Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Біржан сал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 26 шілдедегі № 01-23-285 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Біржан сал ауданы Заурал ауылдық округінің Құдықағаш ауылының аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақмола облысы Біржан сал ауданы Заурал ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 5 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28573 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашкы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Заурал ауылдық округінің әкімі |
Р.Абдикенов |