Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы Заурал ауылдық округі әкімінің 22.09.2022 № 7 (оның алғашкы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Біржан сал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 01-23-250 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Біржан сал ауданы Заурал ауылдық округінің Құдықағаш ауылының аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Заурал ауылдық округінің әкімі |
Р.Абдикенов |