Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақмола облысы Біржан сал ауданы Заурал ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 5 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Біржан сал ауданы Заурал ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қыркүйекте № 29940 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Біржан сал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 26 шілдедегі № 01-23-285 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ақмола облысы Біржан сал ауданы Заурал ауылдық округінің Құдықағаш ауылының аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақмола облысы Біржан сал ауданы Заурал ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 5 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28573 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашкы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Заурал ауылдық
округінің әкімі
Р.Абдикенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады