Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының Ерейментау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 01-31-548 ұсынысының негізінде ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округінің аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруын жою жөніндегі кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты тоқтатылсын.
2. Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 6 маусымдағы № 5 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28423 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еркіншілік ауылдық округінің әкімі |
М.Жампеисов |