Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 2 шiлдедегi № 51 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 5 шiлдеде № 34699 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 4-1-қосымшамен бекітілген "Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      "Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29825 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 2 шілдедегі
№ 51 Бұйрыққа
1-қосымша
  "Денсаулық сақтау саласында
дезинфекциялау,
дезинсекциялау, дератизациялау
бойынша қызметтер көрсетуге
лицензия беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Қызмет көрсетушінің атауы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"электрондық үкімет" www.egov.kz, www. elicense.kz (бұдан әрі – Портал) веб-порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

лицензия беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні.

4

Қызмет көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтерді көрсетуге лицензия не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі, мынадай лицензиялық алым алынады:
1) лицензия беру үшін – 10 айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ы.

7

Қызмет көрсетушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) қызмет көрсетуші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) лицензия алу үшін:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10195 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 3 бұйрық) бекітілген нысан бойынша өтініш;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-101 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29825 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
- "электрондық үкімет" шлюзінде мәліметтер болмаған жағдайда әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік үй-жайларға (дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) өлшеп орау үшін арнайы жабдықталған), сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесі;
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде:
- № 3 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша өтініш;
- ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Републикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш иесі біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
4) өтініш иесіне қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде сот өтініш иесі-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
6) лицензия алу үшін өтініш иесі ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталды.

10.

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, соның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары gov.egov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебе туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
4. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көзі нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары gov.egov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 2 шілдедегі
№ 51 Бұйрыққа
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2022 жылғы 23 қыркүйектегі
№ ҚР ДСМ-101 бұйрығына
қосымша

Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары

р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

Штатта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) бекітілген денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасына, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша білім және ғылым ұйымдарында не "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10)-тармақшасына сәйкес қалыптасатын, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген, аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша кәсіптік өзін-өзі реттеу ұйымдарында сертификациялық курстан өткен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дәрігер(лер)інің немесе маман(дар)ының болуы.

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі дипломның электрондық көшірмесі.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған кезде "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) сәйкес берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған көрсетілетін қызметті алушының білімі туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау туралы құжаттың электрондық көшірмесі.
Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші "Электрондық үкімет" веб-порталынан алады.

2

Штатта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) бекітілген денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасына, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларына сәйкес "Гигиена және эпидемиология" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі немесе техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар, денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша білім және ғылым ұйымдарында не "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10) тармақшасына сәйкес қалыптасатын, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген, аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша кәсіптік өзін-өзі реттеу ұйымдарында сертификациялық курстан өткен нұсқаушы-дезинфектор(лар)дың болуы.

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім туралы дипломның электрондық көшірмесі.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған кезде "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33219 болып тіркелген) сәйкес берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған көрсетілетін қызметті алушының білімі туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау туралы құжаттың электрондық көшірмесі.
Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші "Электрондық үкімет" веб-порталынан алады.

3

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шiлдедегi № ҚР ДСМ-68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28977 болып тіркелген) бекітілген "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар", Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23852 болып тіркелген) бекітілген "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) бекітілген "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес келетін, меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) кемінде бір жыл мерзімге (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелген) жалға алу құқығында әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік үй-жайлардың (дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) өлшеп-орау үшін арнайы жабдықталған), дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объектісінің(лерінің) болуы.

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

Меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығын растайтын құжат.
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін ұсынатын 2016 жылға дейін алынған санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды қоспағанда, "электрондық үкімет" веб-порталынан алады (2016 жылдан бастап мәліметтер).

4

Ең аз материалдық-техникалық жарақтандырудың болуы:
- шашырату және бүрку жабдығы;
- дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтауға арналған тоңазытқыш жабдығы;
- жеке қорғаныш құралдары (костюмдер, қолғаптар, бас киімдер, респираторлар);
- Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдары және (немесе) препараттары.

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

Жабдықтың меншік немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі.
Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінен алады.

5

Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарымен және (немесе) препараттарымен улану кезінде дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарымен және (немесе) препараттарымен жұмысқа тартылатын мамандар (нұсқаушы-дезинфектор, дезинфектор) әр 5 (бес) жыл сайын дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша кәсіптік даярлықтан өтеді және жыл сайын жұмыстарды қауіпсіз жүзеге асыру, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету мәселелері бойынша нұсқамадан өтеді.

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер


  Денсаулық сақтау саласындағы
дезинфекциялау,
дезинсекциялау, дератизациялау
жөніндегі қызметтерді көрсетуге
арналған лицензияланатын
қызмет түріне қойылатын
біліктілік талаптарына
қосымша

Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

      1. Штатта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) бекітілген денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасына, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша білім және ғылым ұйымдарында не "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10)-тармақшасына сәйкес қалыптасатын, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген, аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша кәсіптік өзін-өзі реттеу ұйымдарында сертификациялық курстан өткен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дәрігер(лер)інің немесе маман(дар)ының болуы.:

      Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дәрігері немесе маманы туралы мәліметтер:

      1) ТАӘ (бар болған жағдайда) ____________________________________________

      2) Мамандығы және біліктілігі _______________________________

      3) Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломның нөмірі ______

      4) Жоғары немесе жоғары оқу орнына кейінгі білімі туралы дипломның күні ________

      5) Оқу орнының атауы ____________________________

      6) Білімі туралы құжаттарды тану туралы мәліметтер (шетелде білім алғандар үшін)

      ____________________________________________________________

      7) Жұмыс орны ______________________________________________

      8) Еңбек өтілі ______________________________________________

      9) Денсаулық сақтау саласында маман куәлігін берген ұйымның атауы

      _______________________________________________________________

      2. Штатта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) бекітілген денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасына, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларына сәйкес "Гигиена және эпидемиология" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі немесе техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар, денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша білім және ғылым ұйымдарында не "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10)-тармақшасына сәйкес қалыптасатын, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген, аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша кәсіптік өзін-өзі реттеу ұйымдарында сертификациялық курстан өткен нұсқаушы-дезинфектор(лар)дың болуы:

      Нұсқаушы-деинфектор туралы мәліметтер:

      1)ТАӘ (бар болған жағдайда) ___________________________________________

      2) Мамандығы және біліктілігі _______________________________

      3) Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы дипломның нөмірі ______________________________________________________________

      4) Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы дипломның күні ___________________________________________________

      5) Оқу орнының атауы ____________________________

      6) Білімі туралы құжаттарды тану туралы мәліметтер (шетелде медициналық білім алғандар үшін) _________________________________________________________

      7) Жұмыс орны ______________________________________________

      8) Еңбек өтілі _____________________________________________

      9) Денсаулық сақтау саласында маман куәлігін берген ұйымның атауы

      _______________________________________________________________

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шiлдедегi № ҚР ДСМ-68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28977 болып тіркелген) бекітілген "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар", Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23852 болып тіркелген) бекітілген "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) бекітілген "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес келетін, меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) кемінде бір жыл мерзімге (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелген) жалға алу құқығында әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік үй-жайлардың (дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) өлшеп-орау үшін арнайы жабдықталған), дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объектісінің(лерінің) болуы:

      1) Кадастр нөмірі ____________________________________________________

      2) Орналасқан жері ______________________________________________________

      3) Жалға алу туралы шарттың нөмірі мен күні _______________________________

      4) Жалға беруші _________________________________________________________

      5) Жалға алудың аяқталу мерзімі __________________________________________

      6) Үй-жайдың (ғимараттың) қабат жоспары ___________________________________

      7) Әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік (дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) өлшеп-орау үшін арнайы жабдықталған) үй-жайлардың, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объекті(лер)ге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы ___________________________

      (тіркеу нөмірі, берілген күні, берген орган)

      4. Меншік және (немесе) жалға алу құқығында ең аз материалдық-техникалық жарақтандырудың болуы:

Жабдықтың, аппаратураның, аспаптардың, мүкаммалдың, жеке қорғаныш құралдарының атауы

Меншік немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттың атауы (нөмірі, күні)

Өндіруші ел

Саны

Шығарылған жылы

Жай-күйі (жұмысқа жарамды/жарамсыз)








      Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарының және (немесе) препараттарының мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің болуы:

Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарының және (немесе) препараттарының атауы

Өндіруші

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің номері

Берілген күні






      5. Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарымен және (немесе) препараттарымен жұмысқа тартылатын мамандар (нұсқаушы-дезинфектор, дезинфектор):

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Лауазымы

Жұмыстарды қауіпсіз жүзеге асыру, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарымен және (немесе) препараттарымен улану кезінде алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету мәселелері бойынша жыл сайынғы нұсқамадан өту күні

Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша қосымша білім алғандығы туралы құжаттың (сертификат, куәлік) нөмірі және берілген күні (нұсқаушы-дезинфекторлар бойынша толтырылады)

Дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша кәсіптік даярлық курстарын аяқтағаны туралы құжаттың (сертификат, куәлік) нөмірі және берілген күні (дезинфекторлар бойынша толтырылады)

1

2

3

4

5

6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады