БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 374 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12642 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі – Нұсқаулық):
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Нұсқаулықта мынадай түсініктер қолданылады:
1) аудиовизуалды материал – техникалық және электрондық құралдардың көмегімен жаңғыртылатын бейнелеу, дыбыстық және мәтіндік ақпараттарды қамтитын тасымалдаушы;
2) баспа өнімі – мерзімді баспасөз басылымдары, кітаптар, брошюралар, альбомдар, плакаттар, буклеттер және өзге де полиграфиялық өнім;
3) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қоры (бұдан әрі – кітапхана қоры) сақталуға және оқырмандар мен абоненттерге уақытша пайдалануға беруге арналып қалыптастырылған құжаттардың реттелген жиынтығы;
4) мерзімді баспа басылымы – газет, журнал, альманах, бюллетень және олардың тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар, үш айда бір реттен кем емес шығарылатын қосымшалар.
3. Кітапхана қорын есепке алуға және есептен шығаруға баспа өнімдері, мерзімді баспа басылымдары, сондай-ақ аудиовизуалды материалдар жатады.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Кітапхана қорын есепке алу";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Кітапхана қорының есебін жүргізгенде құжаттар саны, газеттер мен аудиовизуалды материалдарды қоспағанда, негізгі бірлікпен – данамен өлшенеді.
Газет саны үшін негізі өлшем бірлігі газеттердің бір жылғы нөмірлерінің (шығарылымдардың) жиынтығын құрайтын жылдық жиынтық болып табылады.
Аудиовизуалды материалдар санының өлшем бірліктері:
магниттік фоногорамма үшін – кассета, шарғы (катушка), бобина;
грампластинкалар үшін – диск;
диафильм үшін – орама;
диапозитив және кинофоноқұжаттар үшін – жиынтық болып табылады.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Құжаттарды кітапхана қоры есебінен шығару";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Нұсқаулыққа 5-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комиеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы |
С. Жарасбаев |
Кітаптың жиынтық есебі
1-бөлім "Құжаттардың түсімі"
жазба күні | жазба нөмірі рет бойынша | түсім көзі, жолдама құжаттың нөмірі және/ күні | барлық тускен құжаттар | Түскен құжаттар | |||||||
Баспа өнімдері | Мерзімді баспа басылымдары | ||||||||||
кітаптардың саны | кітаптардың бағасы | брошюлардың саны | брошюралардың бағасы | барлық саны | журналдардың саны | газеттердің саны ( жылдық жиынтықта) | барлық саны | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
кестенің жалғасы
Түскен құжаттар | ||||
Аудиовизуалды материал | ||||
Фоноқұжаттар саны | бейнеөқұжаттар саны | Фотоқұжаттар саны | басқалар | барлық саны |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
кестенің жалғасы
Тілдерде | Теңгерімге алынған барлық құжаттар | Мазмұны бойынша | ||||||||||
қазақ тілінде | орыс тілінде | шет тілдерде | данлар | барлық сомасы | жаратылыстану-ғылыми | техникалық, ауылшаруашылық | медицина | Қоғамдық саяси | тіл білімі | әдебиеттану, көркем | өнер | басқа салалар |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
2-бөлім "Құжаттарды есептен шығару"
жазба күні | жазба нөмірі реті | есептен шығару туралы актінің нөмірі, күні | есептен шығарылған құжаттардың барлығы | Есептен шығарылған құжаттар | |||||||
Баспа өнімдерінің саны | Мерзімді баспа басылымдардың саны | Аудиовизуалды материалдардың саны | |||||||||
кітаптар | брошюралар | журналдар | газеттер (жылдық жиынтықтар) | есептен шығару себептері | бейнеөқұжаттар | Фотоқұжаттар | басқалар | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
кестенің жалғасы
Есептен шығарылған құжаттар | |||
Тілдерде | Есептен шығару себептері | ||
қазақ тілінде | орыс тілінде | шет тілдерде | причины списания |
13 | 14 | 15 | 16 |
Кестенің жалғасы
Барлық теңгерімнен алынғандар | Мазмұны бойынша | ||||||||
даналары | жалпы сомасы | жаратылыстану-ғылыми | техникалық, ауылшаруашылық | медицина | қоғамдық-саяси | тіл білімі | әдебиеттану, көркем | өнер | асқа салалар |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
3-бөлім "Кітапхана қорлары қозғалысының қорытындысы"
Кітапхана қоры қозғалысының кезеңдерінің қорытындысы | Барлық құжаттар | Құжаттардың жалпы сомасы | Құжаттардың қозғалысы | |||||||
Баспа өнімдерінің саны | Мерзімді баспа басылымдардың саны | Аудиовизуалды материалдардың саны | ||||||||
кітаптар | брошюралар | журналдар | газеттер | есептен шығару себептері | бейнеөқұжаттар | Фотоқұжаттар | басқалар | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 12 |
01.01.20__ жылы құрады | ||||||||||
Тоқсанда түскені | ||||||||||
Тоқсанда шығарылғаны | ||||||||||
Тоқсан соңында құрады | ||||||||||
31.12.20__ жылы құрады |
кестенің жалғасы
Тілдерде | Теңгерімге қабылданғаны | Мазмұны бойынша | ||||||||||
қазақ тілінде | орыс тілінде | шет тілдерде | даналардың саны | барлық сомасы | жаратылыстану-ғылыми | техникалық, ауылшаруашылық | медицина | қоғамдық-саяси | тіл білімі | әдебиеттану, көркем | өнер | басқа салалар |
13 | 14 | 15 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |