болуы:
№ | Жабдықтың, аппаратураның, аспаптардың, мүкаммалдың, жеке қорғаныш құралдарының атауы | Меншік немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттың атауы (нөмірі, күні) | Өндіруші ел | Саны | Шығарылған жылы | Жай-күйі (жұмысқа жарамды/жарамсыз) |
Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарының және (немесе) препараттарының мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің болуы:
№ | Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарының және (немесе) препараттарының атауы | Өндіруші | Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің номері | Берілген күні |
5. Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарымен және (немесе) препараттарымен жұмысқа тартылатын мамандар (нұсқаушы-дезинфектор, дезинфектор):
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Лауазымы | Жұмыстарды қауіпсіз жүзеге асыру, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарымен және (немесе) препараттарымен улану кезінде алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету мәселелері бойынша жыл сайынғы нұсқамадан өту күні | Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша қосымша білім алғандығы туралы құжаттың (сертификат, куәлік) нөмірі және берілген күні (нұсқаушы-дезинфекторлар бойынша толтырылады) | Дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша кәсіптік даярлық курстарын аяқтағаны туралы құжаттың (сертификат, куәлік) нөмірі және берілген күні (дезинфекторлар бойынша толтырылады) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |