ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) "Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 20 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 65 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13565 болып тіркелген);
2) "Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 20 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 65 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 314 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 53 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17680 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі __________А. Куантыров |
Қзақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрдің міндетін атқарушы __________Т. Ешенкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті