"Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 351 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 желтоқсанда № 30981 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20783 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін, көрсетілетін қызметті алушылар www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың Тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде баяндалған.

      Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган Бірыңғай байланыс орталығына, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілеріне көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы және осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты тиісті нормативтік құқықтық актінің әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.";

      5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) орындауға береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда еңбек заңнамасына сәйкес, өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу туралы) туралы, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері ұсынылған құжаттар тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға порталдың жеке кабинетіне жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

      6. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынады. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 79 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10484 болып тіркелген) бекітілген туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестігін қарастырады. Біліктілік талаптарына сәйкестігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілген мерзімде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны әзірлейді, талаптарға сәйкес болмаған жағдайда және Тізбеде 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында әзірлейді және өтініш берушінің жеке кабинетіне жібереді.

      Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей.

      7. Бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылу жағдайларында лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу үшін Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 6 (алты) жұмыс күні ішінде құжаттардың талаптарға сәйкестігін қарастырады, талаптарға сәйкестігі расталған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілген мерзімде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді, талаптарға сәйкес болмаған жағдайда және Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында әзірлейді және көрсетілетін қызметті алушыға порталдың жеке кабинетіне жібереді.

      Бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылу жағдайларынан басқа, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу үшін жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері талаптарға сәйкестігін растауды тексермейді және 3 (үш) жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді.

      Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адамға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабы 5-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жүгінуге жол беріледі.

      Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей.";

      "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастыруды;

      3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Ұлттық

      экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсіп

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
  2022 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 351 бұйрығына
қосымша
  "Туристік операторлық
қызметті (туроператорлық
қызмет) жүзеге асыруға
лицензия беру"
қағидаларына
1-қосымша

"Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы

Шығу туризмі саласындағы
Келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Барлық кіші түрлер үшін:
www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Шығу туризмі саласындағы – порталға жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру – 6 (алты) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
лицензияны бөлу, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғадан бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу – 6 (алты) жұмыс күнінен кешіктірмей.
Келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы – порталға жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру – 6 (алты) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
лицензияны бөлу, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғадан бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу – 6 (алты) жұмыс күнінен кешіктірмей.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Барлық кіші түрлер үшін:
электрондық (толық автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Кіші түрлері бойынша:
Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, шығу туризмі саласындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу, немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінде көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу, немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінде көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес төленеді:
1) туристік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта рәсімдеу кезінде лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10%-ын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен астам емес;
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес ақша нысанында не екінші деңгейлі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы төлеу "электрондық үкімет" төлеу шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
порталдың жұмыс кестесі: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде, жұмыс уақыты аяқталған кезде көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде өтінішті қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік көрсетілген қызмет Осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысанында заңды тұлғалардың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтініші немесе осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысанында жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтініші, электронды құжат түрінде;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзін (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу үшін:
1) ЭЦҚ куәландырылған мемлекеттік көрсетілген қызмет осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес белгіленген нысанында заңды тұлғалардың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуге өтініші немесе осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес белгіленген нысанында жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуге өтініші, электронды құжат түрінде;
2) ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) ақпаратты мемлекетік ақпараттық жүйесінде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте рәсімделген, бөлінген заңды тұлғаға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу заңды тұлғаның келісімі туралы шешімінің электрондық көшірмесі (қайта ұйымдастыру нәтижесінде бөлінген нысанда);
5) мемлекеттік көрсетілген қызмет Осы қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес туроператорлық қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігі туралы белгіленген біліктілік талаптары қойылады, мәліметтер нысаны электрондық құжат түрінде.
Заңды тұлғалардың бөлінуі нәтижесінде туындаған біреуіне лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарға сәйкес қосымша құжаттардың және мәліметтердің электрондық көшірмелерін ұсынады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу туралы) туралы, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

1) Қазақстан Республикасының заңдарында қызметті алушының осы санаты үшін туроператорлық қызметпен айналысуға тыйым салынуы;
2) лицензиялық алымның енгізілмеуі;
3) мемлекеттік көрсетілген қызмет алушының туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сай келмеуі;
4) мемлекеттік көрсетілген қызмет алушыға қатысты туроператорлық қызметті тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың қарызгер – көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
7) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарға сай келмеуі (бөлу немесе бөліну нысанында заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негізінде);
8) егер бұрын лицензия лицензиат заңды тұлғалардың бөлінуі нәтижесінде басқа заңды тұлғаға рәсімделсе (бөлу немесе бөліну нысанында заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негізінде);
9) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 17 34, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 77.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады