"Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 қаңтарда № 26447 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 04.05.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары бекітілсін.

      2. "Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 237 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11124 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
Ж. Буркитбаев

     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикаcының
Сауда және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2022 жылғы 11 қаңтардағы
№ ҚР ДСМ-2 бұйрығымен
бекітілген

"Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері (көздері) болып табылатын объектілердің (бұдан әрі – объект) санитариялық-қорғаныш аймақтарына (бұдан әрі – СҚА) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 04.05.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен оның анықтамалары пайдаланылады:

      1) адамның өмір сүру ортасы (бұдан әрі – өмір сүру ортасы) – адамның тiршiлiк ету жағдайын айқындайтын, ортаның (табиғи және жасанды) табиғи, антропогендiк және әлеуметтiк факторларының жиынтығы;

      2) белгіленген (түпкілікті) санитариялық-қорғаныш аймағы – есептік (алдын ала) санитариялық-қорғаныш аймағын растау үшін шынайы зерттеулер мен өлшемдердің жылдық циклі нәтижелерінің негізінде айқындалатын санитариялық-қорғаныш аймағының аумағы;

      3) есептік (алдын ала) санитариялық-қорғаныш аймағы (бұдан әрі – алдын ала (есептік) СҚА) – атмосфералық ауа ластануының таралуы, адам денсаулығына физикалық (шу, діріл, иондамайтын сәулелену) және (немесе) радиациялық әсер ету есептері бар жоба негізінде айқындалатын санитариялық-қорғаныш аймағының аумағы;

      4) санитариялық-қорғаныш аймағы – арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіптік ұйымдар мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсерін бәсеңдету мақсатында бөліп тұратын аумақ;

      5) тәуекелді бағалау – инфекциялық және паразиттік ауруларды қоздырғыштардың немесе тасымалдаушылардың ену және таралу ықтималдығына, сондай-ақ өмір сүру ортасы факторларының халықтың денсаулық жағдайына теріс әсеріне және осыған байланысты ықтимал медициналық-биологиялық және экономикалық салдарларға негіздеме (бұдан әрі – халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалау).

2-тарау. Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      3. Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері (көздері) болып табылатын объектілердің СҚА қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мыналарды қамтиды:

      1) СҚА және санитариялық ажырауларды белгілеуге қойылатын талаптар;

      2) СҚА және санитариялық ажырауларды жобалауға қойылатын талаптар;

      3) СҚА және санитариялық ажырауларды көгалдандыруға және аумақтың режиміне қойылатын талаптар.

      4. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері (көздері) болып табылатын объектілердің айналасында СҚА белгіленеді, оның өлшемі ластанудың атмосфералық ауаға әсерін (химиялық, биологиялық, физикалық) Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін гигиеналық нормативтерде (бұдан әрі – гигиеналық норматив) белгіленген мәндерге дейін, ал қауіптілігі I және II сыныптардағы объектілер үшін – гигиеналық нормативтерде белгіленген мәндерге дейін, сонымен қатар, халықтың денсаулығы үшін қолайлы тәуекел шамаларына дейін азайтуды қамтамасыз етеді. Өзінің функционалдық қолданылу мақсаты бойынша СҚА-ы объектіні штаттық режимде пайдалану кезінде халықтың қауіпсіздігі деңгейін қамтамасыз ететін қорғаныш кедергісі болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 04.05.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Объектінің (өнеркәсіптік алаң) аумағы сыртында пайда болатын ластану деңгейлері рұқсат етілген шекті концентрациядан (бұдан әрі – РЕШК) және (немесе) рұқсат етілген шекті деңгейден (бұдан әрі – РЕШД) 0,1-ден асатын немесе тұрғын үй аймақтарының ластануы үлесі РЕШК 0,1 асатын объектілер болса адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету (көздері) объектілері болып табылады.

      6. Осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес объектілердің СҚА-ның ең аз өлшемі белгіленеді.

      Объектілердің қауіптілік сыныбына байланысты осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес СҚА-ның мынадай өлшемдері көзделген:

      1) қауіптіліктің I сыныбындағы объектілер 1000 метрден (бұдан әрі – м) және одан жоғары;

      2) қауіптіліктің IІ сыныбындағы объектілер 500 м-ден 999 м-ге дейін;

      3) қауіптіліктің III сыныбындағы объектілер 300 м-ден 499 м-ге дейін;

      4) қауіптіліктің IV сыныбындағы объектілер 100 м-ден 299 м-ге дейін;

      5) қауіптіліктің V сыныбындағы объектілер 50 м-ден 99 м-ге дейін.

      7. Осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға енгізілмеген, объектілерге арналған СҚА ең аз өлшемі әрбір нақты жағдайда (оның ішінде жер учаскесін таңдау кезінде) атмосфералық ауаның күтілетін ластануының (атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың фондық концетрациясын (бұдан әрі – фондық концентрация) есепке ала отырып), физикалық әсер ету деңгейлерінің есептерімен және (қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілерге арналған) халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалаумен, сондай-ақ адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер етудің теріс және оң әсерінің аналогтарын зерделеумен белгіленеді.

      Фондық концентрацияға нақты аумақтың атмосфералық ауасының жай-күйін бақылау деректері бойынша есептелетін және атмосфералық ауаның трансшекаралық ластануын қоса алғанда, осы аумақтағы шығарындылардың барлық көздерінің әсеріне негізделген атмосфералық ауа көлемінің бірлігіндегі ластаушы заттың концентрациясы жатады.

      8. СҚА ең аз өлшемі атмосфералық ауаның күтілетін ластануының (фондық концентрацияны ескере отырып) және атмосфералық ауаға физикалық әсер ету деңгейлерінің есептерімен СҚА жобасымен негізделеді және заттай зерттеулер және өлшеулер нәтижелерімен расталады.

      СҚА жобалары осы Санитариялық қағидалардың 6-тармағында көрсетілген диапазондардағы СҚА өлшемін негіздеу үшін адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері (көздері) болып табылатын объектілер үшін әзірленеді.

      9. Жаңа, жобаланатын және жұмыс істеп тұрған объектілер үшін СҚА-ның алдын ала (есептік) өлшемдері СҚА-ны белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын әзірлей отырып, осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

      Тарихи қалыптасқан құрылыс салуға байланысты қолданыстағы объектілер үшін осы Санитариялық қағидалардың 26-тармағына сәйкес СҚА-ның алдын ала (есептік) мөлшерін белгілемей, СҚА-ның мөлшерін азайтуға жол беріледі.

      Осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға енгізілмеген объектілер үшін СҚА есептік өлшемдер атмосфералық ауаға физикалық әсер ету (шу, діріл, ЭМӨ) деңгейлерін және атмосфералық ауаның ластанып таралуының есептеулері және (қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілерге арналған) халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалауы бар жоба негізінде есептеу әдісімен белгіленеді.

      Белгіленген (түпкілікті) СҚА объектінің СҚА шекарасында және одан тыс жерлерде санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ала отырып, жыл ішінде есептік параметрлерді (өндірістік қызметтің ерекшелігіне байланысты басымдық көрсеткіштер бойынша тоқсан сайын орташа тәуліктік және ең жоғары-бір реттік концентрациялар бойынша сәйкестікке) және физикалық әсер ету деңгейлеріне (шу, діріл, ЭМӨ, көзі болған кезде) растау үшін заттай зерттеулердің жылдық циклі негізінде айқындалады.

      Объект пайдалануға берілген күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімде тиісті объектінің шаруашылық жүргізу субъектісі алдын ала (есептік) СҚА растау үшін атмосфералық ауаны, атмосфералық ауаға физикалық және (немесе) биологиялық әсер ету деңгейлеріне зерттеулерді (өлшеулерді) жүргізуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 04.05.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. СҚА жобасын және халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалауды мамандандырылған ұйым әзірлейді және бекітеді және тапсырыс берушімен келісіледі. Әзірленген жобаның толықтығын, дұрыстығын және сапасын қоса алғанда, іс-шаралардың орындалуын тапсырыс беруші мен жобалау құжаттамасын әзірлеуші қамтамасыз етеді.

      11. СҚА өлшемін айқындау өлшемшарттары бір мезгілде мынадай шарттарды сақтау болып табылады: оның сыртқы шекарасында және одан тыс жерлерде елді мекендердің атмосфералық ауасы үшін ластаушы заттардың концентрациясы барынша бір реттік және орташа тәуліктік көрсеткіштер бойынша РЕШК немесе болжамды қауіпсіз әсер ету деңгейінен (бұдан әрі – БҚӘЕД) және (немесе) физикалық әсер ету РЕШД асырмау, сондай-ақ (қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілерге арналған) халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалау нәтижелері.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 04.05.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын объектілерді өндірістік объектіден тұрғын үй құрылысына, ландшафтылы-рекреациялы аймаққа, демалыс алаңына (аймақтарына), курорттардың, санаторийлердің, демалыс үйлерінің, стационарлық емдеу-профилактикалық және сауықтыру ұйымдарының, спорт ұйымдарының, балалар алаңдарының, білім беру және балалар ұйымдарының аумақтарына, бау-бақша серіктестіктері мен коттедж құрылысының, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерінің аумақтарына СҚА бөлінеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 04.05.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Автомобиль магистральдар, темір жол көлігі желілері, метрополитеннің жерүсті учаскелері үшін, сондай-ақ әуе кемелерінің ұшу және қону, ғарыш аппараттарын ұшыру аймағындағы ұшудың стандартты бағыттарының бойында проекциядан жер бетіне СҚА режимі бар және химиялық, биологиялық және физикалық әсерлерден гигиеналық нормативтерде белгіленген мәндерге дейін төмендетуді қамтамасыз ететін, объектіден қашықтық (бұдан әрі – санитариялық ажырау) белгіленеді.

      Санитариялық ажыраудың шамасы әрбір нақты жағдайда атмосфералық ауадағы ластаушы заттар шығарындыларының таралуын және физикалық әсер ету (шу, діріл, ЭМӨ және басқа физикалық факторлар) деңгейлерін есептеу негізінде белгіленеді.

      Санитариялық ажырауды белгілеу кезінде, оның ішінде Санитариялық қағидалардың 2-8-қосымшаларында көрсетілген объектілер үшін ғарыш аппараттарын ұшыруды, әуе кемелерінің ұшу және қону аймағындағы ұшудың стандартты бағыттары бойындағы санитариялық ажырауды қоспағанда, санитариялық ажырауды негіздеу жобасын әзірлеу талап етілмейді (осы Санитариялық қағидаларға 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес санитариялық ажырау жүйелі белгіленеді).

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 04.05.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Жеңіл автомобильдердің (паркингтердің) ашық тұрақтары, гараждардың, жеңіл автомобильдерді жуу, жеңіл автомобильдерді жөндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі объектілеріне; әуе электр тарату желілерінің объектілеріне (бұдан әрі – ӘЭТЖ); құрамында күкіртсутегі жоқ жерасты және жерүсті магистральдық газ құбырларына; сұйытылған көмірсутек газдарына арналған құбырларына; мұнай тасымалдайтын магистральдық құбырларына; компрессорлық және мұнай айдау станцияларына; мал сою пункттеріне және мал сою алаңдарына арналған ең аз санитариялық ажыраулар құрылады.

      15. Жеңіл автомобильдерге арналған ашық тұрақтардан (паркингтерден), гараждардан, автомобильдерді жуудан, жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету объектілерінен құрылыс салу объектілеріне дейінгі ең аз санитариялық ажырау осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.

      16. Құрамында күкіртсутегі жоқ жерасты және жерүсті магистральдық газ құбырларына арналған ең аз санитариялық ажырау осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.

      17. Сұйытылған көмірсутек газдарына арналған құбырлардан ең аз санитариялық ажыраулар осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшада келтірілген.

      18. Мұнай тасымалдайтын магистральдық құбырлардан ең аз санитариялық ажыраулар осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшада келтірілген.

      19. Компрессорлық станциялардан ең аз санитариялық ажыраулар осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшада келтірілген.

      20. Мұнай айдау станцияларынан ең аз санитариялық ажыраулар осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшада келтірілген.

      21. Мал сою пункттерінен және мал сою алаңдарынан ең аз санитариялық ажыраулар осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшада келтірілген.

      22. Тұрғын үй кешендеріне жапсарлас салынған әлеуметтік инфрақұрылым объектілері (5 дейін қоса алғандағы бекеті бар жеңіл автомобильдерді жуу орны, өнімділігі ауысымына 75 килограмнан аспайтын химиялық тазалау және кір жуу орындары, паркингтер) СҚА жобасын әзірлеуді және ұйымдастыруды талап етпейді.

      23. Елді мекеннен авиациялық тәсілмен пестицидтермен өңделетін ауыл шаруашылығы алқабына дейінгі санитариялық ажыраулар өлшемі кемінде 2000 метрді құрайды.

      24. Әуежайлар, аэродромдар, вертодромдар айналасында әрбір нақты жағдайда атмосфералық ауа ластануының таралуы мен атмосфералық ауаға физикалық әсер ету (шу, діріл, ЭМӨ және басқалар) деңгейлері есептерінің негізінде, сондай-ақ заттық зерттеулер мен өлшеулердің, (қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілерге арналған) халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалау нәтижелерінің негізінде пайдаланудың ерекше режимі бар арнайы аумақ (СҚА және санитариялық ажырау) белгіленеді, оның өлшемі ластанудың атмосфералық ауаға әсерін (химиялық, биологиялық, физикалық) гигиеналық нормативтерде белгіленген мәндерге дейін азайтуды қамтамасыз етеді.

      Есептеулерді, заттық зерттеулерді және өлшеулерді, (қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілерге арналған) халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалауды қоса алғанда, ұйымдастыру мен жүргізу іс-шаралардың орындалуын аэродромдар мен вертодромдардың меншік иелері қамтамасыз етеді.

      25. СҚА, санитариялық ажырау аумағындағы және олардың шекарасындағы, сондай-ақ селитебті (тұрғын үй) аймағындағы атмосфералық ауаны заттық зерттеуді және атмосфералық ауаға физикалық әсер ету деңгейлерін өлшеу аккредиттелген өндірістік зертханалармен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ұйымдармен және (немесе) Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес аккредиттеуден өткен өзге де зертханалармен жүзеге асырылады.

      26. Жұмыс істеп тұрған объектілердің СҚА өлшемдерін өзгерту (ұлғайту, азайту) осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшада анықталған СҚА жобасының құрамына қойылатын талаптарға сәйкес әзірленген СҚА жобасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу жолымен және:

      1) СҚА шекарасында және одан тысқары жерлерде өндірістік қызметтің ерекшеліктеріне байланысты басымдық көрсеткіштер бойынша орташа тәуліктік және ең жоғары-бір реттік концентрациялар бойынша көрсеткіштердің сәйкестігіне (әрбір ингредиентке жеке нүктеде кемінде елу күн зерттеу) жыл ішінде жүйелі зертханалық байқаулар материалдары бойынша РЕШК дейін атмосфералық ауаның атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық ластану деңгейіне қол жеткізудің объективті дәлелдері;

      2) объектінің СҚА шекарасында және одан тысқары жерлерде жыл бойы тоқсан сайынғы негізде зертханалық байқау материалдары бойынша (шу, діріл, ЭМӨ) РЕШК дейін физикалық әсер ету деңгейлерін сақтаудың физикалық әсер ету деңгейіне қол жеткізудің объективті дәлелдері;

      3) қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілер үшін халықтың өмірі мен денсаулығы үшін тәуекелді бағалауды жүргізу;

      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте фондық шоғырлануды есепке алу (осы жерде атмосфералық ауа мониторингінің автоматтандырылған станциялары болған кезде);

      5) объектілердің құрамын өзгерту және қайта бейіндеу;

      6) қолжетімді ең жақсы әдістерді қолдану, тіршілік ету ортасына әсер ету деңгейін төмендетуге бағытталған озық технологиялық шешімдерді, тиімді тазарту қондырғыларын және басқаларды енгізу негізінде жүзеге асырылады.

      СҚА-ның өзгеруіне жататын жұмыс істеп тұрған объект 1 жылдан астам жұмыс істейтін объект болып табылады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 04.05.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Өндіріс көлемін уақытша қысқарту объектінің барынша жобалық немесе нақты қол жеткізілген қуатына арналған СҚА белгіленген өлшемін өзгерту үшін негіз болып табылмайды.

      28. СҚА шекарасында есептік жолмен алынған кез келген әсер ету факторы бойынша және (немесе) заттық зерттеулер, физикалық факторларды өлшеу нәтижелері нормативтік деңгейлердегі техникалық және технологиялық құралдармен қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде жұмыс істеп тұрған объектілердің СҚА өлшемі белгіленген бойынша салыстырғанда ұлғаяды. Жағдайды бағалау объектіні пайдаланудың соңғы үш жылындағы өлшенген параметрдің орташа жылдық мәндері бойынша жүзеге асырылады.

      29. Қауіптіліктің I және II сыныптарындағы жұмыс істеп тұрған объектілер үшін, осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға енгізілмеген объектілер үшін, оның ішінде елде және шет елдерде аналогтары жоқ, жаңа, жеткілікті зерттелмеген технологиялары бар объектілер үшін СҚА Қазақстан Республикасының тиісті аумақтар мен көліктегі (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері немесе оның орынбасарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының құрылымдық бөлімшелерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын лауазымды адамдары (бұдан әрі – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын лауазымды адамдар) жүйелі белгілейді.

      Қауіптіліктің III, IV және V сыныптарындағы жұмыс істеп тұрған объектілер үшін СҚА-ны тиісті аумақтардағы және көліктегі (аудан мен қаланың) Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер немесе оның орынбасарлары, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын лауазымды адамдар белгілейді.

      Жобаланатын объектілер үшін алдын ала (есептік) СҚА-ны Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында аттестатталған сарапшылар белгілейді.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 04.05.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Қауіптіліктің I, II, III, IV және V сыныптарындағы қолданыстағы объектілері үшін СҚА мөлшерін өзгертуді тиісті аумақтар мен көліктегі (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері немесе оның орынбасарлары, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын лауазымды адамдар жүзеге асырады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 04.05.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Халыққа физикалық әсер ету факторларының көздері болып табылатын объектілерге арналған СҚА өлшемдері, көздердің орналасқан орындарын және олардан туындайтын шуды, дірілді, ЭМӨ және басқа физикалық факторлар сипатын есепке ала, акустикалық есептеулер негізінде белгіленеді. СҚА өлшемдерін белгілеуге арналған есептеу параметрлері атмосфералық ауаға физикалық әсер ету факторларының заттай өлшеулермен расталады.

      32. СҚА өлшемдері СҚА сыртқы шекарасындағы шудың, дірілдің, электромагниттік сәулеленудің, инфрадыбыстың, шашыранды лазерлік сәулеленудің және басқа да физикалық факторлардың РЕШД қолданыстағы гигиеналық нормативтеріне сәйкес айқындалады.

      33. Халықты ӘЭТЖ туындайтын электр өрісінің әсерінен қорғау мақсатында жоғары вольтты желі трассасының бойында санитариялық ажырау белгіленеді, оның сыртындағы электр өрісінің кернеулігі 1 метрге 1 киловольттан (кВ/м) аспайды.

      Қайта жобаланатын ӘЭТЖ, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстарға санитариялық ажырау шекараларын ӘЭҚЖ трассасының бойында сымдарды көлденең орналастыру арқылы және оның екі жағында электр өрісінің кернеулігін төмендету құралынсыз ӘЭТЖ-ға перпендикуляр бағыттағы жиектегі фазалық сымдардың жерге проекциясынан мынадай қашықтықтарда қабылданады:

      1) кернеулігі 220 киловольт (бұдан әрі – кВ) қоса алғанда ӘЭТЖ үшін – 25 м;

      2) кернеулігі 500 кВ қоса алғанда ӘЭТЖ үшін – 30 м;

      3) кернеулігі 750 кВ қоса алғанда ӘЭТЖ үшін – 40 м;

      4) кернеулігі 1150 кВ қоса алғанда ӘЭТЖ үшін – 55 м.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 04.05.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. ӘЭТЖ санитариялық ажырау шекарасында тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды орналастыруға жол берілмейді.

      35. Таратушы радиотехникалық объектілер орналасқан жерлерде СҚА өлшемін белгілеу және өзгерту Ереженің 15-тармағының 113) тармағына сәйкес бекітілетін радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 04.05.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. Санитариялық-қорғаныш аймақтарын жобалауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      36. СҚА жобалауды, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын (қала құрылысы құжаттамасын, жұмыс істеп тұрған объектіні және (немесе) аумақтық өнеркәсіптік кешенге (өнеркәсіптік торапқа) біріктірілген объектілер тобын салу, реконструкциялау немесе техникалық қайта жарақтандыру жобаларын) әзірлеудің барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады. СҚА жобалауды осы Санитариялық қағидаларда жазылған талаптарға сәйкес тиісті объектілердің шаруашылық жүргізуші субъектісімен жүзеге асырылады.

      Штаттық режимде жұмыс істеу үшін объектінің толық жобалық қуатына, авариялық жағдайларды ескере отырып, шығарындылардың таралуының неғұрлым қолайсыз жағдайларын, адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер етудің теріс және оң әсерінің аналогтарын зерделеуде анықталатын СҚА өлшемін растау, СҚА өлшемін негіздеу болып табылады.

      37. Жаңа құрылысқа, жұмыс істеп тұрған объектілерді реконструкциялауға немесе техникалық қайта жарақтандыруға СҚА негіздеудің жоба алды және жобалық құжаттамаларында СҚА ұйымдастыруға және көгалдандыруға арналған қаражат пен іс-шаралар көзделеді.

      38. СҚА жобасына осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшадағы СҚА жобасының құрамына қойылатын талаптарға сәйкес материалдар енгізіледі.

      39. СҚА шекаралары химиялық, биологиялық және (немесе) физикалық әсер етудің шеткі көздерінен бастап белгіленеді. Жер учаскесін таңдау кезінде әсер ету көздерінің нақты орналасқан жері туралы ақпарат болмаған кезде СҚА шекарасы жер учаскесінің шекарасынан оның сыртқы шекарасына дейін берілген бағытта белгіленеді.

      Объектінің зиянды химиялық, биологиялық және физикалық әсері гигиеналық нормативтерде белгіленген мәндерден аспайтын СҚА аумағын шектейтін сызығы СҚА шекарасы болып табылады.

      40. СҚА белгілеу үшін атмосфералық ауаның химиялық ластануы жетекші фактор болып табылатын объектерге арналған шығарындылары сипаттамаларына байланысты СҚА өлшемі ластаушы заттар шығарындылары көзінен және (немесе) объект (өнеркәсіптік алаңы) аумағының шекарасынан белгіленеді.

      Объект (өнеркәсіптік алаңы) аумағының шекарасынан:

      1) ашық алаңдарда технологиялық жабдық болған кезде ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған көздерден;

      2) объектінің (өнеркәсіптік алаң) аумағы бойынша әр-жерде бөліп жайғастырылған көздерімен өндіріс ұйымдастырылған жағдайда;

      3) жерүсті және төмен көздер, орташа биіктіктегі салқын шығарындылар бар болған кезде СҚА белгіленеді.

      Шығарындылар көздерінен: жоғарғы, орташа көздерден жылытылған шығарындылары бар болған кезде СҚА белгіленеді.

      41. Өмір сүру ортасын ластаушы көздері болып табылатын жұмыс істеп тұрған объектілерге арналған зиянды заттардың жиынтық әсер ету әсерін есепке ала отырып, өмір сүру ортасына әсер етудің барлық түрлерін химиялық және биологиялық әсер ету кезінде РЕШК дейін, физикалық факторлардың әсер етуі кезінде РЕШД дейін төмендеткен жағдайда өндірістерді реконструкциялау немесе қайта бейіндеу жүргізуге жол беріледі.

      42. Атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық және физикалық әсерлерді өлшеулер мен заттық зерттеулер, (қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілерге арналған) халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалау негізінде алынған алдын ала (есептік) СҚА өлшемі сәйкес келмеген жағдайда, СҚА өлшемі бойынша шешім халықтың денсаулығы мен өмірі үшін барынша қауіпсіздікті қамтамасыз ететін нұсқа бойынша қабылданады.

      43. Аумақтық өнеркәсіптік кешенге (өнеркәсіптік торапқа) біріктірілген бір субъект объектілерінің топтары үшін атмосфералық ауаға ластаушы заттардың жиынтық шығарындыларын және физикалық әсерін есепке ала отырып, аумақтық өнеркәсіптік кешенге (өнеркәсіптік торапқа) кіретін объектілердің, СҚА бірыңғай есептік және түпкілікті белгіленген өлшемі белгіленеді. Халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалау, құрамына қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілер кіретін объектілер топтарына жүргізіледі.

      Аумақтық өнеркәсіптік кешен (өнеркәсіптік торап) құрамына кіретін объектілеріне арналған СҚА өлшемін әрбір объект үшін жеке белгілеуге жол беріледі, ал объектінің (субъектінің) бүкіл аумағындағы (өнеркәсіптік алаңдағы) СҚА түпкілікті өлшемі, СҚА барынша үлкен өлшемі бойынша қабылданады.

      44. Объектілерді реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру (қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілерге арналған) халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалау, атмосфералық ауаның күтілетін ластануын және атмосфералық ауаға физикалық әсер етуін есептеумен СҚА жобалары бар болғанда жүргізіледі. Объектіні реконструкциялау және пайдалануға беру аяқталғаннан кейін есептік параметрлер заттық зерттеулер және атмосфералық ауаға әсер етудің физикалық факторларын өлшеу нәтижелерімен расталады.

      45. Қазіргі заманғы өнеркәсіптік жобалаудың міндетті шарты шығарындылардың зиянды химиялық немесе биологиялық компоненттерінің атмосфералық ауаға, топыраққа және су қоймаларына түсуін болдырмауға немесе барынша азайтуға, физикалық факторлар әсер етуін болдырмауға немесе оларды гигиеналық нормативтерге дейін және одан да төмен азайтуға мүмкіндік беретін озық ресурстарды үнемдейтін, қалдықсыз және аз қалдықты технологиялық шешімдерді енгізу болып табылады.

      46. Құрылыс және реконструкциялау жобаларында әзірленетін жаңадан қолданылатын технологиялық және техникалық шешімдер тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтардың нәтижелерімен, жаңа технологиялар негізінде өндірістерді жобалау кезінде тәжірибелік-эксперименттік өндірістердің деректерімен, осындай өндірісті құру жөніндегі шетелдік тәжірибенің материалдарымен негізделеді.

2-параграф. Санитариялық-қорғаныш аймағын көгалдандыру және оның аумағының режиміне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      47. Объектінің СҚА шекараларында (оның ішінде СҚА белгіленетін объектінің аумағында) объект қызметкерлеріне қызмет көрсетуге және оның қызметін қамтамасыз етуге арналған ғимараттары мен құрылыстары:

      1) кезекші авариялық персоналға арналған тұрғын емес үй-жайлары, вахталық әдіс бойынша жұмыскерлердің болуына арналған үй-жайлары;

      2) өрт сөндіру депосын, монша, кір жуатын орындарды, сауда және қоғамдық тамақтану объектілерін, гараждарды, қоғамдық және жеке көлікті сақтауға арналған алаңдар мен құрылыстарды, автомобильге май құю станцияларын, қоғамдық және әкімшілік ғимараттарды, конструкторлық бюроларды, оқу орындарын, емханаларды, ғылыми-зерттеу зертханаларын, жабық үлгідегі спорт-сауықтыру құрылыстары;

      3) жергілікті және транзитті коммуникацияларды, электр тарату желілерін, электр қосалқы станцияларын, мұнай және газ құбырларын, техникалық сумен жабдықтауға арналған артезиан ұңғымаларын, техникалық су дайындауға арналған суды салқындататын құрылыстарды, суды бұру сорғы станцияларын, айналымды сумен жабдықтау құрылыстары;

      4) негізделген кезде тамақ өнімдері ретінде өндіруге пайдаланылмайтын техникалық дақылдарды өсіруге арналған ауыл шаруашылық алқаптары орналастырылады.

      48. Объектілердің СҚА шекараларында (оның ішінде СҚА белгіленетін объектінің аумағында) осы Санитариялық қағидалардың 47-тармағында көрсетілген объектінің қызметкерлеріне қызмет көрсетуге және оның қызметін қамтамасыз етуге арналған ғимараттары мен құрылыстары орналастырылады, мыналарды қоспағанда:

      1) жаңадан салынып жатқан тұрғын үй құрылыстарын қоса алғанда тұрғын үйлерді;

      2) ландшафтық-рекреациялық аймақтарды, демалыс алаңдарын (аймақтарын), курорт, санаторий және демалыс үйлерінің аумақтарын;

      3) құрылатын және ұйымдастырылатын бау-бақша серіктестіктерінің аумақтарын және коттедж құрылысын, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерін;

      4) спорт құрылыстарын, балалар алаңдарын, білім беру және балалар ұйымдарын, жаппай қолданылатын емдеу-профилактикалық және сауықтыру ұйымдарын;

      5) тамақ өнімдері ретінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру жөніндегі объектілерін.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 04.05.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      49. СҚА шекараларында және өнеркәсіптің басқа да салаларының объектілері аумағында осы Санитариялық қағидалардың 47-тармағында көрсетілген объектінің қызметкерлеріне қызмет көрсетуге және оның қызметін қамтамасыз етуге арналған ғимараттар мен құрылыстар орналастырылады, мыналарды қоспағанда:

      1) дәрілік заттарды, дәрілік құралдарды және (немесе) дәрілік нысандарды өндіру жөніндегі объектілерді, фармацевтикалық объектілерге арналған шикізат және жартылай өнімдер қоймаларын;

      2) өнеркәсіптің тамақ салаларының объектілерін, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің көтерме сауда қоймаларын;

      3) ауыз су дайындауға және сақтауға арналған су құбыры құрылыстарының кешендерін орналастырмайды.

      50. ІV және V сыныптардағы объектілерге арналған СҚА алаңының кемінде 60 пайызын (бұдан әрі – %), ІІ және ІІІ сыныптардағы объектілерге арналған СҚА алаңының кемінде 50%, I сыныбындағы объектілерге арналған СҚА алаңының кемінде 40% барынша көгалдандыруды тұрғын үй құрылысын салу жағынан ағаш-бұта көшеттері жолағын міндетті түрде ұйымдастыра отырып көгалдандыру көзделеді.

      СҚА алаңын көгалдандырудың көрсетілген үлес салмағын орындауға мүмкіндік болмаса (объектілермен тығыз құрылыс салу кезінде, сондай-ақ объекті елді мекендерден алыс шөл және шөлейт жерлерде орналасқан кезде) СҚА жобасында міндетті түрде негіздей отырып, құрылыс салудан бос аумақтар мен жақын елді мекендердің аумақтарын жергілікті атқарушы органдары келісімі бойынша көгалдандыруға жол беріледі.

      Көгалдандыру бойынша іс-шараларды жүргізу және газға төзімді отырғызу материалын таңдау кезінде, кәсіпорын орналасқан ауданның табиғи-климаттық жағдайлары ескеріледі.

      51. Тамақ өнеркәсібі салалары объектілерінің, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімі көтерме қоймаларының, дәрілік заттарды, дәрілік құралдар мен (немесе) дәрілік нысандар өндірісінің, фармацевтикалық кәсіпорындар үшін шикізат пен жартылай өнімдер қоймаларының СҚА шекараларында өнімге, адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына, өнімге өзара жағымсыз әсер ету болмаған жағдайда, жаңа бейінді, бір типті объектілерді орналастыруға жол беріледі.

      52. Объектінің СҚА шекараларында орналасқан немесе СҚА-ға іргелес жатқан автомобиль магистралі оның өлшеміне қосылмайды, ал автомобиль магистралінің шығарындылары СҚА өлшемін негіздеу кезінде фондық ластануда ескеріледі.

      53. СҚА немесе оның қандай да бір бөлігі тұрғын үй аймағын кеңейту, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерін орналастыру үшін объектінің резервтік аумағы ретінде пайдаланылмайды.

      СҚА бір бөлігі бар СҚА-ның сыртқы шекарасында РЕШК және (немесе) РЕШД сақталуы негіздемесінің жобасы болған жағдайда, өндірістік аймақты кеңейту үшін объектінің резервтік аумағы ретінде қаралуы мүмкін.

  "Адамның өмір сүру ортасы мен
денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын
объектілердің санитариялық-қорғаныш
аймақтарына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына
1-қосымша

Объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарының ең аз өлшемдері

1-бөлім. Химиялық объектілер және өндірістер

      1. І сынып – СҚА 1000 метр (бұдан әрі – м):

      1) байланысқан азот (аммиак, азот қышқылы, азот-тук және басқа да тыңайтқыштар) өндірісі.

      Аммиак, құрамында азот бар қосындыларды (несепнәр, тионесепнәр, гидразин мен оның туындылары және басқалары), азот-тук, фосфат, концентратты минералды тыңайтқыштарды, азот қышқылын және басқаларды шығаратын комбинаттар кеңейтілген СҚА талап етеді;

      2) бензол және эфир қатарындағы анилинді-бояу өнеркәсібі өнімдері мен жартылай өнімдерінің – анилин, нитроанилин, алкилбензол, нитрохлорбензол, фенол, ацетон, хлорбензол және басқаларының өндірісі;

      3) нафтален және антрацен қатарындағы жартылай өнімдердің - бетанафтол, аш-қышқылы, фенилпери қышқылдар, периқышқыл, антрахинон, фталийлік ангидрид және басқаларының өндірісі;

      4) күкіртті немесе құрамында күкірті бар материалдарды жағу негізінде қышқылды сульфитті және бисульфитті немесе моносульфитті әдіспен целлюлозаның және жартылай целлюлозаның өндірісі, сондай-ақ сульфатты әдіс (сульфат-целлюлоза) бойынша целлюлоза өндірісі;

      5) электролиттік жолмен хлордың, хлор негізінде жартылай өнімдер мен өнімдердің өндірісі;

      6) хлорлау әдісімен (оның ішінде титан-магний, магний) сирек металдар өндірісі;

      7) жасанды және синтетикалық талшықтар (вискоза, капрон, лавсан, нитрон және целлофан) өндірісі;

      8) диметилтерефталат өндірісі;

      9) капролактам өндірісі;

      10) күкіртті көміртек өндірісі;

      11) синтетикалық полимерлік материалдарға арналған өнімдер мен жартылай өнімдер өндірісі;

      12) күшәла мен оның қосындыларының өндірісі;

      13) мұнайды, ілеспе мұнай мен табиғи газды қайта өңдеу өндірісі. Құрамында күкірт қосындылары 1%-дан (салмақты) артық көмірсутекті шикізатты өңдеген кезде СҚА негізді түрде ұлғайтады;

      14) пикрин қышқылының өндірісі;

      15) фтор, фторлы сутек және олардың негізінде жасалатын жартылай өнімдер мен өнімдер (органикалық, органикалық емес) өндірісі;

      16) жанғыш тақтатасты өңдеу өндірісі;

      17) қара күйе өндірісі;

      18) фосфор (сары, қызыл) және фосфорорганикалық қосындылар (оның ішінде тиофос, карбофос, меркаптофос) өндірісі;

      19) суперфосфат тыңайтқыштарының өндірісі;

      20) кальций карбиді, кальций карбидінен ацетилен және ацетилен негізінде жасалатын туындылар өндірісі;

      21) жасанды және синтетикалық каучук өндірісі;

      22) көгертетін қышқыл, оның негізінде жасалатын органикалық жартылай өнімдер мен өнімдер (оның ішінде ацетонциангидрин, этиленциан-гидрин, метакрил және акрил қышқылдарының эфирлері, диизоцианаттар) өндірісі; цианистік тұздар (оның ішінде калий, натрий, мыс), цианплав, дицианамид, кальций дицианамиді өндірісі;

      23) көмірсутекті газдардан және оның негізінде өнімдерден алынатын ацетилен өндірісі;

      24) синтетикалық химия-фармацевтикалық және дәрілік препараттар өндірісі;

      25) оттегімен тікелей тотықтырумен жасалатын синтетикалық май қышқылдарының, жоғары май спирттерінің өндірісі;

      26) меркаптандар өндірісі, орталықтандырылған газды меркаптандармен одоризациялау қондырғылары, одорант қоймалары;

      27) хром, хромды ангидрид және оның негізінде жасалатын тұздар өндірісі;

      28) күрделі эфирлер өндірісі;

      29) фенолформальдегид, полиэфирлі, эпоксидті және басқа да жасанды шайырлар өндірісі;

      30) метионин өндірісі;

      31) металдар карбонилдерінің өндірісі;

      32) таскөмірлі қара майды, мұнайды, қылқан жапырақты ағашты (гудронды, жартылай гудронды және басқаларын) айдау қалдықтарынан жасалатын битум және басқа да өнімдер өндірісі;

      33) бериллий өндірісі;

      34) синтетикалық спирттер (бутил, пропил, изопропил, амил) өндірісі;

      35) вольфрам, молибден, кобальт гидрометаллургиясы өндірісі;

      36) жемдік амин қышқылдарының (жемдік лизин, премикстер) өндірісі;

      37) пестицидтер өндірісі;

      38) оқ-дәрі, жарылғыш заттар өндірісі, қоймалар мен полигондар;

      39) алифатиялық аминдер (оның ішінде моно-ди-үш-метиламиндер, диэтил-триэтиламиндер) және оның негізінде жасалатын өнімдер (оның ішінде симазин) өндірісі.

      40) үйінділер, қалдық сақтайтын қоймалар мен химиялық өндірістердің шлам жинағыштары.

      2. ІІ сынып – СҚА 500 м:

      1) бром, оның негізінде жасалатын өнімдер мен жартылай өнімдер (органикалық және органикалық емес) өндірісі;

      2) газдар (жарықтық, сулы, генераторлық, мұнайлы газдар) өндірісі;

      3) көмірді жер астында газдандыру станциялары;

      4) органикалық еріткіштер мен майлар (оның ішінде бензол, толуол, ксилол, нафтол, крезол, антрацен, фенантрен, акридин, карбозол) өндірісі;

      5) таскөмір мен оның негізінде жасалатын өнімдерді (оның ішінде таскөмірлі ыстық от, шайырлар) өңдеу объектілері;

      6) шымтезекті химиялық өңдеу объектілері;

      7) күкірт қышқылы, олеум, күкіртті газ өндірісі;

      8) тұз қышқылының өндірісі;

      9) күкіртті қышқыл әдісімен немесе тікелей гидратация әдісімен синтетикалық этил спиртінің өндірісі.

      10) фосген және оның негізінде жасалатын өнімдер (оның ішінде парофор) өндірісі;

      11) қышқылдар: аминоэнантты, аминоундеканды, аминопеларгонды, тиодивалерианды, изофталды қышқылдар өндірісі;

      12) натрий нитриті, тионилхлорид, көміраммоний тұздары, көмірқышқылды аммоний өндірісі;

      13) диметилформамид өндірісі;

      14) этил сұйықтығы өндірісі;

      15) катализаторлар өндірісі;

      16) күкіртті органикалық бояғыштар өндірісі;

      17) калий тұздарының өндірісі;

      18) ұшпа органикалық қосындылар қолданылатын жасанды тері өндірісі;

      19) азотолдар және азоаминдер барлық сыныптарының текшелік бояғыштарының өндірісі;

      20) этилен тотығы, пропилен тотығы, полипропилен өндірісі;

      21) 3,3-ди(хлорметил) оксоциклобутан, поликарбонат, пропиленді этилен сополимерлері, мұнайдың ілеспе газдары базасында жоғары полиолефиндер полимерлерінің өндірісі;

      22) пластификаторлар өндірісі;

      23) хлорвинил негізінде пластмассалар өндірісі;

      24) цистерналарды (мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдаған кезде) тазарту, жуу және булау пункттері;

      25) синтетикалық жуғыш заттар өндірісі;

      26) бастапқы өнімдер өндірісі болған жағдайда тұрмыстық химия өнімдерінің өндірісі;

      27) бор мен оның қосындыларының өндірісі;

      28) парафин өндірісі;

      29) қарамай, ағаштан алынатын сұйық және ұшпа погондар, метил спирті, сіркесу қышқылы, скипидар, терпетин майы, ацетон, креозот өндірісі;

      30) сіркесу қышқылының өндірісі;

      31) сіркесу қышқылы мен сіркесу ангидридінің шикізат өндірістерімен қоса ацетилцеллюлоза өндірісі;

      32) өсімдік шикізатын пентозан қосындыларымен өңдеу негізінде жасалатын гидролиз өндірісі;

      33) изоактил спиртінің, майлы альдегид, май қышқылының, винилтолуол, пенопласт, поливинилтолуол, полиформальдегид, органикалық қышқылдар регенерациясының (оның ішінде сіркесу, майлы), метиопирролидон, поливинилпирролидон, пен-таэритрит, уротропин, формальдегид өндірісі;

      34) капрон және лавсан мата өндірісі.

      3. ІІІ сынып – СҚА 300 м:

      1) ниобий өндірісі;

      2) тантал өндірісі;

      3) аммиакты әдіспен кальцийленген сода өндірісі;

      4) аммиакты, калийлі, натрийлі, кальцийлі селитра өндірісі;

      5) химиялық реактивтер өндірісі;

      6) целлюлоза эфирлерінен алынатын пластикалық массалар өндірісі;

      7) корунд өндірісі;

      8) барий мен оның қосындыларының өндірісі;

      9) ультрамарин өндірісі;

      10) ағаштан жемдік ашытқылар мен фурфурол және гидролиз әдісімен ауыл шаруашылығы қалдықтарының өндірісі;

      11) никотин өндірісі;

      12) изомеризациялық әдіспен синтетикалық камфара өндірісі;

      13) меламин және цианур қышқылының өндірісі;

      14) поликарбонаттар өндірісі;

      15) күшәла, фосфор, хром, қорғасын және сынап тұздарынан басқа, минералды тұздар өндірісі;

      16) пластмассалар (карболит) өндірісі;

      17) фенолформальдегид прессматериалдарын, фенолформальдегидті шайырлар негізінде жасалатын қағаздан, матадан престелген және оралған бұйымдар өндірісі;

      18) жасанды минералды бояулар өндірісі;

      19) резеңке мен каучукты регенерациялау объектілері;

      20) шиналар, резеңкелі-техникалық бұйымдар, эбонит, желімделген аяқ киім, сондай-ақ аяқ киімге арналған резеңке қоспалар өндірісі;

      21) шиналарды техникалық өңдеу;

      22) сурьма, висмут литий және басқаларының тұздарын алу үшін сирек кездесетін металдарды химиялық өңдеу;

      23) электр өнеркәсібіне арналған көмір бұйымдарының (оның ішінде щеткалар, электр көмірлері) өндірісі;

      24) резеңкені вулканизациялау өндірісі;

      25) аммиакты су өндірісі және оның базистік қоймалары;

      26) парофазалық әдіспен (металды сынапты қолданбай) ацетальдегид өндірісі;

      27) полистирол және стирол сополимерлерінің өндірісі;

      28) кремний органикалық лактар, сұйықтықтар мен шайырлар өндірісі;

      29) меркаптаннан жасалған одоризациялық қондырғылары бар магистралды газ құбырларының газ тарататын станциялары;

      30) себацин қышқылының өндірісі;

      31) винилацетат пен оның негізінде жасалатын өнімдер (поливинилацетат, поливинилацетатты эмульсия, поливинил спирті, винифлекс және басқалары) өндірісі;

      32) лактар өндірісі (майлы, спиртті, типографиялық, оқшаулаушы, резеңке өнеркәсібіне арналған және басқалары);

      33) ванилин мен сахарин өндірісі;

      34) бөлудің сығылған және сұйытылған өнімдерінің өндірісі;

      35) техникалық саломас (сутегін электролиттік емес әдіспен алу арқылы) өндірісі;

      36) парфюмерия өндірісі;

      37) ұшпа органикалық еріткіштер қолданылмайтын поливинилхлоридті және басқа да шайырлар негізінде жасалатын жасанды тері өндірісі;

      38) эпихлоргидрин өндірісі;

      39) сығылған азот, оттегі өндірісі;

      40) жемдік ашытқылар өндірісі;

      41) булану құрылғыларымен және қайта өңделетін шикізат бойынша өнімділігі сағатына 0,5 тоннадан аспайтын мұнай өнімдерін өңдеу өндірісі.

      Тауарлық мұнайды бензинге, дизель отыны мен мазутқа тікелей айдау үшін индукциялық қыздыру жүйесін пайдаланатын, қуаттылығы жылына 100 000 тоннаға дейінгі аз күкіртті және күкіртті мұнай өңдеу құрылғылары үшін атмосфералық ауада зиянды заттардың концетрациясын есептеу керек. Осы қондырғыларды тұрғын үй құрылыстарының арасына орналастыруға және оларда жоғары күкіртті мұнай өңдеуге жол берілмейді.

      42) заттай есептеуде өнімділігі жылына 400 000 тоннаға дейін синтетикалық шайырлар және тотықты катализаторда жылына 200 000 тоннаға дейін формалин өндіру.

      4. ІV сынып – СҚА 100 м:

      1) тук қоспаларының өндірісі;

      2) фтор пластарын өңдеу өндірісі;

      3) дайын целлюлоза мен ескі-құсқыдан жасалатын қағаз өндірісі;

      4) глицерин өндірісі;

      5) галалит және басқа да ақуыздық пластиктер (оның ішінде аминопластар) өндірісі;

      6) конденсациялық шайырлармен жасалатын эмальдар өндірісі;

      7) сабын өндірісі;

      8) тұз қайнату және тұз тарту өндірістері;

      9) фармацевтикалық калий тұздарының (хлор, күкірт қышқылды, поташа) өндірісі;

      10) минералды табиғи (бор, охра және басқалары) бояулар өндірісі;

      11) дубилді экстракт өндірісі;

      12) полиграфиялық бояулар зауыты;

      13) фотохимия (фотоқағаздар, фотопластинкалар, фото және кинопленкалар) өндірісі;

      14) дайын бастапқы өнімдерден жасалатын тұрмыстық химия тауарларының өндірісі және оларды сақтау қоймалары;

      15) олифа өндірісі;

      16) әйнек талшық өндірісі;

      17) медициналық әйнек (сынапты қолданбай) өндірісі;

      18) пластмассалар өңдеу (құю, экструзия, престеу, вакуумдық қалыптау) өндірісі;

      19) полиуретандар өндірісі.

      5. V сынып – СҚА, кемінде 50 м:

      1) дайын дәрі түрлерінің (құрамдас бөліктерін дайындамай) өндірісі;

      2) макулатурадан жасалатын қағаз өндірісі;

      3) пластмассадан және синтетикалық шайырдан (механикалық өңдеу) жасалатын бұйымдар өндірісі;

      4) көмір қышқылының және "құрғақ мұз" өндірісі;

      5) жасанды інжу өндірісі;

      6) сіріңке өндірісі.

2-бөлім. Металлургиялық, машина жасау және металл өңдеу объектілері мен өндірістері

      6. І сынып – СҚА 1000 м:

      1) шойын мен болаттың толық металлургиялық циклі жылына 1 000 000 тоннадан астам қара металлургия өндірісі;

      Үлкен қуаттар қажетті нормативтен тыс ең аз СҚА-ны қосымша негіздеуді талап етеді.

      2) жылына 3000 тоннадан астам мөлшерде түсті металдарды (мыс, қорғасын, мырыш) қайталама өңдеу өндірісі;

      3) домна пештерінің жалпы көлемі 1500 м3 дейінгі тікелей кендер мен концентраттардан алынатын шойын балқыту өндірісі;

      4) қалдықтарды қайта өңдейтін цехтары бар мартендік және конверторлық әдістермен (оның ішінде томасшлакты тарту) жасалатын шойын өндірісі;

      5) тікелей кендер мен концентраттардан жасалатын түсті металдарды (қорғасын, қалайы, мыс, никель) балқыту өндірісі;

      6) алюминийдің балқытылған тұздарының (глинозем) электролизі әдісімен алюминий өндірісі;

      7) арнайы шойындарды балқыту өндірісі;

      8) ферроқорытпалар өндірісі;

      9) қара және түсті металдардың кендерін және пиритті шырақ тұқылдарын агломерациялау өндірісі;

      10) глинозем (алюминий оксиді) өндірісі;

      11) сынап және сынабы бар аспаптар және бұйымдар (сынапты түзеткіштер, термометрлер, шамдар) өндірісі және кәдеге жарату;

      12) кокс-химия (кокс-газ) өндірісі.

      7. ІІ сынап – СҚА 500 м:

      1) домна пештерінің жалпы көлемі 500 м3-тан 1500 м3-қа дейінгі шойын балқыту өндірісі;

      2) шойын мен болаттың толық металлургиялық циклінің қуаты жылына 1 000 000-ға тонн қара металлургия өндірісі;

      3) негізгі өнім жылына 1 000 000 тонн мөлшерінде шығарылған жағдайда, қалдықтарды қайта өңдеу (томасшлакты тарту және басқалары) цехтары бар мартенді, электрлік балқыту және конверторлық әдістермен жасалатын шойын өндірісі;

      4) магний (хлоридтіден басқа барлық әдістермен) өндірісі;

      5) жылына 100 000 тоннадан астам мөлшерде шойынды қалыпқа құю өндірісі;

      6) коксты күйдіру өндірісі;

      7) қорғасын аккумуляторларының өндірісі;

      8) әуе кемелерінің өндірісі, техникалық қызмет көрсету;

      9) автомобиль өндірісі;

      10) шойын металл конструкцияларының өндірісі;

      11) құятын және бояйтын цехтары бар вагондар өндірісі;

      12) жылына 2000-нан 3000 тоннаға дейін мөлшерде түсті металдарды (оның ішінде мыс, қорғасын, мырыш) қайталама өңдеу өндірісі.

      8. ІІІ сынып – СҚА 300 м:

      1) томасшлакты тарту өндірісі;

      2) жылына 100-ден 2000 тоннаға дейінгі мөлшерде түсті металдар өндірісі;

      3) пирометаллургиялық және электролиттік әдістермен жасалатын сурьма өндірісі;

      4) жылына 20 000-нан 100 000 тонн мөлшерінде шойынды қалыпқа құю өндірісі;

      5) сулы ерітінділердің электролизі әдісімен мырыш, мыс, кобальт өндірісі;

      6) металл электродтар (марганецті қолдану арқылы) өндірісі;

      7) қуаттылығы жылына 10 000 тонн қысыммен түрлі-түсті фасондық құю өндірісі (алюминий қорытпаларынан 9 500 тонн қысыммен құю және 500 т мырыш қорытпаларынан құю);

      8) люминофорлар өндірісі;

      9) метиздік өндіріс;

      10) санитариялық-техникалық бұйымдар өндірісі;

      11) ет-сүт таситын машина жасау кәсіпорындары;

      12) шахталық автоматика өндірісі;

      13) шрифт құю (қорғасын шығарындылары болуы мүмкін) зауыттары;

      14) жалаң кабель өндірісі;

      15) сілтілі аккумуляторлар өндірісі;

      16) кендерді химиялық өңдеу цехтары болмаған жағдайда, қатты қорытпалар мен тығыз балқитын металдар өндірісі;

      17) кеме жөндеу өндірістері;

      18) домна пештерінің жалпы көлемі 500 м3 аз болған жағдайда, шойын балқыту өндірісі;

      19) алюминийді балқытуға арналған барабанды пештер мен алюминий жоңқалары мен алюминий шлактарын балқытуға арналған роторлы пештерді пайдалана отырып, алюминийді жылына 30 000 тоннаға дейін қайта өңдеу өндірісі.

      9. ІV сынып – СҚА 100 м:

      1) ыстық өңдеусіз металл байыту өндірісі;

      2) қорғасынды немесе резеңкемен оралған кабель өндірісі;

      3) жылына 10 000-нан 20 000 тоннаға дейін шойынды қалыпқа құю өндірісі;

      4) жылына 1000 тоннаға дейінгі мөлшерде түрлі-түсті металдарды (оның ішінде мыс, қорғасын, мырыш) қайталама өңдеу өндірісі;

      5) ауыр престер өндірісі;

      6) шағын құю цехтар мен басқа да ыстық цехтар болған жағдайда, электр техникалық өнеркәсіп машиналары мен аспаптарының (оның ішінде динамо машиналар, конденсаторлар, трансформаторлар, прожекторлар) өндірісі;

      7) құятын цехтары жоқ және сынап қолданылмай жасалған электр өнеркәсібіне арналған аспаптар (оның ішінде электр шамдары, шамшырақтар) өндірісі;

      8) жол машиналарын, автомобильдерді, кузовтарды, темір жол көлігі мен метрополитеннің жылжымалы құрамын жөндеу объектілері;

      9) координатты-бұрғылау станоктары өндірісі;

      10) құятын цехтары жоқ шойын, болат (жылына 100 000 тоннаға дейінгі мөлшерде) және түрлі-түсті (жылына 100 тоннаға дейінгі мөлшерде) металдар өңдеу өнеркәсібінің өндірісі;

      11) металл электродтар өндірісі;

      12) шрифт құю (қорғасын бөлінбейтін) өндірісі;

      13) полиграфиялық комбинаттар;

      14) офсетті баспа фабрикасы;

      15) қорғасын қолданатын типография;

      16) құйылмай боялатын металл өңдейтін машина жасау өндірістері.

      17) Локомотивтерді, электорвоздарды жинау өндірісі;

      10. V сынып – СҚА 50 м:

      1) қазандықтар өндірісі;

      2) пневматикалық автоматика объектісі;

      3) металл штамптар объектісі;

      4) ауыл шаруашылығы бөлшектерінің объектісі;

      5) механикалық шеберханалар;

      6) қорғасын қолданбайтын типография (офсеттік, компьютерлік жинақ).

3-бөлім. Кендерді, кен емес қазбаларды, табиғи газды өндіру

      11. І сынып – СҚА 1000 м:

      1) кен емес құрылыс материалдарының карьерлері;

      2) тау-кен байыту комбинаттары;

      3) тәулігіне 0,5-тен 1 тоннаға дейінгі күкірт сутегі бөлінген жағдайда, сондай-ақ ұшпа көмірсутектері жоғары болатын мұнай өндіру өндірістері;

      4) табиғи газ өндіру өндірістері;

      5) полиметал (қорғасын, сынап, күшән, бериллий, марганец) кендерін өндіру өндірістері;

      6) ашық өндірістегі VІІІ-XІ санаттағы тау жыныстарын өндіру өндірістері;

      7) асбест өндіру өндірістері;

      8) темір кендерін және ашық өндірістегі тау жыныстарын өндіру өндірістері;

      9) гипс өндіру өндірістері;

      10) ашық әдіспен металлоидтар өндіру өндірістері;

      11) түсті металдар өндіру кезіндегі үйінділер, қалдық сақтайтын қоймалар мен шлам жинағыштар;

      12) көмір разрездері, тас көмір, қоңыр және т.б.көмірлерді өндіру өндірістері;

      Ескертпе: Мұнай мен ілеспе газда күкірт сутегі мен меркаптандар 3,0% және одан көп болған жағдайда, көмірсутекті шикізат өндіретін кәсіпорындар үшін СҚА мөлшері кемінде 5000 м; ал 20,0% және одан көп болғанда – СҚЗ мөлшері кемінде 8000 м болуға тиіс.

      12. ІІ сынып – СҚА 500 м:

      1) ылғалды байыту процесі бар кен байыту фабрикалары мен гидрошахталар;

      2) темір мен көмір өндіру кезіндегі шлам жинағыштар мен үйінділер;

      3) ұшпа көмірсутек мөлшері аз, күкірт сутегі тәулігіне 0,5 тоннаға дейін шығарылған жағдайда, мұнай өндіру өндірістері;

      4) фосфориттер, апатиттер, колчедандар (химиялық өңдеусіз), темір кенін өндіру өндірістері;

      5) қорғасын кенін, сынаптан, күшәннан және марганецтен басқа, шахталық әдіспен металдар мен металлоидтер кендерін өндіру өндірістері;

      6) ашық өндірістегі доломиттер, магнезиттер, асфальттың гудрондары VІ-VІІ санаттағы тау жыныстарын өндіру өндірістері;

      7) жанғыш тақтатас өндірістері;

      8) шымтезек өндіру өндірістері;

      9) ұсақ шымтезек пен көмірден жасалатын брикет өндірісі;

      10) тастан ас тұзын өндіру өндірістері;

      11) өздігінен жануды басу іс-шаралары жоқ шахталық террикондар.

      12) жарылғыш заттарды пайдалана отырып, ашық өндіріспен мәрмәр, қиыршық тас, құм, саз шығару өндірістері (карьерлер);

      13. ІІІ сынып – СҚА 300 м:

      1) ашық өндіріспен калий карбонатын өндіру өндірістері (карьерлер).

4-бөлім. Құрылыс өнеркәсібі

      14. І сынып – СҚА 1000 м:

      1) цемент (оның ішінде портланд-шлакопортланд-пуццолан-цемент), сондай-ақ жергілікті цементтер (оның ішінде глинитцемент, романцемент, гипсошлак, фосфорлы-шлак) өндірісі;

      2) шахталық, айналма және басқа да пештерде күйдірілетін магнезит, доломит және шамот өндірісі;

      3) асбест пен одан жасалатын бұйымдар өндірісі;

      4) асфальтбетон өндірісі.

      15. ІІ сынып – СҚА 500 м:

      1) әк (шахталық және айналма пештері бар әк зауыттары) өндірісі;

      2) көркем шыны, балқыту және хрусталь өндірісі;

      3) шыны мақта, базальтты мақта және шлак жүн өндірісі;

      4) ұсақ тас, қиыршық тас және құм өндірісі, кварц құмын байыту;

      5) толь және рубероид өндірісі;

      6) ферриттер өндірісі;

      7) құрылыс полимерлік материалдар өндірісі;

      8) кірпіш (қызыл, силикат, керамикалық және отқа төзімді бұйымдар) өндірісі;

      9) кран әдісімен төгілетін жүктерді (көмір, кен) аудару;

      10) үй құрылысы комбинаты;

      11) темір бетон бұйымдарының өндірісі;

      16. ІІІ сынып – СҚА 300 м:

      1) жасанды толтырғыштар (оның ішінде керамзит) өндірісі;

      2) жасанды тастар өндірісі;

      3) цементтер мен басқа да шаң бөлетін құрылыс материалдар қоймалары;

      4) жылу электр орталықтарының қалдықтарынан жасалатын құрылыс материалдарының өндірісі;

      5) бетон бұйымдар өндірісі;

      6) фарфор және фаянс бұйымдарының өндірісі;

      7) тас құю өндірістері;

      8) табиғи тасты өңдеу өндірістері;

      9) гипс бұйымдарының өндірісі, гипс (алебастр), бор өндірісі;

      10) фибролит, камышит, соломит, дифферент және басқаларының өндірісі;

      11) құрылыс бөлшектерінің өндірісі;

      12) битум қондырғылары;

      13) жару әдісінсіз тас шығару өндірістері.

      17. ІV сынып – СҚА 100 м:

      1) саз балшық бұйымдарының өндірісі;

      2) шыны үрлеу, айна өндірісі, шыныны тегістеу және уландыру;

      3) мәрмәрді механикалық өңдеу;

      4) бетон өндірісінің қондырғысы;

      5) карьерлер, қиыршық тас, құм, саз өндіру кәсіпорындары.

5-бөлім. Ағаш өңдеу

      18. І сынып – СҚА 1000 м:

      1) орманды химиялық өндірістер (ағашты химиялық өңдеу өндірісі және ағаш көмірін алу).

      19. ІІ сынып – СҚА 500 м:

      1) ағаш консервілеу (қоректендіру арқылы) өндірісі;

      2) шпал өндірісі және оларды қоректендіру өндірісі;

      3) ағаш жүнінен жасалатын бұйымдар: синтетикалық шайырларды байланыстырушы ретінде пайдаланумен ағаш-жоңқа плиталарды, ағаш-талшықты плиталар өндірісі;

      4) ағаш көмір өндірісі (көмір тасу пештері).

      20. ІІІ сынып – СҚА 300 м:

      1) қылқан жапырақ-витамин ұны, қылқан жапырақ экстрактісінің хлорофилді-каротинді паста өндірісі;

      2) ағаш жүнінің өндірісі;

      3) ағаш кесетін, фанера және стандартты ағаш ғимараттар бөлшектерінің өндірісі;

      4) ағаш кемелерді дайындауға (катерлер, қайықтар) арналған кеме жасау верфтері;

      5) ағаш өңдеу өндірісі.

      21. ІV сынып – СҚА 100 м:

      1) арба өндірісі;

      2) дайын клепкадан жасалатын кеспек-күбі бұйымдарының өндірісі;

      3) жөке-тоқыма өндірісі;

      4) тұзды және сулы ерітінділермен (күшәнның тұзын қолданбай), жақсылап сылаумен ағашты консервілеу өндірістері;

      5) ағаш кемелерін даярлауға (катерлер, қайықтар) кеме жасау верфтері;

      6) лактап, бояумен жиһазды құрастыру.

      22. V сынып – СҚА 50 м:

      1) лактанып, боялмай жасалатын дайын бұйымдардан жиһаз құрастыру;

      2) балташы-ағаш ұста, жиһазды паркеттік, жәшік объектілері.

6-бөлім. Тоқыма өнеркәсіптік объектілері және жеңіл өнеркәсіп өндірістері

      23. І сынып – СҚА 1000 м:

      1) тұқымды сынапты-органикалық препараттармен өңдеу цехтарының құрылғылары бар мақтаны бастапқы өңдеу объектілері;

      2) ұшпа еріткіштер қолданылатын жасанды тері, пленка материалдар, клеенка, пластикалық тері өндірісі;

      3) матаны күкірт көміртегімен өңдеу және химиялық ылғалдандыру объектілері.

      24. ІІ сынып– СҚА 500 м:

      1) маталар мен қағазды майлы, майлы-асфальтты, бакелитті және басқа да лактармен үздіксіз ылғалдандыру объектілері;

      2) маталарды (дерматинді, гранитолді), күкірт көміртегінен басқа, химиялық заттармен өңдеу және ылғалдандыру объектілері;

      3) поливинилхлорид бір жақты бекемделген пленкалар, қосарланған полимерлерден жасалатын пленкалар, аяқ киімнің астына арналған резеңкелер, еріткіштер қолданылатын регенератор өндірісі;

      4) жіп иіру-тоқу өндірісі.

      25. ІІІ сынып – СҚА 300 м:

      1) өсімдік талшығын (зығырды, сораны, мақтаны, кендірді) бастапқы өңдеу өндірістері;

      2) ағартатын және бояйтын-аппретуралық өндірісі;

      3) жүннен, мақтадан, зығырдан, сондай-ақ бояйтын және ағартатын цехтар болған жағдайда, синтетикалық және жасанды талшықтар қоспасымен жасалатын мата және жіп өндірісі;

      4) органикалық еріткіштерді қолдана отырып, полимерлермен өңделетін галантереялық-былғары картон өндірісі;

      5) мақта шикізатын қабылдау пунктері;

      6) спорт бұйымдарының өндірісі;

      7) шыт тоқитын өндіріс;

      8) фурнитура өндірісі;

      9) капрон және басқа да құйма аяқ киім өндірісі.

      26. ІV сынып – СҚА 100 м:

      1) катонин өндірістері;

      2) жібек құртты пісіру және жібек орау объектілері;

      3) меланж өндірісі;

      4) кендір иіретін, арқан, шпагат, жіп және олардың ұштарын өңдеу өндірістері;

      5) жасанды қаракөл өндірісі;

      6) аяқ киім өндірісі;

      7) бояйтын және ағартатын цехтары болмаған жағдайда, мақтадан, зығырдан, жүннен жасалатын жіп пен мата өндірісі;

      8) трикотаж және шілтер өндірісі;

      9) жібек тоқу өндірісі;

      10) тігін өндірісі;

      11) кілем өндірісі;

      12) еріткіштерді қолданбай, былғары және былғары-целлюлоза талшықтан жасалатын аяқ киім картонының өндірісі;

      13) шпульдық-катушка өндірісі;

      14) тұсқағаз өндірісі;

      15) шұлық өндірісі.

      27. V сынып – СҚА 50 м:

      1) суда еритін желім пайдаланылатын дайын материалдардан жасалатын аз сериялы аяқ киім шығару объектілері.

7-бөлім. Мал өнімдерін өңдеу

      28. І сынып – СҚА 1000 м:

      1) тері қалдықтарынан, дала және қоқыс сүйектерінен және жануарлардың басқа да қалдықтары мен қоқтықтарынан желім даярлайтын желім қайнату өндірістері;

      2) сүйектен, тері шелісінен, тері қалдықтарынан және қоймада сақтай отырып жануарлардың басқа да қалдықтары мен қоқтықтарынан жасалатын техникалық желатин өндірісі;

      3) өлген жануарларды, балықты, оның бөліктерін және жануарлардың басқа да қалдықтары мен қоқтықтарын (майға айналдыру, жануарларға арналған жемдіктер, тыңайтқыштар және тағыда басқалар) өңдейтін кәдеге жарату объектілері;

      4) сүйекті өртейтін және сүйекті ұсақтайтын өндірісі.

      29. ІІ сынып – СҚА 500 м:

      1) майды (техникалық майды) еріту өндірістері;

      2) кәдеге жарататын шикізатты жинайтын орталық қоймалар.

      30. ІІІ сынып – СҚА 300 м:

      1) жануарлардың шикі терілерін (қой-ішік, қой терісін илейтін, аң терісі) өңдеу және бояу өндірістері, күдері, сафиян, лайка өндірісі;

      2) жануарлардың шикі терілерін өңдеу өндірістері: қалдықтарды қайта өңдейтін былғары-қайыс, былғары-илеу өндірістері;

      3) жүн жуатын объектілер;

      4) ылғал тұздалған және өңделмеген теріні уақытша сақтау қоймалары;

      5) салқындатылған арнайы құрылған қоймаларда сақтау мерзімі ең аз жас, бұзылмаған сүйектен жасалатын жоғары сортты желатин өндірісі;

      6) шаш, қыл, мамық, қауырсын, мүйіз және тұяқ өңдеу өндірістері;

      7) жануарлардың өлексесінен жасалатын скелеттер және көрнекі құралдар өндірісі;

      8) құрама жемазық зауыттары (ас қалдықтарынан жануарларға арналған жемдер өндірісі);

      9) жүн мен киіз басу өндірісі;

      10) лакталған терілер өндірісі;

      11) ішек және кетгут өндірісі;

      12) уақытша сақтауға арналған (өңдеусіз) ылғал тұздалған тері (200 данаға дейін) қоймалары.

      31. ІV сынып – СҚА 100 м:

      1) иленген теріден жасалатын бұйымдар өндірісі;

      2) шаш пен қылдан жасалатын щеткалар өндірісі;

      3) киіз басу шеберханалары.

8-бөлім. Өнеркәсіп объектілері және тамақ өнімдерін қайта өңдеу (өңдеу) жөніндегі өндірістер

      32. І сынып– СҚА 1000 м:

      1) мал шикізатының үш тәулікке дейінгі қорының шегінде малды сойғанға дейін ұстауға арналған базаны қоса алғанда етті өңдеу кәсіпорны (ірі және ұсақ қара малдар), ет комбинаттары мен ет сою орындары;

      2) теңіз жануарларынан алынатын майды еріту объектілері;

      3) ішек жуатын объектілер;

      4) ірімшік қайнататын өндірістер;

      5) суық және ыстық ыстау әдісімен ет пен балықты сүрлеу өндірістері.

      33. ІІ сынып – СҚА 500 м:

      1) қант қызылшасы өндірістері;

      2) балық кәсіпшіліктері;

      3) дәнді сыдыратын кәсіпорындар және құрама жемазық зауыттары, сағатына 2 тоннадан астам жарма тартатын, диірмендер, жармалағыштар;

      4) тауарлық, мияны қайнату және ашытқы дайындау өндірістері;

      5) альбумин, декстрин, глюкоза, сірнелер өндірісі.

      34. ІІІ сынып – СҚА 300 м:

      1) элеваторлар, астық қабылдау пункті;

      2) кофе қуыратын өндірістер;

      3) олеомаргарин және маргарин өндірісі;

      4) тағам спиртінің өндірісі;

      5) балық комбинаттары, балық консервілері және кәдеге жарату цехтары бар (сүрлейтін цехтары жоқ) балықтың жон еті кәсіпорындары;

      6) сығынды сақтайтын қоймасы жоқ қант қызылшасы зауыттары;

      7) жүгері-крахмал, жүгері-сірне өндірістері;

      8) көкөністі өңдеу (кептіру, тұздау, ашыту) өндірістері;

      9) крахмал өндірісі;

      10) темекі-махорка (темекі-ферментациялық, темекі және сигарет-махорка фабрикалары) өндірістері;

      11) бастапқы шарап жасау өндірісі;

      12) иісті заттар бөле отырып, табиғи минералдық суларды құю жөніндегі өндірістер.

      35. ІV сынып – СҚА 100 м:

      1) асханалық сіркесу өндірісі;

      2) концентраттар мен эссенциялар негізінде өндіруден басқа, уыты бар сыра, квас және алкогольсіз сусындар өндірістері;

      3) шай өлшейтін фабрикалар;

      4) спирт-арақ зауыттары;

      5) май шығаратын (өсімдік майы) өндірістер;

      6) консерві зауыттары;

      7) шақпақ қант өндірістері;

      8) коньяк спирті өндірісі;

      9) өнімділігі тәулігіне 1,0 тонна және одан астам макарон өндірісі;

      10) сүт және май шайқайтын (жануар майы) зауыттар;

      11) өңделетін ет өнімділігі тәулігіне 3,0 тонна және одан астам шұжық бұйымдарының өндірісі;

      12) нан зауыттары, өнімділігі тәулігіне 3,0 тоннадан астам нан пісіру өндірістері;

      13) өнімділігі тәулігіне 2,5 тонна және одан астам кондитерлік өнімдер өндірістері;

      14) дайындайтын орындар, тағам өндірістері;

      15) сыйымдылығы 600 тонна және одан астам тамақ өнімдерін төмен температурада сақтауға арналған өнеркәсіптік қондырғылар;

      16) жүзім шырыны өндірісі;

      17) жеміс және көкөніс шырынын шығаратын өндірістері;

      18) өнімділігі сағатына 0,5-тен 2 тоннаға дейін жарма тартатын, диірмендер.

      36. V сынып – СҚА 50 м:

      1) өнімділігі тәулігіне 0,3-ден 3,0 тоннаға дейін ет өңдеу өндірісі;

      2) өнімділігі тәулігіне 3,0 тоннаға дейін сүт өңдеу өндірісі;

      3) өнімділігі тәулігіне 0,3-ден 3,0 тоннаға дейін нан және нан-тоқаш бұйымдарын өңдеу өндірісі;

      4) өнімділігі тәулігіне 3,0 тоннаға дейін балық өңдеу өндірісі;

      5) өнімділігі тәулігіне 0,3-ден 2,5 тоннаға дейін кондитерлік өнімдер өндірісі;

      6) өнімділігі тәулігіне 1,0 тоннаға дейін макарон өнімдер өндірісі;

      7) сыйымдылығы 600 тоннаға дейін азық-түліктерді төмен температурада сақтауға арналған өнеркәсіптік қондырғылар;

      8) сыра (ашытылмаған) өндірісі;

      9) концентраттар мен эссенциялар негізінде алкогольсіз сусындар өндірісі;

      10) майонездер өндірісі;

      11) асханалық сірке су құю объектілері;

      12) дайын тағам өнімдерін бөлшектеп-буу объектілері.

9-бөлім. Микробиология өнеркәсібі

      37. І сынып – СҚА 1000 м:

      1) көмірсутектерін (мұнай парафиндері, этанол, метанол, табиғи газ) белокты-дәруменді концентраттарды (бұдан әрі – БДК) өндіру. Қолданылып жүрген технология мен толық тұмшаламау кезінде (БДК аэрозольдерінің, ашытқы жасушаларының шығарындысы, жағымсыз иістердің болуы) СҚА кемінде 3000 м;

      2) жемдік бацитрацин өндіру;

      3) өсімдік шикізатынан пектин өндіру.

      38. ІІ сынып – СҚА 500 м:

      1) гидролиз әдісімен ағаштан және ауыл шаруашылығы қалдықтарынан жем ашытқыларын, фурфурол және спирт өндіру;

      2) тағам ашытқыларын өндіру;

      3) микробиологиялық синтез әдісімен амин қышқылдарын өндіру;

      4) ауыл шаруашылығы өсімдіктерін қорғау үшін биопрепараттар (оның ішінде трихограмм) өндіру;

      5) микробиологиялық синтез әдісімен өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру;

      6) антибиотиктер өндіру;

      7) егудің беткей әдісімен әртүрлі мақсаттағы ферменттерді өндіру;

      8) өндірісте патогендігі 1 және 2-топтардағы микроорганизмдерді пайдаланатын объектілер.

      39. ІІІ сынып – СҚА 300 м:

      1) фурфурол өндірусіз ағаштан және ауыл шаруашылығы қалдықтарынан (күнбағыстың қауызы, сабан, жүгері өзегі) жем ашытқыларын өндіру;

      2) жем антибиотиктерін, оның ішінде биологиялық жолмен өндіру;

      3) егудің терең әдісімен әртүрлі мақсаттағы ферменттер өндіру;

      4) вакциналар мен сарысулар өндірісі.

10-бөлім. Ауылшаруашылық объектілері

      40. І сынып – СҚА 1000 м:

      1) 100-ден 5000 және одан жоғары шошқа өсіретін шаруашылық;

      2) жылына 400 000-нан астам мекиен және 3 000 000 астам бройлер тауық өсіретін құс шаруашылығы;

      3) 5000 бастан астам ірі қара мал өсіретін және бордақылайтын шаруашылық;

      4) тезек пен саңғырақ сақтайтын ашық сақтау орындары;

      5) жылына 500 тонна және оданда көп минералды тыңайтқыштарды, пестицидтерді, күшті улы заттарды сақтауға арналған қоймалар.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 04.05.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. ІІ сынып – СҚА 500 м:

      1) 1200-ден 5000 сиырға дейін ірі қара малды өсіретін және бордақылайтын және төлге арналған 6000 орны бар шаруашылық;

      2) 100 және одан артық бас аң (оның ішінде қаракүзен, түлкі) өсіретін фермалар;

      3) жылына 100 000-нан 400 000-ға дейін мекиен тауық және 1 000 000-нан 3 000 000-ға дейін бройлер өсіретін шаруашылық;

      4) тезектің биологиялық өңделген сұйық фракциясын сақтайтын ашық орындар;

      5) тезек пен саңғырақты сақтайтын жабық орындар;

      6) тұқымды өңдейтін және дәрілейтін өндіріс;

      7) сұйытылған аммиак қоймалары.

      42. ІІІ сынып – СҚА 300 м:

      1) 1200-ге дейін ірі қара малды өсіретін және бордақылайтын шаруашылық (барлық түрлері), жылқы өсіретін фермалар;

      2) 50-ден 100 басқа дейін жануарлар ұстайтын шаруашылықтар (шошқа, аң фермалары);

      3) 3000-нан 5000 басқа дейін қой өсіретін және бордақылайтын шаруашылық;

      4) 100 000-ға дейін мекиен тауық және 1 000 000-ға дейін бройлер өсіретін құс шаруашылығы;

      5) тезек пен саңғырақты үйіп жинайтын алаңдар;

      6) жылына 50 тонна және оданда көп минералды тыңайтқыштарды, пестицидтерді, күшті әсер ететін улы заттарды сақтауға арналған қоймалар;

      7) егістік шекарасынан елдімекенге дейін ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлерді тракторларды қолданып, пестицидтермен өңдеу;

      8) үй қояны фермалары;

      9) ауыл шаруашылығы жануарларын сату объектілері.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 04.05.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      43. IV сынып – СЗЗ 100 м:

      1) жылыжай және көшетхана шаруашылығы;

      2) жылына 50 тоннаға дейін минералды тыңайтқыштарды, пестицидтерді, күшті әсер ететін улы заттарды сақтауға арналған қоймалар;

      3) құрғақ минералды тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғайтын химиялық құралдар (тағам өнімдерін сақтайтын және қайта өңдейтін кәсіпорындарға дейін де аймақ белгіленеді) қоймалары;

      4) мал шаруашылығының ағындыларын пайдаланатын мелиоративті объектілер;

      5) тағам қалдықтарын пайдалануды қоса алғанда, жем даярлайтын цехтар;

      6) автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу, техникалық қызмет көрсету және сақтау гараждары мен парктері;

      7) 50 басқа дейін жануарлар ұстайтын шаруашылықтар (шошқа, сиыр, құс, жылқы, аң фермалары);

      8) жанар-жағар май материалдары қоймалары.

      Ескертпе: сыйымдылығы 100 м3 дейінгі жанар-жағармай материалдары қоймаларына арналған СҚА өлшемдерін есеп бойынша белгіленіп, әрбір нақты жағдайларда есептеулер негізінде айқындалған өлшемі, міндетті түрде кемінде 3 есе ұлғайтылады, бірақ кемінде 50 м болу қажет.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 04.05.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      44. V сынып – СҚА 50 м:

      1) жемістер, көкөністер, картоп, тұқым сақтау орындары, қоймалары;

      2) материалдық қоймалар.

11-бөлім. Санитариялық-техникалық, көлік инфрақұрылымының құрылыстары, коммуналдық мақсаттағы, сауда және қызмет көрсету қондырғылары мен объектілері

      45. І сынып – СҚА 1000 м:

      1) ассенизация алқаптары;

      2) жер жыртылатын алқаптар;

      3) шайынды су станциялары;

      4) шұңқырға көметін мал қорымдары;

      5) конфискаттар мен жануарлар өлекселерін жоятын кәдеге жарату зауыттары;

      6) пеш саны 1 (біреуден) артық крематорий;

      7) мал тасымалдағаннан кейін вагондарды тазартатын және жуатын станциялар мен пункттер (дезинфекциялық жуу станциялары мен пункттері);

      8) елдімекеннің (орталық) қатты қоқыстары мен күл-қоқыстарын компостерлеу учаскелері;

      9) биологиялық камералары бар, күйдіргі ауруымен ауырған мал ертеректе көмілген шұңқырға көметін мал қорымдары;

      Ескертпе: күйдіргі ауруынан өлген мал көмілген мал қорымдары және белгісіз себептермен өлген мал көмілген мал қорымдар үшін СҚА жобасын әзірлемей, СҚА нормативтік өлшемдеріне сәйкес айқындалады. Биологиялық қауіпке байланысты СҚА ны қысқартуға биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылыми зерттеулер негізінде жол беріледі.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 04.05.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46. ІІ сынып – СҚА 500 м:

      1) кәдеге жарату үшін шикізат жинау жөніндегі орталық базалар;

      2) қалдықтарды пайдаланатын жылыжайлар мен көшетханаларға арналған учаскелер;

      3) тезек пен нәжіссіз қалдықтарды компостерлеу.

      4) қуаттылығы жылына 40 тоннаға дейін қоқысты (қалдықты) өртейтін, қоқысты (қалдықты) сұрыптайтын және қоқысты (қалдықты) өңдейтін объектілер;

      5) сағатына 120 килограмм және одан артық медициналық қалдықтарды өртеу объектілері;

      6) қауіптіліктің 3 және 4 сыныптағы өндіріс пен тұтынудың токсикалық қалдықтарын орналастыру, залалсыздандыру, көму бойынша полигондары;

      7) 1 (бір) бір камералы пеші бар дайындық және салттық процестері жоқ крематорийлер.

      47. ІІІ ынып – СҚА 300 м:

      1) кәдеге жаратылатын шикізатты жинайтын аудандық мақсаттағы базалар;

      2) қаланы тазарту бойынша механикаландырылған көлік парктері;

      3) кәдеге жаратылатын шикізатты өңдеусіз уақытша сақтау қоймалары;

      4) бекеттер саны 10 және одан асатын жүк автомобильдеріне қызмет көрсететін объектілер;

      5) қолданыстағы зираттар;

      6) кеден терминалдары, көтерме базарлар;

      7) сағатына 120 килограммға дейін медициналық қалдықтарды өртеу объектілері.

      48. ІV сынып – СҚА 100 м:

      1) бекеттер саны 10-ға дейін жүк автомобильдеріне қызмет көрсететін объектілер;

      2) автобусты, троллейбус және трамвай парктері;

      3) жабық зираттар және жерлейтін мемориалдық кешендер;

      4) өнімділігі ауысымына 160 килограмнан астам химиялық тазалау;

      5) жануарлар ұстайтын ветеринариялық емханалар, виварийлер, тәлімбақтар, кинологиялық орталықтар, жануарларды уақытша ұстау орындары;

      6) автомобиль көлік құралдарына мотор отынының барлық түрлерімен (сұйық және газды мотор отынымен) құюға арналған объектілер (автомобиль жанармай құю станциялары, автомобиль жанармай құю станциялары және май құю бойынша басқа қондырғылар);

      7) қалааралық жүк автомобиль көлігінің тұрақтары (парктері);

      8) порталды үлгідегі жүк автомобильдерін жуу (өндірістік және коммуналдық-қойма аймақтарының шекараларында, қалаға кіреберістегі магистральдарда, автомобиль көлік кәсіпорындарының аумағында орналастырылады).

      49. V сынып – СҚА 50 м:

      1) қоғамдық көліктің бұрылу-тұндыру алаңдары;

      2) 1000 шаршы метр (м2) және одан асатын сауда алаңы бар стационарлық сауда объектілері: жеке тұрған сауда объектілері, ұсақ көтерме сауда базарлар, азық-түлік және өндірістік тауарлар сауда базарлары.

      Ескертпе: Шағын сауда алаңдарын алып жатқан сауда объектілері үшін СҚА өлшемі тиісінше негізделген жағдайда белгіленеді.

      3) кір жуу орындары;

      4) қуаттылығы ауысымына 160 килограмнан аспайтын химиялық тазалау.

12-бөлім. Кәріздік тазарту құрылыстары

      50. Кәріздік тазарту құрылыстары үшін СҚА-ның ең аз өлшемі кестеге сәйкес белгіленеді.

      Кесте

Шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулардың кәріздік тазарту құрылыстары үшін ең аз СҚА

Cарқынды суларды тазартуға арналған құрылыстар

Тазарту құрылыстарының есептелген өнімділігі кезіндегі метрге шаққандағы қашықтығы, тәулігіне мың шаршы метр (бұдан әрі – тәулігіне мың м3)

0,2-ге дейін

0,2-ден 5,0-ге дейін

5,0-ден 50,0-ге дейін

50,0-ден 280-ге дейін

1

2

3

4

5

6

1

Сорғы станциялары және апаттық-реттеуіш резервуарлар,
жергілікті тазарту құрылыстары

15

20

20

30

2

Ашытылған тұнбалар үшін тұнба алаңы бар механикалық және биологиялық тазартуға арналған құрылыстар, сондай-ақ тұнба алаңдары

150

200

400

500

3

Жабық үй-жайларда тұнбаны термомеханикалық өңдеумен механикалық және биологиялық тазартуға арналған құрылыстар

100

150

300

400

4

Алқаптар:
1) сүзгілеу
2) суару

 
200
150

 
300
200

 
500
400

 
1000
1000

5

Биологиялық тоғандар

200

200

300

300

      Ескертпе:

      1. Өнімділігі тәулігіне 280 мың м3 артық шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды тазарту үшін, сондай-ақ cарқынды суларды тазарту және тұнбаны өңдеудің жаңа технологияларын қабылдау кезінде СҚА жеке белгіленеді.

      2. Алаңы 0,5 гектарға (бұдан әрі – га) дейінгі сүзгілеу алқаптары үшін, көлемі 1,0 га дейінгі коммуналдық үлгідегі суару алқаптары үшін, өнімділігі тәулігіне 50 м3 дейінгі cарқынды суларды механикалық және биологиялық тазарту құрылыстары үшін СҚА 100 м мөлшерінде қабылдау керек.

      3. Өткізу мүмкіндігі тәулігіне 15 м3-ге дейінгі жерасты сүзгілеу алқаптары үшін СҚА өлшемі 50 м өлшемінде қабылдау керек.

      4. Құю станцияларының СҚА өлшемі 300 м болып қабылданады.

      5. Ашық үлгідегі жер бетіндегі ағынды тазарту құрылыстарынан тұрғын үй аумаққа дейінгі СҚА өлшемі кемінде 100 м, жабық үлгісі – 50 м болады.

      6. Өнеркәсіптік объектілер аумағында орналаспаған тазарту құрылыстарынан және өндірістік суды бұрудың сорғы станцияларынан өндірістік cарқынды суларды өздігінен тазарту және айдау кезінде, сол сияқты оларды тұрмыстық cарқынды сулармен бірге тазарту кезінде де СҚА өлшемін cарқынды сулар келіп түсетін өндірістердегідей, бірақ кестеде көрсетілгеннен кем емес қабылдау керек.

      7. Қар ертінділері мен қар ерітетін пункттерден тұрғын үйдің аумағына дейінгі СҚА өлшемі 100 м қабылдау керек.

13-бөлім. Жүктерді қайта тиеу және сақтау, жүктер мен кемелерді және теміржол көлігін фумигациялауды, газ дезинфекциясын, дератизациясын және дезинсекциясын жүргізу қоймалары, айлақтары және орындары

      51. І сынып – СҚА 1000 м:

      1) жүк айналымы жылына 150 000 тонна және одан артық апатит концентратын, фосфорит ұнын, цементті және басқа да шаңданатын жүктерді түсіретін ашық қоймалар мен орындар.

      Ескертпе: І, ІІ және ІІІ сыныптардың 1-ші тобына жүктердің шаңын шығаруды болдырмайтын қойма элеваторлары мен пневматикалық көлікті немесе басқа қондырғыларды қолданатын көліктік технологиялық схемалар кірмейді;

      2) сұйық химиялық жүктердің және көлемі 1000 м3 сұйытылған табиғи (мұнай) газдарды (оның ішінде метан, пропан, бутан қосындыларын), галогендердің, күкірттің, азоттың, аммиактың, көмірсутектердің (оның ішінде метанол, бензол, толуол), спирттердің, альдегидтердің өндірістік қосындыларын және басқа да қосындыларды қайта тиеу және сақтау орындары;

      3) тазартатын және жуатын-булайтын станциялар, дезинфекциялау-қайта жуу объектілері, кемелерді, цистерналарды тазартатын пункттер, балласты және арнайы қалқымалы жинағыштардан құрамында мұнай бар шайынды суларды қабылдауға арналған қабылдау-тазарту құрылыстары;

      4) жүктер мен кемелерді фумигациялауды газ дезинфекциясын, дератизациясын және дезинсекциясын жүргізу орындары мен айлақтары.

      52. ІІ сынып – СҚА 500 м:

      1) жылына 150 000 тоннаға дейін тауар айналымы бар апатит концентратын, фосфорит ұнын, цементті және басқа шаңданатын жүктерді түсіретін ашық қоймалар мен орындар;

      2) көмір түсіретін ашық қоймалар мен оны қайта тиеу орындары;

      3) минералды тыңайтқыштарды, асбесті, әкті, кенді (радиоактивтіден басқа) және басқа минералдарды (оның ішінде күкірт, күкіртті колчедан, гипс) түсіретін ашық қоймалар мен қайта тиеу орындары;

      4) шикі мұнайды, битумды, мазутты және басқа жабысқақ мұнай өнімдері мен химиялық жүкті қайта тиеу және сақтау орындары;

      5) пек және құрамында пек бар жүкті түсіретін ашық және жабық қоймалар мен оларды қайта тиеу орындары;

      6) антисептиктер сіңірілген ағаш шпалдарын сақтау және қайта тиеу орындары;

      7) санитариялық-карантиндік станциялар;

      8) көлемі 250-ден 1000 м3 дейінгі сұйытылған табиғи (мұнай) газдарды (оның ішінде метан, пропан, бутан қосындыларын) қайта тиеу және сақтау орындары.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 04.05.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53. ІІІ сынып – СҚА 300 м:

      1) жүк айналымы жылына 5 000 тоннаға дейін шаңданатын жүкті (апатитті концентрат, фосфоритті ұн, цемент) түсіретін және қайта тиейтін ашық қоймалар мен орындар;

      2) ыдысқа салынған химиялық жүктің (тыңайтқыштар, органикалық еріткіштер, қышқылдар мен басқа заттар) түсіретін жабық қоймалар, қайта тиеу және сақтау орындары;

      3) ашық жер үсті қоймалары және магнезит, доломит және басқа да шаңданатын жүктерді тиейтін ашық орындар;

      4) шаңданатын және сұйық жүк (аммиак суы, тыңайтқыштар, кальцийленген сода, лак бояу материалдары және тағы басқалары) қоймалары;

      5) құрғақ құм, қиыршық тас, тас және басқа минералды құрылыс материалдарын түсіретін жер үсті қоймалары және орындары;

      6) ашық әдіспен алынатын шрот, күнжара, копра және басқа шаңданатын өсімдік өнімін қайта тиеу қоймалары мен учаскелері;

      7) кәдеге жаратылатын шикізатты қайта тиеу қоймалары, түсіру және сақтау;

      8) ылғал тұздалған өңделмеген теріні (200 дана және одан да артық) және басқа жануар тектес өнім қоймалары, қайта тиеу және сақтау;

      9) малды, жануарларды және құсты үнемі қайта тиейтін учаскелер;

      10) балық, балық өнімдерін және кит сою кәсіпшілігі өнімдері қоймалары және оларды қайта тиеу;

      11) көлемі 100-ден 250 м3 дейінгі сұйытылған табиғи (мұнай) газдарды қайта тиеу және сақтау орындары.

      54. ІV сынып – СҚА 100 м:

      1) тері шикізаты (оның ішінде 200 данаға дейін ылғал тұздалған тері) қоймалары және оларды қайта тиеу;

      2) дәнді дақыл қоймалары және түсіретін ашық орындар;

      3) ас тұзы қоймалары және оларды түсіретін ашық орындар;

      4) жүнді, шашты, қылды және осыған ұқсас басқа өнім қоймалары және оларды түсіретін ашық орындар;

      5) сыртқы ортаға шаң шығаруды болдырмайтын қойма элеваторлары мен пневматикалық көліктік немесе басқа да қондырғылар мен сақтау орнын қолдана отырып, үйіліп тасымалданатын апатитті концентрат, фосфоритті ұн, цемент және шаңданатын басқа да жүктерді тасымалдау, қайта тиеу және сақтаудың орындары;

      6) көлемі 50-ден 100 м3 дейінгі сұйытылған табиғи (мұнай) газдарды қайта тиеу және сақтау орындары.

      55. V сынып – СҚА 50 м:

      1) ылғалдандырылған минералды-құрылыс материалдары (оның ішінде құм, қиыршық тас, шағыл, тас) ашық қоймалары және оларды қайта тиеу;

      2) престелген күнжара, шөп, сабан, темекі-махорка бұйымдарын және басқаларын сақтау және қайта тиеу учаскелері;

      3) тамақ өнімдерін (ет, сүт, кондитерлік), көкөністерді, жемістерді, сусындарды және басқа тамақ өнімдерін қайта тиеу, қоймалар;

      4) тағамдық жүктерді (шарап, май, шырындар) сақтау және құю учаскелері;

      5) рефрижераторлық кемелер мен вагондардың түсіру және тиеу учаскелері;

      6) өзен айлақтары;

      7) көлемі 50 м3 дейінгі сұйытылған табиғи (мұнай) газдарды қайта тиеу және сақтау орындары.

14-бөлім. Минералды отын жағу кезінде электр және жылу энергиясын өндіру

      56. I сынып – СҚА 1000 м:

      1) отын ретінде көмірді және мазутты қолданатын, 600 мегаватт/сағ (бұдан әрі – МВт/сағ) және одан жоғары электр қуатына эквивалентті жылу электр станциялары (бұдан әрі – ЖЭС)

      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 04.05.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      57. II сынып – СҚА 500 м:

      1) газ және газ-мазут отынымен жұмыс істейтін 600 МВт/сағ және одан жоғары баламалы электр қуатының ЖЭС;

      2) көмір және мазут отынымен жұмыс істейтін жылу электр орталықтары (бұдан әрі – ЖЭО) және жылу қуаты 200 гигакаллорий/сағ (бұдан әрі – Гкал/сағ) және одан жоғары аудандық қазандықтар.

      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 04.05.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      58. III сынып – СҚА 300 м:

      1) газ және газ-мазут отынымен жұмыс істейтін ЖЭО және жылу қуаты 200 Гкал/сағ және одан жоғары аудандық қазандықтар (соңғысы-резервтік ретінде) өлшемі 300 м үшінші сыныптағы объектілерге жатады.

      2) ЖЭС және ЖЭО күл үйінділерінен СҚА ең аз өлшемі периметрі бойынша ағаштар мен бұталар отырғыза отырып, кемінде 300 м құрайды.

      Ескертпе.

      1. Қатты, сұйық және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін, жылу қуаттылығы 200 Гкал-дан кем қазандықтың барлық түрінің СҚА ең аз мөлшерін белгілеген кезде жер беті қабатындағы есепті концетрациясын анықтау, ал көп қабатты тұрғын үй құрылыс салу жағдайында жергілікті жердің бедері мен құрылыс салуын, акустикалық есептеулерді ескере отырып, сондай-ақ вертикаль бойынша концетрациясы таралуын анықтау қажет. Жеке орналастырылған қатты және сұйық отындағы қазандықтардан халық үшін РЕШК аспайтын ластаушы заттардың ең көп бір рет және орташа тәуліктік қолданылатын концетрациясы кезінде СҚА 50 м. Газ отынындағы жеке тұрған қазандықтар үшін СҚА мөлшері есептік деректер негізінде белгіленеді.

      2. Ластаушы заттардың шашырауын және физикалық факторлардың әсерін есептеу бойынша автономды шағын метражды қазандықтар мен пештерді тұрғын және қоғамдық үй-жайларда, үй маңындағы аумақтарда айқындалатын есептік нүктелерде қазандар мен пештерден ластаушы заттардың ШРЕК аспаған жағдайда жапсарлас-жанастыра салынған, жапсарлас салынған, жапсарлас салынған, объектілерде, көп қабатты тұрғын үйлерде, жеке тұрған ғимараттарда (емдеу-профилактикалық және сауықтыру ұйымдары, білім беру объектілері, мектепке дейінгі ұйымдар, ауылдық клубтар, дүкендер және басқа да ортақ пайдалану объектілері).

      3. Қазандықтан барынша ластану аймағында көп қабатты үйлер бар болса, түтін мұржасының биіктігі ең биік тұрғын үй шатырының төбесінен минимум 1,5 м жоғары болуы көзделеді.

      4. Жылу энергетикасы объектілерінен түтін газдарының шашырауын есептеу қосындының, оның ішінде күкірт диоксиді мен азот оксидтерінің, күлдің әсерін ескере отырып жүргізіледі.

      5. Ыстық сумен жабдықтаудың сорғы станциялары кемінде 50 м санитариялық ажырауы бар V сыныптағы объектілерге жатады.

      6. Эквивалентті электр қуаты – мегаваттпен көрсетілген жиынтық белгіленген электр және жылу қуаты.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 04.05.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Адамның өмір сүру ортасы
мен денсаулығына әсер ету
объектілері болып табылатын
объектілердің санитариялық-қорғаныш
аймақтарына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына 2-қосымша

Жеңіл автомобильдерге арналған ашық тұрақтардан (паркингтерден), гараждардан, автомобильдерді жуу орындарынан, жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету объектілерінен (бұдан әрі – ТҚКС) құрылыс салу объектілеріне дейінгі ең аз санитариялық ажырау

Оған дейін қашықтық айқындалатын ғимараттар

Санитариялық ажырау, метр

жеңіл автомобильдер саны кезінде гараждар, паркингтер және ашық тұрақтардан (паркингтерден)

бекеттер саны кезінде ТҚКС және автомобильдерді жуу орнынан

10 және одан аз

11-50

51-100

101-300

10 және одан аз <1>

11-30 <1>

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Тұрғын үйлердің қасбеттері мен терезелері бар бүйір жақтары

10

15

25

35

15

25

2

Тұрғын үйлердің терезесі жоқ бүйір жақтары

10

10

15

25

15

25

3

Қоғамдық ғимараттар

10

10

15

25

15

20

4

Жалпы білім беретін мектептер, интернаттық білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі мекемелер, демалуға, ойындар мен спортқа, балаларға арналған алаңдар аумағының шекаралары

15

25

25

50

50

<2>

5

Емдеу мекемелері, жалпыға ортақ пайдаланылатын ашық спорт ғимараттары, халықтың демалыс орындары (бақтар, скверлер, саябақтар) аумағының шекаралары

25

50

<2>

<2>

50

<2>

      <1> Сырлау, дәнекерлеу, қаңылтыр жұмыстарын орындай отырып, жеңіл автомобильдерді жөндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі объектілерге санитариялық ажырау, өткізу қабілетін ескере отырып, атмосфералық ауадағы ластаушы заттар шығарындыларының шашырауы және физикалық әсер ету деңгейлері есептерінің негізінде айқындалады, бірақ кемінде 50 м. болады.

      <2> Санитариялық ажырау атмосфералық ауадағы ластаушы заттар шығарындыларының таралуын және жеңіл автомобиль тұрақтарының (паркингтердің) өткізу қабілетін ескере отырып, физикалық әсер ету деңгейлерін есептеу негізінде айқындалады, бірақ кемінде 50 м. болады.

      Ескертпелер:

      1. Арақашықтықты тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың терезелерінен және жалпы білім беретін мектептердің, интернаттық білім беру ұйымдарының, мектепке дейінгі ұйымдар мен стационары бар емдеу мекемелерінің жер учаскелері шекараларынан гараждың немесе паркингтің қабырғасына немесе ашық тұрақтың шекарасына дейін айқындау керек. Ашық типті автотұрақ (паркинг) деп кемінде ең үлкен ұзындықтың қарама-қарсы жақтары ашық құрылыс та саналады. Егер жақ бойынша бөлінген саңылаулардың жалпы алаңы әр қабатында осы жақтың сыртқы бетінің кемінде 50 % құрайтын болса, жақ ашық деп саналады.

      2. Секциялық тұрғын үйлерден қасбеттің ұзына бойына орналастырғанда 101-300 машина сыятындай ашық алаңдарға дейінгі арақашықтықты кемінде 50 м деп қабылдау керек.

      3. Кестеде көрсетілген отқа төзімділігі І-ІІ дәрежелі гараждар үшін арақашықтықты гараждарда ашылатын терезелер, сондай-ақ тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар жағына бағытталған кіру жолдары болмаған кезде 25 %-ке қысқартуға жол беріледі.

      4. Сыйымдылығы 300 машина-орыннан артық жеңіл автомобильдерді сақтауға арналған гараждар мен ашық тұрақтар (паркингтер) және жеңіл автомобильдерді жөндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі объектілер бекеттер саны 30 бірліктен артық болған кезде тұрғын үйлерден кемінде 50 м қашықтықта өндірістік, коммуналдық-қойма, санитариялық-қорғаныш аумағында тұрғын үй аудандардан тыс орналастырылуы тиіс.

      5. Жер асты, жартылай жер асты гараж-тұрақтар, паркингтер мен тұрғын үйдің астында немесе тұрғын үйдің жер беті қабатының ішіне салынған (ішіне салынған-жалғастыра салынған), гараж-тұрақтары, паркингтер үшін кіру-шығудан және желдеткіш шахтадан жалпы білім беру, кәсіби білім беру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, сондай-ақ, медициналық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, тұрғын үйлер, тұрғын үй-жайлар, демалу алаңдары және басқаларының аумағына дейінгі арақашықтық регламенттеледі, ол атмосфералық ауаға ластанудың тарауы есебінің нәтижелері және физикалық әсердің деңгейі бойынша қабылданады.

      6. Тұрғын үйлердің жеңіл автокөлікті орналастыруға арналған және заңды тұлғаға (немесе жеке кәсіпкерге) тиесілі емес қонақ автотұрағынан жер асты гараж-тұрағы аумағынан ара қашықтық белгіленбейді.

      7. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың астында орналасқан жерасты гараж-тұрақтарынан шыққан желдету шығындылары ғимараттың ең биік бөлігінің төбесінен 1,5 м жоғары ұйымдастырылуы тиіс.

      8. Жерасты гараж-тұрағының жобаланатын, пайдаланылатын шатырында желдеткіш шахталарынан, кіру-шығу жолдарынан, өту жолдарынан 15 м қашықтықта пайдаланылатын шатырды көгалдандыру және атмосфераға шығарылатын сағада ШРЕК қамтамасыз ету шартымен демалыс алаңдарын, балалар, спорт, ойын алаңдарын және басқа да құрылыстарды орналастыруға жол беріледі.

      9. Тұрғын үй құрылысын салу жаңадан орналастырылған темір жолдан шеткі теміржол жолы ортасынан санай отырып ені 100 м кем емес санитариялық ажыраумен ажыратылады. Темір жолдарды ойыққа орналастырған кезде немесе гигиеналық нормативтерді сақтауды қамтамасыз ететін шудан қорғайтын арнайы іс-шараларды жүзеге асырған кезде санитариялық ажыраудың енін 50 м азайтуға жол беріледі. Бақша учаскелерінің шекараларына дейінгі санитариялық ажыраудың ені кемінде 50 м болуы керек.

  "Адамның өмір сүру ортасы мен
денсаулығына әсер ету
объектілері болып табылатын
объектілердің санитариялық-қорғаныш
аймақтарына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына 3-қосымша

Құрамында күкіртсутегі жоқ жерасты және жерүсті магистральдық газ құбырларына арналған ең аз санитариялық ажырау

Құрылыс салу элементтері, су қоймалары

Құбыр диаметрі мынадай миллиметр болатын бірінші және екінші сыныптағы құбырлар үшін метрге шаққандағы ажыраулар

1-сынып

2-сынып

300-ге дейін

300-600

600-800

800-1000

1000-1200

1200-ден жоғары

300-ге дейінгі

300-ден жоғары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Қалалар және басқа елді мекендер; ұжымдық бақшалар мен саяжай кенттері; жылыжай комбинаттары; адамдар көп жиналатын жекелеген қоғамдық ғимараттар

100

150

200

250

300

350

75

125

2

Жекелеген аз қабатты ғимараттар; ауыл шаруашылық алқаптары мен мал жайылымдары, егіс қостары

75

125

150

200

250

300

75

100

3

Магистральдық суландыру арналары, өзендер мен су қоймалары;
су жинау құрылыстары

25

25

25

25

25

25

25

25

  "Адамның өмір сүру ортасы
мен денсаулығына әсер ету
объектілері болып табылатын
объектілердің санитариялық-қорғаныш
аймақтарына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына 4-қосымша

Сұйытылған көмірсутек газдарына арналған құбырлардан ең аз санитариялық ажыраулар

Құрылыс салу элементтері

Құбыр диаметрі мынадай миллиметр кезінде метрге шаққандағы қашықтық

150 қоса алғанға дейін

150-ден артық 300-ді қоса алғанға дейін

300-ден артық 500-ді қоса алғанға дейін

1

2

3

4

5

1

Қалалар мен қала үлгісіндегі елді мекендер

2000

3000

5000

2

Саяжай кенттері

1000

2000

3000

      Ескертпе: Тұрғын үй құрылысы арқылы газ құбырларының өтуіне жол берілмейді.

  "Адамның өмір сүру ортасы
мен денсаулығына әсер ету
объектілері болып табылатын
объектілердің санитариялық-қорғаныш
аймақтарына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына 5-қосымша

Мұнай тасымалдайтын магистральдық құбырлардан ең аз санитариялық ажыраулар

Құрылыс салу элементтері

Құбыр диаметрі мынадай болғанда метрге шаққандағы қашықтық, миллиметрмен

ІV сынып

ІІІ сынып

ІІ сынып

І сынып

300 және одан кем

300-ден артық 500-ге дейін

500-ден артық 1000-ға дейін

1000-нан артық 1200-ге дейін

1

2

3

4

5

6

1

Қалалар мен кенттер

75

100

150

200

2

Жеке тұрған: 1-2 қабатты тұрғын үй ғимараттары

50

50

75

100

3

Су асты мұнай құбырларын және мұнай өнімі құбырларын ағыс бойынша мыналардан жоғары жерге салған кезде:





1) гидротехникалық құрылыстардан

300

300

300

500

2) су жинайтын орындардан

3000

3000

3000

3000

  "Адамның өмір сүру ортасы
мен денсаулығына әсер ету
объектілері болып табылатын
объектілердің санитариялық-қорғаныш
аймақтарына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына 6-қосымша

Компрессорлық станциялардан ең аз санитариялық ажыраулар

Құрылыс салу элементтері, су қоймалары

Құбыр диаметрі мынадай болғанда 1 және 2-сынып құбырлары үшін метрге шаққандағы ажыраулар, миллиметрмен

1-сынып

2-сынып

300-ге дейін

300-
600

600-
800

800-
1000

1000-
1200

1200-ден
жоғары

300-ге дейін

300-ден жоғары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Қалалар мен кенттер

500

500

700

700

700

700

500

500

2

Су құбыры құрылыстары

250

300

350

400

450

500

250

300

3

Аз қабатты тұрғын үй ғимараттары

100

150

200

250

300

350

75

150

      Ескертпе:

      1. Санитариялық ажыраулар компрессорлық цех ғимараттарынан бастап орнатылады.

  "Адамның өмір сүру ортасы
мен денсаулығына әсер ету
объектілері болып табылатын
объектілердің санитариялық-қорғаныш
аймақтарына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына 7-қосымша

Мұнай айдау станцияларынан ең аз санитариялық ажыраулар

Құрылыс салу элементтері

Мұнай айдайтын станциялардың санаттары бойынша метрге шаққандағы ажыраулар

III

II

I

1

2

3

4

5

1

Қалалар мен кенттер

100

150

200

2

Су құбыры құрылыстары

100

150

200

3

Жекелеген аз қабатты ғимараттар

50

75

100

      Ескертпе:

      1. Мұнай қоймасына арналған санитариялық ажыраулар шамасы әрбір нақты жағдайда іргелес жатқан аумақтардың атмосфералық ауасының көмірсутектермен ластануының есептеулері және нақты сипаттамалары негізінде нақтыланады.

      2. Өзен портының құрамында орналасатын тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар қоймаларының санатына қарай тұрғын аймаққа дейінгі ең аз аралықтары 5000 м-ден (I санат) 500 м-ге дейінгіні (санатсыз) құрайды.

  "Адамның өмір сүру ортасы мен
денсаулығына әсер ету
объектілері
болып табылатын объектілердің
санитариялық-қорғаныш
аймақтарына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына 8-қосымша

Мал сою пункттерінен және мал сою алаңдарынан ең аз санитариялық ажыраулар

Құрылыс салу элементтері

Мыналардан метрге шаққандағы қашықтық

мал сою пункттерінен

қуаты тәулігіне 10 тоннаға дейін ет шығаратын мал сою алаңдарынан

қуаты тәулігіне 10 тоннадан 30 тоннаға дейін ет шығаратын

қуаты тәулігіне 30 тоннадан артық ет шығаратын

1

2

3

4

5

1

Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар

300

500

50

      Ескертпе: Мал сою пункттері және мал сою алаңдары жанында бір тәуліктілік қордан аспайтын малды сою алдында ұстауға жол беріледі.

  "Адамның өмір сүру ортасы
мен денсаулығына әсер ету
объектілері болып табылатын
объектілердің санитариялық-қорғаныш
аймақтарына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына
9-қосымша

Санитариялық-қорғаныш аймағы жобасының құрамына қойылатын талаптар

      1. СҚА жобасына түсіндірме жазба мынаны қамтиды:

      1) жер учаскелерінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін объектілер туралы жалпы мәліметтер;

      2) объектілер орналасқан ауданда аумақтың функционалдық пайдаланылуын талдау;

      3) аумақтардың табиғи-экологиялық ерекшеліктерінің қысқаша сипаттамасы;

      4) атмосфералық ауаның ластану факторы бойынша СҚА есептеу;

      5) шудың әсер ету факторы бойынша СҚА есептеу;

      6) теріс әсердің басқа факторлары бойынша СҚА есептеу;

      7) су тұтынуды және су бұруды талдау;

      8) өндірістік қалдықтардың түзілуі;

      9) адамның өмір сүру ортасына теріс әсерді азайту жөніндегі іс-шаралар;

      10) көрсеткіштер жиынтығы бойынша СҚА шекараларын негіздеу;

      11) СҚА шекаралары атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындылары көзінен және (немесе) физикалық әсер ету көздерінен немесе объект аумағының шекараларынан (СҚА мөлшерін белгілеу тәсіліне байланысты) қашықтықтар мен есептік нүктелерді көрсете отырып, 8 (сегіз) румбадан СҚА шекарасын трассалаудың мәтіндік сипаттамасы бар схемада;

      12) СҚА бос аумағын жоспарлы ұйымдастыру, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі іс-шаралар мен құралдар;

      13) СҚА аумағын пайдалану режимі (СҚА аумағында немесе шекараларында орналастыруға рұқсат етілетін объектілерді);

      14) халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалау (қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілер үшін);

      15) топографиялық негізде (1:500 – 1:2000) масштабта орындалған графикалық және кестелік материалдар.

      Объектінің шекарасынан нормаланатын аумақтардың шекарасына дейін нормативтік (ең аз) СҚА 2 (екі) есе және одан артық қашықтықта, сондай-ақ зираттар, мал шаруашылығы және құс шаруашылығы объектілері үшін халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалау жөніндегі жұмыстарды орындау орынсыз. Нормаланатын аумақтардың шекарасына дейінгі қашықтық, нормативтік (ең аз) СҚА 2 (екі) еседен аспайтын қысқарған кезде халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалауды орындау қажет.

      СҚА шекараларын трассалау – ластаушы заттар шығарындыларының ең жақын көзінен және (немесе) физикалық әсер ету көзінен СҚА шекарасына дейінгі (солтүстік батыс, солтүстік, солтүстік шығыс, шығыс, оңтүстік шығыс, батыс, оңтүстік батыс, оңтүстік) сегіз (8) румба бойынша бақылау нүктелері мен қашықтықтары бар жергілікті жердің жағдаяттық жоспарындағы трасса (сызық).

      2. СҚА жобасының құрамында мынадай кестелік материалдар ұсынылады:

      1) объектілер аумағының теңгерімі;

      2) объектілердің атмосфералық ауаға шығарындыларымен негізделген ластаушы заттардың тізбесі;

      3) фондық шоғырлануларды ескере отырып, атмосфералық ауадағы ластаушы заттар шығарындыларының шашырауын есептеу нәтижелерін талдау;

      4) есеп айырысу нүктелерінде ластаушы заттардың шоғырлануы (СҚА шекарасында, одан тыс, тұрғын үй құрылысында);

      5) көгалдандыру объектілерінің тізбесі;

      6) осы Санитариялық қағидалардың 45-тармағына сәйкес СҚА көгалдандыруға арналған ағаштардың ұсынылатын ассортименті;

      7) қоршаған ортаға теріс әсерді азайту жөніндегі іс-шаралардың жоспар-кестесі;

      8) аумақты ұйымдастыру, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі іс-шараларды орындаудың жоспар-кестесі;

      9) СҚА шекарасында және объектілер үшін іргелес тұрғын аймақ аумағында өндірістік бақылау бағдарламасы.

      3. СҚА жобасының құрамында мынадай графикалық материалдар ұсынылады:

      1) объектілер орналасқан ауданда аумақты функционалдық пайдалану схемасы;

      2) объектілердің бас жоспары;

      3) атмосфералық ауаның шығарындылары мен ластану көздерін орналастыру схемасы (қазіргі жағдай және болжам);

      4) шу, діріл, ЭМӨ және басқа да физикалық факторлар көздерін және олардың әсер ету аймақтарын орналастыру схемасы (қазіргі жағдай және болжам);

      5) СҚА шекарасын белгілеу жөніндегі схема;

      6) СҚА жоспарлау ұйымының схемасы;

      7) СҚА абаттандыру және көгалдандыру жоспары;

      8) өндірістік бақылау бекеттерін орналастыру схемасы.

      Кесте

СҚА жобасының түсіндірме жазбасының мәтінінде жиынтық деректерді ұсыну үлгісі

Ластаушы заттың атауы (коды)

РЕШК үлестеріндегі атмосфералық ауаның беткі қабатындағы ластаушы заттардың ең жоғары концентрациясының мәні.

Тұрғын аймақтың шекарасын-да фонды есепке алмай

Тұрғын аймақтың шекарасын-да фонды ескере отырып

Фонды есептеме-генде СҚА шекарасын-да

Фонды ескере отырып, СҚА шекарасын-да

1.

Көміртек оксиді (337)

0,04

0,50

0,03

0,49

2.

Азот диоксиді (301)

0,282

0,65

0,282

0,65

3.

Күкірт диоксиді (330)

0,004

0,02

0,004

0,02

4.

Шекті көмірсутектер С12-С19 (2754)

0,12

0,12

0,12

0,12


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады